"Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкін қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Біл

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 124 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 3 сәуірде № 20290 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкін қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 16 қарашадағы № 661 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14666 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 23 қаңтарда жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкін қалыптастыру және пайдалану қағидаларында:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйым – Кодексте белгіленген құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасыға тәрбиелеуге орналастыруға, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, балаларды тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген және қабылдаған Қазақстан Республикасының азаматтарына жәрдемдесуді өтеусіз негізде жүзеге асыратын және осындай қызметті жүзеге асыру үшін Кодексте белгіленген тәртіппен аккредиттелген коммерциялық емес ұйым";

      мынадай мазмұндағы 28-1-тармақпен толықтырылсын:

      "28-1. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдары жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымның жазбаша сұрау салуы болған кезде Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйым Кодекстің 118-3-бабының 2-тармағына сәйкес туынды ақпарат түрінде тәрбиеленушілер туралы ақпаратты ұсынады."

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов