"Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 4 ақпандағы № 8 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 ақпанда № 19979 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10379 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 сәуірде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қағидалар "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (бұдан әрі – Заң) әзірленді және мемлекеттік кәсіпорынның (бұдан әрі – кәсіпорын) басшысын конкурстық іріктеу, тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу тәртібін регламенттейді.";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Осы Қағидалардың талаптары Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын жекелеген білім беру және мәдениет кәсіпорындарының бірінші басшыларына, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарының бірінші басшыларына, сондай-ақ Президенттік жастар кадр резервіне алынған, тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты) кәсіпорын басшысы лауазымына тағайындайтын және лауазымынан босататын адамдарға қолданылмайды.".

      2. Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Р. Даленов