"Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясының есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі міндетін атқарушының 2019 жылғы 11 шілдедегі № 500 бұйрығына өзгері

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 15 мамырдағы № 290 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 19 мамырда № 20669 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясының есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі міндетін атқарушының 2019 жылғы 11 шілдедегі № 500 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19021 болып тіркелген, 2019 жылғы 26 шілдеде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің этолондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 11) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясының есептілікті ұсыну қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Б. Атамкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігінің

      Статистика комитеті

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2020 жылғы 15 мамырдағы
№ 290 Бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрі міндетін
атқарушының
2019 жылғы 11 шілдедегі № 500
бұйрығымен бекітілген

Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясының есептілікті ұсыну қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясының есептілікті ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 11) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясының есептілікті ұсыну тәртібін айқындайды.

2-тарау. Есептілікті ұсыну қағидалары

      2. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясы есептілікті уәкілетті органға және Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар бойынша Бірыңғай үйлестіру орталығына мемлекеттік және орыс тілдерінде EXCEL нысанында ұсынады.

      3. Есепті күнгі жай-күйі бойынша қағаз жеткізгіштегі есептілікке арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясының басшысы, ал ол болмаған жағдайда - оның міндетін атқарушы тұлға осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қол қояды.

      4. Электрондық нысанда есептілік ұсынылатын деректердің құпиялылығын және түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғау құралдары бар ақпаратты кепілді жеткізудің көлік жүйесін пайдалана отырып ұсынылады.

      5. Есептегі деректердің толықтығы мен дұрыстығын, сондай-ақ электрондық нысанда ұсынылатын деректердің қағаз тасымалдағыштағы деректермен сәйкестігін арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясының басшысы, ал ол болмаған жағдайда-оның міндетін атқарушы тұлға қамтамасыз етеді.

  Арнайы экономикалық және
индустриялық аймақтардың
басқарушы компаниясының
есептілікті ұсыну
қағидаларына қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті және Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар бойынша бірыңғай үйлестіру орталығы.

      Әкімшілік деректер нысаны: www.comprom.miid.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қызметінің нәтижелері туралы есебі

      Әкімшілік деректер нысандарының индексі: 1 – (АЭА).

      Кезеңділік: жыл сайын арнайы экономикалық аймақтар үшін;

      тоқсан сайын индустриялық аймақтар үшін.

      Есепті кезең: 20___ жылғы ___ жартыжылдық

      Ұсыну мерзімі:

      - арнайы экономикалық аймақтар үшін жыл сайын, есепті жылдан кейінгі айдың оныншы күніне;

      - индустриялық аймақтар үшін тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күніне қарай.

Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды дамыту стратегиясында көзделген арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың жұмыс істеуінің нысаналы индикаторларына қол жеткізу бойынша ақпарат

Қолданыстағы жобалардың тізбесі

Өндірілетін өнімнің атауы

Жобаның құны (миллион теңге)

нақты инвестицияланған қаражат көлемі, оның ішінде шетелдік көздерден (миллиард теңге)

тұрақты жұмыс орындарының саны

өндірістік объектіні пайдалануға беру күні

орналасқан учаске (гектар)

тауарлар мен көрсетілетін қызметтер (жұмыстар) өндірісінің көлемі (миллиард теңге)

жобалық қуаттан өндірістің ағымдағы үлесі (пайыздық мәнде)

шикізаттық емес экспортқа бағдарланған және жоғары технологиялық өндіріске инвестициялар көлемі (миллиард теңге)

үлесін көрсете отырып жобаға шетелдің қатысуы (егер бар болса)

өндірістің жалпы көлемінен экспорттың үлесі












1

2

3














      Кестенің жалғасы

Іске асыру сатысындағы жобалардың тізбесі

Бюджет қаражатын бөлу (бюджеттік бағдарламаны (республикалық және (немесе) жергілікті бюджетті және әкімшіні көрсету) және олардың нақты игерілуі (салынып жатқан-салынған объектілер бойынша бөлу), оның ішінде

өндірілетін өнімнің атауы

жобаның құны (миллион теңге)

жұмыс орындарының саны (құрылыс кезеңінде және пайдалану кезеңінде)

жжобаны іске асыру мерзімдері (құрылыстың басталу және пайдалануға берудің жоспарланған күні)

орналасқан учаске (гектар)

өндірістің жоспарланған көлемі (заттай мәнде)

үлесін көрсете отырып жобаға шетелдің қатысу (егер бар болса)

жобаның ағымдағы мәртебесі (құрылыс сатысы, құрылыс мерзімдерін бұзу, қаржыландыру мәселелері және жобаны іске асыруға байланысты өзге де мәліметтер)

иИнфрақұрылым объектісінің атауы және құны, электр беру желілері, әкімшілік ғимараттар, жолдар және өзге де мәліметтер

қаржыландыру объектісі (қуаты, инфрақұрылым объектісінің техникалық сипаттамалары (килоВат, текше метр және жобаны іске асыруға байланысты өзге де мәліметтер)

құрылыс кезеңі (техникалық-экономикалық негіздеме, жобалау-сметалық құжаттама, құрылыс-монтаж жұмыстары)

инфрақұрылымға бөлінген жер учаскелерінің алаңы

4

5













      Кестенің жалғасы


арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттардың орындалу мониторингі;

арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қызметін жетілдіру бойынша ұсынымдар.

5

6

7

инфрақұрылымның дайындығы (оның ішінде пайыздық мәнде)

құрылыс кестесіне сәйкес пайдалануға берілген күні

инфрақұрылымның теңгерім ұстаушысы

үш жылдық кезеңге инфрақұрылымға жоспарланған инвестициялардың жиыны миллион теңге (жылдар бойынша бөлу)









      Орындаушы: ___________________________________________________            ________

      тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде)                        қолы

      Басқарма басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам:

      _______________________________________________________________      _________

      тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде)                              қолы

      Мөрдің орны (бар болған кезде)

  Арнайы экономикалық және
индустриялық аймақтар
қызметінің
нәтижелері туралы есеп
нысанына қосымша

Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар қызметінің нәтижелері туралы есеп (индексі: 1 - (АЭА), кезеңділігі жыл сайын, тоқсан сайын)

      Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар қызметінің нәтижелері туралы есеп нысаны:

      1-бағанда реттік сан нөмірі көрсетіледі. Кейінгі ақпарат реттік сан бойынша нөмірлеуді үзбеуі тиіс.

      2-бағанда арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды дамыту стратегияларында көзделген арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың жұмыс істеуінің нысаналы индикаторларға қол жеткізу бойынша ақпарат көрсетіледі.

      3-бағанда мыналарды көрсете отырып, қолданыстағы жобалардың тізбесі көрсетіледі: өндірілетін өнімнің атауы; жобаның құны (миллион теңге); нақты инвестицияланған қаражат көлемі, оның ішінде шетелдік көздерден (миллиард теңге); тұрақты жұмыс орындарының саны; өндірістік объектіні пайдалануға беру күні; алып отырған учаске (гектар); тауарлар мен қызметтер көрсетілетін (жұмыстар) өндірісінің көлемі (миллиард теңге); өндірістің жобалық қуатынан ағымдағы үлесі (пайыздық мәнде).; шикізаттық емес экспортқа бағдарланған және жоғары технологиялық өндіріске инвестициялардың көлемі (миллиард теңге); үлесін көрсете отырып, жобаға шетелдің қатысуы (егер бар болса); өндірістің жалпы көлемінен экспорттың үлесі.

      4-бағанда мыналарды көрсете отырып, іске асыру сатысындағы жобалардың тізбесі көрсетіледі: өндірілетін өнімнің атауы; жобаның құны (миллион теңге); жұмыс орындарының саны (құрылыс кезеңінде және пайдалану кезеңінде); жобаны іске асыру мерзімдері (құрылыстың басталу және пайдалануға берудің жоспарланған күні); алып отырған учаске (гектар); өндірістің жоспарланған көлемі (заттай мәнде); үлесті көрсете отырып, жобаға шетелдің қатысуы (егер бар болса).); жобаның ағымдағы мәртебесі (құрылыс сатысы, құрылыс мерзімдерін бұзу, қаржыландыру мәселелері проблемалар және жобаны іске асыруға байланысты өзге де мәліметтер).

      5-бағанда бюджет қаражатының бөлінуі (бюджеттік бағдарламаны (республикалық және (немесе) жергілікті бюджетті және әкімшіні көрсету) және олардың нақты игерілуі (салынып жатқан-салынған объектілер бойынша бөлу), оның ішінде: инфрақұрылым объектісінің, атауы мен құны электр беру желілері, әкімшілік ғимараттар, жолдар және өзге де мәліметтер; қаржыландыру объектісі (қуаты, инфрақұрылым объектісінің техникалық сипаттамалары (килоВат, текше метр және жобаны іске асыруға байланысты өзге де мәліметтер) көрсетіледі.); құрылыс кезеңі (техникалық-экономикалық негіздеме, жобалау-сметалық құжаттама, құрылыс-монтаж жұмыстары); инфрақұрылымға бөлінген жер учаскелерінің алаңы; инфрақұрылымның дайындығы (оның ішінде пайыздық мәнде); құрылыс кестесіне сәйкес пайдалануға беру күні; инфрақұрылымның теңгерім ұстаушысы; үш жылдық кезеңге инфрақұрылымға жоспарланған инвестициялардың жиыны миллион теңге (жылдар бойынша бөлу).

      6-бағанда арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттардың орындалу мониторингі көрсетіледі.

      7-бағанда арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қызметін жетілдіру бойынша ұсынымдар көрсетіледі.