Жеке тұлға Қазақстан Республикасының аумағында жүргізген медицинаға жұмсалатын шығыстар туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талабының нысанын және оны жасау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 23 қаңтардағы № 56 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 қаңтарда № 19946 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 112-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына және 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Жеке тұлға Қазақстан Республикасының аумағында жүргізген медицинаға жұмсалатын шығыстар туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талабының нысаны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Жеке тұлға Қазақстан Республикасының аумағында жүргізген медицинаға жұмсалатын шығыстар туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талабының нысанын жасау қағидалары бекітілсін.

      2. "Қазақстан Республикасының аумағында жасалған медицинаға жұмсаған жеке тұлғаның шығыстары туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдарының талаптарының нысанын және оны толтыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 416 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14209 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 4 қазанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары- Қаржы министрі
А. Смаилов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 23 қаңтардағы
№ 56 бұйрығына
1-қосымша
  нысан

20 __ жылғы __ бастап 20 __ жылғы __ дейінгі кезең үшін Жеке тұлға Қазақстан Республикасының аумағында жүргізген медицинаға жұмсалатын шығыстар туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талабы

      Денсаулық сақтау субъектісінің немесе дара кәсіпкердің атауы

      __________________________________________________________________________

      Денсаулық сақтау субъектісінің немесе дара кәсіпкердің жеке/бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      ___________________________________________________________________

№ р/с

Жеке тұлға бойынша мәлімет

Медициналық қызметтерді көрсетуге арналған шарт

Ауырған жағдайда ерікті сақтандыру шарты

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Құжаттың күні және нөмірі

Қызмет құны, теңгемен

Қызметті алған күні

Төленген сомасы, теңгемен

Төленген күні

Құжаттың күні және нөмірі

Сақтандыру сыйлық-ақыларын өтеу сомасы, теңгемен

Сақтандыру сыйлық-ақыларын өтеу күні

Сақтандыру сыйлық-ақылары төленген сомасы, теңгемен

Сақтандыру сыйлық-ақылары төленген күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13














      __________________________________________________________________________

      Денсаулық сақтау субъектісі басшысының немесе дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты

      (ол болған кезде) (электрондық цифрлық қолтаңба)

      Орындаушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), телефон нөмірі

      __________________________________________________________________________

      Денсаулық сақтау субъектісінің мекен-жайы

      __________________________________________________________________________

  Жеке тұлға Қазақстан
Республикасының
аумағында жүргізген
медицинаға жұмсалатын
шығыстар туралы
мәліметтерді растау туралы
мемлекеттік кірістер органдары
талабының нысанына
қосымша

Жеке тұлға Қазақстан Республикасының аумағында жүргізген медицинаға жұмсалатын шығыстар туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талабының нысанын толтыру бойынша түсіндірме

      1. Жеке тұлға Қазақстан Республикасының аумағында жүргізген медицинаға (косметологиялықтан басқа) жұмсалатын шығыстар туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талабының (бұдан әрі – Талап) нысаны мынадай деректерді қамтиды:

      1-бағанда – жолдың реттік нөмірі;

      2-бағанда – Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғаның немесе оның асырауындағы он сегіз жасқа толмаған Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғаның заңды өкілінің жеке сәйкестендіру нөмірі;

      3-бағанда – Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғаның немесе оның асырауындағы он сегіз жасқа толмаған Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғаның заңды өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);

      4-бағанда – медициналық қызмет көрсетуге арналған құжаттың (шарттың) күні және нөмірі;

      5-бағанда – медициналық қызметтерді көрсетуге арналған шартқа сәйкес қызмет құны, теңгемен;

      6-бағанда – медициналық қызметтерді көрсетуге арналған шартқа сәйкес қызметті алған күні;

      7-бағанда – алынған қызмет үшін төленген сомасы, теңгемен;

      8-бағанда – қызметті төлеген күні;

      9-бағанда – ауырған жағдайда ерікті сақтандыру құжаттың (шарттың) күні және нөмірі;

      10-бағанда – ауырған жағдайда ерікті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақыларын өтеу сомасы, теңгемен;

      11-бағанда – сақтандыру сыйлықақыларын өтеу күні;

      12-бағанда – сақтандыру сыйлықақыларының іс жүзінде төленген сомасы, теңгемен;

      13-бағанда – сақтандыру сыйлықақыларын төлеген күні.

      2. Талап денсаулық сақтау субъектісі басшысының немесе дара кәсіпкердің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 23 қаңтардағы
№ 56 бұйрығына
2-қосымша

Жеке тұлға Қазақстан Республикасының аумағында жүргізген медицинаға жұмсалатын шығыстар туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талабының нысанын жасау қағидалары

1-тарау. Жалпы ереже

      1. Осы Жеке тұлға Қазақстан Республикасының аумағында жүргізген медицинаға жұмсалатын шығыстар туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талабының нысанын жасау қағидалары "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 112-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына және 4-тармағына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау субъектілерінің Жеке тұлға Қазақстан Республикасының аумағында жүргізген медицинаға жұмсалатын шығыстар туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талабының (бұдан әрі – Талап) нысанын жасау тәртібін айқындайды.

2-тарау. Талапты жасау тәртібі

      2. Талапты денсаулық сақтау субъектілері:

      1) электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрғандар – хабарламаларды кепілді жеткізуді қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша электрондық тәсілмен және басшының электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырып;

      2) электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмағандар – өзі келу тәртібімен немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жасайды.

      3. Талап жеке тұлға Қазақстан Республикасының аумағында жүргізген медицинаға (косметологиялықтан басқа) жұмсалатын шығыстарды растайтын мәліметтерді толтыра отырып, осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.

      Мәліметтер әрбір медициналық қызмет бөлігінде жеке ұсынылады.

      4. Ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша Талапты жасау мүмкін болмаған жағдайда, сондай-ақ техникалық қателер туындаған жағдайда Талап электрондық түрде "Mіcrosoft Excel" не "Mіcrosoft Access" форматында жасалады және ұсынылады.