"Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылы 27 маусымдағы № 392 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 2 наурыздағы № 104 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 11 наурызда № 20104 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылы 27 маусымдағы № 392 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9658 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 ақпанда "Егемен Қазақстан" газетінің № 28 (28506) санында жарияланған) өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қызмет өңірін айқындау қағидасында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Техникалық қарап тексерудің ұтқыр желілері үшін қызмет өңірін техникалық қарап тексерудің стационарлық желілері жоқ елді мекендер мен өңірлер атауларының тізбелерін жасау арқылы техникалық қарап тексеру операторы айқындайды.

      Техникалық қарап тексерудің стационарлық желілері жоқ елді мекендер мен өңірлер атауларының тізбесін (бұдан әрі - Тізбе) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті (бұдан әрі – Комитет) жасайды және www.miid.gov.kz. интернет-ресурсында орналастырылады.";

      8, 9, 10, 11-тармақтар алынып тасталсын;

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Оператор тұрғындарды Кесте туралы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында хабарлайды.

      Оператор Кестенің көшірмесін күнтізбелік бес күн ішінде Комитеттің аумақтық органдарына жібереді.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық даму
министрінің міндетін атқарушы
К. Ускенбаев