"Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттауды өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 6 қарашадағы № 660 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 мамырдағы № ҚР ДСМ-52/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 22 мамырда № 20690 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 14 қазандағы № ҚР ДСМ-130/2020 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 14.10.2020 № ҚР ДСМ-130/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттауды өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 6 қарашадағы № 660 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5906 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2010 жылғы № 2 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
Е. Биртанов

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 20 мамырдағы
№ ҚР ДСМ-52/2020 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2009 жылғы 6 қарашадағы
№ 660 бұйрығына
1-қосымша

Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттауды өткізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттауды өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді және республикалық және жергілікті деңгейлерде өткізілетін денсаулық сақтау саласындағы мамандарды кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттауды (бұдан әрі – аттестаттау) өткізу тәртібін айқындайды.

      2. Аттестаттау Кодекстің 6-тармағында белгіленген кезеңде, Кодекстің 15-бабының 3 және 4-тармақтарында көрсетілген денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдарымен өткізіледі.

      3. Аттестаттауға мынадай адамдар жатады:

      1) азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы органымен (бұдан әрі – уәкілетті орган) өткізілетін республикалық деңгейде:

      облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары басшылары және олардың орынбасарлары;

      уәкілетті органға ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары және олардың орынбасарлары, филиалдардың басшылары.

      2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарымен өткізілетін (бұдан әрі – денсаулық сақтау басқармалары) жергілікті деңгейде:

      денсаулық сақтау басқармаларына ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары.

      4. Аттестаттау мынадай кезеңдерді қамтиды:

      1) аттестаттау өткізу тәртібін ұйымдастыру;

      2) тестілеуді өткізу;

      3) әңгімелесуді өткізу.

2-тарау. Аттестаттау өткізуді ұйымдастыру тәртібі

      5. Аттестаттауды республикалық деңгейде өткізуді ұйымдастыру республикалық деңгейде аттестаттауды өткізуді ұйымдастыру үшін жауапты денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның ведомствосына (бұдан әрі – жұмыс органы), жергілікте деңгейде - жергілікте деңгейде аттестаттауды өткізуді ұйымдастыру үшін жауапты тұлғаға (бұдан әрі – жауапты тұлға) жүктеледі.

      6. Жұмыс органы/жауапты тұлға аттестатталатын адамдардың тізімін қалыптастыру үшін аттестаттауға жататын адамдар туралы деректерді, оның ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша адамдардың қызметтік тізімдерін жинақтайды.

      7. Аттестаттауға жататын адамдардың тізімдерін, аттестаттау өткізу кестесін және аттестаттау комиссияларының құрамын тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітеді.

      8. Аттестаттау комиссиясы республикалық және жергілікті деңгейлерде қалыптастырылады.

      Республикалық аттестаттау комиссиясының құрамына мемлекеттік органның, денсаулық сақтау ұйымдарының, медициналық білім беру және ғылыми ұйымдардың өкілдері енгізіледі, сондай-ақ келісім бойынша үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің, кәсіподақтардың өкілдері енгізіледі.

      Жергілікті аттестаттау комиссиясының құрамына денсаулық сақтау басқармаларының, денсаулық сақтау ұйымдарының, медициналық білім беру және ғылыми ұйымдардың өкілдері енгізіледі, сондай-ақ келісім бойынша үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің, кәсіподақтардың өкілдері енгізіледі.

      Аттестаттау комиссиялары мүшелерінің саны кемінде бес адамды құрайды. Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің арасынан төраға тағайындалады.

      9. Жұмыс органы/жауапты тұлға аттестаттау басталғанға дейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей аттестаттау өткізу мерзімдері, оның ішінде аттестатталатын адамдар мен аттестаттау өткізу кестелері туралы хабарламаны тиісті кадр қызметтеріне жібереді.

      10. Тестілеу басталғанға дейін 5 (бес) жұмыс күні бұрын жұмыс органы уәкілетті орган аккредиттеген денсаулық сақтау ұйымы оның негізгі қызметі денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіби даярлығын бағалауды ұйымдастыру және біліктілігінің сәйкестігін растау болып табылатын бағалау жөніндегі ұйымға (бұдан әрі – бағалау жөніндегі ұйым) аттестатталатын адамдардың тізімін жібереді.

      11. Тест сұрақтарын бекіту үшін уәкілетті органның сараптау комиссиясы құрылады (бұдан әрі – сараптау комиссиясы).

      Сараптау комиссиясы уәкілетті орган қызметкерлерінің, сондай-ақ менеджмент және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы мамандардың арасынан құрылады және кемінде бес адамнан тұрады.

      12. Жұмыс органы аттестаттау өткізілгенге дейін бағалау жөніндегі ұйымға әзірленген және бекітілген тест тапсырмаларын сараптау комиссиясына ұсыну қажеттілігі туралы хабарлама жібереді.

      Сараптау комиссиясы әзірленген тест сұрақтарын 3 (үш) жұмыс күн ішінде қарайды. Қарау нәтижелері бойынша сараптау комиссиясы барлық комиссия мүшелерінің шоғырландырылған пікірінің негізінде қорытынды ұсынады. Бұл ретте, тест тапсырмаларын мақұлдау не мақұлдамау туралы шешім бірауыздан қабылданады.

      13. Тест тапсырмалары мақұлданған жағдайда бағалау жөніндегі ұйым оларды өзінің ресми интернет-ресурсына, бірақ аттестаттау басталғанға дейін 20 (жиырма) күнтізбелік күннен кешіктірмей орналастырады. Тест тапсырмаларын сараптау комиссиясының мақұлдауынсыз бағалау жөніндегі ұйым оларды өзінің ресми интернет-ресурсына орналастырмайды.

      14. Сараптау комиссиясы мүшелерінің бірі тест тыпсырмаларын мақұлдамаған жағдайда тест тапсырмалары – мақұлданбаған деп есептеледі және әр тест тапсырмасына ескертулер мен ұсынымдар ұсыныла отырып қабылданбайды.

      Тест тапсырмалары қабылданбаған жағдайда, жұмыс органы бағалау жөніндегі ұйымға әрбір тест тапсырмасы бойынша сараптау комиссиясының ұсынымдарын көрсете отырып, олардың ескертулерін жібереді.

      Бағалау жөніндегі ұйым барлық ескертулерді түзетіп, 2 (екі) жұмыс күні ішінде мақұлдауды алу үшін тест тапсырмаларын сараптау комиссиясына қарауға қайта жібереді.

3-тарау. Тестілеуді өткізу тәртібі

      15. Тест бағалау жөніндегі ұйымның базасында электрондық форматта өткізіледі, тест тапсырмаларының саны 100 (жүз) сұрақтан тұрады.

      16. Тестілеуге Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаты бар аттестатталатын адамдар жіберіледі.

      17. Тестілеуге қатысу үшін аттестатталатын адам тестілеу басталатын уақыттан кешікпей тестілеу залына келеді.

      Аттестатталатын адамды тестілеу уақыты мен күні туралы жұмыс органы/жауапты тұлға тестілеу басталғанға дейін 5 (бес) жұмыс күні бұрын хабардар етеді.

      18. Тестілеуге жіберу кезінде қол және/немесе рамалы типтегі металл іздегіштер қолданылады. Тестілеуге жіберу кезінде металл іздегіштерді қолдану тестілеуді өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ тыйым салынған заттарды кіргізуге жол бермеу шеңберінде жүзеге асырылады.

      19. Тестілеу басталғанға дейін бағалау жөніндегі ұйымның операторы аттестатталатын адамдарды тестілеу тәртібімен таныстырады және тестілеу рәсімі бойынша туындаған сұрақтарға жауап береді.

      20. Тестілеу сәтінде өзін нашар сезінген аттестатталатын адам бұл туралы тестілеу басталғанға дейін бағалау жөніндегі ұйымның операторына хабарлайды. Мұндай жағдайда осындай адамдарды тестілеу осы күн ішінде басқа уақытта немесе тестілеу кестесіне сәйкес басқа күні өткізіледі.

      21. Тестілеу залы тестілеу процессінің бейнежазбасын жүргізу үшін бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Бейнебақылау жазбалары тестілеу аяқталғаннан кейін 30 күнтізбелік күн ішінде бағалау жөніндегі ұйымда сақталады.

      22. Аттестатталатын адамдар тестілеу барысында басқа аттестатталатын адамдармен сөйлеспейді, материалдармен алмаспайды, қағаз және өзге де жеткізгіштердегі ақпаратты пайдаланбайды, үй-жайдан шықпайды, оларға шпаргалкаларды, оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттерді, калькуляторды, фотоаппаратты, ұялы байланыс құралдарының (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер), радио-электрондық байланыстың (Wi-Fi (Вай-фай), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), сымды және сымсыз құлаққаптар және басқалары) кез-келген түрлерін аудиторияға кіргізуге және қолдануға рұқсат етілмейді.

      23. Аттестатталатын адам осы Қағидалардың 22-тармағының талаптарын бұзған жағдайда, оператор мұндай адамның тестілеу процесін тоқтатады және оны тестілеуге арналған үй-жайдан шығарады.

      Бұл ретте оператор бір жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тыйым салынған заттарды анықтау және тестілеуден шығару актісін (бұдан әрі - бұзушылық туралы акті) жасайды. Аттестатталатын адам тестілеуден өтпеген болып есептеледі, оның нәтижелері жойылады.

      24. Тест тапсырмаларын орындауға берілген жалпы уақыт – 1 сағат 40 минут уақыты өткеннен кейін тестілеу автоматты түрде аяқталады.

      25. Тестілеудің дұрыс жауаптарын есептеу компьютерлік тестілеу бағдарламасының көмегімен автоматты түрде жүзеге асырылады.

      26. Тест тапсырмаларының жалпы санының ішінде бірінші басшылар үшін – 70% - дан кем, басшылардың орынбасарлары үшін - 60%-дан кем дұрыс жауап жинаған кезде тестілеу нәтижесі теріс деп саналады.

      27. Тестілеу аяқталғаннан кейін 30 (отыз) минуттан кешіктірмей аттестатталатын адамдарға олардың нәтижелері қолдарына беріледі және жұмыс күнінің соңына дейін денсаулық сақтау саласындағы тиісті мемлекеттік органға жіберіледі.

      28. Тестілеуден өту кезінде теріс нәтиже алған аттестатталатын адам әңгімелесуге жіберілмейді және бастапқы аттестаттау өткізілген күннен бастап 6 (алты) айдан кейін аттестаттауға қайта тапсыруға жатады.

      Аттестаттаудан қайта өтуге жататын аттестатталатын адамдар туралы шешім денсаулық сақтау саласындағы тиісті мемлекеттік орган басшысының не оны алмастыратын адамның бұйрығымен бекітіледі.

      29. Қайта тестілеуден өтпеген аттестатталатын адамдар аттестатталмаған болып танылады.

      30. Аттестатталатын адам тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда оларды қарау мақсатында тиісті мемлекеттік органдарда апелляциялық комиссиялар құрылады.

      31. Апелляциялық комиссияның құрамына республикалық деңгейде уәкілетті органның, жергілікті деңгейде денсаулық сақтау басқармаларының, медициналық білім беру және ғылыми ұйымдардың өкілдері енгізіледі, сондай-ақ келісім бойынша үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің, кәсіподақтардың өкілдері енгізіледі.

      Апелляциялық комиссия мүшелерінің саны кемінде 5 (бес) адамды құрайды. Апелляциялық комиссия мүшелерінің арасынан төраға тағайындалады.

      32. Апелляциялық комиссияның құрамы тиісті мемлекеттік органның басшысының бұйрығымен бекітіледі.

      33. Апелляциялық комиссияның жұмысын жұмыс органы/жауапты тұлға ұйымдастырады.

      34. Апелляцияға өтініш аттестатталатын адамнан:

      1) нақты сұрақтардың дұрыстығына;

      2) техникалық ақауларға сілтеме жасай отырып, тестілеу нәтижелеріне;

      3) бұзушылық туралы актіге шағымданған жағдайларда қабылданады.

      35. Апелляцияға өтінішті осы Қағидалардың 34-тармағында белгіленген шекті мәннен төмен тестілеу нәтижелерін алған аттестатталатын адамның жеке түрде жұмыс органына/жауапты тұлғаға береді.

      36. Апелляцияға өтініш тестілеу өткеннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қабылданады және апелляциялық комиссия соңғы өтініш түскеннен кейін 3 (үш) жұмыс күн ішінде қарайды.

      37. Нақты сұрақтардың дұрыстығына шағымданған кезде апелляциялық комиссия үміткерлерді тестілеудің толық нәтижелерін: аттестатталатын адам дұрыс жауап бермеген тест тапсырмаларын және оның жауап нұсқаларын қарайды.

      38. Егер апелляциялық комиссия тестілеудің дұрыс емес сұрақтарының негізділігі бөлігінде аттестатталатын адамның пайдасына шешім қабылдаған жағдайда комиссия келіскен дұрыс емес сұрақтардың саны тестілеудің алынған нәтижесіне дұрыс жауап берілген ретінде қосылады және аттестатталатын адам осы Қағидалардың 26-тармағын ескере отырып әңгімелесуге жіберіледі не бекітілген кестеге сәйкес мерзімде тестілеуді қайта тапсыруға жіберіледі.

      39. Тестілеу нәтижелеріне шағым жасалған кезде жұмыс органы/жауапты тұлға бағалау жөніндегі ұйымнан, оның ішінде тестілеу кезінде қатысқан оператордан аттестатталатын адам жазған дәлелдер бойынша тиісті түсініктемелер сұратады.

      Егер апелляциялық комиссия шағымының негізділігі және оның тестілеудің қалыпты жүруіне кедергі келтірген себеп-салдарлардың объективтілігі бөлігінде аттестатталатын адамның пайдасына шешім қабылдаған жағдайда апелляцияны қанағаттандыру және бекітілген кестеге сәйкес мерзімдерде оны тестілеуді қайта тапсыруға жіберу туралы шешім қабылдайды.

      40. Апелляцияға алынған өтінішті қарау нәтижелері бойынша апелляциялық комиссия екі шешімнің бірін қабылдайды:

      1) апелляцияны қанағаттандырусыз қалдыру;

      2) үміткердің апелляциясын қанағаттандыру және әңгімелесуге жіберу.

      41. Апелляциялық комиссияның шешімін жұмыс органы/жауапты тұлға өтініш берушіге (телефон байланысы арқылы, оның ішінде хабарлама жіберу арқылы) жұмыс күнінің соңына дейін жеткізеді.

      42. Апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

      Апелляциялық комиссияның шешімдері хаттамалармен ресімделеді, оған осы отырысқа қатысқан апелляциялық комиссияның барлық мүшелері қол қояды. Апелляциялық комиссияның шешімі жалпы санының үштен екісі болған жағдайда заңды болып табылады.

4-тарау. Әңгімелесуді өткізу тәртібі

      43. Аттестатталатын адамдарға әңгімелесу осы Қағидаларға 3-қосымшамен бекітілген құрылым бойынша ұйымның қызметі туралы есебін презентация түрінде аттестаттау комиссиялары өткізеді.

      44. Шешім қабылдау кезінде аттестаттау комиссиялары мынадай факторларды:

      1) қатарынан екі жыл ішінде басым бағыттар бойынша халық денсаулығының негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізбеуін;

      2) орындаушылық тәртіпті бұзғаны, оның ішінде рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңнаманы бұзғаны үшін тәртіптік жазаларды (соңғы алты ай ішінде) ескереді.

      45. Аттестаттау комиссиялары ұсынылған материалдарды зерделеп, аттестатталатын адаммен әңгімелесу өткізіп, аттестатталатын адамның әңгімелесуді бағалау парағына қойған балдарды есептеу нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) аттестатталды;

      2) қайта аттестаттауға жатады;

      3) аттестатталған жоқ.

      46. Аттестаттау комиссияның құрамының үштен екі бөлігінен кем емес қатысқан жағдайда отырысы заңды болып табылады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

      47. Аттестаттау комиссиясының отырысын өткізу кезінде бейне және / немесе аудиожазба жүзеге асырылады

      48. Аттестаттау комиссияларының шешімі аттестаттау өткізілген күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік орган басшысының не оның міндетін атқарушы адамның бұйрығымен бекітіледі.

      Аттестаттау комиссиясының шешімдері және аттестаталатын адамның қызметтік тізімі аттестаттау ісінде сақталады.

5-тарау. Қорытынды ережелер

      49. Аттестаттауда (тестілеуде не әңгімелесуде) дәлелді себептер бойынша (еңбекке жарамдылығын жоғалтуына байланысты аурулар, жақын туысының қайтыс болуы немесе ауыр науқастануы, қызметтік іссапар, еңбек демалысы, әскери жиындарда болуы немесе аттестатталатын адамды өзі келу мүмкіндігінен айырған басқа да жағдайлар) болмаған аттестатталатын адам жұмысқа шыққаннан кейін аттестаттауды өткізетін денсаулық сақтау саласындағы тиісті мемлекеттік орган айқындайтын мерзімдерде аттестаттаудан (тестілеуден не әңгімелесуден) өтеді. Болмау себептері тиісті құжаттармен расталады.

      Дәлелді себептер бойынша аттестаттауға қатысуға мүмкіндігі болмаған жағдайда аттестатталатын адам аттестаттау (тестілеу не әңгімелесу) өткеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде бұл туралы жұмыс органын/жауапты тұлғаны хабардар етеді және өтінішті және растайтын құжаттарды электрондық пошта арқылы жібереді.

      Дәлелсіз себептермен аттестаттауға қатыспаған жағдайда аттестатталатын адам аттестатталмаған болып есептеледі.

      50. Қайта аттестаттау осы Қағидалармен айқындалған тәртіппен бастапқы аттестаттау өткізілген күннен бастап кемінде 6 (алты) айдан кейін өткізіледі.

      Аттестаттау комиссиясы қайта аттестаттау қорытындысы бойынша мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) аттестатталды;

      2) аттестатталған жоқ.

      Қайта аттестаттау кезінде теріс нәтиже алу аттестатталатын адаммен еңбек қатынастарын бұзу үшін негіз болып табылады.

      41. Әңгімелесу өткізу кезінде туындайтын даулар сот тәртібімен қаралады.

  Денсаулық сақтау саласындағы
мамандарды кәсіптік
құзыреттілігіне аттестаттауды
өткізу қағидаларына
1-қосымша
  нысан

Аттестатталатын адамның қызметтік тізімі
I. Жеке деректер

ФОТО
(түрлі-түсті,
3х4)

___________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

_____________________________________________

(жұмыс орны, лауазымы)


Туған күні (күні, айы, жылы)


Туған жері


Білімі


Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы


Мамандығы бойынша біліктілігі


Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (бар болса)


"Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандығы бойынша немесе клиникалық мамандық бойынша біліктілік санатының болуы


Шет тілдерін білуі


Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (бар болса)


Тәртіптік жазалар туралы мәліметтер


Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қолдану туралы мәліметтер (қолдану және орындалу күні)


Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жаза қолдану туралы мәліметтер (сыбайлас жемқорлықпен тәртіптік құқық бұзушылық жасағаны туралы)


Соңғы 5 жылда біліктілікті арттыру курстарынан өткендігі туралы мәліметтер


      Мөр орны

      II. Еңбек қызметі

Күні

Лауазымы, жұмыс орны, ұйымның орналасқан жері

қабылдау

жұмыстан босату







      Кадр қызметінің басшысы:

      _________________________________________________________________________

                        (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      қолы________________                   "___" ______________ айы 20____ жыл

      Мөр орны

      III. Аттестатталатын адамға мінездеме

Мінездеме

Балдар (0-5)

Қызметтік әдепті сақтауы


Жауапкершілігі және орындаушылығы


Бастамашылығы


Көшбасшылық қасиеттері және жұмысты ұйымдастыру қабілеті


Мемлекеттік тілді білуі


Коммуникативтілігі және командада жұмыс істей білуі


Аттестатталатын адамды сипаттайтын басқа да мәліметтер


      Аттестатталатын адамның кәсіби және жеке құзыреттілігін бағалау бойынша кестеде оның қызметінің сипаттамасы көрсетіледі.

      Қызметі 4 балдық шкала бойынша бағаланады: 5-өте жақсы, 4 – жақсы, 3 – қанағаттанарлық, 2 – қанағаттанарлықсыз.

      Қызметтік әдепті сақтауы

      5 - жауапкершілік, өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі ұстай білудің жоғары дәрежесі.

      4 - еңбек және орындаушылық тәртіптің талаптарын басшылыққа алады, талаптарды дұрыс орындауға тырысады.

      3 - еңбек және орындаушылық тәртіп бұзушылығына жол береді, тапсырылған жұмысты орындауға немқұрайлы қарайды.

      2 - еңбек және орындаушылық тәртіпті жиі бұзады, жұмысқа жауапсыз және немқұрайлы қарайды.

      Жауапкершілігі және орындаушылығы

      5 - жұмысты сапалы, іс жүзінде қатесіз орындайды, орындалатын жұмыстың мазмұны бойынша ақпаратты сауатты баяндай алады. Уақытын және ресурстарды пайдалана отырып, басым мақсаттар қоя алады.

      4 - жұмыс сапасы қойылған талаптарға сәйкес келеді, қателер сирек кездеседі. Өз жұмысын жоспарлай алады және өз жұмыс уақытын тиімді пайдалана алады.

      3 - қателер жиі кездеседі, жұмыс нәтижелері тексеруді және түзетуді талап етеді. Өз жұмысын жоспарлауда және жұмыс уақытын пайдалануда қиындықтар бар.

      2 - жұмыс сапасы төмен, жұмыс нәтижелері үнемі қайта орындалады. Өз жұмысын ұйымдастыра алмайды.

      Бастамашылығы

      5 - өз жұмысында бастамашыл және қосымша жүктемені орындайды, жаңа тәжірибені, мәселелерді шешу әдістерін зерделейді және қолданады.

      Күрделі жағдайларда шешім таба алады.

      4 - қосымша тапсырмалар мен міндеттерді орындауға дайын, өз жұмысын бағалайды және оны жақсы орындауға тырысады. Жұмыс барысында туындаған проблемаларды өз бетінше шеше алады.

      3 - бастамашылығы нашар, қосымша тапсырмаларды орындауға ұмтылмайды, негізінен мәселелерді басқалардың шешкенін күтеді.

      Тек қарапайым тапсырмаларды ғана өздігінен орындайды.

      2 - жұмысқа қызығушылық танытпайды, белсенді емес, басшының нұсқауынсыз әрекет ете алмайды.

      Көшбасшылық қасиеттер мен жұмысты ұйымдастыру қабілеті

      5 – алға қойылған міндеттерді дербес шеше алады және тиімді жұмыс істей алады. Қызметкерлерді тұрақты түрде функционалдық қызмет саласын жетілдіруге және дамытуға бағыттайды.

      Іс-қимылдың баламалы нұсқалары анық емес немесе күмәнді болған жағдайларда стандартты емес басқару шешімдерін қабылдауға қабілетті.

      4 – өзіне жүктелген міндеттерді жақсы сапалы орындайды, қызметкерлерді үнемі ағымдағы қызметтің тиімділігіне бағыттайды. Күрделі жағдайда дер кезінде шешім қабылдауға, өзіне жауапкершілік алуға қабілетті.

      3 - жұмысты ұйымдастыру жүктелген функционалдық міндеттерді, тапсырмалар мен іс-шараларды толық және уақтылы орындауды қамтамасыз етуге мүмкіндігі үнемі бола бермейді. Жұмыстағы кемшіліктерді баяу жояды.

      Проблемаларды шешу кезінде уақыты жетпейді.

      2 - жұмыста елеулі кемшіліктері бар, проблемаларды шешу дағдысы жеткіліксіз, күрделі жағдайлар туындаған кезде дұрыс шешім мен жауапкершілікті қабылдай алмайды.

      Мемлекеттік тілді білуі

      5 - еркін жазады және оқиды. Сөздік қоры мол. Ауыз екі тілде әңгімелесе біледі түсінеді және ақпаратты дұрыс қабылдайды. Қарым-қатынас жасай алады.

      4 - сөйлемнің қарапайым құрылымдарын пайдалана отырып, әңгімені тез түсінеді. Оның сөзін адамдар түсінеді. Сөздік қоры шектеулі, бірақ оны тікелей қарым-қатынас барысында толықтыра алады.

      3 - фразалардың шектеулі жиынтығын түсінеді, кез келген тақырыпта қарым-қатынас жасауы өте қиын. Сөйлеген кезде көп қателеседі.

      2 - тілді мүлдем білмейді.

      Коммуникативтілігі және командада жұмыс істей білуі

      5 - басқа қызметкерлермен өзара іс-қимылда тиімді жұмыс істейді, өз білімімен және тәжірибесімен бөліседі.

      4 - өз қызметін басқалармен үйлестіре алады, іскерлік ынтымақтастыққа дайын екендігін көрсетеді, қажет болған жағдайда әріптестеріне көмектеседі.

      3 - тек өз функциялары мен міндеттеріне ғана наза аударады, қажетті іскерлік ынтымақтастықтан жалтарады, командаға қолдау көрсетпейді.

      2 - басқа қызметкерлермен ынтымақтастыққа ұмтылмайды, командалық жұмысқа қатысудан бас тартады. Қажет болған жағдайда мемлекеттік қызметшіні сипаттайтын қосымша мәліметтер көрсетіледі. Бұл мәліметтер еркін нысанда, балдарсыз беріледі.

      Басшы:

      __________________________________________________________

                        (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Лауазымы ________________________________________________

      Қолы _____________________________________________________

      Күні ______________________________________________________

      Мінездемемен таныстым:

      ___________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Қолы ______________________________________________________

      Күні _______________________________________________________

      Мінездемемен келіспеген жағдайда оған негіздеме:

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      Кадр қызметінің басшысы:

      ______________________________________________________________

                  (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Мөр орны

IY. Ұйым қызметінің нәтижелерін бағалау, оның нысаналы индикаторларына қол жеткізу (ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен орынбасарлары үшін)

Құжаттың атауы, іс-шаралар

Индикатордың атауы

20___ ж.
Жоспар

20____ ж.
Іс-жүзінде

Жауапты орындаушы

Бағалау (қол жеткізілген жоқ-1, ішінара қол жеткізілген - 2, қол жеткізілген-3)

1.







2.







      Ұйымның даму жоспарының іске асырылуын көрсететін индикаторларды, көрсеткіштерді көрсету.

      Қол жеткізілген көрсеткіштердің, индикаторлардың жалпы саны – абс. сағ. (%)

      Қол жеткізілмеген көрсеткіштердің, индикаторлардың саны - абс. сағ. (%)

      Ішінара қол жеткізілген көрсеткіштердің, индикаторлардың саны - абс. сағ. (%)

  Денсаулық сақтау саласындағы
мамандарды кәсіптік
құзыреттілігіне
аттестаттауды өткізу
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Тыйым салынған заттарды анықтау және тестілеуден шығару актісі

      ___________________________________________________________________

                                    (ұйымның атауы)

      "______" _______________ 201____ жыл "_____" сағат "_______" минут

      Аудитория бойынша кезекші

      ___________________________________________________________________

                              (Т.А.Ә. (бар болса)

      Тестіленушінің:_________________________________________________,

                              (Т.А.Ә. (бар болса)

      № _________ аудиториядан, № ____________ орында тестілеу кезінде

      ___________________________________________________________________,

                        (табылған зат (атауы, маркасы, саны)

      анықталды, бұл Тестілеу өткізу қағидаларының 17, 18-тармақтарын бұзу болып табылады.

      Осы фактіні ескере отырып қаулы етті:

      тестілеу материалдары алынсын;

      № __ аудиториядан шығарылсын және тестіленушінің нәтижелері жойылсын:

      Т.А.Ә. (бар болса)

      ___________________________________________________________________,

      ___________________________________________________________________

      осы актіні жасаған адамдардың қолы және Т.А.Ә.

      _________________________________________________

      (тестіленушінің қолы және Т.А.Ә. (бар болса)

      актімен таныстым: _________________________________________________

                              (ұйым басшысының қолы және Т.А.Ә. (бар болса)

      Тестілеуді өткізу пунктінің МО Күні:___________

  Денсаулық сақтау саласындағы
мамандарды кәсіптік
құзыреттілігіне
аттестаттауды өткізу
қағидаларына
3-қосымша
  нысан

Ұйымның қызметі туралы есептің құрылымы

      1. Жалпы мәліметтер

      Ұйымның толық атауы

      Заңды мекенжайы және орналасқан жері

      Ұйымдастыру құрылымы

      Аккредиттеу (бар болса)

      Жергілікті атқарушы органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдары

      Басқа ақпарат

      Штаттық саны және кадр құрамын талдау

      2. Қаржылық-шаруашылық қызметті талдау

      Қаржылық жай-күйі және қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері

      Соңғы 3 жылдағы қаржылық көрсеткіштер

      3. Дамудың стратегиялық бағыттары

      Миссиясы, пайымдауы, міндеттері, стратегиялық даму бағыттары

      4. Әрбір жыл үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдіктері арасында жасалған меморандумның, мемлекеттік бағдарламаның нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы есеп

      5. Қызметтің негізгі бағыттары бойынша есеп

      Бюджет қаражатын тиімді пайдалану туралы есеп

      Стационарлар үшін төсек қорын пайдаланудың тиімділігі, стационарлық көмекті тұтыну деңгейі, сараланған төлемді енгізу туралы есеп, қаржылық-шаруашылық қызмет туралы ақпарат

      Медициналық-санитариялық алғашқы көмек үшін - жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы компонентін төлеуге әсер ететін индикаторлар

      6. Жұмыс жоспары

      Келесі есепті кезеңге арналған жоспарлы іс-шаралар

      Келесі есепті кезеңге арналған қызметтің жоспарлы көрсеткіштері

  Денсаулық сақтау саласындағы
мамандарды кәсіптік
құзыреттілігіне
аттестаттауды өткізу
қағидаларына
4-қосымша
  1-нысан

Аттестатталатын адамның бағалау парағы

      (жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары мен орынбасарлары үшін)

      Аттестаттау түрі: кезекті ____, қайта аттестаттау _____ (қажеттіні √ белгілеу)

      ____________________________________________________________________

                  (аттесталатын адамның Т.А.Ә. (бар болса)

      ____________________________________________________________________

      (ұйымның атауы) ______________________________________________ лауазымында

                              (лауазымның атауы)

Өлшемшарттар

тиімсіз (0 балл)

жеткіліксіз тиімді (1 балл)

тиімді (2 балл)

1.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері арасында жасалған меморандумның іске асырылуы *




2.

Есепті кезеңде қолданыстағы денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында көзделген соңғы 3 жылдағы басым бағыттар бойынша халық денсаулығының негізгі индикаторларына, көрсеткіштеріне қол жеткізу.
Ұйымның қызметі туралы есепте міндетті түрде жария ете отырып, динамикадағы (өткен жылдың ұқсас кезеңімен) салыстырмалы деректер **




3.

Аумақтарды дамыту бағдарламасының іске асырылуы ***




Қорытынды баға


      Бағалау нысаны:

Бағалау

Баллдар

Тиімді

5-6

Жеткіліксіз тиімді

3-4

Тиімсіз

0-3

      Аттестаттау комиссиясы мүшесінің шешімі:

      1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді/аттестатталды;

      2) қайта аттестаттауға жатады;

      3) атқаратын лауазымына сәйкес емес/аттестатталған жоқ.

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

                              (қысқаша пікір)

      ___________________________________                   _____________________

      Аттестаттау комиссиясы мүшесінің Т.А.Ә. (бар болса)             қолы

      20 жылғы "_____" ______________.

      Ескертпе: аттестатталатын адаммен жеке әңгімелесуді бағалау парағы уәкілетті органның мемлекеттік бағдарламасының, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері арасында жасалған меморандумның, нысаналы индикаторларына қол жеткізуді жыл сайынғы бағалау нысаны негізінде толтырылады.

      * - көрсеткіштерге 60% және одан да астам қол жеткізілген кезде "тиімді" деп бағаланады; көрсеткіштерге 30% және одан да жоғары қол жеткізілген кезде "жеткіліксіз тиімді" деп бағаланады; көрсеткіштерге 30% - дан кем қол жеткізілген кезде "тиімсіз" деп бағаланады.

      ** - көрсеткіштерге 90% және одан да астам қол жеткізілген кезде "тиімді" деп бағаланады; көрсеткіштерге 75% және одан да астам қол жеткізілген кезде "жеткіліксіз тиімді" деп бағаланады; көрсеткіштерге 75% - дан кем қол жеткізілген кезде "тиімсіз" деп бағаланады.

      *** - көрсеткіштерге 80% және одан да астам қол жеткізілген кезде "тиімді" деп бағаланады; көрсеткіштерге 40% және одан да астам қол жеткізілген кезде "жеткіліксіз тиімді" деп бағаланады; көрсеткіштерге 40% - дан кем қол жеткізілген кезде "тиімсіз" деп бағаланады.

  2-нысан

Аттестатталатын адамның бағалау парағы (уәкілетті органға/жергілікті мемлекеттік органдарға ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары мен орынбасарлары үшін)

      Аттестаттау түрі: кезекті ____, қайта аттестаттау _____ (қажеттіні √ белгілеу)

      ____________________________________________________________________

                  (аттесталатын адамның Т.А.Ә. (бар болса)

      ____________________________________________________________________

                        (ұйымның атауы)

      _________________________________________________ лауазымында

                              (лауазымның атауы)

Өлшемшарттар

тиімсіз (0 балл)

жеткіліксіз тиімді (1 балл)

тиімді (2 балл)

1.

Уәкілетті органмен (жергілікті мемлекеттік органмен) келісілген (бекітілген) Денсаулық сақтау ұйымын дамыту жоспарының "даму көрсеткіштері" индикаторларына қол жеткізуі)*




2.

Ұйым бюджетінің жалпы көлемінен ғылыми қызметке бөлінген кірістер үлесі (денсаулық сақтау саласындағы білім беру және ғылыми ұйымдар үшін)**




3.

Денсаулық сақтау саласындағы білім беру және ғылыми ұйымдар басшысының Хирша индексі ***




Қорытынды баға


      Бағалау нысаны:

Бағалау

Балдар

Тиімді

5-6

Жеткіліксіз тиімді

3-4

Тиімсіз

0-3

      Аттестаттау комиссиясы мүшесінің шешімі:

      1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді/аттестатталды;

      2) қайта аттестаттауға жатады;

      3) атқаратын лауазымына сәйкес емес/аттестатталған жоқ.

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

                              (қысқаша пікір)

      ________________________________________________________ _________________

      Аттестаттау комиссиясы мүшесінің Т.А.Ә. (бар болса)                         қолы

      20 жылғы "_____" ______________.

      Ескертпе: Аттестатталатын адаммен жеке әңгімелесуді бағалау парағы ұйымның соңғы 3 жылдағы қызметі туралы есептің таныстырылымының нысаны және қызмет туралы есептің құрылымына сәйкес алдағы үш жылдық кезеңге арналған жоспарлар негізінде толтырылады.

      * - көрсеткіштерге 90% және одан да астам қол жеткізілген кезде "тиімді" деп бағаланады; көрсеткіштерге 75% және одан да астам қол жеткізілген кезде "жеткіліксіз тиімді" деп бағаланады; көрсеткіштерге 75% - дан кем қол жеткізілген кезде "тиімсіз" деп бағаланады.

      ** - жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу кезінде ұйым басшысының қызметі "тиімді" деп бағаланады, қол жеткізілмеген жағдайда "тиімсіз" деп бағаланады.

      *** - Хирша индексіне 2 және одан да астам балға қол жеткізілген кезде "тиімді" деп бағаланады; 2 балдан кем қол жеткізілген кезде "жеткіліксіз тиімді" деп бағаланады; Хирша индексіне қол жеткізілмеген кезде "тиімсіз" деп бағаланады.