"Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы" Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 221/25-VI шешіміне өзгерістер мен толықтырула

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 30 мамырдағы № 385/50-VI шешімі. Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментінде 2019 жылғы 7 маусымда № 1230 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 қазандағы № 84/10-VIII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 03.10.2023 № 84/10-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабының 2-3-тармағына, "Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 23 наурыздағы № 6 Жарлығына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы" Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 221/25-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1149 тіркелген, 2018 жылдың 11 қаңтарында "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген шешімде:

      атауындағы "Астана" деген сөз "Нұр-Сұлтан" деген сөзбен ауыстырылсын;

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Нұр-Сұлтан қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.";

      жоғарыда көрсетілген шешімімен бекітілген Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында (бұдан әрі – Қағида):

      атауында және бүкіл мәтін бойынша "Астана" деген сөз "Нұр-Сұлтан" деген сөзбен ауыстырылсын;

      1-тармақтың 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) табысы аз азаматтар – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын жан басына шаққандағы орташа айлық табысы Нұр-Сұлтан қаласында белгіленген кедейлік шегінен төмен адамдар (отбасылар);";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Өтініш беруші толық емес және (немесе) дәйексіз мәліметтерді ұсынған, сондай-ақ өтініш беруші арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мемлекеттік ұйымдарда тұратын жағдайда әлеуметтік көмек тағайындалмайды.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Әкімші:

      тиісті негіздер бойынша азаматтардың зейнетақы, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны алуы туралы Әлеуметтік төлемдер орталығының мәліметтері, "Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәліметтері, "Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы) әлеуметтiк мәнi бар аурулармен ауыратын адамдар туралы мәліметтері, сондай-ақ табысы аз азаматтарға әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы өздерінің мәліметтері негізінде осы Қағиданың 14, 15, 16-тармақтарында;

      Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының (бұдан әрі – "ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы" МКҚК), Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметтері негізінде осы Қағиданың 50-тармағында көрсетілген санаттарға жататын азаматтардың тiзiмдерiн әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етпей қалыптастырады.";

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Әлеуметтік мәні бар ауру – туберкулез бойынша әлеуметтік көмек белсендi туберкулезбен ауыратын азаматтарға Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Нұр-Сұлтан қаласының Туберкулезге қарсы диспансерi" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсіпорнында (бұдан әрi – Туберкулезге қарсы диспансер) диспансерлiк есепте тұрған және амбулаторлық емделудегi азаматтарға 10 АЕК ай сайынғы ақша төлемдері түрінде ұсынылады.";

      44-тармақтағы "пен көмектiң түрiн көрсетiп" деген сөздер алынып тасталсын;

      45-49-тармақтар алынып тасталсын;

      52-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "табысы аз азаматтардың ішінен көп балалы аналар, көп балалы отбасыларға;";

      68-тармақ алынып тасталсын;

      75-тармақтағы "Үш ең төмен күнкөріс" деген сөздер "Төрт ең төмен күнкөріс" деген сөздермен ауыстырылсын;

      95-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "95. Қатты отынды сатып алуға әлеуметтік көмек төрт ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы табысы болған және оларда және отбасы мүшелерінде басқа тұрғын үйі болмаған жағдайда, жергiлiктi (пештік) жылытатын жеке тұрғын үйде тұратын, оның жеке меншік иесі (жалға алушысы) немесе жеке меншік иесінің отбасы мүшелері (жалға алушысы) болып табылатын жасы бойынша зейнеткерлерге, мүгедектерге, мүгедек балаларға, көп балалы аналарға және көп балалы отбасыларға жүргiзiледi.";

      96-тармақтағы "8" деген сан "16" деген сандармен ауыстырылсын;

      98-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) мәртебені растайтын құжаттың көшірмесі (зейнеткерлік куәлік, мүгедектік туралы анықтама, балалардың туу туралы куәліктері);";

      98-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжат – жалға алушылар үшін.";

      Қағидаға 2-қосымшаның бірінші абзацындағы "Астана" деген сөз "Нұр-Сұлтан" деген сөзбен ауыстырылсын;

      Қағидаға 4-қосымша алынып тасталсын.

      2. Осы шешiм әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы А. Күрішбаев
      Нұр-Сұлтан қаласы
      маслихатының хатшысы Ж. Нұрпейісов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Нұр-Сұлтан қаласының

      Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы                                    М. Шоранов

      "Нұр-Сұлтан қаласының

      Жұмыспен қамту және әлеуметтік

      қорғау басқармасы" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы                                          С. Нұрғожина