"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқаруш

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 18 наурыздағы № 98/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 наурызда № 20198 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген, 2013 жылғы 26 қазанында "Егемен Қазақстан" № 240 (28179) газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қызмет берушіде мемлекеттік қызметті көрсету кезеңі жөнінде ХҚКО ЫАЖ-ға деректер енгізу үшін көрсетілетін мемлекеттік қызметтер есебі жүргізілетін ақпараттық жүйесі бар болған жағдайда, қызмет беруші Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушысының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16777 болып тіркелген) "Электрондық үкімет" ақпараттандыру объектілері интеграциясының қағидаларында белгіленген тәртіппен өзінің ақпараттық жүйесін ХҚКО ЫАЖ-мен ықпалдастыру жүргізеді.";

      10-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Қызмет алушының өтінімі қызмет берушінің ақпараттық жүйесінде немесе ХҚКО ЫАЖ МО АЖО ішкі жүйесінде тіркелуі кезінде өтінімді қабылдау нақты күні бекітіледі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативті құқықтық актісіне сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің жоспарлы күнін автоматты түрде есептейді.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын бақылау және бағалау бойынша уәкілетті органға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді орындау мерзімдерін орталық мемлекеттік органдармен, олардың ведомстволарымен, аумақтық бөлімдерімен және ведомстволық бағынысты ұйымдарымен, жергілікті атқарушы органдармен, қызмет берушілермен бұзушылықтар саны туралы ХҚКО ЫАЖ арқылы талдамалық есеп береді. Талдамалық есепте мемлекеттік қызметті көрсетудің бекітілген мерзімін бұзушылық саны, мемлекеттік органдар және мемлекеттік қызметтер бөлігіндегі бұзушылық мерзімі, оның ішінде техникалық себептерге байланысты мерзімінің бұзушылықтары ("Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамымен сүйемелдеген ақпараттық жүйелерінің іркілістері) көрсетіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
А. Жумагалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Мемлекеттік қызмет істері агенттігі