"Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2020 жылғы 17 маусымдағы № 251 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 18 маусымда № 20873 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      "Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығына (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8390 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2013 жылғы 7 тамыз № 184 санында (28123)) жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мектепке дейінгі ұйымдар:

      1) бөбекжай;

      2) балабақша;

      3) отбасылық бөбекжай;

      4) санаториялық бөбекжай;

      5) мектепке дейінгі шағын орталық.";

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) оқыту бейіні бойынша:

      гимназия;

      лицей;

      бейіндік мектеп (жоғары мектеп);";

      2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) біріктірілген:

      "мектеп-бөбекжай" кешені;

      "мектеп-бөбекжай-балабақша" кешені;

      "бастауыш мектеп - бөбекжай - балабақша";

      мектеп-гимназия;

      мектеп-лицей;

      қосымша білім беру мектеп-орталығы;

      мектеп-интернат-колледж;

      оқу-сауықтыру орталығы (кешен);

      оқу-өндірістік комбинат (мектепаралық, курстық);

      оқу-тәрбие орталығы (кешен);

      оқу орталығы;

      дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары:

      1) колледж – школа-интернат

      2) колледж – мектеп;

      3) колледж;

      4) училище;

      5) кәсіптік даярлау оқу орталығы;

      6) ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған колледж;

      7) түзету мекемелері жанындағы кәсіптік даярлау оқу орталығы;

      8) түзету мекемелері жанындағы колледж;

      9) әскери – техникалық колледж;

      10) жоғары колледж.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Арнайы білім беру ұйымдары:

      1) арнайы бөбекжай;

      2) арнайы балабақша;

      3) арнайы мектеп;

      4) арнайы мектеп-балабақша;

      5) арнайы мектеп - интернат;

      6) арнайы кешен "балабақша - мектеп – интернат";

      7) арнайы кешен "мектеп - интернат – колледж";

      8) психологиялық - медициналық - педагогикалық консультация;

      9) оңалту орталығы;

      10) психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті;

      11) білім беру ұйымдарының жанындағы инклюзивтік білім беруді қолдау кабинеті;

      12) логопедтік пункт.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары:

      1) ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығы;

      2) отбасы үлгісіндегі балалар ауылы;

      3) қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығы;

      4) жасөспірімдер үйі (әлеуметтік бейімдеу орталығы);

      5) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы.".

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Ш.Т. Кариноваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а Ш. Каринова