"Жеңіл және аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 19 шілдедегі № 483 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 207 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 22 сәуірде № 20445 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жеңіл және аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 19 шілдедегі № 483 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15633 тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 26 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-23) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеңіл және аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жеңіл және аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – заң) 14-бабы 1-тармағының 41-23) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының (бұдан әрі-Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жеңіл және аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау және аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру" мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін белгілейді;

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Уәкілетті ұйым Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 367 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12038 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкес келмеген жағдайларда ұшуға жарамдылық сертификатының (бұдан әрі – Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы нормалары) қолданылуын тоқтатады.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын алу үшін өтініш беруші (пайдаланушы) уәкілетті ұйымға www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді және осы Қағидаларға 7-1-қосымшаға сәйкес "Аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру жөніндегі Стандарт) көзделген тізбе бойынша құжаттар топтамасын жолдайды.";

      мынадай мазмұндағы 19-1, 19-2, 19-3, 19-4, 19-5 және 19-6-тармақтармен толықтырылсын:

      "19-1. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру жөніндегі стандартта келтірілген.

      19-2. Портал арқылы жүгінген жағдайда өтініш берушінің "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

      19-3. Өтініш беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі өтінішті тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      19-4. Уәкілетті ұйым құжаттарды келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, пайдаланушының сертификаты туралы, азаматтық әуе кемесінің үлгі сертификаты туралы, авиациялық жұмыстарды орындауға құқық беру куәлік туралы ұшуларды орындау құқығына арналған куәлік туралы мәліметтерді уәкілетті ұйым "электронды үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      19-5. Өтінімді қарау мерзімі және аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру 15 ( он бес) жұмыс күнін құрайды.

      Ұсынылған құжаттарды қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған жағдайда қарау мерзімі 10 (он) жұмыс күніне дейін ұзартылады, бұл туралы қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтініш берушінің порталдағы "жеке кабинетіне" хабарлама жіберіледі.

      Алдыңғы қағаз нысанда берілген аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын электрондық форматқа ауыстыру мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.

      19-6. Өтініш беруші Аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру жөніндегі стандартта көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда уәкілетті ұйым өтінімді қабылдаудан бас тартады.

      Өтініш беруші аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру жөніндегі Стандартта көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, уәкілетті ұйым құжаттардың Заңның талаптарына және ИКАО авиациялық стандарттарына сәйкестігін тексергеннен кейін тартылған коммерциялық емес ұйымдарға беріледі.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Уәкілетті ұйым техникалық комиссия берген оң Бағалау актісінің негізінде осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын, не теріс Бағалау актісі болған жағдайда, аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру жөніндегі Стандартта көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі уәкілетті ұйымның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің порталдағы "жеке кабинетіне" жіберіледі.";

      26-тармақ алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 28-1 тармақпен толықтырылсын:

      "28-1. Уәкілетті ұйым мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне "Аса жеңіл авиация әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын беру" мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) бекітілген мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметтер көрсету сатысы туралы деректерді енгізу Қағидаларына сәйкес қамтамасыз етеді (бұдан әрі – деректерді АЖ-ға енгізу Қағидасы).";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігіне арналған куәлікті алу үшін өтініш беруші (пайдаланушы) уәкілетті ұйымға портал арқылы осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық әуе кемесінің данасын сертификаттауға өтінімді және осы Қағидаларға 9-1-қосымшаға сәйкес "азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестік куәлігін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – сәйкестік куәлігін беру жөніндегі Стандарт) көзделген тізбе бойынша құжаттар топтамасын жолдайды.

      Жалпы техникалық талаптар жеңіл және аса жеңіл авиацияның ең ауыр ұшып көтерілу салмағы 2250 кг аспайтын АӘКД (ұшақтар мен тікұшақтар, моторлы планерлер, автожирлер, аэростаттық әуе кемелері) қолданылады.

      мынадай мазмұндағы 29-1, 29-2, 29-3, 29-4 және 29-5 тармақтармен толықтырылсын:

      "29-1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі сәйкестік куәлігін беру жөніндегі Стандартта келтірілген.

      29-2. Портал арқылы жүгінген жағдайда өтініш берушінің "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

      29-3. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі өтінішті тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      29-4. Өтінімді қарау мерзімі және азаматтық әуе кемесі данасының ҰЖН-ға сәйкестігі куәлігін беру 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.

      Ұсынылған құжаттарды қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған жағдайда қарау мерзімі 10 (он) жұмыс күніне дейін ұзартылады, бұл туралы қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтініш берушінің порталдағы "жеке кабинетіне" хабарлама жіберіледі.

      29-5. Уәкілетті ұйым құжаттарды келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, пайдаланушының сертификаты, азаматтық әуе кемесінің үлгі сертификаты туралы, авиациялық жұмыстарды орындау құқығына куәлік, ұшуды орындау құқығына куәлік туралы мәліметтер, азаматтық әуе кемесі данасының ҰЖН-ға сәйкестігін куәландыру үшін алымның бюджетке төленгенін растауды уәкілетті ұйым тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Өтініш беруші осы Стандартта көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда уәкілетті ұйым өтінімді қабылдаудан бас тартады.

      Өтініш беруші сәйкестік куәлігін беру жөніндегі Стандартта көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, уәкілетті ұйым құжаттардың Заңның талаптарына және ИКАО авиациялық стандарттарына сәйкестігін тексергеннен кейін тартылған коммерциялық емес ұйымдарға береді.";

      33 және 34-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Азаматтық әуе кемесі данасының техникалық жай-күйін бағалау және ұшуға жарамдылығын айқындау актісінің оң қорытындысы негізінде уәкілетті ұйым осы Қағидаға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігі куәлігін ресімдейді немесе азаматтық әуе кемесі данасының техникалық жай-күйін бағалау және ұшуға жарамдылығын айқындау актісі теріс болған жағдайда сәйкестік куәлігін беру жөніндегі Стандартта көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі уәкілетті ұйымның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі.";

      "34. Сертификаттық тексеру кезінде сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, өтініш беруші уәкілетті ұйымның бекітуі үшін ескертулерді жою күні мен жауапты тұлғаларды көрсете отырып, түзету іс-қимылдарының жоспарын жасайды.

      Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым түзету іс-қимылдарының жоспарын бекіткен сәттен бастап сертификаттау мерзімінің өтуі анықталған сәйкессіздіктер жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.";

      мынадай мазмұндағы 39-1-тармақпен толықтырылсын:

      "39-1. Уәкілетті ұйым мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне "Азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігі куәлігін беру" мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді деректерді АЖ-ға енгізу Қағидасына сәйкес қамтамасыз етеді.";

      мынадай мазмұндағы 5-тараумен толықтырылсын:

      "5-тарау. "Аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру" және "Азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігіне куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша уәкілетті ұйымның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі"

      "40. Уәкілетті ұйым қызметкерлерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым уәкілетті ұйым, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган басшысының атына берілуі мүмкін.

      Өтініш берушінің мына мекенжайларға келіп түскен шағымы:

      мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті ұйым оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады;

      азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның қызметкері оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      41. Уәкілетті ұйымның, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес шағымды қарау мерзімі қажет болған жағдайларда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы жазбаша түрде (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық нысанда берілген кезде) хабарлайды.

      Уәкілетті ұйым шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда өтініш беруші нәтижелерге сот тәртібімен шағымдана алады.";

      осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес 7-1-қосымшамен толықтырылсын;

      9-қосымша осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;

      осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес 9-1-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Индустрия және
инфрақұрылымдық даму министрі
Б. Атамкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2020 жылғы 15 сәуірдегі
№ 207 бұйрығына
1-қосымша
  Жеңіл және аса жеңіл авиация
саласындағы сертификаттау
қағидаларына
7-1-қосымша

"Аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру" мемлекеттік қызметінің стандарты

1

Қызмет көрсетушінің атауы

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Портал арқылы

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

15 (он бес) жұмыс күні.
Ұсынылған құжаттарды қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған жағдайда қарау мерзімі 10 (он) жұмыс күніне дейін ұзартылады.
Алдыңғы қағаз нысанда берілген аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын электрондық форматқа ауыстыру мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі

Аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру, алдыңғы қағаз нысанда берілген аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын электрондық форматқа ауыстыру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

8

Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын алу үшін:
1) өтініш
2) аса жеңіл авиация әуе кемесі куәлігінің немесе үлгі сертификатының электрондық көшірмесі;
бұрын қағаз нысанда берілген аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын электрондық форматқа ауыстыру үшін:
сертификаттың бүлінуі мен жоғалуы (ұрлануы) фактісі сипатталған еркін нысандағы өтініш.

9

Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына, Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар.

10

Мемлекеттік қызметтерді көрсету,
оның ішінде электронды нысанда көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған:
Министрлік – www.miid.gov.kz "Азаматтық авиация комитеті" бөлімі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі";
Өтініш берушінің мыналарды алуға мүмкіндігі бар:
ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсету;
порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777.

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2020 жылғы 15 сәуірдегі
№ 207 бұйрығына
2-қосымша
  Жеңіл және аса жеңіл авиация
саласындағы сертификаттау
қағидаларына
9-қосымша

Азаматтық әуе кемесінің данасына сертификаттау өтінімі

      Ол ______________________________________________________________ тиесілі

                  (азаматтық әуе кемесін пайдаланушысының иесі)

      ______________________________________________________________________

      (азаматтық әуе кемесін пайдаланушысының атауы)

      азаматтық әуе кемесінің данасына сертификаттау жүргізуді сұраймын.

      Мекенжайы және телефоны ______________________________________________

      Әуе кемесі туралы негізгі мәліметтерді хабарлаймын:

      Әуе кемесінің түрі _______________________________________________________

      (ұшақ, тікұшақ, планер, аэростатикалық әуе кемесі және т.б.)

      Пайдаланылған конструкторлық құжаттама _________________________________

      (жеке жоба, прототипі бар, дайын КҚ, қалпына келтірілген ӘК және т.б.)

      Мына жағдайларда жасалған _____________________________________________

                              (жеке, техникалық клубта, зауытта және т.б.)

      Азаматтық әуе кемесі данасының мақсаты__________________________________

      Пайдаланудың күтілетін шарттары_________________________________________

      Мен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынылған

      мәліметтердің дәйектілігіне жауап беремін.

      Әуе кемесінің фактілері үшін сараптамасы мәлімделген, оған қойылатын талаптарға

      сәйкес еместігін куәландыратындығы маған белгілі емес.

      Өтініш беруші ______________ /______________________________________/

      қолы                   Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Мөр орны (болған жағдайда)

      20___ ж. "___" ___________

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2020 жылғы 15 сәуірдегі
№ 207 бұйрығына
3-қосымша
  Жеңіл және аса жеңіл авиация
саласындағы сертификаттау
қағидаларына
9-1-қосымша

"Азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігіне куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Қызмет көрсетушінің атауы

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

портал арқылы.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

15 (он бес) жұмыс күні.
Ұсынылған құжаттарды қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған жағдайда қарау мерзімі 10 (он) жұмыс күніне дейін ұзартылады.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі

Аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Заңды және жеке тұлғаларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы түрде көрсетіледі.
Алым төлемі "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тәртіппен және мөлшерлерде жүзеге асырылады.
Азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігін куәландыру үшін алым мөлшерлемелері:
1) ұшақ үшін–алым төленетін күні қолданыстағы 10 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК);
2) тікұшақ үшін–алым төленетін күні қолданыстағы 20 АЕК;
3) басқа ұшу аппараттары үшін–алым төленетін күні қолданыстағы 5 АЕК.
Алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол емес нысанда, сондай-ақ "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы қолма-қол емес нысанда жүзеге асырылады.

7

Жұмыс кестесі

портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

8

Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі

1) Азаматтық әуе кемесінің данасын сертификаттауға өтінім;
2) азаматтық әуе кемесі данасының сертификатын беру үшін алым төленгенін растайтын электрондық мәліметтер;
3) әуе кемесі данасының пайдалану құжаттамасының электрондық көшірмесі;
4) әуе кемесі данасының қысқаша техникалық сипаттамасын, жүйелердің принциптік схемаларын, негізгі сипаттамаларын, сондай-ақ диапазонында әуе кемесінің данасы сертификатталатын пайдаланудың күтілетін шарттары мен шектеулерін қамтуға тиіс ерекшелігінің электрондық көшірмесі;
5) үш проекциялы әуе кемесі түрлерінің электрондық көшірмесі немесе әр түрлі ракурстардағы цифрлық фотосуреттер: алдыңғы, бүйір, артқы жағынан;
6) әуе кемесін немесе құрастыру жиынтығын, қозғалтқышты, винтті, агрегаттарды және жинақтаушы бұйымдарды сатып алудың заңдылығын растайтын бастапқы төлем құжаттарының электрондық көшірмелері.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына, Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар.

10

Мемлекеттік қызметтерді көрсету ерекшеліктерін ескере отырып,
Электронды нысан мен Мемлекеттік корпорация арқылы қоса алғанда басқа да талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған:
Министрлік – www.miid.gov.kz "Азаматтық авиация комитеті" бөлімінің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі";
Көрсетілетін қызметті алушының алуға мүмкіндігі бар:
ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсету;
порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777.