"Сотталған адамның әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдау үшін ауыстыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 375 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 ақпандағы № 171 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 наурызда № 20089 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сотталған адамның әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдау үшін ауыстыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 375 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15332 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне 2017 жылғы 20 шілдеде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      осы бұйрықпен бекітілген Сотталған адамның әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдау үшін ауыстыру қағидаларында:

      16 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Өтінішті қарау кезінде мынадай негізгі өлшемшарттар сақталады:

      сотталғанның теріс мінез-құлық дәрежесінің болмауы;

      ҚАК-тың 88-бабы төртінші бөлігінің 4) тармақшасы бойынша ауыстырылған сотталғанның оң мінез - құлық дәрежесінің болуы;

      әлеуметтік пайдалы байланысын растайтын құжаттардың болуы;

      кездесулер, хат алысулар, телефон арқылы сөйлесулер, сауқаттар (бандерольдер) жіберу арқылы әлеуметтік пайдалы байланысын растауы;

      мекеменің тиісті түрінің болуы;

      туыстарының тұрғылықты жері бойынша тіркелу мерзімі кемінде алты ай болуы;

      осы мекеме үшін бекітілген лимит шегінде мекемеде орындардың болуы.".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
Е. Тургумбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуратурасы

      2019 жылғы " " ________