"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында құрметті атақтар, төс белгілерін және құрмет грамоталарын беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 26 наурыздағы № 25-03-02/120 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 24 маусымдағы № 153 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 1 шiлдеде № 20912 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында құрметті атақтар, төс белгілерін және құрмет грамоталарын беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 26 наурыздағы № 25-03-02/120 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық аткілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7602 болып тіркелген, 2012 жылғы 26 мамырда "Егемен Қазақстан" газетінде № 269-273 (27347) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында құрметті атақтар, төсбелгілер және құрмет грамоталарын беру қағидасында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1 тарау. Жалпы ережелер";

      2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. "Аңшылық шаруашылығы саласында еңбек сіңірген қызметкер", "Балық шаруашылығы саласында еңбек сіңірген қызметкер" құрметті атақтары (бұдан әрі – құрметті атақтар), "Жануарлар дүниесін қорғаудағы мінсіз қызметі үшін", "Балық шаруашылығы саласындағы мінсіз қызметі үшін" төсбелгілері (бұдан әрі – төсбелгілер) және құрмет грамоталары:

      1) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (бұдан әрі – Комитет) мен оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлеріне;

      2) Комитеттің қарамағындағы ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлеріне;

      3) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қызметкерлеріне;

      4) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми қызметкерлерге;

      5) аңшылық және балық шаруашылығы субъектілерінің қызметкерлеріне;

      6) аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің республикалық қауымдастықтарының, сондай-ақ балықшылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің қызметкерлеріне;

      7) аңшылық және балық шаруашылығының дамуына қомақты үлес қосқан басқа да адамдарға, оның ішінде зейнеткерлік жасқа толуына байланысты құрметті демалысқа шыққан адамдарға, сонымен қатар ардагерлерге беріледі.

      3. Құрметті атақ аңшылық және балық шаруашылығы саласын дамытуға, жануарлар дүниесі объектілерін сақтауға және көбейтуге елеулі үлес қосқан, сондай-ақ лауазымдарда кемінде 15 жыл мінсіз жұмыс істеген жоғары білікті мамандарға жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында белсенді ынтымақтастық жасағаны және ғылыми талдамаларды өндіріске енгізгені үшін беріледі.

      "Аңшылық шаруашылығы саласында еңбек сіңірген қызметкер", "Балық шаруашылығы саласында еңбек сіңірген қызметкер" құрметті атақтар осы Қағиданың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес үлгілері бойынша белгілерімен атап өтіледі.

      4. Төсбелгілерімен осы Қағиданың 2-тармағында көрсетілген үміткерлер, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында, биологиялық әртүрлілікті сақтау мен көбейтуді қамтамасыз етуде елеулі табыстарға қол жеткізген, сондай-ақ лауазымдарда кемінде 10 жыл мінсіз жұмыс істеген қызметкерлер жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында белсенді ынтымақтастық жасағаны және ғылыми талдамаларды өндіріске енгізгені үшін беріледі.";

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Құрметті атақтар,төсбелгілерін, және құрмет грамоталарын беру Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

      7. Құрметті атақтар, төсбелгілерін және құрмет грамоталарын беру жөніндегі ұсыныстарды қарау және оларды дайындау үшін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде (бұдан әрі – Министрлік) комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрылады.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2 тарау. Төсбелгілердің және олармен марапатталған тұлғалардың мәртебесі";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3 тарау. Құрметті атақпен, төсбелгісімен және құрмет грамотасымен беру тәртібі және оларды тапсыру";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4 тарау. Қорытынды ережелер";

      1, 2, 4, 6, 7 және 8-қосымшалар осы бұйрықтың 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаларына сәйкес жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
М. Мирзагалиев

  Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2020 жылғы 24 маусымдағы
№ 153 бұйрығына
1-қосымша
  "Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласында құрметті атақтар,
төсбелгілер және құрмет
грамоталарын беру қағидасында
1-қосымша

      Үлгі

      "Аңшылық шаруашылығы саласында еңбек сіңірген қызметкер" құрметті атағының төсбелгісі



      "Аңшылық шаруашылығы саласында еңбек сіңірген қызметкер" құрметті атағына төс белгі емен жапырақты екі бұтақтан өрілген сопақша венок пішінді. Бұтақтардың ұштарына төменгі жағынан лента оралған. Веноктың ортасында құрметті атақтың атауы жазылған өрнекті жазба орналастырылған. Жазбаның төбесінде – Қазақстан Республикасының елтаңбасы. Жазбаның астында терек жапырағы мен ұшып бара жатқан бүркіт бейнеленген. Белгінің сырт жағы дөңес. Барлық суреттер мен жазба бедерлі. Белгінің сыртқы жағында – киімге бекітетін винт. Белгінің мөлшері: биіктігі – 50 миллиметр, ені – 40 миллиметр, күмістен жасалады.

      Құрметті атақтың куәлігі

      Куәлік көлемі 100х70 миллиметр жасыл түсті бүктемелі кітапша түрінде жасалып, мундиор материалынан орындалады.

      Сыртқы бетінде ортада Қазақстан Республикасының елтаңбасы, төменгі жағында мынадай жазба бар:

      Куәлік

      Удостоверение

      Ішкі сол жақ жапсырмада мынадай жазбалар бар:

      жоғарғы жағында – Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті;

      Комитет лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан.

      Куәлік №_____

      Удостоверение

      Парақ ортасында Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің эмблемасы.

      Оң жақ жапсырмада мынадай мазмұндағы жазба бар:

      Құрметті атақ аңшылық және балық шаруашылығы саласын дамытуға, жануарлар дүниесі объектілерін сақтауға және көбейтуге елеулі үлес қосқан, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында белсенді ынтымақтастық жасағаны және ғылыми талдамаларды өндіріске енгізгені үшін беріледі;

      "Аңшылық шаруашылығы саласында еңбек сіңірген қызметкер" құрметті атағы берілді.

      Министр ________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы)

      _______________________________________________________________

                  (марапатталған күні, айы, жылы) (мөрдің орны)

  Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2020 жылғы 24 маусымдағы
№ 153 бұйрығына
2-қосымша
  "Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласында құрметті атақтар,
төсбелгілер және құрмет
грамоталарын беру қағидасында
2-қосымша

      Үлгі

      "Балық шаруашылығы саласында еңбек сіңірген қызметкер"

      құрметті атағына төсбелгісі



      "Балық шаруашылығы саласында еңбек сіңірген қызметкер" құрметті атағына төсбелгісінің емен жапырақты екі бұтақтан өрілген көк түсті кестеленген формасы алтын сияқты жапсырылған.

      Қалқанын былайша бедерленіп салынған:

      Қазақстан Республикасының елтаңбасының жоғарғы бөлігі алтын түстес (сырт жағы дөңес);

      орта бөлігінде – "Балық шаруашылығы саласында еңбек сіңірген қызметкер" деген жазу – шрифты алтын түстес (сырт жағы дөңес);

      төменгі бөлігі – шеңбердің ішінде көк түсті толқын бейнеленген, оған шығып келе жатқан күн бейнеленген. Негізгі шеңберде "бекіре" балығы ирек жолақпен бейнеленген.

      Белгінің сыртқы жағында – киімге бекітетін винт.

      Белгінің мөлшері: биіктігі – 50 миллиметр, ені – 40 миллиметр, күмістен жасалады.

      Құрметті атақтың куәлігі

      Куәлік көлемі 100х70 миллиметр жасыл түсті бүктемелі кітапша түрінде жасалып, мундиор материалынан орындалады.

      Сыртқы бетінде ортада Қазақстан Республикасының елтаңбасы, төменгі жағында мынадай жазба бар:

      Куәлік

      Удостоверение

      Ішкі сол жақ жапсырмада мынадай жазбалар бар:

      жоғарғы жағында – Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

      Комитет лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан.

      Куәлік № _____

      Удостоверение

      Парақ ортасында Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің эмблемасы.

      Оң жақ жапсырмада мынадай мазмұндағы жазба бар:

      Құрметті атақ аңшылық және балық шаруашылығы саласын дамытуға, жануарлар дүниесі объектілерін сақтауға және көбейтуге елеулі үлес қосқан, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында белсенді ынтымақтастық жасағаны және ғылыми талдамаларды өндіріске енгізгені үшін беріледі.

      Министр ________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы)

      _______________________________________________________________

                  (марапатталған күні, айы, жылы) (мөрдің орны)

  Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2020 жылғы 24 маусымдағы
№ 153 бұйрығына
3-қосымша
  "Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласында құрметті атақтар,
төсбелгілер және құрмет
грамоталарын беру қағидасында
4-қосымша
  Нысан

Құрметті атақ беру төсбелгілерімен марапаттау мен құрмет грамоталарын тапсыру хаттамасы

      _______________________________________________________________

      (қаланың (селоның) атауы, тапсырылған күні, айы, жылы)

      Мен, ___________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің тегі,

      аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

      20___жылғы "____"_____________ № ____ бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы

      экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

      атынан: ______________________________________________________________

      ________________________________________

      (марапатталушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және лауазымы)

      ___________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      тапсырдым.

      Министр:_______________________________________________________ _____

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы және министрліктің мөрі)

      Комиссия хатшысы___________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы)

      Марапатталған тұлғаның (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      қолы): _____________________________________________________________";

  Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2020 жылғы 24 маусымдағы
№ 153 бұйрығына
4-қосымша
  "Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласында құрметті атақтар,
төсбелгілер және құрмет
грамоталарын беру қағидасында
6-қосымша
  Нысан

"Жануарлар дүниесін қорғаудағы мінсіз қызметі үшін" төсбелгісінің сипаттамасы



      Төсбелгісі диаметрі 44 миллиметр металл шеңбер (бұдан әрі – шеңбер) болып табылады, онда стильді үш элемент: терек жапырағы, ұшып бара жатқан бүркіт және су бейнеленген, оның ішінде ақ түсте "Жануарлар дүниесін қорғаудағы мінсіз қызметі үшін" деген бедерлі жазу бар.

      Терек жапырағы орманды бейнелейді және терек жапырағының бейнесі Қазақстанның бүкіл аумағында өсетін теректі білдіреді.

      Ұшып бара жатқан бүркіт Қазақстанның жануарлар дүниесін бейнелейді, сондай-ақ биологиялық әртүрліліктің сақталуына бақылауды білдіреді.

      Су тамшысы өсімдіктер мен жануарлар дүниесі өмірінің негізін, сондай-ақ ормандардың су қорғау рөлін білдіреді.

      Шеңбер тартпа мен сақинаның көмегімен мөлшері 65х44 миллиметр қалыпқа бекітілген, ол жасыл матамен керілген, алтын түсті жолақтары бар алтын жиектемемен көмкерілген.

      Құрметті төсбелгісі мыс – никель құймасынан жасалады.

      Төсбелгінің сыртында (реверс) тіркеу нөмірі ойылған.

      Төсбелгісі куәлігінің сипаттамасы

      "Жануарлар дүниесін қорғаудағы мінсіз қызметі үшін" төсбелгісінің куәлігі бүктемелі кітапша түрінде тығыз қағаздан жасалған.

      Бланкінің бүктелген күйіндегі мөлшері 75х110 миллиметр.

      Ашық күйінде сол жақ бетінде төсбелгісінің бейнесі орналасқан.

      Ашық күйінде оң жағында жоғарғыда "№ ____ КУӘЛІК" деген жазу бар, оның астында марапатталушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) жазылатын орын бар, ал одан кейін:

      "Жануарлар дүниесін қорғаудағы мінсіз қызметі үшін" төсбелгісімен марапатталады" деп жазылған.

      Төменде:

      "20___ жылғы "___"_____________ №____ бұйрық"

      Төмендегі мәтін:

      "Министр" _______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы) (мөрдің орны)

  Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2020 жылғы 24 маусымдағы
№ 153 бұйрығына
5-қосымша
  "Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласында құрметті атақтар,
төсбелгілер және құрмет
грамоталарын беру қағидасында
7-қосымша

      Үлгі

      "Балық шаруашылығы саласындағы мінсіз қызметі үшін" төсбелгісінің сипаттамасы



      Латуннан жасалған және диаметрі 44 миллиметр дұрыс металл шеңбер.

      Төсбелгісінің сырт жағында ортада шеңбер орналасқан. Шеңбердің ішінде үстінде шығып келе жатқан күн бейнеленген су айдынын білдіретін көгілдір түсті толқындар салынған. Шеңбердің бетінде ирек сызықтар астында "бекіре" балығы бейнеленген.

      Шеңберді айнала "Балық шаруашылығы саласындағы мінсіз қызметі үшін" деп жазылған.

      Сырт жағында шеңбер бейнеленген, оның ортасында "ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті" деп және одан төмен сызық астында "№" және сегіз санды нөмірден тұратын белгіден тұратын төсбелгісінің реттік нөмірі жазылған.

      Белгі құлақша мен сақинаның көмегімен бес бұрышты тартпаға қосылған, ол латуннан жасалып, ені 42 миллиметр, ұзындығы 60 миллиметр сарытүсті 3 жолақпен Қазақстан Республикасының жалауы түстес жібек муарлы лентамен көмкерілген.

      Төсбелгісіндегі барлық бейнелер мен жазбалар бедерлі.

      Белгі түйреуішпен киімге бекітіледі.

      Төсбелгісі куәлігінің сипаттамасы

      "Балық шаруашылығы саласындағы мінсіз қызметі үшін" төсбелгісінің куәлігі бүктемелі кітапша түрінде тығыз қағаздан жасалған.

      Куәліктің бүктелген күйіндегі көлемі 75х110 миллиметр.

      Сыртқы бетінде ортада Қазақстан Республикасының елтаңбасы, төменгі жағында мынадай жазба бар:

      Куәлік

      Удостоверение

      Ашық күйінде сол жақ бетінде төсбелгісінің бейнесі орналасқан.

      Ашық күйінде оң жағында жоғарғыда "№ ____ КУӘЛІК" деген жазу бар, оның астында марапатталушының тегі, аты, әкесінің аты жазылатын орын бар,(бар болған жағдайда), ал одан кейін:

      "Балық шаруашылығы саласындағы мінсіз қызметі үшін" төсбелгісімен марапатталады" деп жазылған.

      Төменде:

      "20___ жылғы "___"_____________ №____ бұйрық"

      Төмендегі мәтін:

      "Министр"______________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы) (мөрдің орны)

  Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2020 жылғы 24 маусымдағы
№ 153 бұйрығына
6-қосымша
  "Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласында құрметті атақтар,
төсбелгілер және құрмет
грамоталарын беру қағидасында
8-қосымша

      Үлгі



Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі
ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ
____________________________
_____________________________
______________________________
М А Р А П А Т Т А Л А Д Ы
Министр
Нұр-Сұлтан 20__жыл


Министерство экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан
ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА
Н А Г Р А Ж Д А Е Т С Я
_______________________________
_______________________________
_______________________________
Министр
Нур-Султан 20__ год