"Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 162 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 95 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 наурызда № 20216 болып тіркелді

      "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 10-1) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 162 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10184 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дінтану сараптамасын жүргізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық даму министрі
Д. Абаев

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш

      өнеркәсібі министрлігі

  2020 жылғы 31 наурызы № 95
Бұйрыққа қосымша
  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2014 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 162 бұйрығымен
бекітілген

Дінтану сараптамасын жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Дінтану сараптамасын жүргізу қағидалары "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 4-бабының 10-1) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және дінтану сараптамасын жүргізу (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Дінтану сараптамасын (бұдан әрі - сараптама) жүргізуді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) қамтамасыз етеді.

      3. Сараптама объектілеріне:

      діни бірлестіктердің құрылтай құжаттары;

      діни мазмұндағы құжаттар (діни бірлестіктердің құрылымы, діни ілім негіздері, діни практикасы, діни қызметтің нысандары мен әдістері бар);

      діни білім беру бағдарламалары;

      діни мазмұндағы ақпараттық материалдар, діни әдебиет және діни мақсаттағы заттар жатады.

      4. Заңның 6-бабының 3-тармағына сәйкес сараптаманы дінтану саласында арнайы білімі бар адамдар (бұдан әрі - сарапшылар), қажет болған жағдайда мемлекеттік органдардың өкілдерін және өзге мамандарды тарта отырып, жүргізеді.

      5. Сараптаманы жүргізу үшін гуманитарлық ғылымдар бағыты бойынша мына мамандықтардың біреуі бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар сарапшылар тартылады:

      дінтану;

      теология;

      исламтану.

      6. Сараптама жүргізудің негіздері:

      1) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың уәкілетті органға өтініштері;

      2) Қазақстан Республикасы ұйымдарының кітапхана қорларына, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушіге діни әдебиеттің, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдардың келіп түсуі;

      3) жеке тұлғалардың миссионер ретінде тіркеу және діни бірлестіктерді тіркеу туралы өтініші;

      4) жеке пайдалануға арналған материалдарды қоспағанда, діни мазмұндағы ақпараттық материалдардың әкелінуі;

      5) көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұйрығы;

      6) діни әдебиеттің және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдардың әзірленуі, шығарылуы және таратылуы болып табылады.

2-тарау. Дінтану сараптамасын жүргізу тәртібі

      7. Сараптама өзіне:

      1) объект мазмұнының нақты діни ілімге тиесілігін айқындауды, зерттелетін объектінің мазмұнын аксиологиялық бейтараптықтың сақталуы нысанасында зерттеуді, сондай-ақ діни көзқарастар мен ғибадат ету практикасының ілімді ұстанушыларға және қоғамның өзге мүшелеріне теріс ықпал ету ықтималдылығына баға беруді;

      2) көрсетілетін қызметті беруші қойған мәселелерді ескере отырып, сараптама объектілерін қарауды. Діни бірлестіктердің құрылтай құжаттарын қарау кезінде діни бірлестіктердің қызметін, оның ішінде олардың нақты қызметінің нысандары мен әдістерін зерделеу жүргізіледі;

      3) сараптама объектісін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасының нормаларына қайшылықтардың болуын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының бұзылуын анықтау нысанасында зерделеуді қамтиды.

      8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне не www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы осы қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында жазылған.

      Көрсетілетін қызметті беруші өтініш келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады (көрсетілетін қызметті алушы өтінішті жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы өтініш жасаған жағдайда, құжаттарды қабылдап алған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) көрсетіле отырып, кіріс құжаттарын қабылдаған күні, уақыты және нөмірі бар, көрсетілетін қызметті берушінің мөртаңбасы қойылған көрсетілетін қызметті алушының өтінішінің көшірмесі құжаттар топтамасының қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсетуді есепке алуды жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті портал арқылы берген кезде "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салуды қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып хабарлама жіберіледі.

      Жеке басын куәландыратын, діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), құқығын белгілейтін құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Егер, көрсетілетін қызметті алушы сұрау салуды Портал арқылы сараптама объектілердің электрондық формаларын тіркемей жіберсе, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға 1 (бір) жұмыс күні ішінде сараптама объектісінің түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушының мекенжайына жіберу қажеттілігі туралы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес хабарлама жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы сараптама объектілерін хабарламаны алған күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына пошта байланысы арқылы не қолма-қол жібереді.

      Сараптама жүргізу мерзімі көрсетілетін қызметті алушы сараптама объектілерін алғанға дейін тоқтатыла тұрады.

      Көрсетілетін қызметті беруші өтініш тіркелген кезден бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде сараптама объектісін ілеспе хатпен сараптама жүргізу үшін жібереді.

      9. Сараптама объектісі келіп түскен кезде сарапшы (сарапшылар, сараптама тобының мүшелері) 17 (он жеті) жұмыс күні ішінде объектіге сараптама жүргізеді және көрсетілетін қызметті берушіге сараптама қорытындысын жібереді.

      10. Сарапшыда (сарапшыларда) қолда бар объект бойынша материалдар толық болмаған кезде қосымша материалдар мен ақпараттар беру туралы мүдделі діни бірлестіктерге, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктерге, халықаралық ұйымдарға (Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі арқылы) сұрау салулар жіберген жағдайда сараптама жүргiзу мерзімі 15 (он бес) жұмыс күніне ұзартылады. Сараптама жүргізу мерзімін ұзартқан кезде көрсетілетін қызметті беруші сұрау салуларды жіберген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бұл туралы көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша хабарлайды, Портал арқылы өтініш жасаған жағдайда электрондық құжат нысанында хабардар етеді.

      11. Мемлекеттік органдардың өкілдері және өзге де мамандар тартылған кезде, сондай-ақ бір объект бойынша үш сарапшыдан артық тағайындалған кезде көрсетілетін қызметті беруші сараптама тобын құрады.

      12. Көрсетілетін қызметті беруші сарапшыға (сарапшыларға, сараптама тобының мүшелеріне) объект бойынша сараптама жүргізу мәселелерінің тізбесін береді.

      13. Сарапшыда (сарапшыларда) қолда бар объект бойынша материалдар толық болмаған кезде көрсетілетін қызметті беруші қосымша материалдар мен ақпараттар беру туралы мүдделі діни бірлестіктерге, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктерге, халықаралық ұйымдарға (Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі арқылы) сұрау салулар жібереді.

      14. Сараптама жүргізу барысында сарапшы (сарапшылар, сараптама тобының мүшелері):

      1) уәжді, ғылыми негізделген, объективті және толық сараптама қорытындысын дайындайды;

      2) сараптама жүргізу үшін ұсынылған сараптама объектісі, материалдар мен ақпараттар туралы мәліметтерді жария етпейді, сондай-ақ оларды жария бағалаудан тартынады.

      15. Сараптама нәтижелері бойынша ұсынымдық сипаттағы сараптама қорытындысы жасалады.

      Сараптама қорытындысында:

      1) сараптама қорытындысының нөмірі;

      2) сараптаманы жүргізген адам (адамдар);

      3) сарапшының (сарапшылардың) құзыреттілігін көрсететін деректер: мамандығы, ғылыми дәрежесі (бар болған жағдайда);

      4) сараптама жүргізудің негізі (дері);

      5) сараптама объектісінің толық атауы;

      6) сараптама объектісінің діни қатыстылығы;

      7) сараптама объектісінің шығыс деректері көрсетіледі. Егер сараптама объектісі діни мазмұндағы ақпараттық материал немесе діни әдебиет болып табылса, онда авторы және/немесе аудармашы (лар), құрастырушы (лар), баспасы, шыққан жылы, парақтар саны, ISBN (Кітаптың халықаралық стандартты нөмірі) бар болған жағдайда, объекті мазмұнының тілі, егер сараптама объектісі заңды тұлғаның (діни бірлестіктің) құрылтай құжаттары болып табылса - заңды мекенжайы, құрылтай құжатының қабылданған күні, парақтар саны, объекті мазмұнының тілі, егер сараптама объектісі діни оқу орындарының рухани (діни) білім беру бағдарламалары болып табылса объектінің парақтар саны, объекті мазмұнының тілі көрсетіледі;

      8) көрсетілетін қызметті беруші қойған сұрақтарға уәжді, ғылыми негізделген, объективті және толық жауаптар;

      9) сараптама объектісінің Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға және таратылуға ұсынылатыны немесе ұсынылмайтыны көрсетілетін сарапшының тұжырымы көрсетіледі.

      16. Сараптама қорытындысына сарапшы (сарапшылар, сараптама тобының мүшелері) қол қояды және сараптама қорытындысының әрбір парағы оның қолымен расталады. Сараптама қорытындысын алғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде сараптама қорытындысының нәтижелері туралы көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы қол қойған қағаз нысандағы немесе электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанында хат немесе көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуы туралы уәжді жауап дайындайды.

      17. Егер объектілерге бұрын сараптама жүргізілген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде сараптама нәтижелері туралы хат береді.

      18. Оң сараптамалық қорытынды алған сараптама нәтижелері көрсетілетін қызметті берушінің ресми сайтында жариялануға тиіс.

      19. Сараптаманы жүргізуді қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      20. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      21. Заңның 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының шағымын:

      көрсетілетін қызметті беруші - тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.

      22. Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу үшін қажет болған жағдайларда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  Дінтану сараптамасын
жүргізу қағидаларына
1-қосымша
  нысан
  Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық даму
министрлігі Дін істері
комитетінің төрағасы
__________________________
(тегі, аты, әкесінің аты) кімнен
__________________________
__________________________
(жеке тұлғалар үшін тегі,
аты, әкесінің аты
(болған жағдайда),
мекенжайы және телефоны.
Заңды тұлғалар үшін атауы,
пошталық мекенжайы
және телефоны)

Өтініш

      Сізден мынадай:________________________________________________________________________

      (авторын және/немесе аудармашыны, құрастырушыны), басылым деректерін (қала, баспасы,

      басып шығарылған жылы, парақ саны) көрсете отырып сараптама объектілерін тізбелеу)

      ____________________________________________________________ діни материалдарға

      дінтану сараптамасын жүргізуді сұраймын.

      ________________________________________________________________________________

      (себептері көрсетіледі, бұл ретте ұйымдардың кітапхана қорларына келіп түскен жағдайда,

      ұйымның атауын және келіп түскен күнін, миссионерлерді немесе діни бірлестіктерді тіркеуге

      өтініш берген жағдайда - күні мен мұндай өтінішті қабылдаған органды, Қазақстан

      Республикасының аумағына әкелінген жағдайда - әкелінген күнін көрсету қажет).

      _____________________________________________________________________ байланысты

      дінтану сараптамасын жүргізу қажет.

      Өтініш берушінің қолы, қол қойылған күні.

      Мөр (бар болған жағдайда).

  Дінтану сараптамасын
жүргізу қағидаларына
2-қосымша
  нысан

Хабарлама

      Осы хабарламамен Сізге мынадай объектілерге

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (авторын және/немесе аудармашыны, құрастырушыны), басылым деректерін (қала, баспасы,

      басып шығарылған жылын, парақ санын, ISBN (Кітаптың халықаралық стандартты нөмірі)

      көрсете отырып, сараптама объектілерін тізбелеу)

      _______________ бұрын дінтану сараптамасы жүргізілмегендігін хабарлаймыз.

      Осыған байланысты, Сізге дінтану сараптамасын жүргізу үшін 010000 Нұр-Сұлтан

      қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 15-кіреберіс мекенжайы бойынша

      хабарлама берілген күннен бастап 30 жұмыс күнінен кешіктірмей объектілерді беру қажет.

  Дінтану сараптамасын
жүргізу қағидаларына
3-қосымша

"Дінтану сараптамасын жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті www.​egov.​kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал)




3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Жиырма екі (22) жұмыс күн

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде

5

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi

Сараптама қорытындысы туралы хат не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесi

1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі - жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Өтінішті қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады;
2) портал - жөндеу жұмыстарына байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті беруші - www.​qogam.​gov.​kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі
2) портал - www.​egov.​kz.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке тұлғалар үшiн - жеке басын куәландыратын құжат немесе заңды тұлғалар үшiн діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік не ол туралы анықтама;
3) сараптама объектісінің Қазақстан Республикасы ұйымдарының кітапхана қорларына келіп түскенін растайтын құжаттың көшірмесі не миссионерлерді немесе діни бірлестікті тіркеу үшін берілген өтініштің көшірмесі не діни бірлестік басшысының немесе оның міндетін атқарушы адамның атынан жазылған Қазақстан Республикасының аумағына әкелінгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
4) сараптама объектілері.
Ұсынылған материал шет тілінде болған жағдайда, "Нотариат туралы" 1998 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 80-бабына сәйкес оның қазақ не орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы беріледі. Объект жинақталған, ақаусыз және зақымдалмаған күйде ұсынылады.
Порталға:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) сараптама объектісінің Қазақстан Республикасы ұйымдарының кітапхана қорларына келіп түскенін растайтын құжаттың электронды көшірмесі не миссионерлерді немесе діни бірлестікті тіркеу үшін берілген өтініштің электронды көшірмесі не діни бірлестік басшысының немесе оның міндетін атқарушы адамның атынан жазылған Қазақстан Республикасының аумағына әкелінгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) онда қамтылған деректердің (ақпараттардың) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметке немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (өкімі) болса;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімнің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылуы.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.