Дәрілік заттарды қосымша беру туралы

Қарағанды облыстық мәслихатының 2019 жылғы 28 ақпандағы № 398 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 5 наурызда № 5211 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының 2021 жылғы 25 ақпандағы № 34 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының 25.02.2021 № 34 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қарағанды облысының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша берілсін (рецепт бойынша):

      "Инфликсимаб" - "Ойық жаралы колит, Крон ауруы" диагнозы бойынша;

      "Олодатерол гидрохлориді/Тиотропия бромиді моногидрат" - "Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы" диагнозы бойынша;

      "Канакинумаб" - "Ювенильді идиопатиялық артрит" диагнозы бойынша;

      "Көктамыр ішіне енгізу үшін G Иммуноглобулин (адамдық қалыпты)" - "Аутоиммундық аурулар және иммундық жетіспеушілік жағдайлар" диагнозы бойынша".

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облыстық мәслихатының 02.07.2020 № 553 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың халықты әлеуметтік-мәдени дамыту және әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (С.М. Әдекенов).

      3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Т. Тілемісов
      Облыстық мәслихат хатшысы С. Өтешов