"Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығына өзгерістер м

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 31 наурыздағы № 173 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 3 сәуірде № 20297 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 6 т. қараңыз

      БҰЙРАМЫН:

      1. "Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10886 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын және "Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-15) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидалары;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларында:

      3-тармақтың 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) өтемдік отырғызу жоспары - отырғызудың сандық бөлігін, тұқымдық құрамын, көлемін, күнтізбелік мерзімін, сонымен қатар жоспарлы негізге орайластырылған отырғызуды орналастырудың графикалық схемасын қамтитын кесуге ұшыраған ағаштарды отырғызу жоспары;";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Ағаштарды кесу кезінде ағаштарды өтемдік отырғызу ағаш көшеттерін отырғызу жолымен жүргізіледі.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Уәкілетті органның рұқсаты бойынша ағаштарды кесу кезінде қалпына келтірілетін ағаштарды өтемдік отырғызу он есе көлемде жүргізіледі.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Ағаштарды өтемдік отырғызуды заңды және жеке тұлғалар өздерінің жеке меншік жерлерінде немесе маңындағы аумақтарда өз беттерінше, ал ағаштарды мәжбүрлі түрде кесу кезінде көгалдандыруды, жасыл екпелерді күтіп-ұстауды жүзеге асыратын ұйымды қатыстыра отырып, жалпыға ортақ жерлерде жүзеге асырады.

      Заңды және жеке тұлғалар ағаштардың өтемдік отырғызу жұмыстарын аяқтаған соң ағаштарды кесуге рұқсат алу кезінде берілген кепілдік хатқа сәйкес уәкілетті органды өтемдік отырғызу жоспарына сәйкес жұмыстардың орындалғаны туралы хабардар етеді.

      Екі жыл уақыт өткен соң уәкілетті орган ұласып өскен ағаштарды жасыл екпелер тізіліміне енгізеді.";

      мынадай мазмұндағы 33-тармақпен толықтырылсын:

      "33. Осы Қағидалардың негізінде жергілікті атқарушы органдар әзірлейтін Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын елді мекеннің табиғаттық, климаттық, геологиялық, гидрогеологиялық және сейсмикалық факторларына байланысты жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін өзге де ережелермен толықтыруы мүмкін.";

      1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 235 бұйрығына
1-қосымша";

      2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 235 бұйрығына
2-қосымша";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.

      2. "Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы және "Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 318 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18712 болып тіркелген, 2019 жылғы 30 мамырда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланды):

      1-тармақ алып тасталсын.

      3. "Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы және "Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 21мамырдағы № 318 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 4 желтоқсандағы № 901 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19699 болып тіркелген, 2019 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.

      4. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсiн.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
К. Ускенбаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Экология, геология және табиғи

      ресурстар министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және даму
министрінің
2020 жылғы 31 наурыздағы
№ 173 бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 235 бұйрығына
3-қосымша

"Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік кызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ағаштарды кесуге рұқсат беру тәртібін анықтайды.

      2. "Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "электрондық үкіметтің" веб-порталы - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

      2) өтемдік отырғызу жоспары - отырғызудың сандық бөлігін, тұқымдық құрамын, көлемін, күнтізбелік мерзімін, сонымен қатар жоспарлы негізге орайластырылған отырғызуды орналастырудың графикалық схемасын қамтитын кесуге ұшыраған ағаштарды отырғызу жоспары;

      3) жасыл екпелер тізілімі - жасыл екпелердің типтері, түрлік құрамы, алаңының көлемі, жай-күйі және орналасуы туралы деректер жиынтығы.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметі алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті құжаттармен қоса жолдайды.

      Процестің сипатын, қызмет көрсету нысанын, мазмұны мен нәтижесін қоса алғанда, мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында жазылған.

      5. Мемлекеттік қызметі көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) бекітілген және келісілген қала құрылысы құжаттамасында көзделген құрылыс қызметін, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру үшін жағдайлар жасалуын қамтамасыз ету кезінде:

      осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш (бұдан әрі - өтініш);

      жер учаскесіне құқығын беретін құжаттың электрондық көшірмесі ("Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер базасында тіркелмеген жағдайда);

      кешенді ведомстводан тыс сараптаманың қорытындысы (мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы);

      өсіп тұрған ағаштардың тұқымдық және сандық құрамын, олардың жай-күйін көрсете отырып, объектінің аумағында өсіп тұрған жасыл екпелерін түгендеу және орман-патологиялық зерттеу материалдары;

      өтемдік ағаштарды отырғызудың жоспары;

      көшеттерді отырғызуды аяқтаудың уақытын көрсетіп, өтемдік ағаштарды отырғызу бойынша кепілдік хат;

      өтемдік көгалдандыру жүргізуге ұйыммен (мамандандырылған) жасалған шарт.

      2) инженерлік абаттандыру объектілеріне, инженерлік желілерді реконструкциялау және салу, жерасты және жерүсті коммуникацияларына қызмет көрсету кезінде:

      өтініш;

      кешенді ведомстводан тыс сараптаманың қорытындысы (мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы);

      өсіп тұрған ағаштардың тұқымдық және сандық құрамын, олардың күйін көрсете отырып, құрылыс (реконструкциялау) аумағында өсіп тұрған жасыл екпелерін түгендеу және орман-патологиялық зерттеу материалдары;

      өтемдік ағаштарды отырғызудың жоспары;

      көшеттерді отырғызуды аяқтаудың уақытын көрсетіп, өтемдік ағаштарды отырғызу бойынша кепілдік хат;

      өтемдік көгалдандыру жүргізуге ұйыммен (мамандандырылған) жасалған шарт.

      3) бұрыннан бар объектілердің аумағын абаттандыру және эстетикалық түрге келтіру, жасыл екпелердің сапалық және түрлік құрамын жақсарту қажеттігі кезінде:

      өтініш;

      жер учаскесіне құқығын беретін құжаттың электрондық көшірмесі ("Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер базасында тіркелмеген жағдайда);

      өсіп тұрған ағаштардың тұқымдық және сандық құрамын, олардың күйін көрсете отырып, объектінің аумағында өсіп тұрған жасыл екпелерін түгендеу және орман-патологиялық зерттеу материалдары;

      4) ағаштар мен бұталар жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде өсіп тұрған кезде:

      өтініш;

      өтемдік ағаштарды отырғызудың жоспары;

      көшеттерді отырғызуды аяқтаудың уақытын көрсетіп, өтемдік ағаштарды отырғызу бойынша кепілдік хат.

      Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың мәліметтері, лицензия туралы, лицензиялық алым туралы мәліметтер көрсетілетін қызметті берушіге ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзы арқылы беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) әрекеттері:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі өтінішті осы Қағидалардың 5-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттармен бірге олар түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініш жасаған жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттары бар өтініштің осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттарды тіркеген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-сымен қол қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 6 (алты) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарда көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтердің сәйкестігін тексереді, өсіп тұрған ағаштардың жасыл екпелер тізіліміне сәйкес орналасқан жерін, сандық және тұқымдық құрамын, олардың күйін нақты анықтау үшін жергілікті жерге барады;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтінішпен құжаттарды қарастыру нәтижесі бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшадағы нысанға сәйкес ағаштарды кесуге рұқсатты рәсімдейді немесе көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-сымен қол қойылған дәлелді бас тартуды көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" 1 (бір) жұмыс күні ішінде жолдайды.

      7. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.

      8. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      9. Көрсетілетін қызметтерді берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) басшысына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      10. Заңның 25-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының шағымы:

      көрсетілетін қызметті берушімен, уәкілетті органмен - оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен - оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      11. Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  "Ағаштарды кесуге рұқсат беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына 1-қосымша

"Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

"Электрондық үкімет" веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Портал арқылы өтініш берген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Ағаштарды кесуге рұқсат беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

1) Көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш берген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) бекітілген және келісілген қала құрылысы құжаттамасында көзделген құрылыс қызметін, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру үшін жағдайлар жасалуын қамтамасыз ету кезінде:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
жер учаскесіне құқығын беретін құжаттың электрондық көшірмесі ("Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер базасында тіркелмеген жағдайда);
кешенді ведомстводан тыс сараптаманың қорытындысы (мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы) (мәліметтер нысаны);
өсіп тұрған ағаштардың тұқымдық және сандық құрамын, олардың жай-күйін көрсете отырып, объектінің аумағында өсіп тұрған жасыл екпелерін түгендеу және орман-патологиялық зерттеу материалдары;
өтемдік ағаштарды отырғызудың жоспары;
көшеттерді отырғызуды аяқтаудың уақытын көрсетіп, өтемдік ағаштарды отырғызу бойынша кепілдік хат;
өтемдік көгалдандыру жүргізуге ұйыммен (мамандандырылған) жасалған шарт.
2) инженерлік абаттандыру объектілеріне, инженерлік желілерді реконструкциялау және салу, жерасты және жерүсті коммуникацияларына қызмет көрсету кезінде:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
кешенді ведомстводан тыс сараптаманың қорытындысы (мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы) (мәліметтер нысаны);
өсіп тұрған ағаштардың тұқымдық және сандық құрамын, олардың күйін көрсете отырып, құрылыс (реконструкциялау) аумағында өсіп тұрған жасыл екпелерін түгендеу және орман-патологиялық зерттеу материалдары;
өтемдік ағаштарды отырғызудың жоспары;
көшеттерді отырғызуды аяқтаудың уақытын көрсетіп, өтемдік ағаштарды отырғызу бойынша кепілдік хат;
өтемдік көгалдандыру жүргізуге ұйыммен (мамандандырылған) жасалған шарт.
3) бұрыннан бар объектілердің аумағын абаттандыру және эстетикалық түрге келтіру, жасыл екпелердің сапалық және түрлік құрамын жақсарту қажеттігі кезінде:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
жер учаскесіне құқығын беретін құжаттың электрондық көшірмесі ("Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер базасында тіркелмеген жағдайда);
өсіп тұрған ағаштардың тұқымдық және сандық құрамын, олардың күйін көрсете отырып, объектінің аумағында өсіп тұрған жасыл екпелерін түгендеу және орман-патологиялық зерттеу материалдары;
өтемдік ағаштарды отырғызудың жоспары;
көшеттерді отырғызуды аяқтаудың уақытын көрсетіп, өтемдік ағаштарды отырғызу бойынша кепілдік хат;
өтемдік көгалдандыру жүргізуге ұйыммен (мамандандырылған) жасалған шарт.
4) ағаштар мен бұталар жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде өсіп тұрған кезде:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
өтемдік ағаштарды отырғызудың жоспары;
көшеттерді отырғызуды аяқтаудың уақытын көрсетіп, өтемдік ағаштарды отырғызу бойынша кепілдік хат.
Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың мәліметтері, лицензия туралы, лицензиялық алым туралы мәліметтер көрсетілетін қызметті берушіге ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзы арқылы беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде электронды нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, басқа да талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің: www.kds.miid.gov.kz, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).

  "Ағаштарды кесуге рұқсат беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына 2-қосымша
  Жергілікті атқарушы органның
уәкілетті органына
(мемлекеттік органның толық
атауы)
____________________________
(жеке тұлғаның толық тегі, аты,
әкесінің аты (болған жағдайда),
жеке сәйкестендіру нөмірі/заңды
тұлғаның толық атауы,
мекенжайы, бизнес-
сәйкестендіру нөмірі)
  Байланыс
мәліметтері_________________
(пошталық индексі, облысы,
қаласы, ауданы, елді мекені,
көше атауы, үй/ғимарат нөмірі,
байланыс телефондарының
нөмірі)
Нысан

      Өтініш нөмірі:

ӨТІНІШ

      (Объектінің толық атауы) объекті бойынша (объектінің толық мекен жайы) ағаштарды кесу үшін рұқсат беруіңізді сұраймын.

      Өтініш беруші ағаштарды (ағашты) кесуге рұқсат беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.

      Келесі құжаттар ұсынылады:

      ________________________________________________________________________________

      Тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      (заңды тұлғаға лауазымы)                  жіберілген күні: кк.аа.жж.

      (электрондық цифрлық қолтаңба)

  "Ағаштарды кесуге рұқсат беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына 3-қосымша
  Нысан
  Нөмірі: ___________
Берілген күні: 20___ж. ________

Ағаштарды кесуге РҰҚСАТ

      Берілді: Ұйымның атауы (заңды тұлғаның толық атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі).

      Объекті бойынша: объектінің атауы көрсетіледі.

      Орналасқан жері: объектінің мекенжайы.

      Ағаштарды (ағашты) кесу: (себебі көрсетіледі).

      (Жергілікті атқарушы органның уәкілетті органының атауы), ағаштарды (ағашты) (тұқымы, сандық және сапалық сипаттамалары) ағаштардың (ағаштың) нақты күйі көрсетіледі, кесуге келіседі.

      Рұқсаттың қолданылу кезеңі: (мерзімін жергілікті атқарушы органның уәкілетті органы жұмыс түрлерін ескере отырып, белгілейді).

      Бұл ретте, көрсетілетін қызметті алушыға төмендегідей талаптарды орындау ұсынылады:

      Жерасты және жерүсті коммуникацияларды сақтаудың нормалары мен ережелерін сақтай отырып, (мерзімі көрсетіледі) дейін (түрлік құрамы, сандық және сапалық сипаттамалары көрсетіледі) көшеттерді отырғызу арқылы ағаштардың (ағаштың) өтемдік қалпына келтіру іс-шараларын жүргізу қажет.

      Іргелес аумақтардағы жасыл екпелерді қорғау, күтіп-ұстау және сақтау бойынша толық іс-шаралар кешенін жүргізу.

      Ескертпе: Тапсырыс берушіге рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, жазбаша түрде атқарылған жұмыс туралы ақпаратты ұсыну қажет.

      Басшы (уәкiлеттi тұлға)________________________________________________

      (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      (электрондық-цифрлық қолтаңба)