"Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі және Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің кейб

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 151/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 21 сәуірде № 20442 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Қоса беріліп отырған "Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру қағидалары" бекітілсін.

      2. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі және Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің кейбір күші жойылған бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті:

      1) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
А. Жумагалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2020 жылғы 20 сәуірдегі
№ 151/НҚ бұйрығына
1- қосымша

"Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсетілету қағидалары "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.

2-тарау. Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру тәртібі

      2. Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитетіне (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) "электрондық үкімет" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 8-тармағына сәйкес құжаттарды жолдайды.

      Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі Стандартта жазылған.

      4. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруішінің қызметкері) орындауға береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және көрсетілетін мемелкеттік қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады

      Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттарды тіркеген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенін растайтын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтініштерді одан әрі қараудан бас тартуды көрсетілетін қызметті берушінің басшысының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған (бұдан әрі - ЭЦҚ) электрондық құжат нысанында әзірлейді және көрсетілетін қызметті алушыға порталдың жеке кабинетіне жібереді.

      5. Стандарттың 8-тармағында көрсетілген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын ұсынады. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері үш жұмыс күні ішінде "Өтініш берушінің байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі жұмысты жүзеге асыруға сәйкестігін растайтын біліктілік талаптарын және құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 21 бұйрығымен бекітілген біліктілік талаптарына (бұдан әрі - біліктілік талаптары) сәйкестігін растайтын құжаттарды қарастырады. Біліктілік талаптарына сәйкестігі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері көрсетілген мерзімде лицензияны және (немесе) оған қосымшаны әзірлейді, талаптарға сәйкес болмаған жағдайда және Стандарттың 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанында әзірлейді және өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      6. Бөліп шығару және бөлу нысандарында қайта ұйымдастырылу жағдайларында лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеу үшін Стандарттың 8-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері үш жұмыс күні ішінде құжаттардың талаптарға сәйкестігін қарастырады, талаптарға сәйкестігі расталған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілген мерзімде лицензияны қайта ресімдейді, талаптарға сәйкес болмаған жағдайда және Стандарттың 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша бас тартуды көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанында әзірлейді және көрсетілетін қызметті алушыға порталдың жеке кабинетіне жібереді.

      Бөліп шығару және бөлу нысандарында қайта ұйымдастырылу жағдайларынан басқа, лицензияны қайта рәсімдеу үшін жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері талаптарға сәйкестігін растауды тексермейді және бір жұмыс күні ішінде Лицензияны қайта ресімдейді.

      7. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу мынадай:

      1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгерген;

      2) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы өзгерген;

      3) заңды тұлға-лицензиат бірігу, қайта құру, заңды тұлға-лицензиатты басқа заңды тұлғамен қосылу, бөліп шығару және бөлу нысандарында қайта ұйымдастырылған;

      4) заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген (лицензияда мекенжай көрсетілген жағдайда);

      5) қызмет түрінің және (немесе) кіші түрінің атауы өзгерген жағдайларда жүзеге асырылады.

      Егер дара кәсіпкер-лицензиаттың заңды мекенжайының, заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жері мекенжайының өзгеруі "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес елді мекендердің атауларын, көшелердің атауларын өзгертумен байланысты болса, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінің 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда жүзеге асырылмайды.

      Лицензияларға қосымшаларда көрсетілген лицензиаттар мен объектілер мекенжайларының бұндай өзгерулері мемлекеттік ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы жүзеге асырылады.

      8. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      Мемлекеттік қызметті рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілген кезде, оны көрсетудің сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.

      9. Берілген рұқсаттарды тіркеу және есепке алу автоматты режимде рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде жүргізіледі.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасында сәйкес, көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, жоғары тұрған мемлекеттік органға және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүкін.

      Мемлекеттік қызметтерді берушінің атына және жоғары тұрған мемлекеттік органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  "Байланыс саласындағы
қызметтерді көрсетуге лицензия
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
1-қосымша

"Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызмет беруші атауы

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары)

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру "электронды үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал): www.egov.kz, www.elicense.kz арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны 5 (бес) жұмыс күні ішінде беріледі:
құжаттардың толықтығын тексеру - 2 (екі) жұмыс күні;
біліктілік талаптарға сәйкестігін тексеру және әзірлеу - 3 (үш) жұмыс күні.
лицензиялау кезіндегі ұсынылатын біліктілік талаптарға сәйкестігін растаған жағдайда заңды тұлға-лицензиатты қайта құру кезінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу 5 (бес) жұмыс күні:
құжаттардың толықтығын тексеру - 2 (екі) жұмыс күні;
біліктілік талаптарға сәйкестігін тексеру және қайта рәсімдеу - 3 (үш) жұмыс күні.
лицензиялау кезіндегі ұсынылатын біліктілік талаптарға сәйкестігін растау қажет болмаған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу 3 (үш) жұмыс күн:
лицензиялау кезіндегі ұсынылатын біліктілік талаптарға сәйкестігін растаған жағдайда:
құжаттардың толықтығын тексеру - 2 (екі) жұмыс күні;
қайта рәсімдеу - 1 (бір) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық түрде (толық автоматтанырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Осы Қағидалардың 2 және 3-қосымшаларына сәйкес лицензия және (немесе) лицензияға қосымша немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нысаны - электронды түрде

6

Төлемақы мөлшері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) кодексіне сәйкес ақылы негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленеді:
1) аталған қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия берген кездегі лицензиялық алым 6 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі - АЕК) құрайды;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды, бірақ 4 АЕК көп емес;
3) лицензия телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 %-ын құрайды.
Төлем қолма-қол және қолма-қол емес нысандарда екінші деңгейлі банктер мен "электронды үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

7

Жұмыс графигі

1) Порталдың жұмыс кестесі - техникалық жұмыстарды жүргізумен байланысты үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады) тәулік бойы;
2) Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесі бойынша демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат, 09.00-ден, 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) www.gov.egov.kz/memleket/entities/mdai, - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігінің интернет-ресурсы;
2) порталда орналастырылған.

8

Құжаттардың тізбесі

1) Лицензияны алу үшін:
осы Қағидалардың 4 және 5-қосымшаларына сәйкес өтініш;
жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын ақпарат;
қызметтің кіші түріне байланысты өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар;
2) Қызмет түрі аясында лицензия алынған лицензияға қосымша алу үшін:
осы Қағидалардың 4 және 5-қосымшаларына сәйкес өтініш;
қызметтің кіші түріне байланысты өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар;
3) лицензияны қайта ресімдеу
үшін мыналар ұсынылады:
осы Қағидалардың 6 және 7-қосымшаларына сәйкес өтініш;
төлем ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі түріндегі құжат;
4) лицензиялау кезіндегі ұсынылатын біліктілік талаптарға сәйкестігін растаған жағдайда заңды тұлға-лицензиатты қайта құру кезінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеген кезде:
осы Қағидалардың 6 және 7-қосымшаларына сәйкес өтініш;
жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын ақпарат;
қызметтің кіші түріне байланысты өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар.

9

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді

1) өтініш беруші лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайда;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған жағдайда;
3) лицензиялық алым енгізілмеуі
4) өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
5) өтініш берушіге қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімі) болуы.
Өтінімді қабылдаудан бас тарту өтінім берушіні қажетті ескертулерді түзеткеннен кейін қайта өтінім беру құқығынан айырмайды.

10

Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескергендегі өзге де талаптар

1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ-сы болса портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
2. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.gov.egov.kz/memleket/entities/mdi интернет-ресурсында көрсетілген, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777.

  "Байланыс саласындағы
қызметтерді көрсетуге лицензия
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Елтаңба Лицензия

      20 ____ жылғы "___" ____________                                    № ____________

      ________________________________________________________________________________

      ("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лицензияланатын қызмет түрінің атауы)

      ______________________________________________________________________ айналысуға

      _________________________________________________________________________ берілді

      (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы,

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда

      - шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке

      тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Ерекше шарттары __________________________________________________________

      ("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан

      Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес)

      Ескерту: __________________________________________________________________

      (иеліктен шығарылатындығы, рұқсаттың класы)

      Лицензиар ________________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      Басшы (уәкiлеттi тұлға) _____________________________________________________

      (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Алғашқы берілген күні: "___" _________ _________ ж.

      Лицензияның қолданылу кезеңі: "___" _________ _________ ж.

      Берілген орны _____________________________________________________________

  "Байланыс саласындағы
қызметтерді көрсетуге лицензия
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Лицензияға қосымша

      Лицензияның нөмірі ____________

      Лицензияның берілген күні 20 __ жылғы "____" _____________

      Лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі(лері) _________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес

      лицензияланатын қызметтің кіші түрінің атауы)

      Лицензиат ________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы,

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда

      - шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке

      тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Өндiрiстік база _____________________________________________________________

      (орналасқан жерi)

      Лицензияның қолданылуының ерекше шарттары ________________________________

      ("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес)

      Ескертпе: _________________________________________________________________

      (иеліктен шығарылатындығы, рұқсат сыныбы)

      Лицензиар ________________________________________________________________

      (лицензияға қосымшаны берген органның толық атауы)

      Басшы (уәкiлеттi тұлға) _____________________________________________________

      (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Бастапқы берілген күні 20___ ж. "____" ____________

      Лицензияның қолданыс мерзiмi 20___ ж. "____" ____________

      Берілген орны ______________________________________

      Лицензияға қосымша

      Лицензияның нөмірі _________________

      Лицензияның берілген күні 20___ ж. "____" __________

  "Байланыс саласындағы
қызметтерді көрсетуге лицензия
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға берілетін қосымшаны алуға өтiнiші

      ________________________________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)

      ________________________________________________________________________________

      (қызметтiң түрi және (немесе) қызметтiң кіші түрінің (-лері) толық атауы көрсетiлсiн)

      сұраймын.

      Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы

      ________________________________________________________________________________

      (пошталық индекс, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)

      Электрондық пошта ________________________________________________________

      Телефондары ______________________________________________________________

      Банк шоты ________________________________________________________________

      (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы

      ________________________________________________________________________________

      (пошталық индекс, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат

      (стационарлық үй-жайр) нөмірі)

      ______ парақта қоса беріліп отыр.

      Осы арқылы:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және

      оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту

      мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен

      айналысуға сот тыйым салмағаны;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып

      табылатындығы расталады;

      өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде

      ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі

      шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;

      Жеке тұлға ________________________________________________________________

      (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Толтыру күні: 20 ___ жылғы "___"_________

  "Байланыс саласындағы
қызметтерді көрсетуге лицензия
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
5-қосымша

Заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға берілетін қосымшаны алуға өтiнiші

      ________________________________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы,

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда

      - шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      ________________________________________________________________________________

      (қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық атауы көрсетiлсiн)

      ________________________________________________________________________________

      ______________________________ жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға

      қосымшаны беруді сұраймын.

      Заңды тұлғаның мекенжайы

      ________________________________________________________________________________

      (шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді

      мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      Электрондық пошта ________________________________________________________

      Телефондары ______________________________________________________________

      Факс _____________________________________________________________________

      Банк шоты ________________________________________________________________

      (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы

      ________________________________________________________________________________

      (пошталық индекс, ел, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат

      (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      ______ парақта қоса беріліп отыр.

      Осы арқылы:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және

      оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту

      мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен

      айналысуға сот тыйым салмайтыны;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып

      табылатындығы расталады.

      Өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде

      ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі

      шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.

      Басшы ____________________________________________________________________

      (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Толтыру күні: 20__ жылғы "__" __________

  "Байланыс саласындағы
қызметтерді көрсетуге лицензия
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

Заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге өтiнiші

      ________________________________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы,

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда

      - шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      __________________________________________________________________ жүзеге асыруға

      (қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық атауы)

      20___ жылғы "__" ___________ № ___________, ______________ берілген,

      (лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері), берілген

      күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) берген лицензиардың атауы)

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (керектің асты сызылсын) қағаз тасығышта

      ___ (лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) мынадай

      негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):

      1) заңды тұлға-лицензиат "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан

      Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес (тиісті жолға Х қою қажет):

      бірігу ___________

      қайта құру ______

      қосылу _________

      бөліп шығару ____

      бөліну __________ жолымен қайта ұйымдастырылуы

      2) заңды тұлға-лицензиат атауының өзгеруі ____

      3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруі ____

      4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы "Рұқсаттар және хабарламалар

      туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиат

      үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы

      бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы ____

      5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензия үшін немесе

      лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның

      орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда ____

      7) қызмет түрінің атауы өзгеруі ____

      8) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі _____ қайта ресімдеуіңізді сұраймын.

      Заңды тұлғаның мекенжайы

      ________________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда -

      шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      Электрондық пошта ________________________________________________________

      Телефондары ______________________________________________________________

      Факс _____________________________________________________________________

      Банк шоты ________________________________________________________________

      (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы

      ________________________________________________________________________________

      (шетелдік заңды тұлға үшін-елі, пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді

      мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      ______ парақта қоса беріліп отыр.

      Осы арқылы:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және

      оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту

      мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен

      айналысуға сот тыйым салмайтыны;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып

      табылатындығы расталады;

      өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде

      ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі

      шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;

      Басшы ____________________________________________________________________

      (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Толтыру күні: 20__ жылғы "__" __________

  "Байланыс саласындағы
қызметтерді көрсетуге лицензия
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
7-қосымша
  Нысан

Заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге өтiнiші

      ________________________________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы,

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда

      - шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      __________________________________________________________________ жүзеге асыруға

      (қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық атауы)

      20___ жылғы "__" ___________ № ___________, ______________ берілген,

      (лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері), берілген

      күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) берген лицензиардың атауы)

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (керектің асты сызылсын) қағаз тасығышта

      ___ (лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) мынадай

      негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):

      1) заңды тұлға-лицензиат "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан

      Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес (тиісті жолға Х қою қажет):

      бірігу ___________

      қайта құру ______

      қосылу _________

      бөліп шығару ____

      бөліну __________ жолымен қайта ұйымдастырылуы

      2) заңды тұлға-лицензиат атауының өзгеруі ____

      3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруі ____

      4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы "Рұқсаттар және хабарламалар

      туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиат

      үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы

      бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы ____

      5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензия үшін немесе

      лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның

      орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда ____

      7) қызмет түрінің атауы өзгеруі ____

      8) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі _____ қайта ресімдеуіңізді сұраймын.

      Заңды тұлғаның мекенжайы

      ________________________________________________________________________________

      (шетелдік заңды тұлға үшін ел, пошталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше

      атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      Электрондық пошта ________________________________________________________

      Телефондары ______________________________________________________________

      Факс _____________________________________________________________________

      Банк шоты ________________________________________________________________

      (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы

      ________________________________________________________________________________

      (шетелдік заңды тұлға үшін-елі, пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді

      мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      ______ парақта қоса беріліп отыр.

      Осы арқылы расталады:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және

      оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту

      мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен

      айналысуға сот тыйым салмайтыны;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып

      табылатындығы расталады;

      өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде

      ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі

      шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;

      Басшы ____________________________________________________________________

      (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Толтыру күні: 20__ жылғы "__" __________

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2020 жылғы 20 сәуірдегі
№ 151/НҚ бұйрығына
2- қосымша

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі және Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің кейбір күші жойылған бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Байланыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 549 бұйрығының 1-тармағының 1) тармақшасы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18078 болып тіркелген, 2019 жылғы 8 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      2. "Байланыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 644 бұйрығының" 1-тармағының 1) тармақшасы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11590 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. "Байланыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 644 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 12 ақпандағы № 182 бұйрығының 1-тармағының екінші, үшінші, төртінші абзацы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13465 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 31 наурызда жарияланған).