"Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № 193 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 2 маусымда № 20812 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ағаш кесу билеті мен орман билетінің нысандарын, оларды есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 18-02/40 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10676 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 сәуірдегі "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген 1 және 2-қосымшалары, осы бұйрықтың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      ағаш кесу билеті мен орман билетінің нысандарын, оларды есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидаларының:

      1-тарауы келесі редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланудың:

      1) сүрек дайындау;

      2) шайыр, ағаш шырындарын дайындау;

      3) қосалқы сүрек ресурстарын дайындау;

      4) жанама орман пайдалану (шөп шабу, мал жаю, марал шаруашылығы, аң шаруашылығы, ара ұялары мен омарта орналастыру, бау шаруашылығы, бақша шаруашылығы, бақ шаруашылығы және өзгеде ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, дәрілік шөптер мен техникалық шикізаттар, жабайы өсетін жемістер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер мен басқа да тағамдық өнімдер, мүк, орман жамылғысы мен түскен жапырақтар, қамыс дайындау мен жинау);

      5) мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының қажеті үшін пайдалану;

      6) мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу мақсаты үшін пайдалану;

      7) мемлекеттік орман қоры учаскелерін сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттағы мақсаттар үшін пайдалану;

      8) мемлекеттік орман қоры учаскелерін ағаш және бұта тұқымдарының отырғызу материалдары мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін пайдалану түрлері жүзеге асырылуы мүмкін.";

      2-тарауы келесі редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Ағаш кесу мен орман билеттерінің бланкілерін есепке алу және сақтау";

      3-тарауы келесі редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Ағаш кесу мен орман билеттерінің бланкілерін толтыру және беру";

      келесі мазмұндағы 13-1, 13-2 және 13-3-тармақтарымен толықтырылсын:

      "13-1. "Ағаш кесу және орман билетін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар) мемлекеттік орман йеленушілерге (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне не www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) арқылы жүгінеді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет стандартында баяндалған.

      Өтініш көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы берілген кезде оның көшірмесінде күні мен көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі қызметкерінің тегін көрсете отырып қабылданғаны туралы белгі қойылады.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" нәтижені беру күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы не жеке кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы, бюджетке орман пайдалану үшін төленгені туралы мәліметтерді, көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы сағат 17.00-ден кейін немесе 2017 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау келесі жұмыс күнімен жүргізіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алуға көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолтаңбасымен куәландырылады.

      Порталда өтінішті қарау нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылып, электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      13-2. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады және электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.

      Құжаттар пакеті толық болған кезде көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған деректердің 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 36-бабына сәйкестігін қарайды және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ағаш кесу билетін немесе осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес орман билетін толтырады, немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартады.

      13-3. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша:

      1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайда;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған жағдайда өтінішті одан әрі қараудан бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.";

      15-тармақ алып тасталсын;

      19-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "19. Ағаш кесу билетінің мәтіндік бөлігінде "Негізінде" деген сөзден кейін өсіп тұрған сүректі босатудың негіздемесі көрсетіледі.

      Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесудің жыл сайынғы көлемін бекіту туралы ведомство басшысының бұйрығы сүректі түбірімен босатуға негіз болып табылады.

      "Рұқсат етіледі" деген сөздерден кейін орман пайдаланушының толық атауы, өтінім берушінің жеке сәйкестендіру нөмірі немесе оның заңды мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      "20__ жылдың кеспеағаш қоры есебінен кесілсін" деген 10-жолда кеспеағаш қоры бөлінген жыл, сондай-ақ қай орманнан (өсіп тұрған, қураған, өрттен, зиянкестерден зақымданған, жел құлатқан және басқалар) ағаш кесуге рұқсат етілетіні көрсетіледі.

      "Тасымалдау қашықтығы" деген 11-жолда кеспеағаштан жалпы жұрт пайдаланатын жолға дейінгі қашықтық көрсетіледі, ол кеспеағаш орталығынан жолға дейінгі ең қысқа қашықтық бойынша картографиялық материалдармен анықталады және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 587-бабына сәйкес жергілікті рельефке байланысты түзетіледі.

      "Мемлекеттік орман қорының санаты" деген 5-жолда мемлекеттік орман қорының санаттары: ерекше қорғалатын орман аумақтары, қала ормандары мен орман саябақтары, жасыл аймақтар, эрозияға қарсы ормандар, егістік пен топырақ қорғайтын ормандар және басқалары көрсетіледі.";

      20-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "20. Ағаш кесу билетінің мәтіндік бөлігіндегі кестеде мыналар көрсетіледі:

      1) гектардың оннан бір бөлігіне дейінгі дәлдікпен кеспеағаштар көлемі гектармен, сондай-ақ шаруашылық (қылқан жапырақты, қатты жапырақты немесе жұмсақ жапырақты) көрсетіледі. Қажет болуына қарай шаруашылық басты тұқымды бойынша: қарағай, шырша, сексеуіл, тал және басқа да шаруашылықтар деп көрсетіледі;

      2) "Өскіннің сақталуын қамтамасыз ету" деген бағандарда - өскін және кеспеағашты бөлу кезінде жүргізілген есепке сәйкес 1 гектарға шаққанда мың данадағы өскін саны сақталуға тиіс алқап;

      3) "Тығыз текше метрмен алғанда сүрек көлемі" деген бағандарда - босатылатын бір текше метрге дейін дәлдікпен босатылатын сүрек көлемі;

      4) "Теңгемен ставка бойынша құны" деген бағандарда - орман пайдалану үшін ақы мөлшерін мемлекеттік орман иеленуші түбірімен босатылатын сүрек көлемін және ол үшін белгіленген ақы ставкаларын, шайыр, ағаш шырындарын, қосалқы ағаш ресурстарын дайындау көлемдері, Салық кодексінің 587-бабына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2018 жылғы 13 қыркүйектегі (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 16 қазанда № 17560 тіркелген) бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеудің әдістемелік нұсқауларына сәйкес олардың бағасы басшылыққа алына отырып есептелген кеспеағаштың материалдық-ақшалай бағасының негізінде анықтайды;

      5) "Төленуге тиіс, теңге" деген бағанда төленуге тиіс сома көрсетіледі. Тегін босатылатын жағдайда бұл бағанда "тегін" деп жазылады.

      Кесте әрбір мөлдек бойынша жеке-жеке толтырылады.

      Ағаш кесу билеті екі немесе одан көп босату бірліктеріне (кеспеағаштар немесе мөлдектер) жазылатын жағдайда кестенің соңында осы билетке енгізілген барлық босатылатын бірліктер бойынша жалпы қорытындысы шығарылады.";

      34-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "34. Орман билеті мынадай үлгіде толтырылады:

      "Негізінде" деген 6-жолда мемлекеттік орман қоры учаскілеріндегі орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөніндегі тендердің нәтижелері туралы хаттама бойынша шешім, мемлекеттік орман иеленушінің шешімі, аумақтық органның немесе ведомствоның орманды пайдалануға беру туралы шешімі келтіріледі.

      "Рұқсат етілсін" деген 7-жолда орман пайдаланушының атауы - жеке тұлғаның тегі, аты-жөні, оның жеке сәйкестендіру нөмірі және заңды тұлға үшін мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі және одан кейін "к" деген жолда орман пайдаланудың мынадай түрлері көрсетіледі:

      1) орманды жанама пайдалану (нақты пайдаланылуы анықтала отырып);

      2) мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін пайдалану;

      3) мемлекеттік орман қоры учаскелерін сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін пайдалану;

      4) мемлекеттік орман қоры учаскелерін ағаш және бұта тұқымдыларының көшеттік материалын және арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру үшін пайдалану;

      5) аң аулау объектілеріне жатпайтын жануарлар дүниесін, сондай-ақ жабайы жануарлардың пайдалы қасиеттері мен тіршілік ету өнімдерін шаруашылық мақсаттарда пайдалану (нақты пайдаланылуы анықтала отырып).

      "Алқапта" және "мөлшерде" деген көрсеткіштердің 8-жолында - алқабы гектармен және орман пайдалану бойынша деректер: көлемдері текше метрмен, данамен, тоннамен, килограммен көрсетіледі. Орман пайдаланудың алқабы мен көлемін анықтау кезінде ғылыми негізделген нормалар және жергілікті өкілдік органдар бекітетін нормативтер ескеріледі.

      "Такса бойынша құны" деген 9-жолда орман пайдалану үшін белгіленген төлем сомасы (теңге) қойылады, ол:

      1) орманды жанама пайдалану және мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттарда пайдалану үшін – облыстардың жергілікті атқарушы органдары жасаған, аумақтық органдармен келісілген есеп-қисаптар негізінде жергілікті өкілдік органдар белгілеген ставкалар бойынша;

      2) аң аулау және балық аулау объектілеріне жатпайтын жануарлар дүниесін шаруашылық мақсаттарда пайдалану үшін Салық кодексінің 582-бабына сәйкес анықталады.

      Көрсетілген пайдаланулар үшін төлемдерді бюджетке енгізу рұқсат беретін құжат алынғанға дейін жүргізіледі, онда төлем құжатының деректемелері көрсетіле отырып жүргізілген төлем туралы белгі қойылады.

      "Ерекше жағдайлар" деген 10-жолда орман пайдаланудың әрбір түрін жүзеге асыру кезінде сақталуы тиіс оған тән негізгі ерекшеліктер мен жағдайлар көрсетіледі.

      Қысқа мерзімді орман пайдалануда уақытша құрылыстарды көрсету керек - күзет үйшіктерін, құрал-жабдықтар сақтайтын қоймалар мен қашарларды, уақытша қара жолдарды. Аталған құрылыстардың шекті мөлшері, түрі және сипаты, оларды құлату (алып кету) тәртібі, сондай-ақ тартылатын жолдардың бағыты, ұзындығы және мөлшері осы жолда айқындалады.";

      37-39-тармақтары алып тасталсын;

      келесі мазмұндағы 4-тараумен толықтырылсын:

      "4-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      40. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымы Заңға сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның басшысының атына берілуі мүмкін.

      Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін мемлекеттік органның, атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Заңның 4-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.";

      осы бұйрықтың 3 және 4-қосымшаларына сәйкес 4 және 5-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
М. Мирзагалиев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің
2020 жылғы 1 маусымдағы
№ 128 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2015 жылғы 26 қаңтардағы
№ 18-02/40 бұйрығына
1-қосымша

Серисы
Серия

ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫ



 

 
РЕСПУБЛИКА
КАЗАХСТАН

АҒАШ КЕСУ БИЛЕТІ ЛЕСОРУБОЧНЫЙ БИЛЕТ

      1. Облысы ____________________________ "___" __________ 20 ___ жыл

      Область                                                       год

      2. Мекеме (орман иеленуші) ____________________________________________

      Учреждение (лесовладелец)

      3. Ағашты кесу тәсілі _________________________________________________

      Способ рубки

      4. Орманшылық ______________________________________________________

      Лесничество

      5. Мемлекеттік орман қоры санаты ______________________________________

      Категория государственного лесного фонда

      6. Пайдалану түрі _____________________________________________________

      Вид пользования

      7. Есепке алу тәсілі ___________________________________________________

      Способ учета

      8. Негізінде __________________________________________________________

      На основании

      9. Рұқсат етіледі ______________________________________________________

      Разрешается

      10. 20 __ жылдың кеспе ағаш қоры есебіне _______________________ сүректер

      кесуге рұқсат беріледі

      Вырубить в счет лесосечного фонда 20__ года _______________ древесины

      11. Ағаштарды тартып шығаратын аралық ________________________________

      Расстояние вывозки

Орамдардың №
№ кварталов

Телім №
№ выдела

Кеспе- ағаштың №/ауданы, гектар –
№ лесосеки/ площадь, гектар

Мөлдектердің №/ ауданы, гектар -
№ делянок/ площадь, гектар

Шаруашылық
Хозяйство

Өскендердің сақталуын қамтамасыз ету қажет
Обеспечить сохранение подроста

ауданы, гектар
на площади, гектар

1 гектар саны, мың дана -
кол-во тыс. шт. на 1 гектар








Барлығы:
Итого:



      Продолжение таблицы

Тығыздалған текше метрдегі сүрек көлемі
Объем древесины в плотных куб.м

Ставка бойынша құны теңгемен
Стоимость по ставке в тенге

Төленуге тиіс, теңге
Причитается к уплате, тенге

Кәделі
деловой

Отындық
дровяной

шөпшектер мен бұтақтар
хвороста и сучьев

қосалқы ағаш ресурстары
второстепенные древесные ресурсы

Барлығы
Итого

Кәделі
деловой

Отындық
дровяной

шөпшектер мен бұтақтар,
хвороста и сучьев

қосалқы ағаш ресурстары
второстепенные древесные ресурсы

Барлығы
Итого












      12. Дайындалатын ағаш өнімі үшін төлемақыны бюджетке енгізу мерзімі

      ___________________________________________________________

      Сроки внесения в бюджет платы за заготавливаемую лесопродукцию

      13. Кесуге жатпайды _________________________________________________

      Рубке не подлежат (тұқымдық ағаштар, тұқымдық жерлер және басқа ағаштардың

                        саны - количество семенников, семенных куртин и других деревьев)

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      14. Ағаш дайындауды аяқтау мерзімі " __ " ___________ 20 __ жыл

      Срок окончания заготовки                                     год

      15. Уақытша қоймалар орны ___________________________________________

      Места временных складов

      16. Тасып әкетуге рұқсат берілді ______________________________________

      Вывозка разрешается

      17. Тасып әкету мерзімі "___"____________ 20 __ жыл

      Срок окончания вывозки                         год

      18. Мезгілінен бұрын кесуге рұқсат етіледі _______________________________

      Досрочная вырубка разрешается

      19. Ағаштың қабығын аршу, ағашты химиялық өңдеу мерзімі _____________

      Сроки окорки, химической обработки древесины

      20. Кеспеағашты тазарту тәсілі ______________________________________

      Способ очистки лесосеки

      21. Ағаштарды бекітілген технологиялық картаға сәйкес кесу керек __________

      Разработку лесосек произвести согласно утвержденным технологическим картам

      22. Ерекше шарттар __________________________________________________

      Особые условия

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      Мекеме басшысы _________________________________________________

      Руководитель учреждения             (тегі, аты, әкесінің аты(бар болса), қолы – подпись,

                                          фамилия, имя, отчество (при его наличии))

      Инженер ____________________________________________________________

                        (тегі, аты, әкесінің аты(бар болса), қолы – подпись, фамилия, имя,

                                    отчество (при его наличии))

      23. Орман пайдаланушылар Қазақстан Республикасының ормандарында сүректі түбірімен босату қағидаларын және Қазақстан Республикасының ормандарында өрт қауіпсіздігі қағидаларын қатаң сақтауға міндетті. Көрсетілген қағидаларды бұзғаны үшін, сондай-ақ орман пайдаланушы ағаш кесілген жерді тазартудан жалтарған кезде, орман шаруашылығы мемлекеттік басқару органдары, сүрек дайындауды және орман пайдаланушылар жүргізіп жатқан басқа да жұмыстарды тоқтата тұрады. Лесопользователи обязаны строго соблюдать правила отпуска древесины на корню в лесах Республики Казахстан и правила пожарной безопасности в лесах Республики Казахстан. За нарушение указанных правил, а также при уклонении лесопользователя от очистки мест рубок, государственные органы управления лесным хозяйством приостанавливают заготовку древесины и иные работы, проводимые лесопользователями.

      24. Сүректі түбірімен босату қағидаларымен және өрт қауіпсіздігі қағидаларымен таныстым

      С правилами отпуска древесины на корню и правилами пожарной безопасности ознакомлен

      25. Орман пайдаланушы _________________________________________

      Лесопользователь             (лауазымы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) –

                              должность, подпись, фамилия, имя, отчество (при его наличии))

      26. Ағаштарды тасып әкету мерзімдерінің ұзартылғаны туралы белгілер

      Отметки о представлении отсрочек по вывозке _________________________

      ____________________________________________________________________

      Мөр орны, мекеме басшысы ______________________________________

      Место печати, руководитель учреждения (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),

                              қолы – подпись, фамилия, имя, отчество (при его наличии))

      27. Ағаш кесетін жерді куәләндіру мәліметтері бойынша орманды қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар

      Мероприятия по восстановлению леса по материалам освидетельствования мест рубок

      28. Орманның қалпына келуін қамтамасыз ететін өскінді сақтау _______ гектар

      Сохранение подроста, обеспечивающего восстановление леса

      Мыналар талап етіледі:

      Требуется:

      29. Орман ағаштарын отырғызу _____________ гектар

      Создание лесных культур на

      30. Ағаштың табиғи өсуіне көмектесу _________ гектар

      Содействие естественному возобновлению на

      31. Мекеме басшысы ____________________________________________

      Руководитель учреждения (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы –

                              подпись, фамилия, имя, отчество(при его наличии))

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің
2020 жылғы 1 маусымдағы
№ 128 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2015 жылғы 26 қаңтардағы
№ 18-02/40 бұйрығына
2-қосымша

Серисы
Серия

ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫ



 

 
РЕСПУБЛИКА
КАЗАХСТАН

ОРМАН БИЛЕТІ ЛЕСНОЙ БИЛЕТ

      на ______________________________________________

      (орман пайдаланудың түрі – вид лесопользования)

  "___" __________ 20 __ жыл год

      1. Облысы ________________________________________________________

      Область

      2. Мекеме (орман иеленуші) ____________________________________________

      Учреждение (лесовладелец)

      3. Орманшылық ______________________________________________________

      Лесничество

      4. Айналым __________________________________________________________

      Обход

      5. Орам мен телімнің нөмірлері ______________________________________

      Номера кварталов и выделов

      6. Негізінде ________________________________________________________

      На основании

      ____________________________________________________________________

      7. Рұқсат етілсін ___________________________________________________

      Допустить

      ____________________________________________________________________

      (орман пайдаланушы және оның пошталық мекен–жайы –

      лесопользователь и его почтовый адрес)

      к ___________________________________________________________________

      (орман пайдаланудың түрі – вид лесопользования)

      8. Ауданда ______________________________, мөлшерде _________________

      На площади (га) в размере (саны, көлемі – количество, объем)

      9. Такса бойынша құны _________________________________________ тенге

      Стоимость по таксе

      10. Ерекше шарттар __________________________________________________

      Особые условия

      11. Пайдалану мерзімі "__"_________ 20 ___ жылдан "__"______ 20____ жылға дейін

      Срок пользования с "__"___________20____года по "__"_______ 20___года

      Мекеме басшысы __________________________________________________

      Руководитель учреждения

      Инженер __________________________________________________________

      Инженер

      Орман пайдаланушы _________________________________________________

      Лесопользователь                   (Лауазымы, қолы, тегі (бар болса), аты-жөні –

                              должность, подпись, фамилия, имя, отчество(при его наличии))".

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің
2020 жылғы 1 маусымдағы
№ 128 бұйрығына
3-қосымша
  Ағаш кесу және орман
билетін есепке алу,
сақтау, толтыру және
беру қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

  ____________________________
(мемлекеттік органның толық
атауы)
____________________________
(жеке немесе заңды тұлғаның
толық атауы)
Өтініш берушінің мекенжайы
____________________________
____________________________
(индексі, қала, аудан, облыс,
көше, үй, №, телефон)
Өтініш берушінің деректемелері
____________________________
____________________________
(жеке тұлғалар үшін – ЖСН,
заңды тұлғалар үшін - БСН

ӨТІНІШ

      _________________________________________________________________ сұраймын.

                                    (өтініштің мақсаты)

1

Учаскенің ақпараты (орманшылық, орам, телім)


2

Орман пайдаланудың аумағы мен көлемі (гектар, текше метрдегі көлемі, дана, тонна, килограмм, үй жануарлар басының саны)


3

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді орман пайдалану келісімшартының нөмірі мен күні


4

Орман пайдаланғаны үшін бюджетке төленгені туралы ақпарат (төлем құжатының реквизиттері)


5

Сүрек дайындау көлемін бекіту бұйрығының нөмірі мен күні (ағаш кесу билетін алу үшін)


6

Технологиялық картаның нөмірі мен күні (ағаш кесу билетін алу үшін)


      Ақпараттық жүйелерде бар, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Берілген ақпараттың дұрыстығын растаймын және теріс мәліметтер беру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылық жайында хабардармын.

      Өтініш беруші

      _____________________________________________________________________

                        (қолы) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      20__ жылғы "__"___________

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің
2020 жылғы 1 маусымдағы
№ 128 бұйрығына
4-қосымша
  Ағаш кесу және орман
билетін есепке алу,
сақтау, толтыру және
беру қағидаларына
5-қосымша

"Ағаш кесу және орман билетін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызмет беруші атауы

Мемлекеттік орман иеленушілер (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары)

1)көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі
2) "электронды үкімет" веб-порталы: www.egov.kz, www.elіcense.kz (бұдан әрі – портал)

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1 (бір) жұмыс күн

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық немесе қағаз түрінде

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Ағаш кесу және (немесе) орман билетін беру, немесе өтінішті қараудан дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нысаны – электрондық немесе қағаз түрінде.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғалар үшін тегін көрсетіледі.
Орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексінің 587-бабына сәйкес белгіленеді.
Бұл ретте, орман пайдаланудың түрлеріне және спецификалық ерекшеліктеріне байланысты олардың мөлшерін өлшеу: алаңы бойынша (гектармен), көлемі бойынша (қоймалық текше метрмен), салмағы бойынша (килограммен, центнермен және тоннамен), саны бойынша (данамен), жас (шикілей өсіп тұрған) күйінде жүзеге асырылады.

7.

Жұмыс графигі

Көрсетілетін қызметті беруші – 2017 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Көрсетілетін қызметті берушінің өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелерін беру кестесі: сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады;
Портал – техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске және Заңға сәйкес жұмыс уақыты 17.00-ден кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары порталда орналастырылған.

8.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

Осы Қағидаларының 4-қосымшасына сәйкес өтініш.

9.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайда;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған жағдайда өтінішті одан әрі қараудан бас тартады.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескергендегі өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар