"Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) жарамдылығын сертификаттау және оларға сертификат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 187 бұйрығына өзгерістер мен

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 4 сәуірдегі № 185 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 8 сәуірде № 20341 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) жарамдылығын сертификаттау және оларға сертификат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 187 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 11 қыркүйекте № 12052 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 16 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-38) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      Осы бұйрықпен бекітелген Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) жарамдылығын сертификаттау және оларға сертификат беру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 14-бабының 41-38) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді, Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) жарамдылығын сертификаттау және оларға сертификат беру тәртібін айқындайды.";

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. "Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға сәйкес уәкілетті ұйым көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.e.gov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы, www.elisense.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күні және уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама жіберіледі.

      Жарық сигналды, радиотехникалық және метеожабдықтармен жарақталған әуеайлақтардың жарамдылығын Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) ІІ, ІІІ санаттарының бірі бойынша сертификаттау үшін уәкілетті ұйым халықаралық азаматтық авиация ұйымдарының мамандарын тартуы мүмкін.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет үшін алым төлемі "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалған тәртіппен және мөлшерде жүзеге асырылады.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау тәртібі";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Сертификатты алу үшін жеке және заңды тұлғалар уәкілетті ұйымға портал арқылы мынадай құжаттарды жолдайды:

      1) пайдаланушының аэронавигациялық қызмет көрсетуді және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді жеткізушімен өзара іс-қимыл жасау шарттарының электрондық көшірмелері (қызметтерді сатып алу кезінде);

      2) ұшуларды жарықпен сигналдық қамтамасыз ету жүйесін ұшуларды тексерудің қолданыстағы актілерінің электрондық көшірмелері;

      3) әуеайлақ (тікұшақ айлағы) бойынша нұсқаудың электрондық көшірмелері, әуеайлақ (тікұшақ айлағы) ауданында авариялық-құтқару жұмыстарын жедел жүргізу және өрт сөндіру жөніндегі жоспар;

      4) авиациялық және инженерлік-техникалық персоналдың оқудан және кәсіптік деңгейін қолдауды растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын сертификатты алуға қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында баяндалған.";

      мынадай мазмұндағы 9, 10-тармақтармен толықтырылсын:

      "9. Уәкілетті ұйымның қызметшісі осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді, олар түскен күннен бастап тіркеуді жүзеге асырады.

      Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді уәкілетті ұйымның қызметшісі тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.

      10. Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер Мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.".

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Алдын ала бағалау және өтінім бойынша шешім қабылдау";

      14-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Өтініш беруші осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда уәкілетті ұйым өтініш берушінің жеке кабинетіне жолдап, өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.

      Өтініш бойынша ескертулер болмаған кезде уәкілетті ұйым өтініш берушіні оларға сәйкестікке әуеайлақ сертификатталатын сертификаттау рәсімдері, нормативтік талаптар туралы хабарлайды және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығына сертификаттау жүргізуге арналған өтінім бойынша шешім шығарады.

      Құжаттарды бас тарту туралы хабарлама уәкілетті ұйымның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтанбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында портал арқылы өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі.";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Сертификаттық зерттеп-қарауды жүргізу және сертификат беру тәртібі";

      мынадай мазмұндағы 21-1 тармақпен толықтырылсын:

      "21-1. Сертификат немесе жазбаша дәлелді бас тартуды уәкілетті ұйымның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында портал арқылы өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі.";

      мынадай мазмұндағы 27-1 тармақпен толықтырылсын:

      "27-1. Уәкілетті ұйым қызметшілерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым уәкілетті ұйым басшысының атына берілуі мүмкін.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес уәкілетті ұйымның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Әуеайлақты пайдалануға сертификаттау талаптары мен жарамдылық нормаларынан ауытқулар";

      Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 2-1 қосымшамен толықтырылсын;

      Қағидаларға 6-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Қағидаларға 7-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Қағидаларға 8-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің міндетін атқарушы
К. Ускенбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2020 жылғы 4 сәуірдегі
№ 185 бұйрығына
1-қосымша
  Әуеайлақтың (тікұшақ
айлағының) жарамдылығын
сертификаттау және сертификат
беру қағидаларына
  2-1-қосымша

"Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылық сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

www.e.gov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы, www.elisense.kz (бұдан әрі - портал)

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

35 (отыз бес) жұмыс күні

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Осы Қағидаларға 1,2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылық сертификаты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі уәкілетті ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында портал арқылы өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі.

Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем өлшемі және оны алу тәсілдері

Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау үшін алым төлемі "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалған тәртіппен және мөлшерде жүзеге асырылады.
Әуеайлақтың жарамдылық сертификаттарын беру үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 554-бабының 7- тармағының 6), 7) тармақшаларына сәйкес


р/с

Әуеайлақ сыныбы (санаты)

Сертификаттау
үшін алым мөлшерлемелері (АЕК)

1

2

3

1.

А немесе Б немесе В сыныбы санатталмаған

1 349

2.

А немесе Б немесе В сыныбы /
І-санаты

1 604

3.

А немесе Б немесе В сыныбы /
ІІ немесе ІІІ-санаты

2 078

 
тікұшақ айлағының жарамдылық сертификаттарын беру үшін:


р/с

Тікұшақ айлағының түрі

Тікұшақ айлағының сыныбы

Сертификаттау
үшін алым мөлшерлемелері (АЕК)

1

2

3

4

1

Жоғарғы деңгейде орналасқан

I, II, III сыныптары жабдықталмаған

364

2

I, II, III сыныптары ішінара жабдықталған

419

3

I, II, III сыныптары жабдықталған

510

4

Бетінің үстінде орналасқан

I, II, III сыныптары жабдықталмаған

328

5

I, II, III сыныптары ішінара жабдықталған

382

6

I, II, III сыныптары жабдықталған

437

7

Тікұшақ айлағының алаңы немесе тікұшақ алаңы

I, II, III сыныптары жабдықталмаған

255

8

I, II, III сыныптары ішінара жабдықталған

309

9

I, II, III сыныптары жабдықталған

328

 

Жұмыс кестесі

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
Порталдың жұмыс кестесі, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінде жүгінген кезде, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

1) пайдаланушының аэронавигациялық қызмет көрсетуді және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді жеткізушімен өзара іс-қимыл жасау шарттарының электрондық көшірмелері (қызметтерді сатып алу кезінде);
2) ұшуларды жарықпен сигналдық қамтамасыз ету жүйесін ұшуларды тексерудің қолданыстағы актілерінің электрондық көшірмелері;
3) әуеайлақ (тікұшақ айлағы) бойынша нұсқаудың электрондық көшірмелері, әуеайлақ (тікұшақ айлағы) ауданында авариялық-құтқару жұмыстарын жедел жүргізу және өрт сөндіру жөніндегі жоспар;
4) авиациялық және инженерлік-техникалық персоналдың оқудан және кәсіптік деңгейін қолдауды растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз

1) сертификатты және (немесе) олардағы деректерді (мәліметтерді) алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың дәйексіз болуын анықтау;
2) өтініш берушінің және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Заңның 64-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға және әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкес келмеуі;);
3) өтініш берушіге қатысты оның негізінде өтініш беруші жарамдылық сертификатын алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған заңды күшіне енген сот шешімі болған жағдайларда тоқтатылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық
нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де
талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі болады.
Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ "1414",8-800-080-7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2020 жылғы 4 сәуірдегі
№ 185 бұйрығына
2-қосымша
  Әуеайлақтың (тікұшақ
айлағының) жарамдылығын
сертификаттау және сертификат
беру қағидаларына
6-қосымша

Әуеайлақты сертификаттық зерттеп-қараудың үлгі бағдарламасы

      Әуеайлақ пайдаланушысының атауы ______________________________________

      Тексеру күні, бұйрық № __________________________________________________

      Комиссия мүшелері_____________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), комиссия мүшелерінің лауазымы)

Бағдарлама бойынша позициялардың нөмірлері және тексерілетін элементтер

Сәйкестік бағасы (+/-)

Сәйкессіздік позициясының нөмірі

1

2

3

4

1. Ұсынылған дәлелдеу құжаттамасының жиынтығының болуы және сәйкестігі

1

Әуеайлақтың жарамдылық сертификатын алу үшін сертификаттық талаптарға сәйкестігін растайтын өтінім және құжаттар



2

Өтініш берушінің Жарғысы (құрылтай шарты)



3

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтама.
Ескертпе: * "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады



4

Өтініш берушінің (әуеайлақты пайдаланушының) ұйымдық құрылымы, штат кестесі, жүктелген функцияларды орындауға жеткіліктілігі



5

Басшы құрамның және мамандардың (қызметкерлердің) міндеттері мен жауапкершілігін белгілейтін лауазымдық нұсқаулықтар



6

Doc 9774 AN\969 ИКАО сәйкес әзірленген әуеайлақ жөніндегі нұсқау



7

Авиациялық персоналдың біліктілігін жоғарылату курстарынан өтуге арналған шарт және/немесе жоспар



8

Авариялық-құтқаруды ұйымдастыру және оны жүргізу бойынша авариялық жоспар



2. Әуеайлақты күтіп-ұстау, ұшуларды орнитологиялық қамтамасыз ету, және кедергілерді есепке алу
және бақылау

1

Әуеайлақ элементтерінің геометриялық өлшемі



2

Ұшу және қону дистанциялары



3

Кедергілерді шектеу және есепке алу



4

Жасанды жамылғылардың беріктігі



5

Жасанды жамылғылардың жай-күйі



6

Әуеайлақ жамылғыларының күндізгі таңбалауы



7

Кедергілер мен объектілердің күндізгі таңбалауы



8

Биік кедергілерді және әуеайлақтағы және оның аумағындағы объектілерді жарықпен шектеу



9

Әуеайлақтың жарияланған санатының физикалық және геометриялық сипаттамаларының сәйкестігі



10

Әуеайлақтың схемасы, негізгі объектілердің орналасуы. ӘК перронда және ТО орналастыру мен қозғалыстың схемасы



11

Аэронавигация ақпараты қызметіне әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) нақты аэронавигациялық мәліметтерін ұсыну рәсімдері. Әуеайлақтың, ұшу-қону жолағының, рульдеу жолының, тұрақ орындарының (перронның) техникалық жағдайы туралы өзгертілген ақпаратты жариялау.



12

Әуеайлақтың техникалық жарамдылығы бойынша ақпаратты беру үшін жауапкершілік



13

Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін әуежай қызметтерімен өзара іс-қимыл



14

Нормативтік құжаттардың көшірмелерінің бар болуы



15

Әуеайлаққа техникалық қызмет көрсету, күтіп ұстау және жөндеу жөніндегі нұсқау, анықталатын мәселелердің толықтығы. Белгіленген талаптарға сәйкестігі және енгізілетін өзгерістердің уақтылы болуы



16

Негізге алынып әуеайлақты пайдалану жүзеге асырылатын құжаттардың тізбесі және оның болуы. Солардың негізінде әуеайлақты пайдалану жүзеге асырылатын құжаттарды зерттеу журналы



17

Солардың негізінде әуеайлақтың арнайы техникасына және жабдықтарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу жүргізілетін құжаттардың, жоспарлардың тізбесі мен бар болуы.



18

Әуеайлаққа техникалық қызмет көрсету, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды әуеайлақта жоспарлау және орындау



19

Әуеайлаққа қызмет көрсету, күтіп-ұстау және жөндеу жұмыстарын жоспарлау бойынша құжаттама жүргізу



20

Әуеайлақ жамылғыларының ақаулары (ақаулар актісі, әуеайлақ элементтерін қарау жөніндегі акт)



21

Пайдаланушының әуеайлақты күнделікті тексеруі



22

Ұшу алаңының жай-күйі туралы журналын жүргізу



23

Әуе кемелері тежеулерінің жай-күйін бағалау әдістері мен құралдары



24

Топырақтың ұшу-қону жолағының мүмкіншілігін бере алатын топырақ тығыздығының көрсеткіштерін анықтау



25

Кедергілерді бағалау және мониторингі (есепке алу) бойынша іс-шараларды өткізу және шаралар қолдану, оның ішінде ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін аэронавигациялық емес жарықтар, құрылыс жұмыстарын жүргізу және әуеайлақ және оның аумағындағы басқа да қызмет түрлері



26

Азаматтық авиация әуеайлағы ауданында және әуеайлақтардан тысқары жерде әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметтерді реттейтін тұрақты комиссияның жұмысын ұйымдастыру, құрылысты анықтау және келісілмеген объектілерді шығару



27

Әуеайлақ ауданында және әуеайлақтардан тысқары жерде құрылыс жұмыстарын келісу бойынша есепке алу журналы



28

Табиғат тарапынан болатын қатерлерге қатысты шараларды жүргізу, зерттеп-қарау актісі, журналды жүргізу, құралдармен жарақтандыру



29

Қарлы НОТАМ бойынша ақпараттарды жүргізу, толтыру және беру



3. Өндірістік база және персоналды оқыту

1

Жалға алынған ғимараттар мен құрылыстарды пайдалануға арналған шарттардың бар болуы



2

Әуеайлаққа қызмет көрсету, күтіп-ұстау және жөндеу кезінде қолданылатын төмен түспейтін шығыс материалдарының, химикаттардың, арнайы сұйықтықтардың бар болуы



3

Әуеайлаққа қызмет көрсету, күтіп-ұстау және жөндеу кезінде қолданылатын әуеайлақтық арнайы техника мен жабдықтарының тізбесі, олардың техникалық жай-күйі, олардың радиостанциялармен, жарқылдауық оттармен жабдықталуы



4

Инженерлік-техникалық құрамнан сынақ қабылдау және оларды күзгі-қысқы кезеңде (көктемгі-жазғы кезеңде) жұмысқа жіберу ведомостері



5

Жоспарланған кезеңге арналған теориялық дайындық жоспары мен тақырыбы



6

Оқытушылар құрамы және оларда пәндер бойынша бекітілген конспектілердің бар болуы



7

Оқу сабақтары үшін үй-жайлардың бар болуы және олардың жай-күйі, оларда өндірістік санитария талаптарының, өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуы



8

Оқу-әдістемелік базаның жабдығы:
техникалық, әдістемелік бөлмелер, техникалық кітапхана, азаматтық авиация бойынша әдістемелік құжаттар, оқу көрнекі құралдар, техникалық оқыту құралдары мен әдістемелік әзірлеулер



9

Нақты үлгідегі арнайы техникада дербес жұмыстарға рұқсат беру үшін жеке құрамды даярлау және тексеру



10

Мамандығы бойынша біліктілігін растау және жоғарылату



11

Жеке құрамның тиісті куәліктерінің қолданылу мерзімін ұзарту



12

Әуеайлақта дербес жұмысқа рұқсат беру тәртібінің сақталуы



13

Әуеайлақ, перрон бойынша арнайы техника, арнайы көлік, машиналар мен механизмдер қозғалысын ұйымдастыру



14

Әуеайлақ және оның маңайында қозғалатын көлік құралдарын басқару және олармен байланыс



15

Жеке құрамға, арнайы техниканың, көліктер мен механизмдердің жүргізушілеріне медициналық қызмет көрсету (ауысым алдында медициналық тексеру)



16

Күзгі-қысқы және көктемгі-жазғы навигация жағдайында әуеайлақты пайдалану, күтіп-ұстау және жөндеу жөніндегі арнайы техника мен жабдықтарды, жеке құрамды дайындау жөніндегі құжаттама



17

Абоненттердің лақабы мен радио арқылы сөйлесу фразеологиясы



18

Метрологиялық жұмыстарды жүргізу, міндетті тексеруге жататын өлшеу құралдарының тізбесі, МЕМСТ талаптары мен стандарттарды сақтау



4. Ақпараттық қамтамасыз ету

1

Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі ақпараттың (бұйрықтар мен нұсқаулар) уақтылы түсуі



2

Нормативтік және басшылық құжаттарға өзгерістердің келіп түсуі және оларға енгізу



3

Пайдаланушының жеке құрамға ұшу қауіпсіздігі бойынша бұйрықтар, нұсқаулар мен ақпараттарды жеткізу және уақтылы зерделеу



5. Жарық-сигнал жабдықтары

1

Жарық техникалық жабдықтардың тізбесі, техникалық құжаттамасы және оларға сертификаттар



2

Аэронавигациялық оттар



3

Аэронавигациялық жарық маяктары мен кедергілерді жарықпен шектеу



4

Әуеайлақ белгілері



5

Маркерлер



6

Ұшуларды жарық-техникалық қамтамасыз ету объектілерін энергиямен жабдықтау



7

Жердегі сынақтар актілері, хаттамалары



8

Ұшуды тексеру актілері



9

Жарық-сигнал жабдығының әуеайлақтың жарияланған санатына сәйкестігі



6. Әуеайлақты электрмен қамтамасыз ету

1

Әуеайлақты, аэронавигацияны электрмен қамтамасыз ету объектілерінің жабдықтарына техникалық құжаттама



2

Электрлі жабдықтар, олардың жай-күйі, қызмет көрсетуі



3

Автономдық (резервтік) электрмен қоректендіру, олардың жай-күйі, қызмет көрсетуі



4

Электр желілері, кабельдер, олардың жай-күйі, қызмет көрсетуі



5

Қашықтықтан басқару аппаратурасы



6

Тексеру актілері мен сынақ хаттамалары



7

Қызмет көрсету жөніндегі техникалық персонал



7. Авариялық-құтқару құралдары

1

Авариялық-құтқару және өрт сөндіру құралдарының тізбесі, оларға техникалық құжаттама



2

Авариялық-құтқару командалары, олардың жинақтылығы, орналастырылуы, қамтамасыз етілуі, оқытылуы



3

Әуеайлақта авариялық-құтқару және өрт сөндіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі нормативтік құжаттама



4

Өрт сөндіру автомобильдерінің, санитариялық автомобильдердің, авариялық-құтқару құралдарының саны мен жай-күйі



5

От сөндіргіш құрамның, көбік жасаушының, соның ішінде резервтік құрамның саны



6

Авариялық-құтқару командаларын өрістету уақыты



7

Өрт сөндіру гидранттары (орналастырылуы, жай-күйі)



8

Әуе қозғалысын басқарудың диспетчерлік пункті және басқа да қызметтермен байланыс пен өзара іс-қимыл



9

Жабдықтар мен жарақталудың әуеайлақтың өртке қарсы қорғаныш деңгейінің жарияланған санатына сәйкестігі



10

Қозғалу қабілетінен айрылған әуе кемелерін ұшу-қону жолағынан тіркеп сүйреуге, алып кетуге арналған арнайы жабдықтарының тізбесі мен оның болуы



8. Отын құю құралдары

1

Нормативтік құжаттаманың бақылау даналарының бар болуы



2

Авиаотынмен қамтамасыз етудің технологиялық операциялары



3

Зертхана, авиациялық жанар-жағармай материалдарының сапасын тексеру



4

Отын құю машиналары мен механизмдері



5

Жанар-жағармай материалдарының қоймасы, жанар-жағармай материалдарын сақтауға арналған резервуарлардың технологиялық жабдығы



9. Авиациялық қауіпсіздік

1

Әуежайдың (әуеайлақтың) аумағының периметрлік қоршауы жағдайы.



2

Тәуліктің қараңғы уақытында толықтай периметрді анық көрсетуді қарастыратын периметр маңын жарықтандыру.



3

Периметрді бейне бақылау жүйесі.



 
4

Қоршаудың сыртқы жағы периметрдің сыртқы жағын қарауға кедергі келтіретін ағаштар, өсімдіктер және басқа да нысандар бос болуға, периметр жанында посты мұнарасы, патрульдеу жолы және қауіпсіздік белдеуі болуы керек. Қауіпсіздік белдеуінің (тыйым салынған аймақ) ені 4 м кем болмауы тиіс.



5

Тәуліктің күндізгі және түнгі уақыттарында көрінетін периметр қоршауының жағында орнатылған бақыланатын аймаққа өтуге тыйым салынатын ескерту белгілері.



6

Жанар-жағар материалдары объектілері, әуе қозғалысына қызмет көрсететін объектілер және басқа да жоғары деңгейлі қауіпті басқа да маңызды объектілерді қосымша қоршау.



7

Жанар-жағар материалдары, жүк обьектілерін, материалдық-техникалық қоймаларды, әуе қозғалысына қызмет көрсету, борт тағамдары цехы ғимараттарын және басқа да жоғары қауіпті деңгейлі обьектілерін, осы объектілер бейне қадағалау жүйесі объектілері сыртқы жарықтандыру.



8

Әуежайдың (әуеайлақтың) аумағын (бақыланатын аймақтар) және онда орналасқан барлық обьектілерді ұйымдастыру және күзетін қамтамасыз ету.



9

Жердегі әуе кемелердің күзетін ұйымдастыру және күзетілу жағдай, әуе кемелері күзетін қамтамасыз ету сызбасы, әуе кемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жауапкершілік.



10

Әуе кемелерді техникалық қызмет көрсетуге және күзетке қабылдауға (ӘК күзетке қабылдау-тапсыру журналын енгізу) қабылдау-тапсыру тәртібін ұйымдастыру және сақтау



11

Күзет бекеттерінің жағдайы және ӘК тұрақтарын жарықтандыру.



12

Периметрдің, ішкі жағы бойынша әуежай (әуеайлақ) аумағын, объектілердің, әуе кемелері тұрақтарын АҚҚ жаяу, немесе арнаулы көлік құралымен патрульдеу. Стационарлық бекеттерді орнату.



13

БӨП құралдарымен, жарықпен, турникеттермен, ашу және жабу автоматтандырылған жүйелі металл есікпен, қашықтан басқару құралдар көмегімен әрекет ететін сигнал берулермен, авиациялық персоналды арнайы қондырғылармен және тексеру алаңдарымен жабдықталады.



14

БӨП құралдарымен, бақылау аймағына өтетін барлық адамдарды тексеру үшін стационарлық техникалық құралдарымен, сондай-ақ өрт сөндіру құралдарымен, жүктер мен көлік құралдарын арнайы қондырғылармен және тексеру алаңдарымен жабдықталады.



15

БӨП инспекторлардың саны.



16

Бақылау-өткізу пункттерінің үй-жайларында рұқсаттамаға қол қою құқығы бар лауазымды тұлғалар қолдарының үлгілері, әуежайда (әуеайлақта) әрекет ететін рұқсаттамалардың үлгілерімен стендтермен жабдықталады. Бақылау-өткізу пунктінде жедел жариялау сызбасы, әуе персоналы ауысым қызметкерлерінің, персоналдың ауысымдық жұмысындағы қызметті жүзеге асырушы әуежайда (әуеайлақта) тұрақты орналасқан ұйымдар мен кедендік және шекаралық қызмет өкілдері болуы қажет.



17

АҚҚ орналастыруға арналған өндірістік ғимараттар және жайларды ұстап тұру және қауіпсіздіктің техникалық құралдарымен жарақтандыру (байланыс, автокөлік, қару)



18

Шектеулі қолжетімді аймақтарды белгілеу (бақыланатын аймақтарды) және олардың шекараларын, объектілердің орналасуы және бақыланатын аймақтар шекаралары көрсетілген әуежайдың (әуеайлақтың) аумағы сызбасының болуы.



19

Авиациялық қауіпсіздік қызметі бақыланатын аймақта рұқсатнама және ішкі объектілік режимі қамтамасыз ету, рұқсатнамаларды беру.



20

Рұқсатнама және ішкі объектілік режимі нұсқаулығының болуы.



21

Бақыланатын аймақтарға адамдардың өтуін, өту тәртібі, әуежай аумағында персоналдар, келушілердің, шет ұйымдардың және көліктердің жүруін (әр түрлі рұқсатнамаларды беру, қолдану және алып қою тәртібі) бақылау рәсімі



22

Әуежайдың (әуеайлақтың) бақылау аймақтарын адамдардың, көлік құралдарының болуы және қозғалысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету.



23

Рұқсатнамаларды беруді жүзеге асыратын уәкілетті бөлімшенің болуы (рұқсатнамалар бюросы).



24

Авиациялық қауіпсіздік қызметінің құрылымы



25

Авиациялық қауіпсіздік қызметі персоналдарының біліктілік талаптары, оқыту, даярлау



10. Ұшып шығатын және ұшып келетін жолаушыларға қызмет көрсету рәсімін қамтамасыз ету

1

Қажетті тасымал құжаттары топтамасының болуы (биркалар, отырғызу талондары, т.б.)



3

Жолаушыларды тұрақ орындарына жеткізу және олардың әуе кемесіне отырғызуын ұйымдастыру



4

Багажды тұрақ орындарына жеткізу және оны әуе кемесіне тиеу



5

Жолаушыларды әуе кемесінен шығар кезде күтіп алу



6

Жолаушыларды аэровокзал ғимаратына жеткізуді ұйымдастыру



7

Жолаушылардың багаждарын әуе кемесінен түсіру, тасымалдау және беру



8

Трансфер және транзит жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру



11. Жөнелтілетін және келетін жүкке қызмет көрсетуді қамтамасыз ету

1

Жүк жөнелтушіден жүкті қабылдау (жүкті өлшеу, тасымал құжаттамасын ресімдеу)



2

Жүкті уақытша сақтау



3

Жүкті әуе кемесінен жүк терминалына жеткізу



4

Жүкті алушыға жүкті беру



5

Әуемен тасымалдауға рұқсат етілген қауіпті жүктерді қоса алғанда, әуе көлігімен тасымалдау үшін жүктерді ресімдеу бойынша құжаттаманы жүргізу



6

Жоғалған багаж, жүктер бойынша талап жұмысты жүргізу



12. Жолаушылар терминалы



1.

Тұрақ



2.

Терминалдағы жолаушыларға жол көрсету



3.

Ұшу және келу залдарында отыратын орындықтардың қол жетімділігі



4.

Мүмкіндіктері шектеулі жолаушыларға қолжетімді және ыңғайлы жағдай жасау



5.

Терминалдағы температура, жарық және тазалық



6.

Ана мен бала бөлмесі



7.

Қоғамдық тамақтандыру орындары



8.

Жолаушылар үшін багаж арбашаларының болуы және оларға қол жетімділік



      Ескертпе:

      (*) осы пайдаланушы үшін міндетті емес;

      (-1) Қызметті іске асыруға кедергі келтірмейтін және өндірісті жетілдіру кезінде оны жоюға жататын сертификаттық талаптарға сәйкессіздігі;

      (-2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен келісілген және шектеулер енгізілген мерзімде жойылған жағдайларда қызметті іске асыруға кедергі келтірмейтін сертификаттық талаптарға сәйкессіздігі;

      (-3) қызметті іске асыруға кедергі келтіретін сертификаттық талаптарға сәйкессіздігі.

      Қосымша: Сәйкессіздіктер тізбесі ____ парақта (парақтарда)

      Комиссия мүшелері: __________________________________________________

                              (қолы, Тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса))

      Таныстым:

      Азаматтық авиация ұйымының басшысы

      (өтініш беруші) ________ ____________________________________

                        (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса))

      Сертификаттық зерттеп-қарау жүргізілген күн 20___жылғы "__"______

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2020 жылғы 4 сәуірдегі
№ 185 бұйрығына
3-қосымша
  Әуеайлақтың (тікұшақ
айлағының) жарамдылығын
сертификаттау және сертификат
беру қағидаларына
7-қосымша

Тікұшақ айлағын сертификаттық зерттеп-қараудың үлгі бағдарламасы

      Тікұшақ айлағы пайдаланушысының атауы _________________________________

      Тексеру күні, бұйрық № _________________________________________________

      Комиссия мүшелері_____________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), комиссия мүшелерінің лауазымы)

Тексерілетін элементтер

Құжаттың атауы

Сәйкестік бағасы (+/-)

1

2

3

4

1. Ұсынылған дәлелдеу құжаттамасының жиынтығының болуы және сәйкестігі

1

Тікұшақ айлағының жарамдылық сертификатын алу үшін сертификаттық талаптарға сәйкестігін растайтын өтінім және құжаттар



2

Өтініш берушінің (әуеайлақты пайдаланушының) ұйымдық құрылымы, штат кестесі, жүктелген функцияларды орындауға жеткіліктілігі



3

Басшы құрамның және мамандардың (қызметкерлердің) міндеттері мен жауапкершілігін белгілейтін лауазымдық нұсқаулықтар



4

Өрт сөндіру қауіпсіздігі, өндірістік санитария және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нұсқаулар мен рәсімдер



5

Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етумен тікелей байланысты басшы құрамы мен мамандар жөніндегі деректер және анықтылығы, олардың сәйкестігі



6

Тікұшақ айлағын пайдалану негізінде жүзеге асырылатын құжаттардың тізбесі және оның болуы. Тікұшақ айлағын пайдалану негізінде жүзеге асырылатын құжаттарды зерделеу жазбалары



7

Тікұшақ айлағының аэронавигация паспорты (Ұшуды жүргізу нұсқаулығы), сұрақтардың толықтығы.
Белгіленген талаптарға сәйкес келуі және енгізілетін өзгерістердің уақтылы болуы



8

Тікұшақ айлағының техникалық жарамдылығы туралы ақпаратты беру үшін жауапкершілік



9

Тікұшақ айлағы жағдайының журналы



10

"D" мөлшері



11

"D" "ЧИНУК" мөлшері



12

"t" мөлшері



13

Тікұшақ айлағының теңіз деңгейінен биіктігі



14

Қондырғының/Кеменің тану белгісі (атаудың тұрған жері, әрiптердiң өлшемдері, жарықтандыру, көрінуі)



15

Тікұшақ айлағының, Кеменің/Қондырғының сызбалары мен жоспарлары



16

Барлық кедергілер, ыстық және салқын шығарындылар көздерінің 210, 150 және 180-секторлары көрсетілген сызбалар



17

Тікұшақ айлағының таңбалануы, тікұшақ айлағының желісі, жарық-сигналды, метеорологиялық, радиотехникалық өртке қарсы және авариялық жабдықтың орналасуы, тікұшақ айлағына бару орындары, жел көрсеткіштері көрсетілген сызбалар



2. Нормативтік-құқықтық актілер, құжаттар және ақпараттық қамтамасыз ету

1

Нұсқаулар және Нормативтік құжаттар: ҚР ААӘПЖН, ҚР ААӘПЖН СБӘ, Авариялық жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар нұсқаулықтары мен жоспарлары, ауа бойынша қауіпті жүктерді тасымалдау бойынша нұсқау (ИАТА)



2

Тікұшақтың қауіпті аймақтарының диаграммалары



3

Ұшудың алдындағы бейнебрифингте жолаушыларға көрсету үшін жабдық



4

Жолаушыларды, багажды және жүктерді декларациялау.
Жауапкершiлiк және нысандар.



3. Радио жабдықтар

1

Радиотехникалық жабдықтардың тізбесі, техникалық құжаттар және радиотехникалық жабдыққа берілген сертификат, аэронавигациялық қызмет көрсетушіге берілген сертификат



2

Негізгі және резервтегі АМ ӨЖЖ радиостанциясы



3

Тасымалданатын ӨЖЖ радиостанциялар



4

Негізгі және резервтегі ЖЖ радиостанциясы



5

Барлық бағытта бағытталған радиомаяк



6

Сөйлеу ақпаратын құжаттау аппаратурасы



7

Авиациялық сағат



8

Қосалқы бөлшектер және радиотехникалық жабдықтар



9

Авариялық ден қою жөніндегі нұсқаулық (бас тартқан жағдайда)



4. Метеорологиялық жабдықтар

1

Анемометр



2

Ауаның температурасы туралы деректерді көрсету бойынша жабдық



3

Барометр



4

Көрінуді, бұлттардың төменгі шекарасын, бұлт қаптаған аспанды бейнелеу бойынша жабдық



5

Теңіздің жай-күйін көрсету бойынша жабдық



6

Қисаю, тігінен ауысу, дифферентті көрсету бойынша жабдық



7

Метеорология ақпаратты көрсететін дисплейдің (индикатор) орны, METAR автоматтық кодтың болуы



8

Метеорологиялық жабдықтарға сертификаттар, техникалық құжаттар



5. Тiкұшақ айлағына қызмет көрсету жөніндегі персонал

1

Авиация станциясының операторы (радиооператор), қолданыстағы АСО куәлігінің болуы



2

Тiкұшақты қондыру жөніндегі маман, қолданыстағы сертификаттың болуы



3

Тiкұшақты қондыру жөніндегі маманның көмекшісі ТҚМҚ, қолданыстағы сертификаттың болуы



4

Тікұшақ айлағының өртке қарсы командасы, қолданыстағы сертификаттардың болуы



5

Дабыл және оқу жаттығуларын тұрақты өткізуін растайтын құжаттардың болуы



6. Қауіпті жүктер

1

ҚЖ тасымалды жөніндегі ИКАО\ИАТА нұсқау



2

ҚЖ жөніндегі жауапты персонал



3

ҚЖ жөніндегі персоналдың біліктілігі



4

ҚЖ жөніндегі басшылар және нұсқаулықтар



5

ҚЖ бойынша оқытудың жоспарлары мен жазбаларының бар болуы



6

ҚЖ тасымалдау жөніндегі ілеспе құжаттама



7

ҚЖ бойынша декларация бланкілерінің бар болуы



8

ҚЖ тексеру жөніндегі бақылау тізімдерінің бар болуы



9

ҚЖ таңбалану белгілері



10

ҚЖ қаптауға арналған арнайы құралдардың бар болуы



11

Сіңіргіш және амортизациялайтын материалдардың бар болуы



12

ҚЖ сақтау қоймасы



13

(Әуе кемелерінің экипаждарын хабарландыру – NOTOC) құжаттама



14

ҚЖ тасымалдау кезіндегі басқа объектілерге жариялау жүйесі



15

Жүктер мен багажды тексеру жөніндегі жауапты персонал



16

ҚЖ жөніндегі плакаттар/кітапшалар



17

ҚЖ байланысты авариялық жағдайларда ден қою жөніндегі нұсқаулық



18

ҚЖ төгілулерін жинауға арналған құралдар



7. Тікұшақ айлағының жабдықтары

1

Қалып



2

Байлау арқаны/арқандар



3

Жүктер мен багажға арналған таразы



4

Тікұшақтың сыртқы іске қосу аппараты



5

Мұз/қар тазалауға арналған жабдықтар



6

Қонуға тыйым салу таңбасының бар болуы



7

Жел көрсеткіші



8

Теңіз биноклі



8. Тікұшақ айлағының беті

1

Түсі



2

Жай-күйі



3

Сырлауды соңғы жаңарту күні



4

Тайғанамау жөніндегі сипаттамалар



5

Іліністі соңғы өлшеу (тікұшақ айлағының желісі болмаған кезде)



6

Су ағатын астауша, ағынды жүйе



7

Дренаж



8

Тікұшақ айлағының герметикасы



9

Әуе кемесін тоқтату орындары



10

Жүктемемен соңғы тексеру ( акті)



9. Тікұшақ айлағының өлшемі

1

Тікұшақ алаңының жалпы беті



2

Қауіпсіз қону аймағы



3

Екпін алу аймағы



10. Тікұшақ айлағын таңбалау.

1

Орнату/бұрғылау



2

Периметр жолағы



3

Көздеу шеңбері



4

Шеврон



5

"D" мөлшері



6

Периметр бойынша "D" мөлшері



7

"Н"



8

"t" мөлшері (ең жоғарғы рұқсат етілген қону салмағы)



9

Қонуға тыйым салынған сектор



11. Тікұшақ айлағының желісі

1

Материалдар



2

Түрі



3

Орналасқан орны (алатын аймағы)



4

Пайдалану мерзімі және жай-күйі



5

Арқанның диаметрі



6

Ұяшық өлшемі



7

Тордың өлшемі



8

Керіліс



9

Торды керу орындары



10

Бекіту әдісі



12. Периметр торы

1

Материалдар



2

Ені



3

Жай-күйі



4

Жүктемемен соңғы сынау



5

Аспалы тор әсері



6

Еңіс



7

Құлау мүмкіндігі бар барлық аймақтарды жабады



13. Тікұшақ айлағына кіру

1

Тікұшақ айлағына кіру орындарының орналасуы



2

Тұтқалар



3

ТҚ арналған плакаттар (тікұшақ айлағына рұқсатсыз кіруді алдын ала ескертетін белгілер, жазулар)



4

Тікұшақ операциялары кезінде жолаушыларды бақылау жүйесі/рәсімі



14. Турбуленттік

1

Құрылыстар



2

Ыстық шығарындылар



3

Суық шығарындылар



4

Әуеайлақ астындағы әуе саңылауы



15. Қоршаған кедергілер

1

210 градус секторының кедергілері



2

ҚҚА ішіндегі 150 градустық секторлардағы кедергілер



3

5:1 (еңіс. градиент) 180 градус секторының кедергілері



4

Уақытша объектілер



16. Тікұшақ айлағының периметрін жарықтандыру

1

Периметр жарығының тізбесі, техникалық құжаттары және сертификаттары. Техникалық талаптарға сәйкес болуы



2

Жарықтың түсі және жабдықтың түрі



3

Жарамдылық



4

Резервтік периметрлі жарық қорының болуы



5

Орналасуы және биіктігі



6

Номиналды қуаты, авариялық қуат көзіне қосылуы



7

Іске қосу



8

Қауіпсіз қону аймағының шектелуі



17. Тікұшақ айлағын прожектор арқылы жарықтандыру

1

Прожектр жарығының тізбесі, техникалық құжаттары және сертификаттары. Техникалық талаптарға сәйкес болуы



2

Жарықтығы/Жарамдылығы



3

Резерв жарық қорының болуы



4

Орналасуы және биіктігі



5

Авариялық қуат көзіне қосылуы



6

Іске қосу



18. Жалпы жарықтандыру

1

Қондырғыны/ кемені прожектор арқылы жарықтандыру



2

Жарықпен ластану



19. Кедергілерді жарықтандыру және таңбалау

1

Тікұшақ айлағының деңгейінен жоғары (15 м) орналасқан объектілер



2

Ең биік нүкте



3

Көтеретін кранды таңбалауға қойылатын талаптар



4

Кедергіледі жарықтандыру шамына берілетін тізбе, техникалық құжаттама және сертификат. Техникалық талаптарға сәйкестендіру.



20. Тікұшақ айлағының мәртебесін анықтау жарықтары

1

Мәртебені анықтайтын шамдардың тізбесі, техникалық құжаттамасы және сертификаты. Техникалық талаптарға сәйкестендіру.



2

Барлық бағыттардың көрінуі



3

Авариялық қуат көзіне қосылуы



4

Іске қосу



5

Іске қосылу қауіпінің деңгейі



21. Отын құю құралдары

1

Зертхана, авиациялық жанар-жағармай материалдарының сапасын тексеру (растайтын құжаттар)



2

Отын құю машиналары мен механизмдері



3

Жанар-жағармай материалдарының қоймасы, жанар-жағармай материалдарын сақтауға арналған резервуарлар



22. Өртке қарсы жабдықтар

1

Өрт сөндіру жабдығының тізбесі, техникалық құжаттары және сертификаттары. Техникалық талаптарға сәйкестендіру



2

Көбік мониторлары (саны, түрі)



3

Аспирациялық мониторлар



4

Қоспаны беру жылдамдығы



5

Көбіктендіру



6

Сертификаттар (көбікті зертханалық тексеру және жұмыс көбіктерінің нәтижелері)



7

Қосалқы көбік шоғырлану



8

Көбік шоғырланудың температуралық режимі



9

Гидранттар



10

Қол желілері



11

Реттелетін режимі бар саптама



12

Аспирациялық саптама



13

Көбік индукторлары



14

Көбік өрт сөндіргіш арбалар



15

Құрғақ ұнтақты өрт сөндіргіштер



16

Көміртек өрт сөндіргіш (СО2)



17

Қосалқы (құрғақ ұнтақ және СО2)



23. Авариялық-құтқару жабдықтары

1

Авариялық-құтқару жабдығының тізбесі, техникалық құжаттары және сертификаттары. Техникалық талаптарға сәйкестендіру



2

Авариялық-құтқару жабдықтарының жәшігі (жәшіктері)



3

Жабдықтардың орналасуы



4

Тікұшақ айлағына кірудің барлық жағынан қол жеткізу



5

Бақылау тізімі



6

Ажыратылмалы кілт



7

Үлкен құтқару балтасы



8

Бұрандаманы кесу құралы



9

Үлкен сүймен



10

Қармақ немесе ілмек



11

Ауыр қолара



12

Кенептер (алмас)



13

Өртке қарсы жамылғы



14

Баспалдақ



15

Құтқару арқаны/белдігі



16

Бүйірлік тістеуіктер



17

Бұрауыштар жиынтығы



18

Құтқару лебедкасына арналған пышақ және пышақсауыттары



19

Тыныс алу аппараттары



20

Фонарь



21

Электр сымдарын кесуге арналған құрал-сайман



24. Жеке қорғаныш құралдары

1

Сақтау түрі



2

Қорғағыш күнқағары бар дулыға



3

Қолғаптар



4

Аяқ киім



5

Өртке қарсы костюм



      Ескертпе:

      (*) осы пайдаланушы үшін міндетті емес;

      (-1) Қызметті іске асыруға кедергі келтірмейтін және өндірісті жетілдіру кезінде оны жоюға жататын сертификаттық талаптарға сәйкессіздігі

      (-2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен келісілген және шектеулер енгізілген мерзімде жойылған жағдайларда қызметті іске асыруға кедергі келтірмейтін сертификаттық талаптарға сәйкессіздігі;

      (-3) қызметті іске асыруға кедергі келтіретін сертификаттық талаптарға сәйкессіздігі;

      Қосымша: Сәйкессіздіктер тізбесі ____ парақта (парақтарда)

      Комиссия мүшелері:___________________________________________

                  (қолы, Тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса))

      Таныстым:

      Азаматтық авиация ұйымының басшысы

      (өтініш беруші) ________ _______________________________________

                        (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса))

      Сертификаттық зерттеп-қарау жүргізілген күн 20__ жылғы "__" ____________

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2020 жылғы 4 сәуірдегі
№ 185 бұйрығына
4-қосымша
  Әуеайлақтың (тікұшақ
айлағының) жарамдылығын
сертификаттау және сертификат
беру қағидаларына
8-қосымша

Әуеайлақты (тiкұшақ айлағын) сертификаттық заерттеп-қарау актiсi

      20 ___ жылғы "___" _________ № _______ бұйрықпен тағайындалған мынадай құрамдағы комиссия:

      Комиссия төрағасы _____________________________________________

      Комиссия мүшелерi: ____________________________________________

      ____________________________________________,

      (Тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса, лауазымы)

      кезеңде ұсынылған құжаттаманы қарады, әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) сертификаттық талаптарға сәйкестiгiне зерттеп-қарау жүргiздi және мыналарды анықтады:

      1. Әуеайлақты (тiкұшақ айлағын) мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк ________________

                                                (№, берiлген күнi және қолданылу мерзiмi)

      2. Әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) пайдалануға жарамдылық сертификаты ________

      3. Әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) физикалық сипаттамалары мен мазмұны:

      1) әуеайлақ элементтерiнiң геометриялық өлшемдерi;

      2) кедергiлердi шектеу және есепке алу;

      3) жасанды жабындарының берiктiгi;

      4) жасанды жабындарының жай-күйi;

      5) орнитологиялық қамтамасыз ету;

      6) кедергілерді есепке алу және бақылау.

      4. Әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) әуеайлақ жабындары мен кедергiлерiнiң күндiзгi таңбалануы:

      1) әуеайлақ жабындарының күндiзгi таңбалануы;

      2) кедергілер мен объектiлердiң күндiзгi таңбалануы.

      5. Әуеайлақта жарық беру қондырғысының жүйесі.

      6. Электрмен жабдықтау және электр қондырғылары

      1) әуеайлақты электрмен жабдықтау;

      2) әуеайлақ объектiлерiн электрмен қоректендiру;

      3) автономды электрмен қоректендiру;

      4) электр желiлері.

      7. Авариялық-құтқару құралдары.

      8. Әуеайлаққа қызмет көрсету мен жөндеуге арналған арнайы техника

      9. ӘК авиаотын құю үшін отын құю қондырғылары.

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) сертификаттау талаптарына

      сәйкестiгi туралы

      Комиссияның қорытындысы.

      Комиссия төрағасы _____________________________________________

      Комиссия мүшелері: _________________________ __________________

                        (Тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса) (қолы)

      Таныстым: ____________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (азаматтық авиация ұйымының басшысының Тегі, аты, әкесінің аты

      (егер бар болса, қолы)

      Сертификаттық

      зерттеп-қарау жүргiзiлген күн 20__ жылғы "___" ______________