"Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 546 бұйрығына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 215 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 23 сәуірде № 20467 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 546 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12463 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Автомобиль көлiгi туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 23-9) тармақшасына сәйкес және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау және "Тез бұзылатын тамақ өнімдерін халықаралық тасымалдау және осы тасымалдарға арналған арнайы көлік құралдары туралы келісімге сәйкес берілген куәлік" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 13-бабының 23-9) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген, автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау тәртібін айқындайды, ол мыналарды:

      1) жүктi жеткiзу мерзiмiн;

      2) жүктi автомобильмен тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртiбiн;

      3) тауар-көлiк жүкқұжатын қолдану тәртiбiн;

      4) жүк тиеу және түсiру пункттерiне қойылатын талаптарды;

      5) жүктердi автомобильмен тасымалдауға қабылдау, сондай-ақ жүктi межелi пунктiнде өңдеу, сақтау және беру тәртiбiн;

      6) тез бүлiнетiн жүктi өткiзу тәртiбiн;

      7) құндылығы жарияланған жүктерді тасымалдау тәртiбiн;

      8) жүктi таңбалау тәртiбiн;

      9) жүктi пломбалау тәртiбiн;

      10) актiлер жасау тәртiбiн;

      11) жүктi тасымалдау шарттарын өзгерту және бұзу тәртiбiн;

      12) жүктi ұстап қалу тәртiбiн;

      13) жүктiң жекелеген түрлерiн тасымалдау тәртібін;

      14) халықаралық қатынаста тез бұзылатын жүктерді тасымалдайтын автокөлік құралдарын куәландыру тәртібін;

      15) тез бұзылатын жүктерді тасымалдайтын автокөлік құралдарына қойылатын талаптарды қамтиды.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Жүктерді жеткізу мерзімі";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Жүктердi автомобильмен тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртiбi";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Тауар-көліктік жүкқұжаттамасының қолдану тәртібі";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Жүктерді тиеу және түсіру пункттеріне қойылатын талаптар";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Жүктерді автомобильмен тасымалдауға қабылдау, сондай-ақ қабылдау пунктінде жүктерді өңдеу, сақтау және беру тәртібі";

      7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. Тез бүлінетін жүктерді өткізу тәртібі";

      8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-тарау. Жарияланған құны бар жүктерді тасымалдау тәртібі";

      9-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-тарау. Жүктерді таңбалау тәртібі";

      10-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-тарау. Жүктерді пломбалау тәртібі";

      11-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-тарау. Актілерді жасау тәртібі";

      12-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-тарау. Жүкті тасымалдау шарттарын өзгерту және бұзу тәртібі";

      13-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-тарау. Жүктерді ұстап қалу тәртібі";

      14-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-тарау. Жүктердің жеке түрлерін тасымалдау тәртібі";

      15-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-тарау. "Халықаралық" қатынаста тез бүлінетін жүктерді тасымалдайтын автокөліктік құралдарын куәландыру тәртібі";

      385, 386, 387, 388, 389 және 389-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "385. Сынақ станциялары немесе сараптамалық ұйымдар (сарапшылар) беретін сынақ хаттамаларының оң деректері негізінде уәкілетті орган Тез бұзылатын тамақ өнімдерін халықаралық тасымалдау және осы тасымалдарға арналған арнайы көлік құралдары туралы келісімге берілген Куәлікті ресімдейді және өтініш берушіге сынақ станциялары немесе сараптамалық ұйымдар (сарапшылар) беретін сынақ хаттамаларының оң деректері негізінде береді.

      Куәлікті алу үшін, өтініш беруші уәкілетті органның кеңсесіне немесе www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы келесі құжаттарды жолдайды:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне:

      осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;

      сынақ хаттамасының түпнұсқасы немесе сараптамалық тексеру хаттамасының түпнұсқасы.

      2) порталға:

      осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысаны бойынша өтінім;

      сынақ хаттамасының электрондық көшірмесі немесе сараптамалық тексеру хаттамасының электрондық көшірмесі.

      Портал арқылы құжаттарды жіберген кезде, өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.

      Шет елдердің құзыретті органдары берген Куәлікті Қазақстан Республикасының Куәлігіне ауыстырған кезде өтініш беруші уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Куәлігі осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес өтінімін және ауыстырылатын Куәлікті және ауыстырылатын куәліктің деректері негізінде Қазақстан Республикасының Куәлігі толтырылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызметті көрсету процесінің сипаттамаларын нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзгеде мәліметтерді мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі "Тез бұзылатын тамақ өнімдерін халықаралық тасымалдау және осы тасымалдарға арналған арнайы көлік құралдары туралы келісімге сәйкес берілген куәлік" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының нысанында 1-1-қосымшаға сәйкес жазылған.

      Портал арқылы осы тармақта көрсетілген барлық құжаттарды өтініш беруші берген кезде өтініш берушінің "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу уақыты мен күнін көрсетумен сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрінеді.

      386. Осы Қағидалардың 385-тармағында көрсетілген мәліметтер мен құжаттар түскен күні уәкілетті органның кеңсе қызметкері олардың тіркелуін жүзеге асырады және онымен жауапты қызметкер тағайындалатын уәкілетті органның басшысына жолдайды.

      Құжаттарды қарау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру мерзімі 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.

      Уәкілетті органның жауапты орындаушысы құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде олардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда уәкілетті орган өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.

      Уәкілетті органның басшысы қол қойған жазбаша дәлелді бас тарту уәкілетті органның кеңсесі немесе портал арқылы басшының электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған қағаз немесе электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, көлік құралын тіркеу туралы куәлік туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      387. Өтініш беруші құжаттардың толық пакетін ұсынған жағдайда уәкілетті органның жауапты орындаушысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды және куәлікті немесе осы Қағидалардың 388-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі уәкілетті органның кеңсесі немесе портал арқылы басшының электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған қағаз немесе электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      388. Белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болып:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың белгіленген талаптарына сай келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мемлекеттік қызметті алумен байланысты арнайы құқықтан айырылған көрсетілетін қызметті алушы соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы.

      Куәлік алған өтініш берушілер көлік құралының ТБТҚ талаптарына сәйкестігі туралы тақтайша-куәлікті көлік құралына орната алады. Тақтайша-куәліктің нысаны, жазылуы және орналасқан орны ТБТҚ талаптарына сәйкес болуы тиіс.

      ТБТҚ Уағдаласушы тараптар болып табылатын шет елдердің құзыретті органдары берген куәліктер уақытша болып табылады және Қазақстан Республикасында көлік құралын мемлекеттік тіркегеннен кейін үш айдың ішінде уәкілетті орган берген Куәлікпен ауыстырылуы тиіс.

      Куәлікті ауыстыру кезінде қажетті құжаттар тізбесі осы Қағидалардың 385-тармағында белгіленген.

      Тез бүлінетін жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарында пайдаланылатын және ТБТҚ талаптарына сәйкес келетін, уәкілетті орган берген Куәлікті алған көлік құралдарына ТБТҚ талаптарына сәйкес танудың әріптік белгілері мен жазулары түсіріледі.

      389. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметті көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.

      389-1. Көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметі берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарастырылуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы сотқа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүгіне алады.";

      осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда 1-1-қосымшамен толықтырылсын;

      16-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Мыналардың:

      1) "Тез бұзылатын тамақ өнімдерін халықаралық тасымалдау және осы тасымалдарға арналған арнайы көлік құралдары туралы келісімге сәйкес берілген куәлік" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 27 қыркүйектегі № 651 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16015 болып тіркелген, 2017 жылғы 27 қарашада Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған);

      2) "Тез бұзылатын тамақ өнімдерін халықаралық тасымалдау және осы тасымалдарға арналған арнайы көлік құралдары туралы келісімге сәйкес берілген куәлік" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 54 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16370 болып тіркелген, 2018 жылғы 16 ақпанда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Индустрия және
инфрақұрылымдық даму министрі
Б. Атамкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 21 сәуірдегі
№ 215 бұйрығына
1-қосымша
  Автомобиль көлігімен жүктерді
тасымалдау қағидаларына
1-1-қосымша

"Тез бұзылатын тамақ өнімдерін халықаралық тасымалдау және осы тасымалдарға арналған арнайы көлік құралдары туралы келісімге сәйкес берілген куәлік" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.egov.kz, www.elincense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы

3.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

5 жұмыс күні.

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

электрондық және (немесе) қағаз түрде.

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Тез бұзылатын тамақ өнімдерін халықаралық тасымалдау және осы тасымалдарға арналған арнайы көлік құралдары туралы келісімге сәйкес берілген куәлік немесе мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына осы қосымшаның 10-тармағымен көзделген жағдайда және негіз бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.
Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш берген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетке" нәтижені алу үшін және орнын көрсете отырып хабарлама жіберіледі.

6.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
2) порталдың – тәулік бойы жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс күндері және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мереке күндері жүгінген жағдайда өтініштерді қабылдау мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары www.mid.gov.kz ("Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" кіші бөлімінде) Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған.

8.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) көрсетілетін қызметті берушіге:
осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;
сынақ хаттамасының түпнұсқасы немесе сараптамалық тексеру хаттамасының түпнұсқасы.
2) порталға:
осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысаны бойынша өтінім;
сынақ хаттамасының электрондық көшірмесі немесе сараптамалық тексеру хаттамасының электрондық көшірмесі.

9.

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың белгіленген талаптарына сай келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мемлекеттік қызметті алумен байланысты арнайы құқықтан айырылған көрсетілетін қызметті алушы соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі болады.
Көрсетілетін қызметті алушы порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің дұрыстығын www.egov.kz порталда тексеруге болады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 75-47-65, Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 21 сәуірдегі
№ 215 бұйрығына
2-қосымша
  Автомобиль көлігімен жүктерді
тасымалдау қағидаларына
16-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрлігі
____________________________
____________________________

Тез бүлінетін тамақ өнімдерін халықаралық тасымалдау және осы тасымалға пайдаланылатын арнаулы көлік құралдары туралы келісімге (ТБТҚ) сәйкес берілетін, көлік құралдарының ТБТҚ талаптарына сәйкестігі туралы куәлікті ресімдеуге және беруге ӨТІНІМ

      1. _______________________________________________________________

      (өтінім берушінің атауы)

      атынан____________________________________________________________

      (басшының Т.А.Ә., лауазымы) көлік құралының "Тез бүлінетін тамақ өнімдерін

      халықаралық тасымалдау және осы тасымалға пайдаланылатын арнаулы көлік

      құралдары туралы келісімнің (ТБТҚ)" талаптарына сәйкестігі туралы куәлікті

      ____________________________________________________________________

      тиесілі немесе (кімге)

      ____________________________________________________________________

      пайдаланатын (кім)

      ____________________________________________________________________

      ұсынған (кім)

      ____________________________________________________________________

      (жүк автомобилі, тіркеме, жартылай тіркеме, контейнер және тағы сол сияқты,

      тіркеу белгісі, серия және көлік құралын тіркеу туралы куәлік нөмірі) беруді өтінеді.

      2. Өтінім берушінің деректемелері:

      2.1. Заңды мекенжайы: (жеке кәсіпкердің тұрғылықты мекенжайы)

      ____________________________________________________________________

      Телефоны/факс

      ____________________________________________________________________

      Ұйым басшысы

      ____________________________________________________________________

      (қолы) (Т.А.Ә.)