БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 25-03-01/82 (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылғы 28 наурызда № 7492 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2012 жылғы 26 мамырда № 269-273 (27347) жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жануарлар түрлерінің есебін жүргізуді аңшылық шаруашылығы субъектілері (бұдан әрі – жануарлар дүниесін пайдаланушылар), жануарлар дүниесі объектілерінің мекендеу ортасы болып табылатын аумақтар мен акваториялар бекітілген Аумақтық бөлімшелер, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік мекемелер жүзеге асырады.
Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы бекітіп берілген аңшылық алқаптарында аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерінің санын есепке алуды жүргізуге қатысуды, аңшылық шаруашылығының субъектілері ұсынған деректерді талдау мен жалпылауды және жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимитін дайындау үшін уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне ұсынымдар енгізуді жүзеге асырады.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Қорытынды ережелер";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Жануарлар дүниесін пайдаланушы аумақтық бөлімшеге аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерінің санын есепке алудың дұрыс емес деректерін ұсынған кезде, жануарлар дүниесі объектілерін аулауға квота берілмейді.".
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушы |
Е. Нысанбаев |