Сарқан ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Алматы облысы Сарқан ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 4 қарашадағы № 328 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2019 жылы 5 қарашада № 5290 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Сарқан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Сарқан ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сарқан ауданы әкімі аппаратының басшысы Абибеков Бауыржан Бақытовичке жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім

      М. Разбеков

  Сарқан ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "__" ___________ "Сарқан ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы" №___ қаулысына қосымша

Сарқан ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылатын кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Сарқан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" 2015 жылғы 09 желтоқсандағы № 638 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3671 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 қаңтарында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2. "Сарқан ауданының Аманбөктер ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 518 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3498 болып тіркелген, 2015 жылғы 02 қарашасында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      3. "Сарқан ауданының Көктерек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" 2015 жылғы 02 шілдедегі № 316 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3317 болып тіркелген, 2015 жылғы 04 тамызында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).