"Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 236 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 22 қаңтардағы № 51 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 24 қаңтарда № 19921 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 236 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10839 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізiлсiн:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 41-бабына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу тәртібі";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Ұсыныс осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берiледi.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Мемлекеттік тапсырманы орындау тәртібі";

      мынадай мазмұндағы 14-тармақпен толықтырылсын:

      "14. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік тапсырма нысанында мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу, мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігі немесе бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу туралы ақпаратты көрсете отырып, орындалған мемлекеттік тапсырмалар бойынша нәтижелер, мемлекеттік тапсырма нәтижесін іс жүзінде қолдану және оның есепті қаржы жылындағы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы туралы есепті бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей береді.

      Орындау мерзімі бір қаржы жылынан астам мемлекеттік тапсырмалар бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері есепті қаржы жылындағы мемлекеттік тапсырманың орындалуы туралы ақпарат көрсетілген есепті ұсынады.

      Есеп осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес 1-МТ нысан бойынша берiледi.";

      көрсетілген Қағидаларға қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары- Қаржы министрі
А. Смаилов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігінің

      Статистика комитеті

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 22 қаңтардағы
№ 51 бұйрығына
1 - қосымша
  Мемлекеттік
тапсырманы әзірлеу және
орындау қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік тапсырма нысанындағы мемлекеттiк қызметтердi көрсетуге немесе бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыруға арналған ұсыныс

Мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттік инвестициялық жобаның атауы

Мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттік инвестициялық жобаның сипаттамасы

Мемлекеттiк тапсырманы орындауға жауапты заңды тұлғаның атауы

1

2

3

4

      кестенің жалғасы

Оның шеңберiнде мемлекеттiк тапсырманы орындау ұсынылатын республикалық бюджеттiк бағдарламаның атауы

Мемлекеттiк тапсырманы орындауға жоспарланатын жоспарлы кезеңге бюджет қаражатының сомасы

Мемлекеттiк тапсырманың орындалу мерзiмi

Мемлекеттік тапсырма оларға қол жеткізуге мақсаттар мен міндеттерді көрсете отырып, мемлекеттік тапсырма нысанында мемлекеттiк қызмет көрсету және бюджеттiк инвестициялық жобаны iске асыру қажеттілігінің негіздемесі және қисындылығы мен тиімділігін растау

Тікелей және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштері, мемлекеттік тапсырманың орындалу сапасының және тиімділігінің көрсеткіштері

__жыл

__жыл

__ жыл

5

6

7

8

9

10

11

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 22 қаңтардағы
№ 51 бұйрығына
2-қосымша
  Мемлекеттік
тапсырманы әзірлеу және
орындау қағидаларына
2-қосымша
  1-МТ нысан

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Орындалған мемлекеттік тапсырмалар бойынша нәтижелер туралы есеп

      _________________ жылға

      Есепті кезең

      Индекс: 1-МТ нысан

      Мерзімділігі: жылдық

      Ақпаратты ұсынатын адамдар тобы: бюджеттік бағдарламалар

      әкімшісі_________________________________________________________

      Қайда ұсынылады: бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға және

      мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға

      Ұсыну мерзімі: есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына

      орналастырылады

      Өлшем бірлігі: мың теңге

Мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттік инвестициялық жобаның атауы

Мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттік инвестициялық жобаның сипаттамасы

Мемлекеттiк тапсырманы орындауға жауапты заңды тұлғаның атауы

1

2

3

4

      кестенің жалғасы

Мемлекеттiк тапсырма орындалған республикалық бюджеттiк бағдарламаның атауы

Мемлекеттiк тапсырманы орындауға жұмсалған бюджет қаражатының сомасы

Мемлекеттiк тапсырманың орындалу мерзiмi

Орындалған мемлекеттік тапсырмалардың нәтижелері туралы ақпарат

5

6

7

8

      Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы______________________________

      Мекенжайы _________________________________________________________

      Телефон ____________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы________________________________________

      Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің орындаушысы______________________

      __________________________________________             ____________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)             қолы, телефон

      Орталық атқарушы органның жауапты хатшысы/

      мемлекеттiк мекеме басшысы ______       ________________      _________________

      (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      Бюджеттік бағдарлама басшысы ____       __________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      Бас бухгалтер/ қаржы-экономика

      бөлімінің бастығы ________      ________________________________________

      (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      Ескертпе:

      Мемлекеттік тапсырма нысанындағы мемлекеттiк қызметтердi көрсетуге немесе бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыруға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме:

      1-бағанда нөмір "№" ретімен толтырылады;

      2-бағанда мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттік инвестициялық жобаның атауы көрсетіледі;

      3-бағанда мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттік инвестициялық жобаның сипаттамасы көрсетіледі;

      4-бағанда мемлекеттiк тапсырманы орындауға жауапты заңды тұлғаның атауы көрсетіледі;

      5-бағанда мемлекеттiк тапсырма орындалған республикалық бюджеттiк бағдарламаның атауы көрсетіледі;

      6-бағанда мемлекеттiк тапсырманы орындауға жұмсалған бюджет қаражатының сомасы көрсетіледі;

      7-бағанда мемлекеттiк тапсырманың орындалу мерзiмi көрсетіледі;

      8-бағанда мемлекеттік тапсырма нысанында мемлекеттік қызмет көрсету немесе бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу, тиімділігі, тікелей және түпкілікті нәтижелерге, мемлекеттік тапсырма нәтижесінің іс жүзінде қолданылуы және оның есепті қаржы жылы ішінде елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы туралы ақпарат көрсетіледі.