ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралдарымен тасымалдауға жол берілетін қауіпті жүктердің тізбесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11779 болып тіркелген , "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 тамызда жарияланған) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 460 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 23-7) және 23-12) тармақшаларына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
исполняющий обязанности Министра | А. Ержанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 23-7) тармақшасы, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау, 1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат, көлік құралын халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу туралы куәлікті беру тәртібін анықтайды, сондай-ақ "1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат беру" және "Көлік құралына халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тәртібін анықтайды.
2. Қағидалардың қолданысы Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қауiптi жүктерді тасымалдаумен байланысты жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
Қауiптi жүктердi автокөлiк құралдарымен халықаралық тасымалдау Қауіпті жүктерді халықаралық жолдарда тасымалдау туралы Еуропалық келісімнің (ҚЖХЖТ), Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының талаптарын сақтаумен жүзеге асырылады.
3. Тасымалдау, тиеу-түсiру жұмыстарын жүргiзу және сақтау кезiнде оларға тән қасиеттерге қарай техникалық құралдардың, құрылғылардың, ғимараттар мен құрылыстардың жарылуына, өртенуіне немесе бүлiнуiне, сондай-ақ адамдардың, жануарлардың өлiм-жiтiмiне, жарақат алуына және ауруына себеп болуы, қоршаған табиғи ортаға зиян келтiруi мүмкiн кез келген заттар, материалдар, бұйымдар, өндiрiстік және өзге де қызмет қалдықтары қауiптi жүктер деп танылады.
4. Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) автомобиль көлігі құралы (бұдан әрі - автокөлік құралы) - автобустарды, шағын автобустарды, жеңіл және жүк автомобильдерін, троллейбустарды, автомобиль тіркемелерін, ершікті тартқыштарға жартылай тіркемелерді, сондай-ақ арнайы бейімделген автомобильдерді (жүктердің белгілі бір түрлерін тасымалдауға арналған) және арнаулы автомобильдерді (әртүрлі, көбінесе көлікке арналмаған жұмыстарды орындауға арналған) қамтитын, автомобиль көлігі жылжымалы құрамының бірлігі;
2) автомобильмен тасымалдаушы (бұдан әрi - тасымалдаушы) - меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде автокөлік құралдарына иелiк етушi, жолаушыларды, багажды, жүктердi немесе поштаны тасымалдауда ақыға немесе жалға қызметтер көрсететiн заңды немесе жеке тұлға;
3) БҰҰ нөмірі - заттың немесе бұйымның төрт сандық сәйкестендіру нөмірі;
4) жүк алушы - жүкті автомобильмен тасымалдау шарты негізінде немесе өзге де заңды негіздерде жүк алуға уәкілетті жеке немесе заңды тұлға;
5) жүк жөнелтуші - оның атынан жүк жөнелту ресімделетін жеке немесе заңды тұлға;
6) 1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат - 1, 6 және 7-сыныптағы қауiптi жүкті тасымалдауға құқық беретін уәкілетті орган берген электрондық рұқсат беру құжаты.
5. Қауiптi жүктердi тасымалдау кезiнде "Қауіпті жүктер. Сыныптау" 19433.1-2010 - МемСТ, "Қауіпті жүктер. Сынау әдістері" 19433.2-2010 - МемСТ және "Қауіпті жүктер. Таңбалау" 19433.3-2010 - МемСТ, және Қауіпті жүктерді халықаралық жолдарда тасымалдау туралы Еуропалық келісімнің (ҚЖХЖТ) қолданыстағы стандарттарына, сондай-ақ автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралдарымен тасымалдауға жол берілген қауіпті жүктердің тізбесіне сәйкес қауiптi жүктердiң сыныптамасы қолданылады.
2-тарау. Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру тәртібі
6. Қауiптi жүктердi Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалдауды жүзеге асыратын көлiк құралдарының жүргiзушiлерi және қауiптi жүктердi тасымалдау үшiн пайдаланылатын автокөлiк құралдары осы Қағидалардың 3 және 4-тарауының жазылған белгілі бір талаптарға сәйкес келеді.
7. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша 1, 6 және 7-сыныптағы қауiптi жүктерді тасымалдау осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 1, 6 және 7-сыныптағы қауiптi жүктерді тасымалдауға арнайы рұқсат негiзiнде, арнайы бейімделген автомобильмен немесе осы мақсаттар үшін арнайы қайта жабдықталған басқа да автокөлік құралдарымен жүзеге асырылады.
8. Жүк жөнелтуші (жүк алушы) мен тасымалдаушы арасында "Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 546 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12463 болып тіркелген) (бұдан әрі - Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидалары) қауiптi жүк тасымалын жүзеге асыруға арналған шарт жасалады.
Қауiптi жүктердi тасымалдауға арналған шарт өзiндiк ерекшелiктерiне байланысты, сондай-ақ мынадай:
1) автокөлiк құралдарын арнайы өңдеу жөнiндегi iс-шаралар туралы;
2) iлесiп жүрудi ұйымдастыру (қажет болған жағдайда) туралы;
3) жүргiзушiлердi жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету тәртiбi туралы;
4) қауiп және қауiптi жүктi бейтараптандыру туралы ақпарат жүйесiнiң элементтерiмен қамтамасыз ету тәртiбi туралы;
5) 7-сыныптағы қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде - жүк жөнелтушіні (жүк алушыны) және тасымалдаушыны жүктің нақты атауы мен мөлшерін, сондай-ақ осы жүкті жөнелту уақыты (болжамды жеткізу мерзімі) және алғаны туралы өзара хабарландыру тәртібі туралы мәлiметтердi қамтуы тиіс.
9. Жүк қабылдаушы жүктер алынбаған немесе оның жеткіліксіздігі анықталған, атауы сәйкес келмеген жағдайда жүк жөнелтушіні жедел ден қою шараларын қабылдау үшін қауіпті жүкті тасымалдауға рұқсат берген уәкілетті органды күнтізбелік үш күн ішінде хабардар етеді.
10. Қауiптi жүктi тасымалдау шартын жасасу тауар-көлiк жүкқұжатын жасаумен расталады.
Қауiптi жүктi тасымалдау кезiнде тасымалдаушының төрт данада жасалатын және Заңға сәйкес жүк жөнелтушi мен тасымалдаушы қол қоятын тауар-көлiк жүкқұжаты болуы тиiс.
11. Тауар-көлiк жүкқұжатының нысаны және оны қолдану тәртiбi Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларына сәйкес анықталады.
12. Жүк жөнелтушi тасымалдаушыға қауiптi жүктердi тасымалдауға жасалған шартпен бiрге мыналарды:
1) әрбір автокөлік құралына арналған "Қауіпті жүк" айырым белгісі;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қауiптi жүктiң әрбiр түрiне жүргiзушiге арналған нұсқаулықты ұсынады.
13. 1, 6 және 7-сыныптағы қауiптi жүктi тасымалдауға Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралдарымен тасымалдауға жол берілген қауіпті жүктердің тізбесі Заңға сәйкес тасымалдаушы қауiптi жүкті тасымалдау маршрутын әзiрлейдi.
Тасымалдау маршрутын әзiрлеген кезде тасымалдаушы мынадай негiзгi талаптарды басшылыққа алады:
1) маршрут маңында iрi өнеркәсiп объектілері болмауы тиiс;
2) маршрут iрi елдi мекендер арқылы өтпеуi тиiс. Қауiптi жүктердi iрi елдi мекендердің iшiмен тасымалдау қажет болған жағдайда маршрут ойын-сауық, мәдени-ағарту, оқу, мектепке дейiнгi және емдеу мекемелерiнiң қасынан өтпеуi тиiс;
3) тасымалдау маршрутында көлiк құралдарының тұрақ орындары көзделуі тиiс.
14. Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 16 тамыздағы № 770 шешімімен бекітілген Кеден одағының "Пиротехникалық бұйымдардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің пиротехникалық бұйымдары бар қауіпті жүктердің сыныптамасына сәйкес 1.4-ішкі сыныбы бар пиротехникалық бұйымдарды тасымалдау кезінде тасымалдауға рұқсатты ресімдеу талап етілмейді.
15. Көру мүмкіндігі 300 метрге дейін шектелген кезде (тұман, жаңбыр, қар жауу) 1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүктерді тасымалдауға жол берілмейді, бұл туралы арнайы рұқсат қолданылуының ерекше жағдайларында көрсетіледі.
3-тарау. Қауіпті жүктерді тасымалдайтын автокөлік құралдарына қойылатын талаптар
16. Қауіпті жүктерді тасымалдайтын автокөлік құралдары мынадай талаптарға сәйкес келеді:
1) қауіпті жүктерді тасымалдайтын көлік құралдарының конструкциясына, жабдығына және техникалық жай-күйіне қойылатын жасап шығарушы зауыттың құрылымдық-техникалық сипаттамаларына және Қазақстан Республикасының стандарттау жөнiндегi нормативтік құжаттарына;
2) тіркеу құжаттарының деректеріне;
3) қауіпті жүктерді халықаралық жолдарда тасымалдау туралы Еуропалық келісімінде (ҚЖХЖТ) белгіленген нақты қауiптi заттар мен бұйымдарды қауiпсiз тасымалдау шарттарына;
4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 359 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15695 болып тіркелген) "Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына;
5) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының жол жүрісі қағидаларына (бұдан әрi - Жол қозғалысы қағидалары);
6) жүргiзушiлердiң еңбек және демалыс режимiн тiркейтiн бақылау құрылғыларымен (тахографтармен) жабдықталуына;
7) Жол жүрісі қағидаларына және Қауіпті жүктерді халықаралық жолдарда тасымалдау туралы Еуропалық келісімге (ҚЖХЖТ) сәйкес тану белгiлерiмен жабдықталуына;
8) Қазақстан Республикасының стандарттау жөнiндегi қолданыстағы нормативтiк құжаттарына сәйкес жарамды құралмен және жабдықпен жинақталуына;
9) қажет болған жағдайларда тасымалданатын қауiптi затты бейтараптандыратын құралдармен және жүргiзушi мен iлесiп жүрушi қызметкердiң жеке қорғану құралдарымен жасақталуына;
10) бақылаусыз төгілу, қауіпті жүк шығарынды болған жағдайда халықты хабардар етудің жергілікті жүйесімен жабдықталуына.
1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүктерді тасымалдайтын автокөлік құралдары қозғалыс жылдамдығы, маршрутының сақталуы туралы деректерді нақты уақыт режимінде үздіксіз беру құрылғыларымен қосымша жабдықталады.
17. Автокөлiк құралының конструкциясындағы өзгерiстер автокөлiк құралын жасап шығарушы зауытпен келiсiлуi тиiс.
4-тарау. Қауіпті жүктерді автокөлік құралдарымен тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілерге қойылатын талаптар
18. Автокөлiк құралымен қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын жүргiзушiлер мынадай талаптарға сәйкес келеді:
1) тиісті санаттағы жүргізуші куәлiгiнiң болуы;
2) осы санаттағы көлік құралының жүргiзушiсi ретiнде кемiнде үш жыл үздiксiз жұмыс өтiлiнiң болуы;
3) Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес жол парағына белгi қоя отырып, кәсіби жүргiзушiлер үшін жалпы медициналық куәландырудан және рейс алдында және рейстен кейін медициналық тексеруден өтуі;
4) Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізушіге Қазақстан Республикасының аумағы арқылы қауіпті жүкті тасымалдауға рұқсат беру туралы куәліктің болуы.
5-тарау. Қауіпті жүктерді тасымалдайтын көлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп өту тәртібі
19. Тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізуші сапар басталғанға дейін қауіпті жүктерді тасымалдау бойынша рейс алдында нұсқау алуы және оның мынадай ілеспе құжаттары болуы тиіс:
1) автокөлік құралына тіркеу құжаттары;
2) "Қауiптi жүк" белгiсi бар, осы Қағидалардың талаптарына сәйкес тасымалдау маршруты көрсетiлген жол парағы;
3) Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жүргiзушiлерге арналған нұсқаулық;
4) Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргiзушiге Қазақстан Республикасының аумағы арқылы қауiптi жүктердi тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлiк;
5) Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының аумағына автокөлік құралдарымен тасымалдауға рұқсат етілген қауiптi жүктер тізбесіне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралдарымен тасымалдауға жiберiлетiн 1, 6 және 7-сыныптағы қауiптi жүкті тасымалдау маршрутының бланкiсi;
6) тауар-көлiк жүкқұжаты;
7) жүк жөнелтуші әзiрлеген авариялық жағдайда әрекет ету жоспары;
8) тасымалдаушының, жүк жөнелтушiнiң, жүк алушының, қозғалыс маршруты бойынша орналасқан көлiктi қауiпсiз пайдалануды қамтамасыз етуді бақылау, жол қозғалысы қауiпсiздiгi, азаматтық қорғау саласындағы және жою жөнiндегi уәкiлеттi органдардың мекенжайлары мен телефондары.
20. Жүргiзушi қауiптi жүк тасымалының белгіленген маршрутын және тұрақ орындарын қатаң сақтайды.
Қауiптi жүгі бар автокөлік құралын жүргізу кезінде жүргiзушiге:
1) автокөлiк құралын орнынан кенеттен қозғауға;
2) кенеттен тежеуге;
3) қозғалтқыш пен iлiнiсуi ажыратылған күйде қозғалуға;
4) қозғалыс кезінде автокөлік құралында темекі шегуге (тоқтаған кезде автокөліктің тұрған орнынан кемiнде 50 метр жерде темекi шегуге рұқсат етiледi);
5) отты ашық пайдалануға (ерекше жағдайларда тамақ дайындаған кезде автокөлiктің тұрған орнынан кемiнде 200 метр қашықтықта от жағуға рұқсат етiледi);
6) автокөлiк құралын қадағалаусыз қалдыруға болмайды.
21. Қауiптi жүктердi тасымалдайтын көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы қозғалуы Жол жүрісі қағидаларына және осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
22. Қауiптi жүк тасымалдайтын автокөлiк құралында бiр тiркемеден (немесе жартылай тiркемеден) артық болмауы тиiс.
23. Қауiптi жүктердi тасымалдау кезiнде автокөлiк құралдарының қозғалыс жылдамдығын шектеу Жол жүрісі қағидаларына сәйкес белгiленедi.
Қауiптi жүктi тасымалдау кезiнде қозғалыс жылдамдығын белгiленген шектеу жағдайында автокөлiк құралында рұқсат етiлген жылдамдық көрсетiлген тану белгiсi орнатылуы тиiс.
24. Қауiптi жүктердi 5 және одан көп автокөлiк құралдарынан тұратын колоннамен тасымалдаған кезде оның құрамында жүктiң осы түрiн тасымалдауға арналған резервтi бос автокөлiк құралының болуы мiндеттi. Резервтiк автокөлiк құралы колоннаның соңында жүруi тиiс.
25. Автокөлiк құралдарының колоннасымен қауiптi жүктердi тасымалдау кезiнде тасымалдаушы немесе жүк жөнелтушi (жүк алушы) бөлетін iлесiп жүру автомобилiнiң (автомобильдерiнiң) болуы мүмкiн.
Iлесiп жүру автомобилі алынып жүретiн көлiк құралдарының алдында жүруi тиіс.
Ілесіп жүру автомобилi тасымалдау кезінде мiндеттi түрде қосылуға тиіс қызғылт сары түстi жарқылдауық маякпен жабдықталады.
26. Егер қозғалыс процесінде жол жүру қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында жол жүрісін реттеу жөнiндегi қосымша іс-шараларды жүргізудің қажеттiлiгi туындаса, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның патрульдiк автомобилiнiң iлесiп жүруi жүзеге асырылады.
27. Ерекше қауiптi жүктердi тасымалдау кезінде жүргiзушiлердiң елдi мекендерде демалуға тоқтауына рұқсат етіледі.
Тұрғын үй құрылыстары мен адамдардың көп шоғырланған жерінен кемінде 200 метр қашықтықта немесе осыған арнайы бөлінген жерлерде тұруға рұқсат етiледi.
Автокөлiк құралы аялдаған немесе тоқтап тұрған кезде тоқтау тежегiшi мiндеттi түрде қосылуы тиiс, ал еңiсте қосымша сырғуға қарсы тiреуiш қойылуы керек.
Қауiптi жүктерді тасымалдайтын автокөлік құралдарының тоқтайтын және тұратын орындары қауiптi жүкті тасымалдау маршрутында көрсетiледi.
28. Қауiптi жүктерді тасымалдайтын автокөлік құралдары мүмкiндiгiнше жалпы пайдаланымдағы автожанармай құю станцияларында қосымша жанармай құймай, бүкіл сапар жолына жетерлiктей отынмен қамтамасыз етiледi.
Қажет болған жағдайда жалпы пайдаланымдағы автожанармай құю станцияларында жанармай құю автожанармай құю станциясының аумағынан кемiнде 25 метр қашықтықта орналасқан алаңда станциядан темiр канистрлермен немесе арнайы осы мақсаттар үшiн көзделген жылжымалы май құю станцияларынан алынып жүргiзiледi.
29. Жол-көлiк оқиғасы туындаған жағдайда жүргiзушi:
1) оқиға болған жерге бөгде адамдарды жiбермейдi;
2) зардап шеккен адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсетедi және қажет болған кезде жедел медициналық жәрдем шақыртады;
3) болған оқиға туралы азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органға, сондай-ақ басқа да мүдделi органдарға хабарлайды;
4) жүргiзушiге арналған нұсқаулықтағы нұсқамаға және апаттық жағдайда iс-қимыл жоспарына сәйкес апаттық ахуалдың салдарын жою бойынша шаралар қабылдайды;
5) оқиға болған жерге келген осы Қағидалардың 28-тармағының 8) тармақшасында атап көрсетiлген уәкiлеттi органдардың өкiлдерiн қауiп-қатер және қабылданған шаралар туралы хабардар етедi.
30. Қауiптi жүктерді тасымалдауға қатысушылар адамдардың денсаулығы мен өмiрiне, қоршаған ортаға зиян келтiрудi болдырмау мақсатында қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегі тиiстi ұйымдастыру және техникалық шаралар қабылдайды.
Қауiптi жүктерді жөнелтушілердің және (немесе) тасымалдаушылардың негізгі немесе қосымша қызметі қауiптi жүктерді тасымалдауды немесе онымен байланысты тиеу-түсіру операцияларын қамтыса, өз құрамында тасымалдау процесінің қауіпсіздігіне жауапты қызметкерлері болады.
Қауіпті жүктерді тасымалдау үшін барлық қолданыстағы маршруттардан адамдардың денсаулығы мен өмiрiне, қоршаған ортаға зиян келтiрудi болдырмау мақсатында тасымалдаушы қауіптілігі мейлінше төмен маршрутты таңдайды.
6-тарау. 1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүктерді тасымалдауға арнайы рұқсат беру тәртібі
31. "1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) жеке немесе заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) қауіпті жүктерді тасымалдайтын көлік құралы жүргізушісін даярлау туралы куәлікті (жүргізушінің қауіпті жүктерді автокөлік құралдарымен тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлік) қоса бере отырып www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал) көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті жолдау арқылы көрсетіледі.
32. "1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын "1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүктерді тасымалдауға арнайы рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 6-қосымшада мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) нысанында көзделген.
33. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
34. Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" "1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүктерді тасымалдауға арнайы рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметіне сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе жіберіледі.
35. Жеке басын куәландыратын, дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін, көлік құралын тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.
36. Көрсетілетін қызметті алушы қауіпті жүктерді тасымалдайтын көлік құралының жүргізушісін даярлау туралы куәлікті ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші екі жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың талаптарына сәйкес "1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттың және онда көрсетілген мәліметтердің сәйкестігін тексереді және 1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүктерді тасымалдауға арнайы рұқсатты не осы Қағидалардың 37-тармағының жағдайлары мен негіздері бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы (бұдан әрі - бас тарту) дәлелді жауапты ресімдейді.
"1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүктерді тасымалдауға арнайы рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
37. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы.
38. Портал арқылы келіп түскен құжатты ұсынбау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қарау туралы еркін нысанда дәлелді бас тартуды көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жібереді.
39. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
40. 1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған арнайы рұқсаттар бір немесе бірнеше бірдей тасымалдауға, сондай-ақ белгілі бір маршрут бойынша тасымалданатын қауіпті жүктердің партиясына 1 жыл мерзімге беріледі.
41. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің, көлік саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) басшысының атына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
42. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес қарауға жатады:
көрсетілетін қызметті беруші, уәкілетті орган - тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган - ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде.
43. Көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес шағымды қарау мерзімі:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
44. Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз тасығышта берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
7-тарау. Көлік құралын халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу туралы куәлікті беру тәртібі
45. Көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы "Көлік құралын халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу туралы куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетілетін қызметті алушыларға осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш жіберу арқылы, міндетті техникалық қарап-тексеруден өтудің белгіленген кезеңділігіне сәйкес келесі міндетті техникалық қарап-тексеруден өту мерзімі көрсетілген техникалық қарап-тексерудің диагностикалық картасы негізінде көрсетеді.
46. "Көлік құралын халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу туралы куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ, өзге де мәліметтерді қамтитын "Көлік құралын халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу туралы куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 8-қосымшасында мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) нысанында көзделген.
47. Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" "Көлік құралын халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу туралы куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметіне сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе жіберіледі.
48. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады және оны орындау үшін лауазымды адамды тағайындайды.
49. Жеке басын куәландыратын, дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін, көлік құралын тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы, механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінен диагностикалық карта туралы мәліметтерді алады.
50. Лауазымды адам берілген өтініштің осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.
51. Техникалық қарап-тексерудің диагностикалық картасы болған және ол жарамды болған жағдайда, міндетті техникалық қарап-тексеруден өтудің белгіленген кезеңділігіне сәйкес, көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының сәйкестігін осы Қағидалардың талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтерді тексереді және осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралын халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу туралы куәлікті не Стандарттың 9-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді, ол көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Өтініш демалыс (сенбі және жексенбі) және мереке күндерінен басқа сағат 16.00-ден кейін келіп түскен жағдайда "Көлік құралын халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу туралы куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет келесі жұмыс күнінде көрсетіледі.
52. Көрсетілетін қызметті алушының "Көлік құралын халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу туралы куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш беруі міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінде диагностикалық карта болған кезде жүзеге асырылады.
53. Көлік құралын халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу туралы куәлік беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылады.
54. Портал арқылы келіп түскен ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі немесе міндетті техникалық қарап-тексеруден өту кезеңділігінің жарамсыздығы анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қарау туралы еркін нысандағы дәлелді бас тартуды көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жібереді.
55. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
56. Жіберу туралы куәлік техникалық қарап-тексерудің диагностикалық картасының қолданылу мерзіміне беріледі.
57. Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация филиалының басшысына мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы жіберіледі.
58. Қолма-қол да, пошта арқылы да келіп түскен шағымның Мемлекеттік корпорацияға қабылданғанын растау оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.
59. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің, көлік саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) басшысының атына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
60. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес:
көрсетілетін қызметті беруші, уәкілетті орган - тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган - ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
61. Көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес шағымды қарау мерзімі:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
62. Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз тасығышта берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларына 1-қосымша |
|
нысаны |
МИНИСТЕРСТВО ИНДУСТРИИ И ИНФРАСТРУКТУРНОГО РАЗВИТИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН КОМИТЕТ ТРАНСПОРТА | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТІРЛІГІ КӨЛІК КОМИТЕТІ | MINISTRY OF INDUSTRY AND INFRASTRUCTURAL DEVELOPMENT OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN TRANSPORT COMMITTEE |
СПЕЦИАЛЬНОЕ РАЗРЕШЕНИЕ НА ПЕРЕВОЗКУ ОПАСНОГО ГРУЗА КЛАССОВ 1, 6 И 7 | SPECIAL PERMIT ON IMPLEMENTATION OF AUTOMOBILE TRANSPORTATION OF HAZARDOUS GOODS OF CLASSES 1, 6 AND 7 | |
1, 6 ЖӘНЕ 7-СЫНЫПТАҒЫ ҚАУIПТI ЖҮКТЕРДІ ТАСЫМАЛДАУҒА АРНАЙЫ РҰҚСАТ |
№ XXXXXXXX
Тасымалдаушының атауы | ||
Тасымалдаушының орналасқан жері және телефоны | ||
Тасымалданатын қауіпті жүктің сыныбы, БҰҰ нөмірі, атауы және сипаттамасы | ||
Көлік құралының түрі, маркасы | ||
Автомобильдің мемлекеттік тіркеу белгісі | ||
Тіркеменің (жартылай тіркеменің) мемлекеттік тіркеу белгісі | ||
Арнайы рұқсаттың қолданылу мерзімі |
_____ бастап _____ дейін |
______ тасымалға жарамды |
Тасымалдау маршруты | ||
Жүк жөнелтушінің мекенжайы және телефоны | ||
Жүк алушының мекенжайы және телефоны | ||
Тасымалдау маршрутының аралық пункттерінің мекенжайы және авариялық қызметтің телефондары | ||
Тұрақтар және отын құю орны | ||
Арнайы рұқсатты қолданудың ерекше шарттары | ||
Қадағалау бақылау органдарының лауазымды адамдарының белгілері | ||
Шектеулер | ||
Уәкілетті органның лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және берілген күні |
Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларына 2-қосымша |
|
нысан |
Жүргiзушiге арналған нұсқаулық
Жүргiзушiге арналған нұсқаулық нақты маршрутта осы қауiптi жүктi тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде автокөлiк құралының жүргiзушiсiне басшылық етушi нұсқаманы қамтуы тиiс.
Бұл ретте нұсқаулыққа мынадай ақпарат енгiзiледi:
1. Нұсқаулық берiлетiн жүргiзушiнiң деректерi, қауiптi жүктердi тасымалдау бойынша дайындығы туралы куәлiктiң №.
2. Автокөлiк құралының, автокөлiк ұйымының деректерi, олардың деректемелерi.
3. Жүктi жiберушi, қауiптi жүкпен шығу күнi мен уақыты.
4. Жүктi алушы, қауiптi жүктi жеткiзудiң бағдарланған күнi мен уақыты.
5. Қозғалыс маршруты.
6. Автокөлiк ұйымының гаражына қайтып оралудың бағдарланған уақыты.
Жүктiң атауы | Қауiптi жүктiң сыныбы | Қауiптiлiк № | БҰҰ тiзiмi бойынша № | ||
Синонимдер | |||||
Физикалық қасиеттерi | Қауiптiлiк белгiлерi | ||||
Қайнау температурасы, 0 С | |||||
Балқу температурасы, 0 С | |||||
Ұшқыштық (бу қысымы) | |||||
Бу тығыздығы (aуa бойынша) | |||||
Тығыздық (cу бойынша) | |||||
Суда ерiгiштiк | |||||
Өрт және жарылыс қаупi | |||||
Тұтану температурасы , оС | Өздігінен тұтану температурасы, оС | Бұдың тұтану аймағы | Тұтану шегі, оС | ||
Төменгі | Жоғарғы | ||||
Адам үшiн қауiптiлiгi | |||||
ПДК мг/м 3 | ЛД 50. мг/кг (iшке түскен кезде) | ЛД 50. мг/м 3 (терi арқылы) | ЛК 50. мл/м 3 | ||
Ағзаға түсу жолдары | |||||
Уыттылық әсерi | |||||
Терiге және шырышты қабықшаға әсерi | |||||
Қауiптiң өзге түрлерi | |||||
Экологиялық қауiпсiздiк | |||||
Қауiптiлiк туралы ақпараттық жүйенiң авариялық карточкасы | |||||
Ұсынылғандар | Тыйым салынғандар | ||||
өрт кезiнде | |||||
жану кезiнде | |||||
Алғашқы көмек шаралары | |||||
Демдi iшке тарту кезiнде | |||||
Демдi тоқтату кезiнде | |||||
Көзге, терiге тиген кезде | |||||
Жұтқан кезде | |||||
Қорғаудың жеке құралдары | |||||
Тыныс органдарын | |||||
Көздердi | |||||
Терiнi | |||||
Зиянсыздандырудың тәсiлдерi мен құралдары | |||||
7. Қауiптi жүк туралы деректер.
Ұйымның бастығы (қолы және мөрi)
________________________________________________________________________________
Ескерту: "Синонимдер" бағаны мiндеттi түрде толтырылуы керек
Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларына 3-қосымша |
|
нысан |
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүргізушіні қауiптi жүктердi тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлiк Бет жағы
ЖҮРГІЗУШІЛЕРІН ДАЙЫНДАУ ТУРАЛЫ ҚЖХЖТ КУӘЛІГІ | |
ADR DRIVER TRAINING CERTIFICATE | |
Куәлікті берген мемлекеттің айырмашылық белгісі | |
(Жүргізушінің фотосуретіне арналған орын) | 1. Куәлік № |
2. Тегі | |
3. Аты - жөні | |
4. Туған күні | |
5. Азаматтығы | |
6. Жүргішінің қолы | |
7. Куәліктік берген орган | |
8. Дейін мерзімді |
Сыртқы жағы
Сыныптар үшін жарамды немесе БҰҰ |
Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларына 4-қосымша |
|
нысан |
1, 6 және 7-сыныпты қауiптi жүктерді тасымалдау маршрутының бланкiсi Қауiптi жүк туралы мәлімет
Жүктің атауы "ҚЖ" тану белгiсi
Қауiптi жүктің сыныбы
Қауiптiлiк №, БҰҰ нөмірі
Бiр көлiк құралындағы жүктiң жалпы салмағы _______ тонна.
Қозғалыстың ерекше шарттары_____________________________________________________
1. Аралықтардағы қозғалыс жылдамдығы_____________________________________________
2. Пана (барлық маршрутта, жекелеген учаскелерде)____________________________________
3. Бiрге жүру (барлық маршрутта, жекелеген учаскелерде)_______________________________
4. Түндегi қозғалыс (рұқсат етiлген, тыйым салынған)__________________________________
Қозғалыс маршруты______________________________________________________________
(елдi мекендердiң, көшелердiң және автомобиль жолдарының атауы)
1. Жүк жөнелтушiнiң мекенжайы және телефоны______________________________________
2. Пункттердiң мекенжайлары және жүк алушының телефондары_________________________
3. Олар арқылы көлiк құралдары өтетiн авариялық қызмет пункттерiнiң мекенжайлары және
телефондары_____________________________________________________________________
4. Қажет болған жағдайда қауіпті жүктi тапсыруға болатын аралық пункттердiң
мекенжайлары___________________________________________________________________
5. Тұрақ орындары________________________________________________________________
6. Отын құятын орындар___________________________________________________________
7. Тасымалдаушы мен автокөлiк құралының деректерi__________________________________
(атауы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), мекенжайы және мемлекеттік
нөмiрi)____________________________________________________________ тасымалдаушы
(қолы ) 20_ жылғы "___" __________
Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларына 5-қосымша |
|
нысан |
Тіркеу нөмірі және күні____________________________________________________________
(Аумақтық бөлімше ресімдейді)
________________________________________________________________________________
(аумақтық бөлімшенің атауы)
Өтініш
________________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы немесе жеке кәсіпкердің және жеке адамның тегі, аты,
әкесінің аты (ол болған жағдайда), төлқұжат деректері) қауіпті жүкті
тасымалдауға арнайы рұқсатты ресімдеуді (қайта ресімдеуді) сұрайды
________________________________________________________________________________
(тасымалдаушы тасымалдауды жүзеге асыратын қауіпті жүктің классы, БҰҰ
нөмірі, атауы және сипаттамасын көрсету)
Тасымалдау ______________ көлік құралымен жүзеге асырылады________________________
(көлік құралының түрін, маркасын, автомобильдің, тіркеменің және ашық
тіркеменің мемлекеттік тіркеу нөмірлерін көрсету)
________________________________________________________________________________
(тасымалдау маршрутын, қауіпті жүкті тасымалдау күнін және мерзімін,
тиеу және түсіру орнын көрсету)
Қосымша хабарлаймын:___________________________________________________________
(қауіпті жүкті жөнелтушінің және жүк алушының атауы, нақты пошталық
мекенжайы, телефон нөмірі, факс немесе электрондық поштаның мекенжайы)
Қажетті құжаттар өтінішке қоса беріледі. Ұсынылған құжаттардың тұпнұсқалылығын және
дұрыстығын растаймын.
Арнайы рұқсаттың қолдану мерзімін _____ бастап______дейін ____________ жол жүруге
белгілеуді сұраймын.
Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде,
ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісім беремін.
20___ж. "_____" ___________
Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларына 6-қосымша |
"1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүктерді тасымалдауға арнайы рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші). |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) | Көрсетілетін қызметті беруші немесе www.elicense.kz, www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Екі жұмыс күн |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүктерді тасымалдауға арнайы рұқсат немесе осы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Ақысыз |
7 | Жұмыс кестесі |
көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
порталда көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш. |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар. |
Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларына 7-қосымша |
|
нысан |
________________________________________________________________________________
(аумақтық бөлімшенің атауы)
Өтініш
________________________________________________________________________________
(тасымалдаушының атауы, халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға
рұқсат беру куәлігінің нөмірі)
________________________________________________________________________________
тасымалдаушы тасымалдауды жүзеге асыратын қауіпті жүктің сыныбы, Біріккен Ұлттар
Ұйымының нөмірі, атауы және сипаттамасын көрсету) көлік құралына кейбір қауіпті жүктерді
тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлікті ресімдеуді сұрайды.
Тасымалдау_____________________________________________________________________
көлік құралымен жүзеге асырылады. (көлік құралының түрін, маркасын, автомобильдің,
тіркеменің және жартылай тіркеменің мемлекеттік тіркеу нөмірлері, міндетті техникалық
қарап тексеруден өту күні, автокөлік құралына рұқсат беру карточкасының нөмірі)
Қосымша хабарлаймын:___________________________________________________________
(қауіпті жүкті жөнелтушінің және жүк алушының атауы, нақты пошталық мекенжайы,
телефон нөмірі, факс немесе электрондық поштасының мекенжайы) Егер Қазақстан
Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде,
ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісім беремін.
20___ж. "_____" ___________
Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларына 8-қосымша |
"Көлік құралына халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші). |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) |
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Бір жұмыс күн |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық/қағазша |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Көлік құралына халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға рұқсат немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Ақысыз |
7 | Жұмыс кестесі |
Мемлекеттік корпорация - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін; |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш. |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар. |
Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларына 9-қосымша |
КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН КЕЙБІР ҚАУІПТІ ЖҮКТЕРДІ |