"Газ желісі ұйымдарын аккредиттеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 153 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 134 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 10 сәуірде № 20362 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2021 жылғы 2 қарашадағы № 333 бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің м.а. 02.11.2021 № 333 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Газ желісі ұйымдарын аккредиттеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 153 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10135 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 наурызда жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Газ және газбен жабдықтау туралы" 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 20) тармақшасына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Газ және газбен жабдықтау туралы" 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 6-бабының 20) тармақшасына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Рұқсаттар туралы заң) 12-бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және газ желісі ұйымдарын аккредиттеуді жүргізу тәртібін айқындайды.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Өтініш беру, өтінішті тіркеу және кері қайтарып алу, куәлікті ресімдеу, беру немесе қайта ресімдеу не куәлікті беруден бас тарту туралы дәлелді жауапты жолдау, Газ желісі ұйымдарының тізілімін (бұдан әрі - Тізілім) жүргізу электрондық нысанда "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - АЖ) арқылы жүзеге асырылады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Газ желісі ұйымдарын аккредиттеуді жүргізу үшін өтініш беруші уәкілетті органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша газ желісі ұйымдарының аккредиттеу туралы куәлігін алуға электрондық нысанда өтінішті (бұдан әрі - өтініш), осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес газ және газбен жабдықтау саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін газ желісі ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптары және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттардың тiзбесіне мәліметтер нысанын (бұдан әрі - мәліметтер нысаны) ұсынады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес "Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.";

      8, 9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Уәкілетті орган құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері (бұдан әрі - құрылымдық бөлімшенің қызметкері) осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеген кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толықтығын тексереді.

      Өтініш беруші құжаттар топтамасын және (немесе) мәліметтерді толық ұсынбаған жағдайда, құрылымдық бөлімшенің қызметкері осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген мерзімде осы Қағидаларға 2-2-қосымшаға сәйкес өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.

      Уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесі басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту портал арқылы электрондық құжат нысанында өтініш берушіге жіберіледі.

      Өтініш беруші құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық топтамасын ұсынған жағдайда, құрылымдық бөлімшенің қызметкері осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі - аумақтық бөлімше) портал арқылы электрондық нысанда рұқсаттық бақылауын жүргізуге сұрау салуды жібереді.

      9. Аумақтық бөлімшенің қызметкері және (немесе) құрылымдық бөлімшенің қызметкері он жұмыс күні ішінде өтініш берушінің рұқсат беру талаптарына сәйкестігін немесе сәйкес еместігін белгілейді, оның нәтижелері бойынша аумақтық бөлімшенің қызметкері және (немесе) құрылымдық бөлімшенің қызметкері және өтініш беруші қол қойған қорытындыны дайындайды.

      Аумақтық бөлімше басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы қорытындысы портал арқылы өтініш берушіге жіберіледі.

      10. Уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде аумақтық бөлімше қызметкерінің және (немесе) құрылымдық бөлімше қызметкерінің қорытындысын қарайды, осы Қағидаларға 2-3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәлікті немесе осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген негіздер бойынша куәлікті беруден дәлелді бас тартуды дайындайды.

      Уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесі басшысының ЭЦҚ қойылған куәлік және куәлікті беруден дәлелді бас тарту портал арқылы электрондық құжат нысанында өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі.";

      11-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) өтініш берушінің және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің белгіленген рұқсат беру талаптарына және Заңның 28-бабы 7-тармағы 2) тармақшасының талаптарына сәйкес келмеуі;";

      13-тармақ, 14-тармақтың 1) тармақшасы, 15, 16 және 17-тармақтар алып тасталсын;

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Осы Қағидалардың 19-тарамағында көрсетілген құжаттарды қарау осы Қағидалардың 7, 8, 9 және 10-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Егер газ желісі ұйымы газ толтыру станциясын пайдалануды жалға алу немесе сенімгерлік басқару шартының (бұдан әрі - жалға алу шарты) негізінде ұзартқан жағдайда, жалға алу мерзімі аяқталғанға дейін газ желісі ұйымы уәкілетті органға:

      1) жаңа мерзімге жалға алу немесе оны ұзарту шартының;

      2) жалға алу шартына сәйкес мүлікті қабылдау-тапсыру актісінің көшірмелерін береді.

      Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың куәлікті алған кезде ұсынылған бастапқы құжаттармен сәйкес келуін тексеруді уәкілетті орган жеті жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      Құжаттар сәйкес келген кезде уәкілетті орган көрсетілген мерзімде Тізілімге тиісті мәліметтерді енгізеді.

      Құжаттар сәйкес келмесе, уәкілетті орган көрсетілген мерзімде өтініш берушіге жазбаша дәлелді бас тарту жібереді.";

      мынадай мазмұндағы 28-тармақпен толықтырылсын:

      "28. Уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым уәкілетті орган басшысының атына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      Уәкілетті органның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Уәкілетті орган шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда өтініш беруші нәтижелерге сот тәртібімен шағымдана алады.";

      Газ және газбен жабдықтау саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін газ желісі ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне мәліметтер нысанында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздегі өндірістік-техникалық базаның болуы туралы ақпарат_______________ (жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорттарды, жалға берушіні және жалға алу немесе сенімгерлік басқару шартының мерзімдерін көрсете отырып, газ толтыру станциясын және топтық резервуарлық қондырғыларды (бар болса), жалға алу немесе сенімгерлік басқару шартын көрсету (көрсетілген құжаттардың нөмірін және беру/қол қою/тіркеу күнін көрсету).";

      осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес 2-1, 2-2 және 2-3-қосымшалармен толықтырылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Газ және газбен жабдықтау саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін газ желісі ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптарында және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1

меншік құқығында немесе өзге заңды негізде өндірістік-техникалық базаның болуы, ол мыналардан тұрады:

көрсетілген құжаттарды беру/қол қою/тіркеу күні мен нөмірін көрсете отырып, жалға берушіні және жалға алу немесе сенімгерлік басқару мерзімдерін көрсете отырып, жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорттардың, газ толтыру станциясы мен топтық резервуарлық қондырғылардың (бар болса) жалдау шартының немесе сенімгерлік басқару шартының болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны.

  ".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Н. Ногаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және

      инфрақұрылымдық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2020 жылғы 9 сәуірдегі № 134
Бұйрыққа 1-қосымша
  Газ желісі ұйымдарын
аккредиттеу қағидаларына
2-1-қосымша

"Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.gov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1) газ желісі ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлікті (бұдан әрі - куәлік) беру кезінде - 15 (он бес) жұмыс күні;
2) куәлікті қайта ресімдеу кезінде:
егер газ желісі ұйымында екі және одан да көп газ толтыру станциясы бар болса, газ толтыру станцияларының бірін меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде иеленуді тоқтату - 5 (бес) жұмыс күні;
рұқсат беру талаптарына сәйкес келетін қосымша газ толтыру станциясын газ желісі ұйымының есептік деректеріне енгізу - 15 (он бес) жұмыс күні;
3)рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - АЖ) арқылы мәліметтерді газ желісі ұйымдарының тізіліміне (бұдан әрі - тізілім) енгізген кезде, жалдау немесе сенімгерлік басқару шарты (бұдан әрі - жалдау шарты) негізінде оны жалға алу мерзімі аяқталғанға дейін газ толтыру станциясын пайдалануды ұзартуды растаған кезде және жалға алу шартына сәйкес мүлікті қабылдау-беру актісі - 7 (жеті) жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды береді.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған).

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Куәлік, қайта ресімделген куәлік не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны - электрондық.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7.

Жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушінің - демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) порталдың - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

порталға:
1) куәлікті алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған газ желісі ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлікті алу үшін өтініші;
газ және газбен жабдықтау саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін газ желісі ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне мәліметтер нысаны;
2) куәлікті қайта ресімдеу үшін мынадай жағдайларда:
егер газ желісі ұйымында екі және одан да көп газ толтыру станциясы бар болса, газ толтыру станцияларының бірін меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде иеленуді тоқтату:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған газ толтыру станциясының оны иелену тоқтатылған мекенжайын көрсете отырып, газ желісі ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеуге өтініші;
рұқсат беру талаптарына сәйкес келетін қосымша газ толтыру станциясын газ желісі ұйымының есептік деректеріне енгізу:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған газ желісі ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеуге өтініші;
газ және газбен жабдықтау саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін газ желісі ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптарына мәліметтер нысаны және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі;
3) Егер газ желісі ұйымы газ толтыру станциясын пайдалануды жалға алу немесе сенімгерлік басқару шартының (бұдан әрі - жалға алу шарты) негізінде ұзартқан жағдайда, жалға алу мерзімі аяқталғанға дейін газ желісі ұйымы уәкілетті органға:
жаңа мерзімге жалға алу немесе оны ұзарту шартының;
жалға алу шартына сәйкес мүлікті қабылдау-тапсыру актісінің көшірмелерін береді.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер мыналар:
1) өтініш берушінің куәлікті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) өтініш берушінің және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің белгіленген рұқсат беру талаптарына және "Газ және газбен жабдықтау туралы" 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабы 7-тармағы 2) тармақшасының талаптарына сәйкес келмеуі;
3) тексерудің теріс қорытындысы;
4) өтініш берушіге қатысты куәлік алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) өтініш берушіге қатысты оның негізінде өтініш берушінің куәлік алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылғаны туралы соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

1) мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі www.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде;
порталда орналастырылған.
2) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, оның мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар;
3) көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар;
4) портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде нашар көретіндерге арналған нұсқа қолжетімді;
5) мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы 1414, 8 800 080 7777.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2020 жылғы 9 сәуірдегі № 134
Бұйрыққа 2-қосымша
  Газ желісі ұйымдарын
аккредиттеу қағидаларына
2-2-қосымша
  Нысан

[УО атауы (мемлекеттік тілде)] УО реквизиттері мемлекеттік тілде



 

[УО атауы (орыс тілінде)] УО реквизиттері орыс тілінде

Өтінішті одан әрі қараудан/ газ желісі ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлік беруден бас тарту туралы дәлелді жауап

Берілген күні: [РҚ берілген күні]

[Өтініш берушінің атауы]


[УО атауы], сіздің [өтінім күні] № [Өтінім нөмірі] өтінішіңізді қарап, _____________________________ бас тарту туралы хабарлайды. [Бас тарту себебі].

 

[Уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысы]


 

  Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 134
Бұйрыққа 3-қосымша
  Газ желісі ұйымдарын
аккредиттеу қағидаларына
2-3-қосымша
  Нысан

[УО атауы (мемлекеттік тілде)] УО реквизиттері мемлекеттік тілде



 

[УО атауы (орыс тілінде)]
УО реквизиттері орыс тілінде

ГАЗ ЖЕЛІСІ ҰЙЫМДАРЫН АККРЕДИТТЕУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК

_______________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы) _______________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның мекенжайы, орналасқан жері) _______________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы
куәліктің нөмірі және берілген күні* немесе анықтама)
_____________________________________________________________
(бизнес-сәйкестендіру нөмірі) _______________________________________________________________________________
(газ толтыру станциясының орналасқан жері)

Куәлікті берген орган:
Уәкілетті органның жауапты
құрылымдық бөлімшесінің басшысы:
Куәліктің ресімделген күні:
Куәліктің нөмірі:
Ескертпе:* "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.