“Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлерін белгілеу туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 5 қарашадағы №403 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 15 мамырдағы № 84 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 16 мамырда № 6792 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 9 сәуірдегі № 74 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 09.04.2021 № 74 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      “Құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. “Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлерін белгілеу туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 5 қарашадағы № 403 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4819 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 желтоқсанда “Жалағаш жаршысы” газетінде және 2014 жылғы 23 желтоқсанда “Әділет” ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасымен белгіленген мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді (коммуналдық тұрғын үй қорынан) пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлерінде:

      реттік нөмірі 18-қатар жаңа редакцияда жазылсын:

      “

18

Жалағаш кенті, Мүбарак Тәйтіков көшесі, №15 үй

78 теңге 84 тиын

      ”.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш ауданының әкімі Қ. Сәрсенбаев