Дәрілік заттарды қосымша беру туралы

Қарағанды облыстық мәслихатының 2019 жылғы 8 тамыздағы № 440 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 8 тамызда № 5427 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының 2021 жылғы 25 ақпандағы № 34 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының 25.02.2021 № 34 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қарағанды облысының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Амбулаториялық емдеу кезінде азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша мынадай дәрілік заттар тегін берілсін (рецепт бойынша):

      "Спецификалық емес жаралы колит, Крон ауруы" - "Ведолизумаб" дәрілік заты;

      "Ювенильді склеродерми" – "Тоцилизумаб" дәрілік заты.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облыстық мәслихатының 02.07.2020 № 553 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени дамыту және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (С.М. Әдекенов).

      3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Б. Алтынбеков
      Облыстық мәслихат хатшысы С. Өтешов