"Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді, абоненттер туралы қызметтік ақпараттарды жинауды және сақтауды қамтамасыз ету бойынша телекоммуникациялық жабдықтарға қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қау

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 32/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 мамырда № 20560 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2021 жылғы 27 шілдедегі № 85/қе бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 27.07.2021 № 85/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді, абоненттер туралы қызметтік ақпараттарды жинауды және сақтауды қамтамасыз ету бойынша телекоммуникациялық жабдықтарға қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 91 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14680 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 7 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген "Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді, абоненттер туралы қызметтік ақпараттарды жинауды және сақтауды қамтамасыз ету бойынша телекоммуникациялық жабдықтарға қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентінде:

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. ЖІШ өткізу құралдары жүйелік уақытын Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 1 секунд дәлдігімен синхрондауды және барлық жазылатын телефондық сөйлесулер мен хабарламаларға сәйкес уақыт белгілерін беруді қамтамасыз етуі тиіс.";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. АҚА жинау және сақтау құралдары жүйелік уақытын Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 1 секунд дәлдігімен синхрондауды және барлық жазылатын мәліметтерге сәйкес уақыт белгілерін беруді қамтамасыз ету тиіс.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақпарат және киберқауіпсіздік қызметі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы К. Масимов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

      __________________ А. Жұмағалиев

      2020 жылғы "____"_________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция министрі

      __________________ Б. Сұлтанов

      2020 жылғы "____"_________