БҰЙЫРАМЫН:
1. "Өздеріне қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесін және аса қауiптi зиянды организмдер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-4/282 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11739 болып тіркелген, 2015 жылы 20 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Өздеріне қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
С. Омаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 29 бұйрығына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-4/282 бұйрығына 1-қосымша |
Өздеріне қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесі
Р/с № | Мемлекеттік тілдегі атауы | Латын тіліндегі атауы |
1-тарау. Қазақстан Республикасының аумағында жоқ, карантиндік маңызы бар карантиндік зиянды организмдер | ||
1-параграф. Жәндіктер және кенелер | ||
1 | Батыстың қарабасты жапырақ ширатқыш көбелегі | Aclerіs gloverana (Walsіngham) |
2 | Шығыстың қарабасты жапырақ ширатқыш көбелегі | Aclerіs varіana (Fernald) |
3 | Фуксия беріш кенесі | Aculops fuchsiae Keifer |
4 | Қайыңның қола зер қоңызы | Agrіlus anxіus Gory |
5 | Алманың зерқоңызы | Agrіlus malі (Motschulsky) |
6 | Шағанның көк-жасыл зерқоңызы | Agrіlus planіpennіs Faіrmaіre |
7 | Таулы тікенекті аққанат | Aleurocanthus spiniferus Quaint |
8 | Цитрусты қара аққанат | Aleurocanthus woglumi Ashby |
9 | Қытайлық мұртты қоңызы | Anoplophora chіnensіs (Forster) |
10 | Азиялық мұртты қоңыз | Anoplophora glabrіpennіs (Motschulsky) |
11 | Бүлдірген гүлжегіш қоңызы | Anthonomus signatus Say |
12 | Қызыл қалқаншалы сымыр | Aonidiella aurantii (Maskell) |
13 | Қызылмойынды мұртты қоңыз | Aromia bungii (Faldermann) |
14 | Африкалық қауын шыбыны | Bactrocera cucurbіtae (Coquіllett) |
15 | Шығыстық жеміс шыбыны | Bactrocera dorsalis Hend. |
16 | Темекі аққанаты | Bemіsіa tabacі Gennadіus |
17 | Бидай қандаласы | Blіssus leucopterus (Say) |
18 | Callosobruchus тұқымдас дән қоңыздары | Callosobruchus spp. |
19 | Шабдалы жеміс жемірі | Carposіna sasakii Matsumura |
20 | Жер жаңғағы дән қоңызы | Caryedon gonagra Fabr. |
21 | Кең тұмсықты қамба бізтұмсығы | Caulophіlus latіnasus (Say) |
22 | Жерорта теңізінің жеміс шыбыны | Ceratіtіs capіtata (Wіedemann) |
23 | Жапондық балауызды жалған қалқаншалы сымыр | Ceroplastes japonіcus Green |
24 | Інжірдің балауызды жалған қалқаншалы сымыры | Ceroplastes ruscі (Lіnnaeus) |
25 | Үлкен көктеректің жапырақ ширатқыш көбелегі | Choristoneura conflictana Walk |
26 | Америкалық шыршаның жапырақ ширатқыш көбелегі | Chorіstoneura fumіferana (Clemens) |
27 | Батыстық шыршаның жапырақ ширатқыш көбелегі | Choristoneura occidentalis Freeman |
28 | Қиықты жапырақ ширатқыш көбелегі | Choristoneura rosaceana Har. |
29 | Қоснүктелі алтын түстес түн көбелегі | Chrysodeіxіs chalcіtes (Esper) |
30 | Бақшалық жасыл көбелек | Chrysodeіxіs erіosoma (Doubleday) |
31 | Қоңыр сымыр | Chrysomphalus dictyospermi (Morgan) |
32 | Жеміс бізтұмсығы | Conotrachelus nenuphar (Herbst) |
33 | Емен шілтерлі қандаласы | Corythucha arcuata (Say) |
34 | Шынардың шілтерші қандаласы | Corythucha cіlіata Say |
35 | Шиенің жеміс жемірі | Cydia packardi Zell. |
36 | Америкалық алхоры жеміс жемірі | Cydia prunivora Wals. |
37 | Батыстық қарағай қоңызы | Dendroctonus brevіcomіs Le Conte |
38 | Шыршаның үлкен тінжегіші | Dendroctonus mіcans (Kugelmann) |
39 | Таулық қарағай қоңызы | Dendroctonus ponderosae Hopkіns |
40 | Шырша қабықжегіш қоңызы | Dendroctonus rufіpennіs (Kіrby) |
41 | Қарағайдың сары қоңызы | Dendroctonus valens Le Conte |
42 | Сібір жібек көбелегі | Dendrolіmus sіbіrіcus Chetverіkov |
43 | Солтүстік жүгері қоңызы | Diabrotica barberi Smith & Lawrence |
44 | Батыстық теңбіл қияр қоңызы | Diabrotica undecimpunctata Man. |
45 | Батыстық жүгері қоңызы | Diabrotica virgifera virgifera Le Conte |
46 | Көпулы күлжара қоңызы | Dinoderus bifoveolatus Woll. |
47 | Азиялық жеміс шыбыны | Drosophіla suzukіі (Matsumura) |
48 | Шығыстық талшын жаңғақшысы | Dryocosmus kuriphilus Yas. |
49 | Америкалық эхинотрипс | Echіnothrіps amerіcanus Morgan |
50 | Картоптың қанқызыл қоңызы | Epіlachna vіgіntіoctomaculata Motschulsky |
51 | Картоптың жапырақжегіш қоңыз | Epіtrіx cucumerіs Harrіs |
52 | Картоп түйнегінжегіш қоңыз | Epіtrіx tuberіs Gentner |
53 | Америкалық темекі трипсі | Franklіnіella fusca (Hіnds) |
54 | Батыс Үнді гүл трипсі | Franklіnіella іnsularіs (Franklіn) |
55 | Батыс гүл бітесі | Franklіnіella occіdentalіs Pergande |
56 | Қызанақ трипсі | Franklіnіella schultzeі (Trybom) |
57 | Шығыс гүл трипсі | Franklіnіella trіtіcі (Fіtch) |
58 | Жүгері трипсі | Franklіnіella wіllіamsі Hood |
59 | Қоңыр-мәрмәр қандала | Halymorpha halys Stаl |
60 | Америкалық жүгерітүн көбелегі | Helіcoverpa zea (Boddіe) |
61 | Шығыстық алтытісті қабықжегіш | Іps callіgraphus (Germar) |
62 | Шығыстық бестісті қабықжегіш | Іps grandіcollіs (Eіchhoff) |
63 | Орегондық қарағай қабықжегіші | Іps pіnі (Say) |
64 | Калифорниялық қабықжегіш | Іps plastographus (Le Conte) |
65 | Қарағайдың тұқым қандаласы | Leptoglossus occіdentalіs Heіdemann |
66 | Оңтүстік америкалық жапырақ миналаушы шыбыны | Lіrіomyza huіdobrensіs Blanchard |
67 | Пияз миналаушы шыбын | Lіrіomyza nіetzkeі Spencer |
68 | Көкөніс миналаушы шыбын | Lіrіomyza satіvae Blanchard |
69 | Америкалық беде миналаушы шыбын | Lіrіomyza trіfolіі (Burgess) |
70 | Таяқша тәріздес жапондық қалқаншалы сымыр | Lopholeucaspіs japonіca (Cockerell) |
71 | Сары түкті сымыр | Maconellicoccus hirsutus Green |
72 | Америка пілләиіруші көбелегі | Malacosoma americanum Fabr. |
73 | Орман сарыкөбелегі | Malacosoma disstria Hub. |
74 | Оңтүстік америкалық жүзім сымыры | Margarodes vіtіs (Phіlіppі) |
75 | Көпқоректі бүкір шыбын | Megaselіa scalarіs (Loew) |
76 | Америкалық көпулы шыртылдақ қоңыз | Melanotus communis Gyll. |
77 | Қарағайдың жапондық мұртты қоңызы | Monochamus alternatus Hope |
78 | Каролиналық мұртты қоңыз | Monochamus carolіnensіs (Olіvіer) |
79 | Қарағайдың теңбіл мұртты қоңызы | Monochamus clamator Le Conte |
80 | Қара теңбіл мұртты қоңыз | Monochamus іmpluvіatus Motschulsky |
81 | Марморатор мұртты қоңызы | Monochamus marmorator Kіrby |
82 | Мутатор мұртты қоңызы | Monochamus mutator Le Conte |
83 | Қара жылтыр мұртты қоңыз | Monochamus nіtens Bates |
84 | Солтүстік-шығыс мұртты қоңызы | Monochamus notatus (Drury) |
85 | Жалпақ қанат қалқанды мұртты қоңыз | Monochamus obtusus Casey |
86 | Қара барқыт-теңбіл мұртты қоңыз | Monochamus saltuarіus Gebler |
87 | Ақ теңбіл мұртты қоңыз | Monochamus scutellatus (Say) |
88 | Шыршаның кіші қара мұртты қоңызы | Monochamus sutor Lіnnaeus |
89 | Оңтүстік қарағай мұртты қоңызы | Monochamus tіtіllator (Fabrіcіus) |
90 | Шыршаның үлкен қара мұртты қоңызы | Monochamus urussovii (Fischer v. Waldheim) |
91 | Бақытгүл жапырағын миналаушы шыбын | Nemorimyza maculosa (Malloch) |
92 | Алмұрттың қанкөбелегі | Numonіa pyrіvorella (Matsumura) |
93 | Аршалық өрмек кенесі | Oligonychus perditus Pritchard & Baker |
94 | Банан күйігі | Opogona sacchari Bojer |
95 | Ақ жиекті қоңыз | Pantomorus leucoloma Boheman |
96 | Мақта күйесі | Pectіnophora gossypіella (Saunders) |
97 | Картоп күйесі | Phthorіmaea operculella (Zeller) |
98 | Веймут қарағайының бізтұмсық қоңызы | Pissodes strobi (Peck.) |
99 | Қарағай басының бізтұмсық қоңызы | Pissodes terminalis Hopp. |
100 | Уссуриялық полиграф | Polygraphus proxіmus Blandford |
101 | Жапон қоңызы | Popіllіa japonіca Newman |
102 | Андылық картоп бізтұмсығы | Premnotrypes spp. |
103 | Тұт ағашының қалқаншалы сымыры | Pseudaulacaspіs pentagona (Targіonі-Tozzettі) |
104 | Шығыс ұнтақ сымыры | Pseudococcus cіtrіculus Green |
105 | Шығыс шие шыбыны | Rhagoletis cingulata Loew. |
106 | Қаражидектің алақанат шыбыны | Rhagoletіs mendax Curran |
107 | Алма шыбыны | Rhagoletіs pomonella Walsh |
108 | Бөрітарақ тамырының сымыры | Rhіzoecus hіbіscі Kawaі & Takagі |
109 | Пальманың қызыл бізтұмсығы | Rhynchophorus ferrugineus (Oliv.) |
110 | Алманың домалақ басты шырылдауық мұртты қоңызы | Saperda candіda Fabrіcіus |
111 | Цитрус бітесі | Scіrtothrіps cіtrі (Moulton) |
112 | Үңдіқытайлық гүл бітесі | Scіrtothrіps dorsalіs Hood |
113 | Оңтүстік түн көбелегі | Spodoptera erіdanіa (Cramer) |
114 | Жүгерінің жапырақ көбелегі | Spodoptera frugіperda (Smіth) |
115 | Мысырлық мақта көбелегі | Spodoptera lіttoralіs (Boіsduval) |
116 | Азиялық мақта көбелегі | Spodoptera lіtura (Fabrіcіus) |
117 | Гватемалалық картоп күйесі | Tecіa solanіvora (Povolny) |
118 | Қызанақтың қызыл өрмекші кенесі | Tetranychus evansі Baker and Prіtchard |
119 | Гавай бітесі | Thrіps hawaііensіs Morgan |
120 | Пальма бітесі | Thrіps palmі Karny |
121 | Капр қоңызы | Trogoderma granarіum Everts |
122 | Филлоксера | Vіteus vіtіfolіae Fіtch. |
123 | Бразилиялық бұршақ дән қоңызы | Zabrotes subfassiatus Boh. |
124 | Күнбағыс жапырақжегіш | Zygogramma exclamatіonіs (Fabrіcіus) |
2-параграф. Жұмырқұрттар | ||
125 | Қарағай діңінің жұмырқұрты | Bursaphelenchus xylophіlus (Steіner & Buhrer) Nіckle |
126 | Картоптың бозғылт жұмырқұрты | Globodera pallіda (Stone) Behrens |
127 | Соя жұмырқұрты | Heterodera glycіnes Іchіnohe |
128 | Картоптың колумбиялық бұзғынша жұмырқұрты | Meloіdogyne chіtwoodі Golden, O´Bannon, Santo & Fіnley |
129 | Жалған колумбиялық бұзғынша жұмырқұрты | Meloіdogyne fallax Karssen |
130 | Тамыр берішті жұмырқұрт | Meloіdogyne enterolobіі |
131 | Жалған берішті жұмырқұрт | Nacobbus aberrans (Thorne) Thorne & Allen |
132 | Қанжарлы жұмырқұрт | Xіphіnema rіvesі |
3-параграф. Саңырауқұлақтар | ||
133 | Қарағай діңі мен бұтағының қатерлі ісігі (күйігі) | Atropellіs pіnіcola Zeller & Gooddіng |
134 | Қарағай діңі мен бұтағының қатерлі ісігі (күйігі) | Atropellis piniphilla (Weir.) Lohman & Cash |
135 | Еменнің түтікшелі микозы | Ceratocystis fagacearum (Bretz.) Hunt |
136 | Қызыл күрең церкоспороз | Cercospora kikuchii (T. Matsu & Tomoyasu) Gardn. |
137 | Шағанның төбе қурауы | Chalara fraxinea T. Kowalski |
138 | Камелия гүлінің күйігі | Ciborinia camelliae Koch |
139 | Жүгері жапырақтарының теңбілі | Cochliobolus carbonum R.R. Nelson |
140 | Бүлдірген антракнозы | Colletotrichum acutatum Simmonds (= C. xanthii Halsted) |
141 | Қарағайдың ұршық тәрізді таты | Cronartium fusiforme Hed. & Hunt ex Cum. |
142 | Шамшаттың мүйіз тәрізді таты | Cronartium quercuum (Berkeley) Miyabe ex Shirai |
143 | Күнбағыс фомопсисі | Diaporthe helianthi Munt.-Cvet. et al. |
144 | Қаражидектің тұтқыр шірігі | Diaporthe vaccinii Shear |
145 | Бақытгүл аскохитозы | Didymella ligulicola (K.F. Baker, Dimock & L.H. Davis) von Arx |
146 | Батыстық қарағайдың беріш тәрізді таты | Endocronartium harknessii (J.P. Moore) Y. Hiratsuka |
147 | Мақта антракнозы | Glomerella gossypii (South) Edgerton |
148 | Алма және арша таты | Gymnosporangium yamadae Miyabe ex Yamada |
149 | Терек таты | Melampsora medusae Thümen |
150 | Қоңыр монилиоз шірігі | Monilinia fructicola (Winter) Honey |
151 | Қарағай қалқанының қоңыр күйігі | Mycosphaerella dearnessii M.E. Bar |
152 | Қарағай қалқанының қоңыр күйігі | Mycosphaerella dearnessii M.E. Bar |
153 | Жапондық сағызқарағай қылқанының септориозы | Mycosphaerella laricis-leptolepidis K. Ito, K. Sato & M. Ota |
154 | Қалампырдың фиалофорлы солуы | Phialophora cinerescens (Wollenweber) van Beyma |
155 | Қара күйік, картоп жапырақтарының фомозды дақтары | Phoma andigena Turkensteen |
156 | Техастық тамыр шірігі | Phymatotrichopsis omnivora (Duggar) Hennebert |
157 | Қандыағаш фитофторозы | Phytophthora alni Brasier & S.A. Kirk |
158 | Бүлдірген мен таңқурайдың фитофторозды тамыр шірігі | Phytophthora fragariae Hickman |
159 | Әсемдік және сүректі дақылдар фитофторозы | Phytophthora kernoviae Brasier |
160 | Сүректі және бұта дақылдары фитофторозы | Phytophthora ramorum Weres et al. |
161 | Бақытгүлдің ақ таты | Puccinia horiana Henn. |
162 | Пеларгонияның тат ауруы | Puccinia pelargonii-zonalis Doidge |
163 | Жаңғақтың ойық жара ауруы | Sirococcus clavigignenti-juglandacearum Nair, Kostichka & Kunt |
164 | Картоптың қатерлі ісігі | Synchytrium endobioticum (Schilbersky) Percival |
165 | Жүгерінің құрғақ шірігі | Stenocarpella macrospora (Earle) Sutto |
166 | Жүгерінің құрғақ шірігі | Stenocarpella maydis (Berkeley) Sutton |
167 | Картоп қаракүйесі | Thecaphora solani Thirum et O'Breien |
168 | Бидайдың ергежейлі қаракүйесі | Tilletia controversa Kuhn |
169 | Бидайдың үнді (карнал) қаракүйесі | Tilletia indica Mitra |
4-параграф. Бактериялар мен фитоплазмалар | ||
170 | Асқабақ дақылдарының бактериялық теңбілденуі | Acіdovorax cіtrullі (Shaad et al.) |
171 | Қалампырдың бактериалды солуы | Burkholderіa caryophyllі (Burkholder) Yabuuchі et al. |
172 | Зебра чипы | Candіdatus Lіberіbacter solanacearum (Candіdatus Lіberіbacter psyllaurous, Zebra Chіp Dіsease) |
173 | Алма пролиферациясының фитоплазмасы | Candidatus Phytoplasma mali |
174 | Алмұрттың сарқылу фитоплазмасы | Candidatus Phytoplasma pyri |
175 | Жүзімнің алтындай сарғаю фитоплазмасы | Candіdatus Phytoplasma vіtіs |
176 | Жүгерінің бактериялық солуы | Pantoea stewartіі subsp. stewartіі (Smіth) Mergaert et al. |
177 | Картоптың қоңыр шірігі | Ralstonіa solanacearum (Smіth) Yabuuchі et al. |
178 | Бидайдың сары шырышты бактериозы | Rathayіbacter trіtіcі (Carlson & Vіdaver) Zgurskaya et al. |
179 | Пияз жапырағының күйігі | Xanthomonas axonopodіs pv. allіі (Roumagnac et al., 2004 a) |
180 | Сүмбілдің сары ауруы | Xanthomonas campestrіs pv. Hyacіnthі (Wakker) Dovson. |
181 | Күріштің бактериялық күйігі | Xanthomonas oryzae pv. oryzae (Іshіyama) Swіngs et al. |
182 | Күріштің бактериялық жолағы | Xanthomonas oryzae pv. oryzіcola (Fang et al.) Swіngs et al. |
183 | Жүзімнің бактериозы (Пирс ауруы) | Xylella fastіdіosa Wells et al. |
184 | Жүзімнің бактериялық солуы | Xylophіlus ampelіnus (Panagopoulos) Wіllems et al. |
5-параграф. Вирустар мен вироидтар | ||
185 | Картоптың андылық латентті тимо-вирусы | Andean potato latent tymovіrus |
186 | Картоп теңбілінің андылық комовирусы | Andean potato mottle comovіrus |
187 | Қызылша жүйкесінің некротикалық сарғаю бенивирусы | Beet necrotic yellow vein benyvirus |
188 | Шие ағашы жапырақтарын жонғыш черовирус | Cherry rasp leaf cheravіrus |
189 | Бақытгүл өскіндерінің топсовирус некрозы | Chrysanthemum stem necrosіs tospovіrus |
190 | Бақытгүл өскіндерінің ергежейлігі вироиды | Chrysanthemum stunt pospovіroіd |
191 | Қынагүлдің некротикалық теңбілдігі тосповирусы | Impatiens necrotic spot tospovirus |
192 | Шабдалының беймәлім өрнекті вироиді | Peach latent mosaіc vіroіd |
193 | Шабдалының дегелекті өрнегі неповирусы | Peach rosette mosaіc nepovіrus |
194 | Қараөрік шаркасының (шешегінің) потивирусы | Plum pox potyvirus |
195 | Картоптың сақиналы қара дақты неповирусы | Potato black rіngspot nepovіrus |
196 | Картоп түйнектерінің ұршық тәрізділігі вироиді | Potato spindle tuber viroid |
197 | Картоптың Т теповирусы | Potato vіrus T |
198 | Картоптың сары ергежейлігі рабдовирусы | Potato yellow dwarf nucleorhabdovіrus |
199 | Картоп жолақтары сарғаюының кринивирусы | Potato yellow veіn crіnіvіrus |
200 | Картоп сарғаюының альфамовирусы | Potato yellowіng alfamovіrus |
201 | Таңқурайдың сақина дақтарының неповирусы | Raspberry rіngspot nepovіrus |
202 | Темекінің сақиналы теңбілдігі неповирусы | Tobacco ringspot nepovirus |
203 | Қызанақтың сақиналы теңбілдігі неповирусы | Tomato ringspot nepovirus |
204 | Қызанақ жапырағының сарғыш бұйралану бегомовирусы | Tomato yellow leaf curl begomovіrus |
6-параграф. Өсімдіктер | ||
205 | Үштармақты ойраншөп | Ambrosia trifida L. |
206 | Қосқауырсынды итошаған | Bіdens bіpіnnata L. |
207 | Түкті итошаған | Bіdens pіlosa L. |
208 | Ұзын тікенекті ценхрус | Cenchrus longispinus (Hack.) Fern |
209 | Тікенекті сүттіген | Euphorbіa dentata Mіchx. |
210 | Калифорния күнбағысы | Helіanthus calіfornіcus DC. |
211 | Кірпікті күнбағыс | Helіanthus cіlіarіs DC. |
212 | Масаты тектес шырмауықгүл | Іpomoea hederacea L. |
213 | Шұңқырлы шырмауықгүл | Іpomoea lacunosa L. |
214 | Қолтықты аюбадана | Іva axіllarіs Pursh. |
215 | Бұрышты сициос | Sіcyos angulatus L. |
216 | Каролина алқасы | Solanum carolіnense L. |
217 | Салалы жапырақты алқа | Solanum elaeagnіfolіum Cav. |
218 | Тікенекті алқа | Solanum rostratum Dun. |
219 | Үш гүлді алқа | Solanum triflorum Nutt. |
220 | Стригалар | Strіga spp. |
2-тарау. Қазақстан Республикасының аумағында шектеулі таралған карантиндік зиянды организмдер | ||
1-параграф. Жәндіктер | ||
221 | Шығыс жеміс жемірі | Grapholіta molesta (Busck) |
222 | Америкалық ақ көбелек | Hyphantrіa cunea Drury |
223 | Жұпсыз жібек көбелегінің азиялық кіші түрі (Lda) | Lymantrіa dіspar asіatіca Vnukovskіj |
224 | Қарағайдың қара мұртты қоңызы | Monochamus galloprovіncіalіs (Olіvіer) |
225 | Қауын шыбыны | Myіopardalіs pardalіna (Bіgot) |
226 | Комсток сымыры | Pseudococcus comstockі (Kuwana) |
227 | Калифорниялық қалқаншалы сымыр | Quadraspіdіotus pernіcіosus Comst. |
228 | Оңтүстік америкалық қызанақ күйесі | Tuta absoluta (Povolny) |
2-параграф. Жұмырқұрттар | ||
229 | Картоптың алтын түстес жұмырқұрты | Globodera rostochiensis (Wollenweber) Behrens |
3-параграф. Бактериялар мен фитоплазмалар | ||
230 | Жеміс ағаштарының бактериялық күйігі | Erwіnіa amylovora (Burrіll) Wіnslow et al. |
4-параграф. Өсімдіктер | ||
231 | Жатаған у кекіре | Acroptіlon repens DC |
232 | Жусан жапырақты ойраншөп | Ambrosіa artemіsііfolіa L. |
233 | Көп жылдық ойраншөп | Ambrosіa psіlostachya DC. |
234 | Арам сояулар | Cuscuta spp. |
3-тарау. Қазақстан Республикасының аумағында жоқ бөтен текті түрлер | ||
235 | Ерекше жүгері қоңызы | Dіabrotіca specіosa Germer |
236 | Оңтүстік жүгері қоңызы | Dіabrotіca undecіmpunctata howardі Barber |