Талас ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Талас аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы №26-6 шешіміне өзгерісте

Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2019 жылғы 14 ақпандағы № 51-4 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 20 ақпанда № 4110 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2019 жылғы 13 мамырдағы № 55-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 13.05.2019 № 55-3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Талас аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Талас ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Талас аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 26-6 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2101 болып тіркелген, 2014 жылғы 25 қаңтардағы №5 болып аудандық "Талас тынысы" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      7 тармағының "15 ақпанға:" деген абзац толықтырылсын:

      "2019 жылы кеңес әскерлерінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылғанына 30 жыл толуына байланысты" біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілсін:

      Ауғаныстанда әскери міндетін өтеген әскери қызметшілерге және Ауғаныстанда әскери міндетін өтеу кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілерге 30 000 (отыз мың) теңге көлемінде көмек көрсетілсін;

      Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына 15 000 (он бес мың) теңге көлемінде көмек көрсетілсін;

      1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстанға жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлерге 15 000 (он бес мың) теңге көлемінде көмек көрсетілсін".

      8 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "ең төменгі күнкөріс деңгейінің жеті еселік көлемінен аспайтын орташа табысы бар, әлеуметтік мәні бар ауру – туберкулез бойынша әлеуметтік көмек "Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Талас аудандық орталық ауруханасының" тізіміне сәйкес диспансерлік есепте тұратын туберкулездің төзімді түрімен ауыратын, амбулаторлық емделуде жүрген адамдарға (отбасыларға) бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі".

      3 тармақтың 7) тармақшасы және 21 тармақ алып тасталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың тұрғындарды әлеуметтік- құқықтық қорғау және мәдениет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы С. Тілеубердиев
      Аудандық мәслихат хатшысы А. Тулебаев