Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.12.2020 № ҚР ДСМ-293/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына және 150-бабының 4-тармағына, "Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасына және Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 2020 жылғы 5 мамырдағы хаттамасының 1.1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 130 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10527 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 8 сәуірде жарияланған):
Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулар тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) "Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10826 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 мамырда жарияланған):
Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
Е. Биртанов |
Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулар тізбесі
№ | Инфекциялық аурулардың атауы |
1. | Оба |
2. | Тырысқақ |
3. | Сары қызба |
4. | Вирустық геморрагиялық қызбалар |
5. | Ауыр жіті респираторлық синдром (АЖРС) |
6. | Вирустың жаңа кіші типі тудырған адамның тұмауы |
7. | Вирустың жаңа кіші типі тудырған коронавирустық инфекция |
Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс -шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес әзірленген және:
1) Қазақстан Республикасының аумағына шет елден инфекциялық аурулардың әкеліну қаупі төнген кезде;
2) республикада, Қазақстан Республикасының жекелеген аумақтарында және объектілерінде инфекциялық аурулар жағдайларының пайда болуы кезінде шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин Кодекстің 21, 150-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 130 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10527 болып тіркелген) бекітілген Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулар тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) көзделген инфекциялық аурулардың пайда болуы, әкеліну және таралу қаупі кезінде Қазақстан Республикасының (тиісті аумақтың (көліктегі)) Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің немесе оның орынбасарларының шешімімен енгізіледі.
3. Тізбеде көзделген инфекциялық аурулардың әкеліну және таралу қаупі төнген жағдайда Кодекстің 21, 150-баптарына сәйкес шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізіледі, олар:
1) инфекциялық аурулардың таралуын болдырмауға бағытталған;
2) кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметтің ерекше режимін көздейтін шараларды қамтиды.
4. Тізбеде көзделмеген инфекциялық аурулардың пайда болу және таралу қаупі төнген жағдайда жекелеген аумақтарда (объектілерде) тиісті аумақтың (көліктегі) бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің немесе оның орынбасарларының шешімімен, сондай-ақ ведомстволық объектілерде -халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің басшысы Кодекстің 21, 150-баптарына сәйкес карантин енгізбестен, шектеу іс-шараларын енгізеді.
2-тарау. Инфекциялық аурулардың таралуын болдырмауға бағытталған шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру тәртібі
5. Инфекциялық аурулардың таралуын болдырмауға бағытталған шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру тәртібі инкубациялық кезең мерзімін, эпидемиологиялық ахуалдың сырқаттанушылық серпінін және санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралардың тиімділігін ескере отырып белгіленеді.
6. Инфекциялық аурулардың таралуын болдырмауға бағытталған шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин Кодекстің 150-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының (тиісті аумақтың (көліктегі)) Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері немесе оның орынбасарлары тиісті шешім қабылдаған сәттен бастап 24 сағат ішінде енгізіледі.
7. Тізбеде көзделген инфекциялық аурулардың шет елден әкеліну, Қазақстан Республикасының аумағында пайда болу және таралу қаупі төнген жағдайда инфекциялық аурулардың таралуын болдырмауға бағытталған шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин Кодекстің 21, 150-баптарына сәйкес:
1) республика, екі және одан көп өңірлер бойынша – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің немесе оның орынбасарларының шешімімен;
2) өңірлер (облыс, республикалық маңызы бар қала және астана) бойынша – тиісті аумақтың (көліктегі) бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің немесе оның орынбасарларының шешімімен;
3) ведомстволық объектілерде инфекциялық аурулар тіркелген кезде – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосы бөлімшесінің басшысымен енгізіледі.
8. Инфекциялық аурулардың таралуын болдырмауға бағытталған шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин:
1) шет елдерден Қазақстан Республикасының аумағына кіруді (одан шығуды) және жекелеген өңірлерде (облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада) көлік құралдарымен (әуе, теміржол, автомобиль) қозғалысты шектеуді;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының көліктегі бөлімшелерінің жанаспайтын термометрия, зертханалық тексеру жүргізуін және қажет болған жағдайда инфекциялық аурулар бойынша қолайсыз елдерден келген адамдарды (жолаушылар, тасымалдаушылар, экипаж мүшелері, бортсеріктер және басқалары) оқшаулауды;
3) инфекциялық аурулардың ықтимал тарату көздері болып табылатын, сондай-ақ инфекциялық науқастармен байланыста болған адамдарды толық санацияны растайтын зертханалық тексеру нәтижелерін алғанға дейін жұмыстан шеттете отырып, медициналық және зертханалық тексеруге жіберуді;
4) инфекциялық аурулармен ауыратын науқастарды, инфекциялық ауруға күдікті адамдарды оқшаулауды және емдеуді;
5) халықтың эпидемиялық маңызы бар топтарының адамдарын зертханалық тексеруден өткізуді;
6) инкубациялық кезең мерзімі ішінде инфекциялық аурулар бойынша қолайсыз елдерден келген адамдарды көрсетілімдер бойынша емдеуге жатқызуға (немесе үйде оқшаулауға) және медициналық бақылауға жіберуді;
7) Кодекстің 148-бабына сәйкес айналасындағыларға қауіп төндіретін созылмалы инфекциялық аурулармен ауыратын науқастарды, қоздырғыштың созылмалы тасымалдаушыларын жұмыстан уақытша шеттетуді;
8) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295 қаулысына сәйкес қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесіне сәйкес халыққа міндетті вакцинациялау жүргізуді;
9) инфекциялық аурулардың жеке және ұжымдық профилактика шараларын қолдануды (бөлектеу, әлеуметтік қашықтық, өзін-өзі оқшаулау, жеке қорғаныш құралдарын және дезинфекциялау құралдарын пайдалану);
10) үй-жайларда және көлік құралдарында, аумақтарда, инфекциялық аурулар ошақтарында профилактикалық және ошақтық дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау жүргізуді;
11) инфекциялық аурулардың профилактикасы және таралуының алдын алу шаралары бойынша нұсқаманы, оның ішінде Мемлекеттік шекарадағы бақылау органдарының қызметкерлеріне жүргізуді;
12) денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарын санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруға тартуды;
13) халық арасында, көліктік бақылау бекеттерінде тасымалдаушылар мен жолаушылар арасында инфекциялық аурулардың профилактикасы және таралуының алдын алу бойынша санитариялық-ағарту және түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтиды.
9. Кодекстің 150-бабына сәйкес эпидемиологиялық жағдай тұрақтанған жағдайда Қазақстан Республикасының, тиісті аумақтың (көліктегі) бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің немесе оның орынбасарларының шешімімен, сондай-ақ ведомстволық объектілерде – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің басшысы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде және тиісті аумақтарда инфекциялық аурулардың таралуын болдырмауға бағытталған шектеу іс-шараларының, оның ішінде карантиннің күшін жояды.
3-тарау. Кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметтің ерекше режимін көздейтін шектеу іс-шараларын жүзеге асыру тәртібі
10. Кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметтің ерекше режимін көздейтін шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру тәртібі объектілердің эпидемиялық маңыздылығын, инкубациялық кезең мерзімін, эпидемиологиялық ахуалдың сырқаттанушылық серпінін және санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралардың тиімділігін ескере отырып белгіленеді.
11. Кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметтің ерекше режимін көздейтін шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин Кодекстің 150-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының (тиісті аумақтың, көліктегі) бас мемлекеттік санитариялық дәрігері немесе оның орынбасарлары тиісті шешім қабылдаған сәтттен бастап 24 сағат ішінде енгізіледі.
12. Тізбеде көзделген инфекциялық аурулардың шет елден әкеліну, Қазақстан Республикасының аумағында пайда болу және таралу қаупі төнген жағдайда, кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметтің ерекше режимін көздейтін шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин Кодекстің 21, 150-баптарына сәйкес:
1) республика, екі және одан көп өңірлер бойынша – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің немесе оның орынбасарларының шешімімен;
2) өңірлер (облыс, республикалық маңызы бар қала және астана) бойынша – тиісті аумақтың (көліктегі) бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің немесе оның орынбасарларының шешімімен;
3) ведомстволық объектілерде инфекциялық аурулар тіркелген кезде – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосы бөлімшесінің басшысымен енгізіледі.
13. Тізбеде көзделген инфекциялық аурулардың шет елден әкеліну, Қазақстан Республикасының аумағында пайда болу және таралу қаупі төнген жағдайда кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметтің ерекше режимін көздейтін шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин Кодекстің 21, 150-баптарына сәйкес енгізіледі, мынадай:
1) объектілердің эпидемиялық маңызына байланысты дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметіне немесе қызметінің жекелеген түрлеріне;
2) Қазақстан Республикасының аумағында, оның ішінде эпидемиялық маңызы бар объектілерде халықтың пайдалануы мен қолдануына, сондай-ақ кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметте пайдалану мен қолдануға арналған өнімді әкелуге, қолдануға және өткізуге;
3) халықтың пайдалануына, қолдануына, сондай-ақ кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметте пайдалануға, қолдануға арналған өнімді өндіруге;
4) кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызмет объектілерінің қызмет режиміне шектеулер енгізу жолымен жүзеге асырылады.
14. Кодекстің 150-бабына сәйкес эпидемиологиялық жағдай тұрақтанған жағдайда Қазақстан Республикасының, тиісті аумақтың (көліктегі) бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің немесе оның орынбасарларының шешімімен, сондай-ақ ведомстволық объектілерде – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің басшысы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде және тиісті аумақтарда кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметтің ерекше режимін көздейтін шектеу іс-шараларының, оның ішінде карантиннің күшін жояды.