Жарма аудандық мәслихатының 2018 жылғы 10 шілдедегі № 23/207-VI "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 2019 жылғы 7 маусымдағы № 34/282-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 17 маусымда № 6016 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 53/530-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 30.12.2020 № 53/530-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Жарма аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жарма аудандық мәслихатының 2018 жылғы 10 шілдедегі № 23/207-VI "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-10-148 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрдегі 2018 жылы 9 тамызда жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      Аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы К. Скаков
      Мәслихат хатшысы А. Сахметжанова

  Жарма аудандық мәслихатының
2019 жылғы 7 маусымдаңы
№ 34/282-VI шешіміне қосымша

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасында (бұдан әрі – Қағидалар) пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      3) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Жарма ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      4) ең төмен күнкөріс деңгейі – Шығыс Қазақстан облысының статистикалық органдары есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      7) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган;

      8) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      9) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын "Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      10) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде Жарма ауданының жергілікті атқарушы орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      3. Осы Қағидалар Жарма ауданының аумағында тіркелген тұлғаларға таралады.

      4. Адамға (отбасыға) әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді көрсетіледі.

      5. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау, әлеуметтік көмектің мөлшерлерін және жан басына шаққандағы орташа табыстың шегін белгілеудің тәртібі

      6. Алушылар санатының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдерін Жарма ауданының әкімдігі және Жарма аудандық мәслихатының шешімімен бекітіледі.

      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне

      зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгіленген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;

      4) көпбалалы және/немесе ауданның мектепке дейінгі ұйымдарына баратын, отбасыда ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың болуы болып табылады.

      7. Әлеуметтік көмек алушылар санатының тізбесі:

      1) жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар;

      2) қадағалаусыз қалған, оның ішінде девиантты мінез-құлықты кәмелетке толмағандар;

      3) кәмелетке толмағандардың арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы;

      4) туғаннан бастап үш жасқа дейінгі ерте психофизикалық даму мүмкіндіктері шектелген балалар;

      5) дене және (немесе) бітімі ақыл-ой мүмкіндіктерімен байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы бар адамдар;

      6) әлеуметтік мәні бар аурулары нәтижесінде тыныс-тіршілігінің шектелуі және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулары бар адамдар;

      7) жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмайтын адамдар;

      8) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соқтырған қатыгездікке ұшыраған адамдар;

      9) баспанасыздар (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар);

      10) бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан адамадар;

      11) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;

      12) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зиян алған адамдар (отбасылар);

      13) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгіленген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы бар адамдар (отбасылар);

      14) ауданның мектепке дейінгі ұйымдарына баратын көпбалалық отбасылардағы балалар және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар.

      8. Жан басына шаққандағы орташа табыстың шегі ең төмен күнкөріс деңгейінің бір еселік мөлшерінде белгіленсін.

      Осы Қағиданың 7 тармағының 14) тармақшасында көрсетілген санатының алушыларына жан басына шаққандағы орташа табыстың шегі ең төмен күнкөріс деңгейінің алты еселік мөлшерінде белгіленсін.

      9. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмектін шекті мөлшері 50 (елу) айлық есептік көрсеткішті құрайды.

      10. Түберкүлезбен ауыратын және амбулаториялық емделуде тұрған азаматтарға табыстарын есептеусіз ай сайынғы әлеуметтік көмек (жол жүрулеріне және қосымша азықтарына) – айына 6 (алты) айлық есептік көрсеткіш беріледі.

      11. Үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет алушы жалғызілікті қарттарға (мүгедектерге) табыстарын есептеусіз ай сайынғы (санитарлық-гигиеналық іс шаралар өткізуге) – айына 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек беріледі.

      12. Атаулы күндер мен мереке күндеріне бір реттік әлеуметтік көмек азаматтардың мынадай санаттарына көрсетіледі:

      1) Ауғанстан аумағынан әскерлерді шығару күні, интернационалист-жауынгерлерді еске алу күні – 15 ақпан – басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарға қатысушыларға – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш;

      2) Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз;

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған көпбалалы аналарға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;

      төрт және де одан аса бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;

      3) Халықаралық радиациялық авариялар мен апаттар құрбандарын еске алу күні – 26 сәуір:

      1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-дағы апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш;

      Чернобыль АЭС-дағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдарға – 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш;

      1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-дағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқандарға – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш;

      4) Жеңіс күні – 9 мамыр:

      Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына – 215 (екі жүз он бес) айлық есептік көрсеткіш;

      қайталап некеге отырмаған Ұлы Отан соғысы уақытында қаза тапқан әскери қызметшілердің зайыптарына – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш;

      қайтыс болған Ұлы Отан соғыс мүгедектерiнiң қайталап некеге отырмаған әйелдерiне – 4,5 (төрт бүтін оннан бес) айлық есептік көрсеткіш;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдарға – 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш;

      Ұлы Отан соғысы кезінде 1941 жылдың 22 маусым – 1945 жылдың 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) адамдарға – 4,5 (төрт бүтін оннан бес) айлық есептік көрсеткіш;

      5) 31 мамыр – "Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні" саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының, сондай-ақ зардап шеккен адамдарға – 4,5 (төрт бүтін оннан бес) айлық есептік көрсеткіш.

3. Әлеуметтiк көмек көрсету тәртiбi

      13. Атаулы күндер мен мереке күндерiне әлеуметтiк көмек алушылардан өтiнiштер талап етiлмей уәкiлеттi ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Жарма ауданының әкімдігі бекітетін тізімдер бойынша көрсетіледі.

      14. Төлемді ай сайынғы әлеуметтік көмек кәсіпорыны түберкүлезбен ауыратын және амбулаториялық емделуде тұрған азаматтарға Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Жарма аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының және Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Шар қалалық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының бірінші басшысыларымен бекітілген тізім бойынша көрсетіледі.

      15. Төлемді ай сайынғы әлеуметтік көмек "Жарма ауданының жұмеспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысымен бекітілген тізім бойынша үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет алушы жалғызілікті қарттарға (мүгедектерге) көрсетіледі.

      16. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе қала, кент, ауылдық округ әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты;

      2) тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты;

      3) осы Қағиданың 1 қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;

      4) тұлғаның (отбасы мүшелерiнiң) табыстары туралы мәлiметтердi;

      5) өмiрлiк қиын жағдайдың туындағанын растайтын актiнi және/немесе құжатты ұсынады.

      17. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      18. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе қала, кент, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      19. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы Қағиданың 2, 3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе қала, кент, ауылдық округ әкіміне жібереді.

      Қала, кент, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.

      20. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн құжаттар жетiспеген жағдайда уәкiлеттi орган әлеуметтiк көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшiн қажеттi мәлiметтердi тиiстi органдардан сұратады.

      21. Өтiнiш берушiнiң қажеттi құжаттарды олардың бүлiнуiне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда уәкiлеттi орган тиiстi мәлiметтердi қамтитын өзге уәкiлеттi органдар мен ұйымдардың деректерi негiзiнде әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм қабылдайды.

      22. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе қала, кент, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      23. Арнайы комиссия құжаттар келiп түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн көрсетедi.

      24. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тiркеген күннен бастап сегiз жұмыс күнi iшiнде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындысының негiзiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

      Осы Қағиданың 20 және 21 тармақтарында көрсетiлген жағдайларда уәкiлеттi орган өтiнiш берушiден немесе қала, кент, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

      25. Уәкiлеттi орган шешiм қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қабылданған шешiм туралы (бас тартқан жағдайда – негiздемесiн көрсете отырып) өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi.

      26. Әлеуметтiк көмеккөрсетуден бас тарту:

      1) өтiнiш берушi ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған;

      2) өтiнiш берушi адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзуден бас тартқан, жалтарған;

      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтiк көмек көрсету үшiн жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

      27. Әлеуметтiк көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның жергілікті бюджетiнде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.

4. Көрсетiлетiн әлеуметтiк көмектi тоқтату және қайтару үшiн негiздемелер

      28. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болғанда;

      2) алушы Жарма ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберген;

      4) алушы ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      29. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Рсепубликасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіпт еқайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      30. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

  Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың
Қағидаларына 1-қосымша

      Отбасыны тіркеу нөмірі ________________

      Өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер

      _________________________ __________________________________________________

      (Өтініш берушінің Т.А.Ә.) (үйінің мекенжайы, тел.)

Р/с №

Отбасы мүшелерінің Т.А.Ә.

Өтініш берушіге туыстық қатынасы

Туған жылы













            Өтініш берушінің қолы __________________ Күні ______________

      Отбасының құрамы туралы

      мәліметтерді куәландыруға уәкілетті

      органның лауазымды адамының Т.А.Ә. _____________________________ _______________

      (қолы)

  Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың
Қағидаларына 2-қосымша

Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру АКТІСІ

      20__ ж. "___" _______

      _____________________

      (елді мекен)

      1. Өтініш берушінің Т.А.Ә. ________________________________________________________

      2. Тұратын мекенжайы ____________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      3. Өтініш беруге әлеуметтік көмекке өтініш берген туындаған өмірлік қиын жағдай ________ ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ______ адам, оның ішінде:

Р/с №

Т.А.Ә.

Туған күні

Өтініш берушіге туыстық қатынасы

Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны)

Жұмыспен қамтылмау себебі

Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер

Өмірлік қиын жағдай

















      Еңбекке жарамды барлығы __________ адам.

      Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері _______адам.

      Балалардың саны: _________ жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар ________ адам, оқу құны жылына _____________________ теңге.

      Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілгендердің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктер, туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирусы) бар адамдардың, мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу керек) __________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      5. Өмір сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзгеше – көрсету керек): _________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар: ______________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Отбасының табысы:

Р/с №

Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің) Т.А.Ә.

Табыс түрі

Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге)

Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер

тоқсанға

орта есеппен айына













      6. Мыналардың: автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс) ________________________________

      ________________________________________________________________________________

      _______________________________________ қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге де тұрғын үйдің болуы (оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс) ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі): _________________

      ________________________________________________________________________________

      8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі): _________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етілуі ____ _______________________________________________________________________________________

      10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы ___________________

      ________________________________________________________________________________

      Комиссия төрағасы:

      ________________________ ________________________

      (қолдары) (Т.А.Ә.)

      Комиссия мүшелері:

      ________________________ ________________________

      (қолдары) (Т.А.Ә.)

      ________________________ ________________________

      (қолдары) (Т.А.Ә.)

      ________________________ ________________________

      (қолдары) (Т.А.Ә.)

      ________________________ ________________________

      (қолдары) (Т.А.Ә.)

      Жасалған актімен таныстым: ________________________ ______________

      Өтініш берушінің Т.А.Ә. (қолы)

      Тексеру жүргізілуден бас тартамын ______________________ өтініш берушінің

      (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) Т.А.Ә. және қолы, күні __________________________________ ____________________________

      (өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда)

  Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың
Қағидаларына 3-қосымша

Учаскелік комиссияның № ______ қорытындысы

      20__ ж. "___" _______________

      Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларына сәйкес өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның (отбасының) ____________________________________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)

      өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде ___________ ________________________________________________________________________________

      (қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы) адамға (отбасыға) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады.

      Комиссия төрағасы:

      ________________________ ________________________

      (қолдары) (Т.А.Ә.)

      Комиссия мүшелері:

      ________________________ ________________________

      (қолдары) (Т.А.Ә.)

      ________________________ ________________________

      (қолдары) (Т.А.Ә.)

      ________________________ ________________________

      (қолдары) (Т.А.Ә.)

      ________________________ ________________________

      (қолдары) (Т.А.Ә.)

      Қорытынды қоса берілген құжаттармен _____ данада 20__ ж. "___" _____________ қабылданды.

      Құжаттарды қабылдаған қала, кент, ауылдық округ

      әкімі аппаратының немесе уәкілетті орган қызметкерінің

      Т.А.Ә., лауазымы, қолы _____________________________________________________