Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 28.04.2021 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік органдар ашық деректердің интернет-порталына орналастыратын электрондық ақпараттық ресурстарды ашық деректерге жатқызу өлшемшарттарын, сондай-ақ оларды беру қағидалары мен форматын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрі м. а. 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 86 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13231 болып тіркелген, "Әділет" нормативтік құқықтық актілерінің жүйесінде 2016 жылғы 11 наурызда жарияланған) мынадай өзгертулер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік органдар ашық деректердің интернет-порталына орналастыратын ашық деректерді беру қағидалары мен форматында:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) кеңейтілетін белгілеу тілі (eXtensible Markup Language) (бұдан әрі - XML) - құрылымдық және машинада оқылатын форматтағы деректерді сақтау және беру үшін пайдаланылатын кеңейтілетін белгілеу тілі;";
10-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Сұратылған ашық деректерді ұсыну мүмкін болған жағдайда, мемлекеттік орган уәкілетті органнан сұрауды алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшада белгіленген ашық деректер жиынтықтарын ұсыну форматын ұстана отырып, автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі - АЖО) арқылы интернет-порталда орналастырады немесе мемлекеттік органның API-ін қолдана отырып ашық деректерді ұсынады немесе уәкілетті органды ашық деректерді орналастырудың жоспарланған күні туралы хабарлайды.";
11-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Интернет-порталда АЖО көмегімен ашық деректер жиынтығын мемлекеттік органдардың орналастыруы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ашық деректер жиынтығын ұсыну форматына сәйкес JSON форматында жүзеге асырылады.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Мемлекеттік органның API-ін қолдана отырып ашық деректерді ұсыну, егер ұсынылатын ақпарат XML және JSON форматта мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінде болған жағдайда жасалады.";
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
А. Жумагалиев |