"Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 395 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 21 сәуірде № 20437 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6314 болып тіркелген, 2010 жылғы 17 тамызда "Егемен Қазақстан" № 332-333 (26176) газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Шоттар жоспары";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Шоттар жоспарының бөлімдері";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. 1 "Қысқа мерзімді активтер" бөлімінің шоттары";

      9-тармақтың екінші бөлігінде:

      жиырма төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1261 – "Есеп беретін сомалар бойынша қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі", мұнда есеп беретін тұлғалармен оларға іссапар шығыстарына берілетін сомамен, сондай-ақ қолма-қол ақшасыз жолмен жүргізілуі мүмкін емес шығыстарды төлеу үшін берілген есеп айырысулар есепке алынады;";

      жиырма алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1263 – "Өзге де есеп беретін тұлғалардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі", "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабы 12-тармағының 20-тармақшасына және "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 3-тармақшасына сәйкес іссапар шығыстарын берумен байланысты операциялар есепке алынады;";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. 2 "Ұзақ мерзімді активтер" бөлімінің шоттары";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. 3 "Қысқа мерзімді міндеттемелер" бөлімінің шоттары";

      7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. 4 "Ұзақ мерзімді міндеттемелер" бөлімінің шоттары";

      8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-тарау. 5 "Таза активтер/капитал" бөлімінің шоттары";

      9-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-тарау. 6 "Кірістер" бөлімінің шоттары";

      10-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-тарау. 7 "Шығыстар" бөлімінің шоттары";

      11-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-тарау. 8 "Өндіріске және басқа мақсаттарға арналған шығындар" бөлімінің шоттары";

      12-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-тарау. 9 "Баланстан тыс шоттар" бөлімінің шоттары";

      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. Баланстан тысқары шоттарда мемлекеттік мекемелерде уақытша орналасқан және оған жатпайтын құндылықтар есепке алынады. Баланстан тыс шоттарда есепке алынған активтер баланста есепке алынған ұқсас активтер үшін белгіленген тәртіпте және белгілі бір мерзімде түгенделеді.

      Көрсетілген активтер есебін жүргізу үшін келісі баланстан тыс шоттар қолданылады:

      01 – "Жалға алынған активтер" шоты. Бұл шотта келісім-шарт бойынша бөгде ұйымнан ағымдағы жалға беру-алу үшін келісім-шартта көрсетілген құн бойынша қабылданған активтер есепке алынады;

      02 – "Жауаптылықпен сақтауға қабылданған немесе орталықтандырылған жабдықтау бойынша төленген қорлар" шоты. Бұл шотта шарттар бойынша ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстарды орындау үшін алынған арнаулы жабдықтарды қоса алғанда, мемлекеттік мекеме жауаптылықпен сақтауға қабылдаған қорлар, сондай-ақ орталықтандырылған жабдықтау бойынша төленген қорлар есепке алынады;

      03 – "Қатаң есептілік бланкілері" шоты. Бұл шотта сақтаудағы және есепке берілетін қатаң есептілік бланкілері (мемлекеттік мекемелердің фирмалық бланкілері, тамақтануға төленген талондар, демалыс үйлеріне, шипажайлар мен түристік базаларға төленген жолдамалар, пошталық маркалар мен мемлекеттік баж маркаларына алынған хабарламалар, еңбек кітапшалары бланкілері) есепке алынады;

      04 – "Төлеуге қабілетсіз дебиторлардың есептен шығарылған берешегі" шоты. Бұл шотта борышкерлердің мүліктік жағдайы өзгерген жағдайда оны өндіріп алу мүмкіндігін бақылау үшін баланстан есептен шығарған, "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағымен белгіленген тәртіппен өндіріп алуға үмітсіз деп танылған сәттен бастап бес жыл ішінде төлем қабілеті жоқ дебиторлардың берешегі есепке алынады. Бұл берешектерді өтеуге алынған сомалар баланстық шотта қайта қалпына келтіріледі және тиісті бюджеттің кірісіне беру бойынша мемлекеттік мекеменің бюджет алдындағы міндеттемесі ретінде танылады;

      05 – "Қайтарылмаған материалдық құндылықтар үшін оқушылар мен студенттердің берешегі" шоты. Бұл шотта оқушылар мен студенттердің талап ету мерзімі ішінде олар қайтармаған киім-кешектері, іш киімдері, құрал-саймандары және басқа да құндылықтары үшін берешегі есепке алынады;

      06 – "Ауыспалы спорт жүлделері мен кубоктары" шоты. Бұл шотта әр мемлекеттік мекемелер белгілеген және олардан алынатын жеңімпаз командаларды марапаттау үшін ауыспалы сыйлықтар, тулар, кубоктар есепке алынады. Сыйлықтар, тулар, кубоктар осы бюджеттік ұйымда тұрған барлық кезеңнің ішінде есепке алынады;

      07 – "Жолдамалар" шоты. Бұл шотта қоғамдық, кәсіподақ және басқа ұйымдардан қайтарусыз алынған жолдамалар есепке алынады. Жолдамалар ақша құжаттарымен бірге кассада сақталуы керек;

      08 – "Әскери техниканың оқулық құралдары". Бұл шотта тирлерде, спорттық оқ ататын алаңдарда, оқу орындарының әскери тәртіп кабинеттерінде орналасқан жабдықтар мен заттардың барлық түрлері есепке алынады;

      09 – "Мәдени мұра активтері" шоты. Бұл шотта тарихи ғимараттар және монументтер, археологиялық қазбалардың орындары, қорықтар және табиғи қорғалатын аумақтар, сонымен қатар мәдени мұра объектісі ретінде танылған құндық бағалауға ұшырамаған өнер туындылары есепке алынады;

      10 – "Мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлік" шоты. Бұл шотта "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағымен көзделген жекелеген негіздер бойынша мемлекеттік мүлік құрамына айналдырылған (түскен) мүлік есепке алынады.";

      13-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-тарау. "Қорытынды ережелер"".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары- Қаржы министрі
А. Смаилов