ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 1) тармақшасына, 17-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15361 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 3 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерінде:
15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Қорға төлеуге жататын аударымдар және (немесе) жарналар Заңның 29-бабының 3-тармағына сәйкес ай сайын есептеледі.
16. Жұмыс беруші жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің аударымдарын және (немесе) жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) ай сайын жүзеге асырады.
Қорға төлеуге жататын жұмыс берушілердің аударымдары Заңның 27-бабының 1-тармағына сәйкес есептеледі.
Жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың қорға төлеуге жататын жарналары Заңның 28-бабының 1-тармағына сәйкес есептеледі.
Жұмыс беруші жұмыскерге тиісті кезеңде оған тиесілі болған жалақының құрамдас бөліктері туралы ай сайын хабардар ету кезінде қорға есептелген (ұстап қалынған) аударымдар және (немесе) жарналар туралы мәліметтерді ұсынуға мiндеттi.";
21-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"Ай сайынғы өмір бойғы қамтылым алатын, зейнеткерлік жасқа толған және зейнетақы төлемдерін алушылар болып табылмайтын отставкадағы судьялардың жарналарын есептеуді Заңның 28-бабының 4-тармағына сәйкес Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган үшінші тұлға ретінде салық кезеңінің әрбір айы үшін олардың пайдасына жүзеге асырады.";
мынадай мазмұндағы 30-1-тармақпен толықтырылсын:
"Ай сайынғы өмір бойғы қамтылым алатын, зейнеткерлік жасқа толған және зейнетақы төлемдерін алушылар болып табылмайтын отставкадағы судьялардың жарналарын төлеуді Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган үшінші тұлға ретінде олардың пайдасына соттардың қызметін қамтамасыз етуге көзделген қаражат есебінен жүргізеді.";
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Төлеуші салық заңнамасында белгіленген мерзімдерде және тәртіппен орналасқан орны бойынша мемлекеттік кірістер органына аударымдар және (немесе) жарналар жүргізілген адамдар үшін есептелген аударымдар және (немесе) жарналар бойынша салық есебін ұсынады.
Төлеуші аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек өтелмеген жағдайда хабарлама жіберген мемлекеттік кірістер органына аударымдар және (немесе) жарналар жүргізілетін жұмыскерлер тізімін Заңның 31-бабының 4-1-тармағында көзделген мерзімдерде ұсынады.".
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылатын осы бұйрықтың 1-тармағының тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
Е. Биртанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жоғарғы Соты
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі