Алматы қаласы әкімдігінің "Еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" 2017 жылғы 30 қарашадағы № 4/496 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Алматы қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 9 тамыздағы № 3/486 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2019 жылғы 15 тамызда № 1579 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 20 қазандағы № 4/438 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 20.10.2020 № 4/438 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" және 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" заңдарына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы қаласы әкімдігінің "Еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" 2017 жылғы 30 қарашадағы № 4/496 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1437 болып тіркелген, 2017 жылғы 29 желтоқсанда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      аталған қаулымен бекітілген "Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіндегі:

      1 тармақтың бірінші азат жолы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген "Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде "Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін "Алматы қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.";

      аталған қаулымен бекітілген "Жұмыссыздар ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіндегі:

      1 тармақтың екінші азат жолы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметке құжаттар қабылдау және нәтижесін беру "Алматы қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Орталық) арқылы жүзеге асырылады.".

      2. Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында жариялауды және Алматы қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Әукеновке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаев