"Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 13 тамыздағы № 508 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы"

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 21 ақпандағы № 141 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 27 ақпанда № 20077 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 13 тамыздағы № 508 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9729 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 8 қазанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидаларында:

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Сотталғандарға тәртіптік жазалаулар ҚАК-тің 133-бабында көзделген тәртіпте мекеме бастығының немесе оның міндетін атқарушы адамның не оның орынбасарының қаулысымен осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысанда қолданылады.

      Бұзушылық фактісі бойынша сотталғанмен ЖТЖ күнделігіне тіркеумен тәрбиелік сипаттағы әңгіме жүргізіледі, қажеттілігіне қарай психологиялық көмек, психотүзету іс-шаралар өткізіледі.

      Егер тәртіптік жазалау басқа мекемелер арқылы транзитпен жүруі (бұдан әрі – транзиттік мекеме) кезінде салынған жағдайда транзиттік мекеме әкімшілігі тәртіптік жазалауға тарту туралы қаулы бар материалдарды сотталғанның жеке ісіне қоса береді.

      ТИ-ға жабу транзиттік мекемеде орындалады, транзиттік мекемедегі ТИ-ға жабу орындалмаған жағдайда не толығымен орындалмаса, осы жазалау мекемеге келген күні, соның ішінде тиісті іс-шараларды өткізумен карантинде болған күндерді есепке алумен орындалады.

      Сотталған жіберілген мекемеге келген күні, оның әкімшілігі жеке ісіне қоса берілген, тәртіптік жазалауларға тарту туралы материалдардың негізінде тиісті мінез-құлық дәрежесін бере отырып, Қылмыстық-атқару жүйесінің орталықтандырылған автоматтандырылған деректер қорына тиісті мәліметтерді енгізеді.

      Мекеме әкімшілігі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей прокурорға сотталғанға қатысты тәртіптік жаза қолдану туралы қаулының көшірмесін жолдайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер Министрі Е. Тургумбаев