"Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгіз

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 19 мамырдағы № 81 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 25 мамырда № 20709 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14939 болып тіркелген, 2017 жылғы 19 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      бұйрықтың преамбуласы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 5), 11) тармақшаларына, 26-бабының 1) тармақшамсына, 27-бабының 2-тармағына, 28-бабының 3, 4-тармақтарына, 29-бабының 2-1-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығымен бекітілген "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу қағидаларының 27, 31-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларына:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттiк орган бос лауазымға орналасуға кандидаттарды iрiктеу үшін конкурс комиссиясын қалыптастырады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам шешімінің негізінде әңгімелесуге жіберілген конкурс қатысушылары бос лауазымға орналасуға кандидаттар (бұдан әрі – кандидаттар) болып табылады.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелері бойынша берілген сертификаттар тестілеу өткізілген күннен бастап бір жылдың ішінде жарамды.

      Қазақстан Республикасының барлық аумағында төтенше жағдай енгізілген кезде сертификаттың жарамдылық мерзімі енгізілген төтенше жағдай кезеңіне тоқтатыла тұрады.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. "Б" корпусының лауазымына үміткердің жеке қасиеттерін бағалауға тестілеудің нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес нысандағы қорытынды беріледі.

      "Б" корпусының лауазымына үміткердің жеке қасиеттерін бағалауға тестілеудің нәтижелері бойынша берілген қорытындылары осындай тестілеу өткізілген күннен бастап бір жыл ішінде жарамды.

      Қазақстан Республикасының барлық аумағында төтенше жағдай енгізілген кезде қорытындының жарамдылық мерзімі енгізілген төтенше жағдай кезеңіне тоқтатыла тұрады.";

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Конкурс аяқталғанға дейін уәкілетті органдарға ақпарат беруді немесе Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметі туралы заңнамасымен белгіленген басқа да жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органның жұмыскерлерімен конкурс комиссияларының құрамы туралы деректерді көпшілікке жария етуге жол берілмейді.";

      38-тармақтың ресми тілдегі редакциясы өзгертілді, мемлекеттік тілдегі редакциясы өзгермейді;

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.";

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Комиссияның хатшысы әңгімелесуге жіберілген кандидаттарға персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам шешім қабылдаған күннен кейін бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесу өтетін күнге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу және эссе, сондай-ақ қажет болған жағдайда кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын өткізу күні туралы хабарлайды. Хабарландыру қатысушылардың телефондары бойынша немесе электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.";

      51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "51. Конкурс комиссиясының хатшысы рұқсат алмаған конкурс қатысушыларына персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның шешімі қабылдағаннан кейін бір жұмыс күн ішінде бұл туралы хабарлайды. Хабарландыру қатысушылардың телефондары бойынша немесе электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.";

      мынадай редакциядағы 60-1-тармақпен толықтырылсын:

      "60-1. Талқылау барысы мен конкурс комиссиясының шешiмi конкурс комиссиясының төрағасы мен мүшелерi, сондай-ақ хаттама жасауды iске асыратын хатшының қолдары қойылған еркін нысандағы қағаз және (немесе) электронды түрдегі хаттама түрiнде ресiмделедi.

      Конкурс комиссиясының мүшелерi шешімге электронды түрде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қоя алады.";

      73-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;";

      84-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "84. Құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейiн екі жұмыс күні ішінде персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам тапсырылған құжаттарды Заңның 17-бабының 4-тармағына сәйкес бекітілген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн, сондай-ақ Заңның 16-бабында көзделген мемлекеттiк қызметке кiру шарттарына сәйкестігін қарап, конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жiберу туралы шешiм қабылдайды.

      Кандидаттардың Заңның 16-бабында көзделген мемлекеттiк қызметке кiру шарттарына сәйкестігі Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті ақпараттық сервисінің "Арнайы есептер" деректер қоры арқылы қаралады.

      Конкурс қатысушылардың дәйексіз мәліметтерді ұсынуы оларды әңгімелесуге жіберуге бас тартуы үшін негіз болып табылады.";

      85-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "85. Шешім әзірленеді және оған конкурс комиссияның хатшысы және персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) басшысы немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам қол қояды.

      Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) басшысы немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам шешімге электронды түрде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қоя алады.";

      86-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "86. Құжаттарды қарау қорытындысы бойынша конкурс комиссиясының хатшысы әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімін және оны өткізудің кестесін қалыптастырады.

      Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі мен әңгімелесуді өткізу кестесі конкурс жариялаған мемлекеттік органның интернет-ресурсында персоналды басқару қызметімен (кадр қызметімен) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адаммен шешімді қабылдау күннен кейін бір жұмыс ішінде және әңгімелесуді өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей орналастырылады.";

      87-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "87. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесуді өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.";

      88-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "88. Рұқсат алмаған конкурс қатысушылары персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның шешімі қабылдағаннан кейін бір жұмыс күн ішінде бұл туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың телефондары бойынша немесе электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.";

      89-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "89. Әңгімелесудің мақсаты кандидаттардың кәсіби және жеке қасиеттерін бағалау болып табылады.

      Конкурс комиссиясы шекті мәннен төмен емес нәтижелерімен жеке қасиеттерді бағалауды ескереді.";

      100-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "100. Конкурс комиссиясының хатшысы әңгiмелесуден өткен кандидаттарға конкурс нәтижесi туралы, ол аяқталғаннан кейiн екі жұмыс күн iшiнде хабарлайды.";

      жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларына:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мемлекеттік қызметшілерді және мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеу ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 2-тармағының 5) тармақшасына және 28-бабының 3 және 4-тармақтарына, "Азаматтардың "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне кіруінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығына сәйкес әзірленді және мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшілерді және мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тестілеу тәртібін, бағдарламаларын, тестілеуді ұйымдастыру тәртібін, сондай-ақ тестілеу нәтижелеріне шағым жасау тәртібін айқындайды.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді (бұдан әрі – "Б" корпусының лауазымына кандидат) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеуді азаматтардың өтініш білдіруі бойынша өткізеді.";

      мынадай редакциядағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:

      "12-1. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы Қағидалардың 1-1-қосымшасында келтірілген.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. "Б" корпусының лауазымына үміткерлер тестілеуге қатысу үшін тестілеу күніне дейін бір күнтізбелік күннен кешіктірмей осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жүгіну арқылы өтініш (бұдан әрі – Өтініш) тапсырады.

      Кандидаттар Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда, оның жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электронды үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Портал арқылы жүгінген кезде кандидаттың "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы жәй-күйі көрсетіледі.

      Мемлекеттік корпорация және портал арқылы өтініш берілген кезде, құжаттардың қабылданғанын растау осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызмет берушінің электронды цифрлы қолтаңбасы нысанындағы тестілеудің күні, уақыты және өтетін орны көрсетілген қолхат болып табылады.

      Кандидат Стандарттың 8-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Кандидаттар тестілеуге қатысу үшін құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы тапсыруға қатысты ақпарат пен қеңесті Мемлекеттік корпорацияда, уәкілетті органда немесе оның аумақтық бөлімшесінде ала алады.";

      мынадай редакциядағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:

      "14-1. Тестілеуден өтуден бас тарту негіздері Стандарттың 9-тармағында көрсетілген.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуде осы Қағидалардың 4-қосымшасында көрсетілген мәндерден төмен нәтиже алған "Б" корпусының лауазымына үміткерлерге осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысанда мәндерден төмен нәтижелермен тестілеу өткендігі туралы анықтама беріледі.

      Бұл жағдайда, қайта тестілеуге алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кем емес мерзімнен кейін жол беріледі.";

      25-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25-1. Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуде осы Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген мәннен төмен нәтиже алған "Б" корпусының лауазымына үміткерлердің қайта тестілеуіне алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кем емес мерзімнен кейін жол беріледі.";

      мынадай редакциядағы 32-1-тармақпен толықтырылсын:

      "32-1. Тестілеуге кіргізу кезінде немесе тестілеуді өткізу барысында жалған адам анықталған жағдайда аталған адам тестілеуге жіберілмейді немесе оператор осындай адамның тестілену процесін тоқтатады және оны тестілеу үшін арналған үй-жайдан шығарып жібереді.

      Бұл ретте оператор осы Қағидалардың 10-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Тестілеу кезінде жалған адамды анықтау туралы актіні толтырады.";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Үміткерлердің Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелері бойынша шағымдарын қарастыру және олардың құқықтарын қорғау мақсатында уәкілетті органда апелляциялық комиссия құрылады.";

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Апелляциялық комиссияның құрамы уәкілетті орган басшысының бұйрығымен бекітіледі.

      Апелляциялық комиссияның құрамына бақылаушы ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері қосылуы мүмкін.";

      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Апелляциялық комиссияның жұмысын апелляциялық комиссияның төрағасы, немесе апелляциялық комиссияның төрағасы болмағанда төрағаның орынбасары басқарады.

      Апелляциялық комиссияның іс-қағаздарын жүргізу уәкілетті орган басшысының бұйрығымен тағайындалатын хатшымен жүзеге асыралады.";

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Апелляциялық комиссия тестілеу бағдарламаларында көрсетілген Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің төмен нәтижесін алған "Б" корпусының лауазымына үміткерлердан апелляцияға шағымдарын қабылдайды және қарастырады.";

      мынадай редакциядағы 7-тараумен толықтырылсын:

      "7-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің тестілеуден өту мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      48. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау бойынша уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      Көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен кандидаттың шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 2) тармақшасына сәйкес оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау бойынша уәкілетті органға келіп түскен кандидаттың шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Қызметті Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына, немесе ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.

      49. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, кандидаттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.";

      осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 2-1-қосымшамен толықтырылсын;

      3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      6-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес 10-1-қосымшамен толықтырылсын;

      12-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Мемлекеттік қызмет істері
      агенттігінің төрағасы А. Жаилғанова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі Төрағасының
2020 жылғы 19 мамыры
№ 81 бұйрығына
1-қосымша
  Мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерді, мемлекеттік
әкімшілік лауазымдарға
орналасуға кандидаттарды
тесттен өткізуді ұйымдастыру,
бағдарламалары және
қағидаларына
2-1-қосымша

"Мемлекеттiк қызметшiлерді, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тестілеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық бөлімшелері

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

Өтініштерді қабылдау:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы;
2) www.egov.kz "электрондық үкiмет" веб-порталы және абоненттік ұялы байланыс құралы арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.

3

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі

Тестілеу өтініш берілген күннен бір күнтізбелік күннен ерте емес және кандидат таңдаған тестілеу күні мен уақытынан кешіктірілмей өткізіледі.
Құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтуге рұқсат етілген ең ұзақ уақыт – 15 минут.
Кандидатқа қызмет көрсетуге рұқсат етілген ең ұзақ уақыт – 30 минут..

4

Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi көрсету нысаны

Электрондық (жартылай автоматтандырылған) және/немесе қағаз түрінде

5

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің нәтижесі

Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификат, осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес "Б" корпусының лауазымына кандидаттың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу нәтижесі бойынша қорытынды немесе осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеуді өту мәндерінен төмен нәтижелерімен тестілеуден өткені туралы анықтама.
Мемлекеттік тілді білуге арналған тестілеуге шекті мән белгіленбейді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

6

Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде кандидаттан алынатын төлем мөлшері, және оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және 2001 жылғы 13 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру жұмыс уақытында, алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
2) Мемлекеттік корпорация – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және 2001 жылғы 13 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – сенбі аралығында сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін, түскі үзіліссіз жүргізіледі.
Құжаттарды қабылдау жеделдетілген қызмет көрсетусіз "электронды" кезек тәртібінде жүзеге асырылады. Электронды кезекті портал арқылы брондауға болады.
3) портал – техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушының жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтінген жағдайда 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және 2001 жылғы 13 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүргізіледі).
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету орындарының мекенжайлары:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) Мемлекеттік корпорацияның: www.gov4c.kz.
3) порталда www.egov.kz орналастырылған.

8

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

1) Мемлекеттік корпорацияға:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
2) портал арқылы жүгінген кезде:
электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электронды үкімет" шлюзі арқылы алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген көрсетілетін қызметті беруден бас тарту негіздері

1) кандидаттың соңғы күнтізбелік он бес ішінде шекті мәннен төмен нәтижемен тестілеуден өтуі;
2) кандидаттың соңғы алты ай ішінде тесттен өткізуді ұйымдастыру қағидаларын бұзғандығы туралы оператор толтырған осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес актінің бар болуы;
3) соңғы бір жыл ішінде тестілеу кезінде жалған адамды анықтау туралы оператор толтырған осы Қағидалардың 10-1-қосымшасына сәйкес актінің бар болуы негіз болып табылады.

10

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып көрсетілетін, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтерге қойылатын өзге де талаптар

Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше қозғалу, бағдар алу қабілетін немесе мүмкіндігін толық не ішінара жоғалтқан кандидаттарға мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8-800-080-7777 жүгіну арқылы тұрғылықты жері бойынша шыға отырып жүргізеді.
Кандидаттың ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Кандидаттың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", мемлекеттік көрсетілетін қызмет берушінің анықтама қызметі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі 1414, 8-800-080-7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі
Төрағасының бұйрығына
2-қосымша
  Мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерді, мемлекеттік
әкімшілік лауазымдарға
орналасуға кандидаттарды
тесттен өткізуді ұйымдастыру,
бағдарламалары және
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

ҚОЛХАТ

      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға үміткердің ______________________________________________________________ өтініші қабылданды.

      (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))

      Тестілеу өту күні: _____________________

      Тестілеу өту уақыты: __________________

      Тестілеу өту мекенжайы: _______________

      Тестілеу бағдарламасы: ________________

      Тестілеу бағдарламасында көзделген құқықтық актілер:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Ескертпе: Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге арналған тестiлеуден өту кезiнде шектi мәннен төмен баға алған "Б" корпусының лауазымына үміткерлер қайта тестілеуді алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кем емес мерзімнен кейін өтеді.

      Мемлекеттік қызмет істері жөнiндегi уәкiлеттi органның автоматтандырылған тестілеуді өтуге тіркеу жүйесімен "электрондық үкімет" порталы арқылы берілді.

      "___" ___________________ 20 __ ж.

  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі
Төрағасының бұйрығына
3-қосымша
  Мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерді, мемлекеттік
әкімшілік лауазымдарға
орналасуға кандидаттарды
тесттен өткізуді ұйымдастыру,
бағдарламалары және
қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

Тестілеуді өту мәндерінен төмен нәтижелерімен тестілеуден өткені туралы АНЫҚТАМА

______________________________________________________ (үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеуден _________________ қаласында "___" __________ 20____ж. _____ бағдарлама бойынша "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға тестілеуді өту мәндерінен төмен нәтижелерімен тестілеуден өткені туралы берілді.



Тест атауы

Тестілеу сұрақтарының/ тапсырмалардың саны

Тестілеуді өту мәні

Дұрыс жауаптардың саны





ҚОРЫТЫНДЫ




      Осы үміткер қайта тестілеуді осы тестілеу өткізілген күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кем емес мерзімнен кейін өте алады.

      Тестілеу операторының қолы: _____________________________

      М.О. "___" ___________________ 20 __ ж.

  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі Төрағасының
бұйрығына
4-қосымша
  Мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерді, мемлекеттік
әкімшілік лауазымдарға
орналасуға кандидаттарды
тесттен өткізуді ұйымдастыру,
бағдарламалары және
қағидаларына
10-1-қосымша

Тестілеу кезінде жалған адамды анықтау туралы акті

      _________қаласы

  "____" ____ 20___ ж.
  __ сағ.. _ мин.

      _____________________ тестілеу операторымен (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      азамат _________ЖСН_____________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      орнына азамат ____________ЖСН___________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      тестілеуді тапсыру әрекеті дерегі анықталды.

      Тестілеу операторының қолы: _____________________________________

      Актімен таныстым: _______________________________________________ (жоғарыда көрсетілген бұзушылыққа жол берген азаматтың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      Жоғарыда аталған Ереже бұзушылыққа жол берген азаматтың осы актіге қол қоюдан бас тартқан жағдайда – тиісті жазба ______________________________

      (жоғарыда аталған Ереже бұзушылыққа жол берген азаматтың осы актіге қол қоюдан бас тартқанын растайтын басқа адамның қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), ЖСН)

  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі Төрағасының
бұйрығына
5-қосымша
  Мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерді, мемлекеттік
әкімшілік лауазымдарға
орналасуға кандидаттарды
тесттен өткізуді ұйымдастыру,
бағдарламалары және
қағидаларына
12-қосымша
  Мемлекеттік қызмет істері
жөнiндегi уәкiлеттi органның
апелляциялық комиссиясының
Төрағасына
____________________________
(кандидаттың Т.А.Ә.
(ол болған жағдайда))
____________________________
(кандидаттың ЖСН)
Тел. ________________________
  Эл. Мекенжайы ______________

Өтініш

      Мені, 20__ жылдың ____________________ _____________________ қ. (тестілеу күнін көрсету)

      өткен Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелері бойынша шағымдануға рұқсат беруді сұраймын.

      Тестілеу нәтижелеріне шағым беру талабымның мәні:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін.

      "___" _______________ 20__ж.