"Жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған не жоғалтқан, жоғалтып алған жағдайда күдіктіні, айыпталушыны құжаттандыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 631 бұйрығына өзгерістер енгізу т

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 14 ақпандағы № 120 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 18 ақпанда № 20046 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған не жоғалтқан, жоғалтып алған жағдайда күдіктіні, айыпталушыны құжаттандыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 631 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9827 болып тіркелген, "Әділет" нормативтік-құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 24 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 4 шілдедегі Қылмыстық-процестік кодексінің 203-бабының 5-бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:"

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған не жоғалтқан, жоғалтып алған жағдайда күдіктіні, айыпталушыны құжаттандыру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған не жоғалтқан, жоғалтып алған жағдайда күдіктіні, айыпталушыны құжаттандыру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 4 шілдедегі Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 203-бабының 5-бөлігіне сәйкес әзірленді.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі алғаш рет: 1974 жылғы үлгідегі бұрынғы КСРО паспортын немесе оны жоғалуы себепті қалпына келтіру үшін, сонымен қатар алғаш рет жеке басын куәландыратын құжаттар алу үшін өтінімхат және туу туралы куәлігін ұсынған жағдайда 18-жастан асқан адамдарға олардың азаматтығын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13391 болып тіркелген "Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) ішкі істер органдарының қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 85 бұйрығына сәйкес), жеке басын анықтау, құжатты беруді растау және фотосуретінің сәйкестігін анықтау үшін тексеру материалын қалыптастыруды қылмыстық қудалау органдары жүзеге асырады.";

      6-тармақта:

      үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Күдіктінің, айыпталушының жазбаша өтініш беруден, сондай-ақ формулярға қол қоюдан бас тартуын қылмыстық қудалау және көші-қон қызметі органдары актілейді. Бас тартуды жазбаша растау құжаттар дайындау үшін негіз болып табылады.";

      бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өтініш не өтініш беруден бас тарту туралы қылмыстық қудалау органдарының күдіктіні, айыпталушыны құжаттандыру туралы өтінімхатымен, мемлекеттік баж салығын төлеу туралы түбіртекпен және екі фотосуретпен бірге жеке басты куәландыратын құжат дайындау үшін тиісті көші-қон қызметі бөліністеріне жолданады.";

      7-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Жеке басын куәландыратын құжатын беру үшін формулярды тергеу изоляторында, уақытша ұстау изоляторында, қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде ұстау орны бойынша көші-қон қызметі бөліністерінің уәкілетті қызметкері толтырады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Шетелдік азаматты ұстаған немесе күзетпен ұстаған жағдайда, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы бұл туралы біруақытта Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне хабарлай отырып, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментіне ұсталған адамның жеке басын куәландыратын құжаты бар немесе жоғын көрсете отырып, шұғыл түрде хабарлайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне (М.Т. Қабденов) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
Е. Тургумбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуратурасы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

      Қазақстан Республикасы

      Мемлекеттік күзет қызметі

      Қазақстан Республикасының

      сыбайлас жемқорлыққа қарсы

      іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас

      жемқорлыққа қарсы қызмет)

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті