БҰЙЫРАМЫН:
1. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 21.09.2026 № 932 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. "Сот сарапшыларының біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 346 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14980 тіркелген, 2017 жылғы 13 сәуірде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған), келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот сарапшыларының біліктілігін арттыру қағидаларында:
12-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"1) Сот сарапшыларын оқытудың міндетті 60 академиялық оқу сағаты осы Қағиданың 5-тармағында белгіленген тәртіппен жүргізіледі;";
15-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"15. Қосымша сағаттарға, осы Қағиданың 4-тармағында белгіленген біліктілікті арттырудың әр түрлі нысандарын қоспағанда, Қағидаға қосымшаға сәйкес сынақ бірліктерін қайта есептеу жүйесімен есептелетін ғылыми жұмыстарды, мақалаларды, баяндамаларды жариялау, қатысқан конференциялар, семинарлар, форумдар қосылады.";
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
3. Сараптамалық қызметті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
М. Бекетаев |
| Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 19 бұйрығына 1 қосымша |
Ескерту. 1-қосымшаның күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 21.09.2026 № 932 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
| Қазақстан Республикасының | |
| Әділет министрі | |
| 2020 жылғы 27 қаңтары | |
| № 19 | |
| бұйрығына 2 қосымша | |
| Сот сарапшылардың | |
| біліктілігін арттыру | |
| қағидаларына қосымша |
Сот сарапшылардың біліктілігін арттыруға өту курстары кезіңде жүйе сынақ бірліктерді қайта есептеу жүйесі
№ | Іс-шаралар | Сынақ бірліктер саны (СБ) |
Негізгі несиелік бірліктер | ||
1 |
Біліктілікті арттыру* - 60 міндетті академиялық сағат | 60 |
Қосымша сынақ бірліктер | ||
2 |
Конференция жұмысына қатысқаны туралы сертификатпен расталғаны (тақырыбы, орны, ұйымдастырушысы, күні): |
5/12 |
3 | Сот-сараптама органында, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда, оқу-білім мекемелерінде, өндірістік базаларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы және шетелде оқыту семинарларына, дәрістерге қатысу, соның ішінде қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану (тақырып, сағаттың ұзақтығы), орны, ұйымдастырушысы, күні) | 1 сағаты = 1 |
4 |
Монографияның жариялануы (тақырып, автор, баспагер, күні): |
20 |
5 |
Ғылыми мақаланы Жоғары аттестаттау комиссиясының тізімі бойынша жариялау (тақырып, авторлар, атауы және басылым нөмірі, күні): |
7 |
6 |
Шетелдік басылымдарда ғылыми мақаланың жариялануы (тақырып, авторлар, атауы және басылым нөмірі, күні): |
10 |
7 |
Ғылыми мақаланың басқа арнайы басылымдарда, сайттарда жариялануы (тақырыбы, авторлары, атауы және басылым нөмірі, күні, сайтқа сілтеме): |
5 |
8 |
Баяндама тезистерін ғылыми-практикалық конференциялар жинағында жариялау * (тақырып, авторлар, атауы және басылым нөмірі, күні): |
1 тезис = 3 |
9 |
Сот сараптамасының әдістері мен әдістемелік ұсынымдарын әзірлеу (тақырып, авторлар): |
20 |
10 | Өнертабысқа патент алу (куәліктің нөмірі мен берілген күні) | 20 |
11 | Зияткерлік меншік құқығына сертификат алу (куәліктің нөмірі мен берілген күні) | 15 |
12 | Шетелде тағылымдамадан өту (қашықтықтан оқыту), жұмыс сағатының саны (тақырып, ұзақтығы, орналасқан жері, күні) туралы құжат берумен расталады | 1 күн = 5 |
13 |
Мастер-классқа мамандық бойынша тренингке қатысу (тақырып, ұзақтығы, орны, ұйымдастырушысы, күні): |
1 күн = 5 |
14 |
Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс (тақырып, телеарна мен бағдарламаның атауы, атауы, басылым нөмірі, күні): |
5 |
15 |
Стандартты әзірлеу және практикалық қызметке енгізу: |
30 |