"Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелері туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 7-1/273 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 18 ақпандағы № 55 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 24 ақпанда № 20061 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелері туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 7-1/273 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11699 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері туралы үлгі ережені бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері туралы үлгі ереже бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелері туралы үлгі ережеде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері туралы үлгі ереже";

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері туралы үлгі ереже (бұдан әрі – Ереже) "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерінің міндеттерін, функцияларын, өкілеттіктерін және өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайды.";

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері (бұдан әрі – ЖАО бөлімшелері) өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы Заңын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      3. ЖАО бөлімшелері Заңның 9-бабы 2-тармағына сәйкес дербес бөлімшелер нысанында құрылады.

      Облыстардың ЖАО бөлімшелерінің аудандар, облыстық маңызы бар қалалар деңгейінде бекітіліп берілген өкілдерінің болуына жол беріледі.

      ЖАО бөлімшесінің басшысы бас мемлекеттік ветеринариялық дәрігер болып табылады, ал өзге лауазымды адамдар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер болып табылады.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Негізгі міндеттері";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Негізгі қызметтері";

      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Облыстардың ЖАО бөлімшелері мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесе отырып, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;

      2) облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантин немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешімнің жобасын әзірлеу;

      3) осы облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда пайда болған жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнінде ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді алып тастау туралы шешімнің жобасын әзірлеу;

      4) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 767 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6027 болып тіркелген) бекітілген Өңірлендіру, аумақты аймақтарға, компартментке бөлу қағидаларына (бұдан әрі – Өңірлендіру қағидалары) сәйкес аумақты аймақтарға бөлу туралы шешім шығару;

      5) ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      6) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі - Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң) сәйкес жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық-санитариялық сараптамасын лицензиялау үшін құжаттар дайындау;

      7) ветеринария саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын әзірлеу;

      8) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық іс-шаралар ұйымдастыруды және жүргізуді үйлестіру;

      9) ветеринариялық препараттардың республикалық запасын қоспағанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы жөніндегі ветеринариялық препараттарды сақтауды, тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру;

      10) ауыл шаруашылығы жануарларына бірдейлендіру жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу), ветеринариялық паспортты дайындау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;

      11) ауыл шаруашылығы жануарларына бірдейлендіру жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және процессингтік орталыққа ақпарат беру;

      12) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордың жүргізілуін ұйымдастыру;

      13) Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңға сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдау, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;

      14) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды, реконструкциялауды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;

      15) облыстың жергілікті өкілді органына бекіту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;

      16) мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      17) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, азық пен азықтық қоспаларды өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;

      18) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай зарарсыздандыру (залалсыздандыру) және өңдеу;

      19) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай зарарсыздандырылған (залалсыздандырылған) және өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;

      20) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;

      21) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;

      22) эпизоотологиялық ошақтар пайда болған жағдайда, оларға зерттеп-қарау жүргізу;

      23) мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізіліміне енгізу үшін мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырлар) туралы деректерді (мәліметтерді) жинақтауды ұйымдастыру;

      24) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды уәкілетті органға ұсыну;

      25) жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, ветеринариялық препараттарды сақтауды, жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды жүргізуді ұйымдастыру;

      26) "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9891 болып тіркелген) бекітілген Жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты міндетті түрде алып қою және жою жүргізілетін кездегі жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесіне (бұдан әрі – Жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесі) енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзотиялық және басқа ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу жөніндегі ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;

      27) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;

      28) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру;

      29) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, азық пен азықтық қоспаларды өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысу;

      30) профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін әзірлеу;

      31) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру.

      10. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың ЖАО бөлімшелері мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;

      2) ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      3) республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша карантин немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешімнің жобасын әзірлеу;

      4) республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында пайда болған жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді алып тастау туралы шешімнің жобасын әзірлеу;

      5) Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңға сәйкес жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық-санитариялық сараптамасын лицензиялау үшін құжаттар әзірлеу;

      6) Өңірлендіру қағидаларына сәйкес аумақты аймақтарға бөлу туралы шешім шығару;

      7) Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңға сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдау, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;

      8) ветеринария саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын әзірлеу;

      9) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізуді үйлестіру;

      10) ветеринариялық препараттардың республикалық запасын қоспағанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы жөніндегі ветеринариялық препараттарды сақтауды, тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру;

      11) ауыл шаруашылығы жануарларына бірдейлендіру жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу), ветеринариялық паспортты дайындау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;

      12) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордың жүргізілуін ұйымдастыру;

      13) мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізіліміне енгізу үшін мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырлар) туралы деректерді (мәліметтерді) жинақтауды ұйымдастыру;

      14) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;

      15) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды ветеринария саласындағы уәкілетті органға ұсыну;

      16) жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы және диагностикасы жөніндегі ветеринариялық препараттарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;

      17) ветеринариялық препараттарды сақтауды және тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру, жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу;

      18) Жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесі бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық және басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу жөніндегі ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;

      19) ветеринария мәселелері бойынша халық арасында ағарту жұмысын ұйымдастыру және жүргізу;

      20) ауыл шаруашылығы жануарларына бірдейлендіру жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және процессингтік орталыққа ақпарат беру;

      21) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру;

      22) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;

      23) республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органына бекіту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөніндегі ұсыныстарды енгізу;

      24) мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      25) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, азық пен азықтық қоспаларды өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;

      26) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай зарарсыздандыру (залалсыздандыру) және өңдеу;

      27) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай зарарсыздандырылған (залалсыздандырылған) және өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;

      28) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, азық пен азықтық қоспаларды өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысу;

      29) профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін әзірлеу;

      30) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;

      31) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;

      32) эпизоотологиялық ошақтар пайда болған жағдайда, оларға зерттеп-қарау жүргізу.";

      11-тармақ алып тасталсын;

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Негізгі құқықтары";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. ЖАО бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі