Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 16 қаңтардағы № 22 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 20 қаңтарда № 19896 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар бюджеттік инвестицияларды қарау және іріктеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 247 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10968 болып тіркелген, 2017 жылғы 6 маусымда № 106 (29087) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған);

      2) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 18 қаңтардағы № 36 бұйрығының 2 тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16311 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 14 ақпанда жарияланған).

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің
Бірінші Орынбасары - Қаржы министрі
А. Смаилов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі