"Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 10-24) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырылған Ақпаратты электрондық нысанда қалыптастыру, өңдеу, сондай-ақ орталықтандырылған түрде жинау және сақтау, оның ішінде тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілерінің жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы |
К. Ускенбаев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
2020 жылғы 31 наурызы № 172 бұйрығымен бекітілген |
Ақпаратты электрондық нысанда қалыптастыру, өңдеу, сондай-ақ орталықтандырылған түрде жинау және сақтау, оның ішінде тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілерінің жұмыс істеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ақпаратты электрондық нысанда қалыптастыру, өңдеу, сондай-ақ орталықтандырылған түрде жинау және сақтау, оның ішінде тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілерінің жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-2-бабының 10-24) тармақшасына сәйкес әзірленді және:
тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілерінде ақпаратты электрондық нысанда қалыптастыру, өңдеу;
тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілерінен электрондық нысанда ақпаратты орталықтандырылған түрде жинау және сақтау;
тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілері (бұдан әрі - ТКШ ақпараттандыру объектілері) - тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы электрондық ақпараттық ресурстар және ақпараттық жүйелер;
2) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру субъектілері (бұдан әрі - ТКШ ақпараттандыру субъектілері) - уәкілетті орган, жергілікті атқарушы органдар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту орталығы, табиғи монополиялар субъектілері, мүліктің меншік иелері бірлестіктері, жай серіктестіктер, көппәтерлі тұрғын үйді басқарушылар, басқарушы компаниялар, сервистік қызмет субъектілері, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері және тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы өзге де субъектілер;
3) Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту орталығы (бұдан әрі - ТКШ дамыту орталығы) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, қызметі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртуға және дамытуға бағытталған, тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы оператор айқындаған заңды тұлға;
4) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы электрондық нысандағы ақпаратты орталықтандырылған түрде жинау және сақтаудың ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - Орталықтандырылған түрде жинаудың АЖ-сы) - бұл тұрғын үй қорын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты талдау үшін ТКШ ақпараттандыру объектілерінен ақпаратты шоғырландыруды қамтамасыз ететін, меншік иесі және (немесе) иеленушісі ТКШ дамыту орталығы болып табылатын ақпараттық жүйе;
5) коммуналдық қызметтер - қауіпсіз және жайлы өмір сүру (болу) жағдайларын қамтамасыз ету үшін сумен жабдықтауды, су бұруды, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқысты шығаруды, лифтілерге қызмет көрсетуді қамтитын тұтынушыға көрсетілетін қызметтер;
5) уәкілетті орган - тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
2-тарау. ТКШ ақпараттандыру объектілерінде электрондық нысанда ақпаратты қалыптастыру, өңдеу тәртібі
3. Электрондық нысанда ақпаратты қалыптастыру, өңдеу мақсатында ТКШ ақпараттандыру объектілері ТКШ ақпараттандыру субъектілері арасында өз құзыреті шеңберінде процестерді автоматтандыруды қамтамасыз етеді.
4. Автоматтандыру ТКШ дамыту орталығы белгілеген орталықтандырылған жинауды қамтамасыз ету бойынша ТКШ ақпараттандыру объектілеріне қойылатын техникалық және функционалдық сипаттамаларды (бұдан әрі - Сипаттамалар) ескере отырып, ТКШ ақпараттандыру объектілерін құру және (немесе) дамыту жолымен жүзеге асырылады.
ТКШ дамыту орталығы Сипаттамаларды ТКШ дамыту орталығының ресми интернет-ресурсында, сондай-ақ Орталықтандырылған түрде жинаудың АЖ-сында жариялайды.
5. Құрылатын және (немесе) дамытылатын ТКШ ақпараттандыру объектілері ТКШ ақапараттандыру субъектісінің құзыретіне сәйкес ақпаратты Орталықтандырылған түрде жинаудың АЖ-сына беруді қамтамасыз етеді:
тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй шаруашылығы саласында:
1) көппәтерлі тұрғын үйлерді есепке алу туралы;
2) мүліктің меншік иелерінің бірлестігі немесе жай серіктестік не көп пәтерлі тұрғын үйді басқарушы, не кондоминиум объектілерін басқарушы компаниясы толтыратын көп пәтерлі тұрғын үй туралы ақпарат;
3) кондоминиум объектісін күрделі жөндеуге пәтерлер және тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жарналарын есепке алу туралы;
4) көппәтерлі тұрғын үйлердің ортақ мүлкін күтіп-ұстау және жөндеу жөніндегі жоспарлы іс-шаралар туралы;
5) көп пәтерлі тұрғын үйді ұстау жөніндегі мүліктің меншік иелерінің бірлестігі немесе жай серіктестік не көп пәтерлі тұрғын үйді басқарушы, не кондоминиум объектілерін басқарушы компаниясының қызметінің қорытындылары бойынша есептер ;
6) көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналыстары, сондай-ақ жиналыс және дауыс беру нәтижелерінің хаттамалары туралы;
7) көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару және күтіп-ұстау бойынша өтінімдерді беру, өңдеу және орындау туралы;
8) ТКШ ақпараттандыру субъектілері арасында жасалған шарттар бойынша;
коммуналдық шаруашылық саласында:
9) коммуналдық қызметтерді жеткізушінің паспорты;
10) коммуналдық қызметтерді жеткізушілерді есепке алу туралы;
11) коммуналдық қызметтерді тұтынушылардың жеке шоттары туралы;
12) коммуналдық қызметтерді есепке алу аспаптарын есепке алу туралы;
13) коммуналдық қызметтерді есепке алу аспаптары көрсеткіштері туралы;
14) есепке алынатын коммуналдық қызметтердің тарифтеу, есептеу, құнын төлеу туралы;
15) коммуналдық инженерлік желілері: жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру, кәріздік тазарту құрылыстары, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау желілері туралы.
6. ТКШ ақпараттандыру объектілерінде электрондық нысандағы ақпаратты қалыптастыру, өңдеу, оның ішінде өзектілендіруді, толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз етуді ТКШ ақпараттандыру субъектілері тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы заңнамаға сәйкес жеке кабинет арқылы жүзеге асырады.
7. ТКШ ақпараттандыру объектісіне қолжетімділікті оның меншік иесі және (немесе) иеленушісі болып табылатын ТКШ ақпараттандыру субъектісі өзі және ТКШ ақпараттандырудың өзге де субъектісі арасында жасалған қол жеткізу құқығына арналған келісімге сәйкес береді.
Пәтер, тұрғын емес үй-жайлардың иелері ТКШ ақпараттандыру объектілерін пайдалану бойынша шығыстарды көтермейді.
8. ТКШ ақпараттандыру субъектілерімен ақпаратты қалыптастыру, өңдеу, оның ішінде өзектілендіруді, толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз ету тұрақты негізде, электрондық нысанда, оның ішінде электрондық құжаттарды не электрондық нысандағы құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып жүзеге асырылады.
Қағаз тасығышта жасалған құжаттар ТКШ ақпараттандыру объектілерінде құжаттардың электрондық көшірмелері нысанында орналастырылады.
9. Осы Қағидалардың 5-тармағының 5) және 6) тармақшалары бойынша ақпарат ТКШ ақпараттандыру объектілерінде оған ТКШ ақпараттандыру субъектісінің электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылғаннан кейін орналастырылады.
10. Дербес деректерді қамтитын ақпаратты өңдеуді ТКШ ақпараттандыру субъектісі, ТКШ дамыту орталығы ақпараттандыру және дербес деректерді қорғау саласындағы заңнама талаптарын қамтамасыз етуді ескере отырып жүзеге асырады.
11.ТКШ ақпараттандыру объектісінің меншік иесі және (немесе) иеленушісі болып табылатын ТКШ ақпараттандыру субъектісі осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес ТКШ ақпараттандыру объектісінен Орталықтандырылған түрде жинаудың АЖ-сына ақпаратты беруді қамтамасыз етеді.
3-тарау. Орталықтандырылған түрде жинаудың АЖ-сында электрондық нысандағы ақпаратты орталықтандырылған түрде жинау және сақтау
12. ТКШ дамыту орталығы:
Сипаттамаларды белгілеу;
Орталықтандырылған түрде жинаудың АЖ-сымен интеграциялау бойынша ТКШ ақпараттандыру объектілерінің меншік иелері және (немесе) иеленушілері болып табылатын ТКШ ақпараттандыру субъектілерімен келісімдер жасасу;
тұрғын үй қорын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты талдау;
ТКШ ақпараттандыру субъектілерінен алынған электрондық ақпараттық ресурстарды орталықтандырылған түрде жинау, сақтау, олардың сақталуы мен құпиялылығын қамтамасыз ету жолымен тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында электрондық ақпараттық ресурстардың жұмыс істеуін және қалыптасуын әдіснамалық қамтамасыз етуді, сондай-ақ ТКШ ақпараттандыру объектілерінен алынған электрондық ақпараттық ресурстардың орталықтандырылған түрде жиналуын, талдауын және сақталуын, олардың сақталуы мен құпиялылығын қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
ТКШ дамыту орталығы Орталықтандырылған түрде жинаудың АЖ-сын меншікке және (немесе) иеленуге сатып алады.
13. Ақпаратты Орталықтандырылған түрде жинаудың АЖ-сында орналастыру мынадай тәсілдермен жүзеге асырылады:
1) жеке кабинет арқылы;
2) ТКШ-ны ақпараттандырудың өзге де объектілерінің Орталықтандырылған жинаудың АЖ-мен өзара іс-қимылы арқылы жүзеге асырылады.
14. Ақпаратты ТКШ-ны ақпараттандырудың өзге объектілерінің Орталықтандырылған түрде жинаудың АЖ-сымен өзара іс-қимылы арқылы орналастырған жағдайда ТКШ ақпараттандыру объектісінің меншік иесі және (немесе) иеленушісі болып табылатын ТКШ ақпараттандыру субъектісі Орталықтандырылған түрде жинаудың АЖ-сына ТКШ ақпараттандыру объектісін тіркеуге және біріктіруге өтінім (бұдан әрі - өтінім) береді.
15. ТКШ ақпараттандыру субъектілері өтінімде өз функцияларын (құзыреттерін) Орталықтандырылған түрде жинаудың АЖ-сында оларды Орталықтандырылған түрде жинаудың АЖ-сында бар анықтамалықтан таңдау жолымен көрсетеді. Бұл ретте, егер ТКШ ақпараттандыру субъектісі көрсетілген анықтамалықта санамаланған әртүрлі функцияларға жататын қызметтің бірнеше түрін жүзеге асырған жағдайда, ТКШ ақпараттандыру субъектісі Орталықтандырылған түрде жинаудың АЖ-сында бірнеше функцияларды көрсетеді.
16. ТКШ дамыту орталығы 5 жұмыс күні ішінде өтінімді қарайды және өтінімде көрсетілген электрондық мекенжайға өтінімді мақұлдау немесе бас тарту туралы ТКШ ақпараттандыру объектісінің меншік иесі және (немесе) иеленушісі болып табылатын ТКШ ақпараттандыру субъектісін хабардар етеді.
ТКШ дамыту орталығы өтінімнен:
ТКШ ақпараттандыру объектісінің Сипаттамаларға сәйкес келмеуі;
өтінімде ұсынылған ақпараттың толық болмауы жағдайларында бас тартады.
17. Өтінім мақұлданған кезінде ТКШ дамыту орталығы ТКШ ақпараттандыру объектісінің меншік иесі және (немесе) иеленушісі болып табылатын ТКШ ақпараттандыру субъектісімен ТКШ ақпараттандыру объектісін Орталықтандырылған түрде жинау АЖ-сымен интеграциялау туралы келісім жасасады.
18. ТКШ ақпараттандыру объектісін Орталықтандырылған түрде жинаудың АЖ-сымен интеграциялау Сипаттамаларға сәйкес жүзеге асырылады.
ТКШ ақпараттандыру объектісі немесе Орталықтандырылған түрде жинаудың АЖ-сы мемлекеттік органның "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерімен интеграцияланған кезде, интеграциялау Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
19. ТКШ дамыту орталығы Орталықтандырылған түрде жинаудың АЖ-сында ТКШ ақпараттандыру объектілерінің тізілімін жүргізеді.
20. ТКШ дамыту орталығы ТКШ ақпараттандыру объектілерін тізілімнен шығаруды мынадай жағдайларда жүзеге асырады:
1) осы Қағидалардың 22-тармағында айқындалған негіздер бойынша;
2) ТКШ ақпараттандыру объектісін пайдаланудан шығару кезінде;
3) ТКШ ақпараттандыру объектісінің меншік иесі болып табылатын ТКШ ақпараттандыру субъектісінің өтініші негізінде.
21. Орталықтандырылған түрде жинаудың АЖ-сындағы ақпаратқа қол жеткізу уәкілетті орган, жергілікті атқарушы органдар, өзге де мемлекеттік органдарға және коммуналдық қызметтерді жеткізушілерге ТКШ дамыту орталығымен жасасқан келісімге сәйкес беріледі.
22. ТКШ ақпараттандыру субъектілерінің қол жеткізу құқығы мынадай жағдайларда Орталықтандырылған түрде жинаудың АЖ-сында:
1) ТКШ дамыту орталығымен жасалған келісімге сәйкес қол жеткізу құқығы берілген мерзім аяқталғанда;
2) қол жеткізу құқықтарын кері қайтарып алу туралы ақпаратты Орталықтандырылған түрде жинаудың АЖ-да орналастырғанда;
3) ТКШ ақпараттандыру субъектісі атынан Орталықтандырылған түрде жинаудың АЖ-сында іс-қимыл жасауға қол жеткізу құқығы берілген тұлғаның қол жеткізу құқығынан бас тарту туралы ақпаратты Орталықтандырылған түрде жинаудың АЖ-сында орналастырғанда;
4) өз атынан өзге тұлғаға Орталықтандырылған түрде жинаудың АЖ-сында іс-қимыл жасауға өкілеттік берген Орталықтандырылған түрде жинаудың АЖ пайдаланушының қол жеткізу құқықтарын тоқтатқанда;
5) тұлғаға қол жеткізу құқығы берілген негіздемелерді тоқтатқанда немесе олардың жоқ екенін анықтағанда;
6) ТКШ ақпараттандыру субъектісінің өтінімде дұрыс емес мәліметтерді Орталықтандырылған түрде жинаудың АЖ-сына ұсыну фактісі анықталғанда;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.
23. ТКШ дамыту орталығын қоспағанда, ТКШ ақпараттандыру субъектілері Орталықтандырылған түрде жинаудың АЖ-сының ашық бөлігіне және тіркеу рәсімдерінен өтпей, онда орналастырылған ақпаратқа қол жеткізе алады.
Орталықтандырылған түрде жинаудың АЖ-сының ашық бөлігінде тізілім, көппәтерлі тұрғын үйді басқаратын басқарушы компаниялардың, сервистік қызмет субъектілерінің және коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің сапасы, қызмет көрсету саны және өтінімдерді орындау бойынша рейтингі орналастырылады. Коммуналдық қызметтерді жеткізушілер бойынша коммуналдық қызметтердің тарифі (құны) көрсетіледі.
24. Орталықтандырылған түрде жинаудың АЖ-сының жабық бөлігіне және онда орналастырылған ақпаратқа қол жеткізу тіркеу рәсімінен өткеннен кейін, сондай-ақ ТКШ ақпараттандыру объектілерінің тізіліміне енгізілген соң және ТКШ дамыту орталығымен келісім жасалғаннан кейін жеке кабинет арқылы беріледі.
25. Ақпаратты ТКШ ақпараттандыру объектілерінде сақтауды ТКШ ақпараттандыру субъектілері және Орталықтандырылған түрде жинаудың АЖ-сында ТКШ дамыту орталығы қамтамасыз етеді.
26. ТКШ ақпараттандыру субъектілері Қазақстан Республикасының ақпараттандыру, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және дербес деректерді қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, Сипаттамаларға сәйкес ТКШ дамыту орталығына ақпаратты беруді жүзеге асырады.
27. ТКШ дамыту орталығы ТКШ ақпараттандыру субъектілері туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының ақпараттандыру, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және дербес деректерді қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, ұсынады немесе таратады, оның ішінде береді.
4-тарау. ТКШ саласында ақпараттандыру объектілерінің жұмыс істеуі
28. ТКШ ақпараттандыру объектілерінің жұмыс істеу сенімділігін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ақпаратты сақтау, өңдеу және беру үшін пайдаланылатын техникалық құралдар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы стандарттарға сәйкес келуге тиіс.
29. ТКШ ақпараттандыру объектілері тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй шаруашылығы саласында ТКШ ақпараттандыру субъектілері үшін мобильді нұсқалармен қамтамасыз етіледі.
30. ТКШ ақпараттандыру объектілері тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй шаруашылығы саласында электрондық цифрлық қолтаңбамен және (немесе) бір жолғы смс-парольдермен қол қою функциясын қамтамасыз етеді.
31. ТКШ ақпараттандыру объектілері коммуналдық қызметтерді тұтынушылардан өтініштерді қабылдауды және коммуналдық қызметтерді жеткізушілерге Орталықтандырылған түрде жинаудың АЖ-сымен интеграциялау жолымен беру функциясымен қамтамасыз етіледі.
32. Ақпаратты ТКШ ақпараттандыру объектісінде жеке кабинет арқылы орналастырған ТКШ ақпараттандыру субъектісі ақпараттың келіп түскен және берілген күнін белгілей отырып, ақпараттың орналастырылғанын растау туралы автоматты түрде хабарлама алады.
33. ТКШ ақпараттандыру объектілерінде функционалды пайдалану ТКШ ақпараттандыру субъектілеріне берілген қол жеткізу құқығына сәйкес жүзеге асырылады.
34. ТКШ-ны ақпараттандыру объектілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және ТКШ-ны ақпараттандыру объектілеріне Орталықтандырылған түрде жинаудың АЖ-сынан ақпарат беру үшін ТКШ-ны дамыту орталығымен жасалған келісімге сәйкес ТКШ-ны ақпараттандыру объектілеріне қолжетімділікті ұсына алады.
35. ТКШ ақпараттандыру объектілері үздіксіз режимде жұмыс істеумен қамтамасыз етіледі.
36. ТКШ дамыту орталығы және ақпараттандыру объектісінің меншік иесі немесе иеленушісі:
1) ТКШ ақпараттандыру объектілерінің үздіксіз жыл бойы және тәулік бойы жұмыс істеуін;
2) ТКШ ақпараттандыру объектілерінің жұмысы істен шыққан жағдайда олардың жұмысқа қабілеттілігін тез (бір сағаттан артық емес) қалпына келтіруді;
3) Орталықтандырылған түрде жинаудың АЖ бағдарламалық-аппараттық кешенінің қолжетімділігін және жабдықты пайдаланудың ағымдағы жай-күйін үздіксіз қадағалауға мүмкіндік беретін ТКШ ақпараттандыру объектілері мен Орталықтандырылған түрде жинаудың АЖ-сы оқиғаларының және ағымдағы жай-күйінің мониторингін тұрақты жүргізуді, сондай-ақ Орталықтандырылған түрде жинаудың АЖ-сы жұмысының істен шығуы туралы ТКШ ақпараттандыру объектілерінің меншік иелеріне және (немесе) иелеріне дереу хабарлама қалыптастыруды қамтамасыз етеді.