"Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 42 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 257 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 27 желтоқсанда № 19778 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қаулының күшін жою көзделген – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.09.2023 № 79 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы және "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 42 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18539 болып тіркелген, 2019 жылғы 25 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларында:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Экспорттаушы немесе импорттаушы есептік нөмір алу үшін тараптардың бірі экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелерді орындауды бастағанға дейін есептік нөмірді алу үшін өтініш жасайды.

      Егер экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелерді орындауды оның бейрезидент қатысушысы бірінші болып бастаса және осындай орындау резидент экспорттаушының немесе импорттаушының пайдасына мүлікті беруге (ақшаның түсуіне) байланысты болса, онда осындай резидент мүлікті (ақшаны) өзінің иелігіне алғанға дейін есептік тіркеу үшін өтініш береді.

      Егер бейрезидент қатысушы шет мемлекеттің аумағында тараптардың бірі азаматтық әуе кемелерінің пайдаланушысы сертификаты бар резидент заңды тұлға болып табылатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) импорты жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелерді орындауды бірінші болып бастаса, онда резидент бейрезидент міндеттемелерін орындағаннан кейін күнтізбелік 90 (тоқсан) күн ішінде, бірақ резидент міндеттемелерді орындауды бастаған күннен кешіктірмей валюталық шартты есептік тіркеу үшін өтініш береді.

      Талап қоюдың өтуі нәтижесінде немесе борышты аудару нәтижесінде бейрезидентке талап қою құқығын қабылдаған немесе бейрезидент алдындағы борышты қабылдаған экспорттаушы немесе импорттаушы есепті тіркеу үшін осындай талап ету құқығы немесе борыш қабылданған күннен бастап, бірақ тараптардың кез келгені өткізілген талап (аударылған борыш) бойынша міндеттемелерді орындауды бастағанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей өтініш жасайды.";

      4-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Төлем балансы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Қасенов А.С.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі (Адамбаева Ә.Р.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2019 жылғы 1 шілдеден туындаған қатынастарға қолданылады.

      Төраға Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігінің

      Статистика комитеті

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі
Басқармасының
2019 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 257 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасында
экспорттық-импорттық
валюталық бақылауды жүзеге
асыру қағидаларына
4-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурста орналастырылды: www. nationalbank.kz

Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақпарат

      Индексі: EICC_1

      Кезеңділігі: күн сайын

      Есепті кезең: 20 ___ жылғы ________

      Ақпарат ұсынатын адамдар тобы: есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк

      Ұсыну мерзімдері:

      3 (үш) жұмыс күні ішінде:

      1) есептік нөмір берілген, есептік тіркеуден алып тасталған, есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша репатриациялау талабының орындалуын бақылау рәсімдерін қалпына келтірген, Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларының 32-тармағына сәйкес хабарлама жіберген, жаңа есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банктің (оның филиалының) экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелерінің орындалуы туралы ақпаратты ұсыну жөніндегі сұратуын алған күннен кейін;

      2) есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгенін растайтын құжаттарды қабылдаған күннен кейін.

  Нысан

      Есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банктің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) ________________________________

Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың есептік нөмірінің деректемелері

Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт түрінің коды

Экспорттаушы немесе импорттаушы жөніндегі ақпарат

Нөмірі

Күні

Атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

ББСН

Жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН)

Экспорттаушының немесе импорттаушының белгісі

Облыс коды

1

2

3

4

5

6

7

8









      кестенің жалғасы

Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақпарат

Экспорт немесе импорт белгісі

Нөмірі

Күні

Сомасы мың бірлікпен

Валютасы

9

10

11

12

13






      кестенің жалғасы

Бейрезидент жөніндегі ақпарат

Репатриациялау мерзімі

Валюталық шартты есептік тіркеуден алу

Іскерлік қатынастарды бұзу ниеті туралы және есептік тіркеу банкінің өзгеруі туралы хабарламаны жіберу күні

Атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Елі

Күні

Негізі

14

15

16

17

18

19







      Атауы_______________________ Мекенжайы ______________________

      Телефоны _____________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы__________________________________

      Орындаушысы ________________________________________________

                        тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), қолы телефоны

      Басшы немесе оның міндеттерін атқаратын адам

      _____________________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), қолы телефоны

      Күні 20 ____ жылғы "____"_____________

  "Есептік нөмірі бар экспорт
немесе импорт
жөніндегі валюталық шарт
бойынша ақпарат"
әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысанға
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақпарат (индексі – EICC_1, кезеңділігі – күн сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақпарат" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды толтыру кезінде есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша қолда бар деректерді пайдаланады.

      4. Есепті кезеңде ақпарат болмаған жағдайда Нысан ұсынылмайды.

      5. Деректерді түзету (өзгерістер, толықтырулар) Нысанды ұсыну үшін белгіленген мерзімнен кейін 6 (алты) ай ішінде енгізіледі.

2-тарау. Нысанды толтыру

      6. Нысан Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларының 30, 32 және 35-тармақтарына сәйкес ұсынылады және мына жағдайлар:

      1) есептік нөмір берілген, есептік тіркеуден алып тасталған, есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша репатриациялау талабының орындалуын бақылау рәсімдерін қалпына келтірген, Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларының 32-тармағына сәйкес хабарлама жіберген, жаңа есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банктің (оның филиалының) экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелерінің орындалуы туралы ақпаратты ұсыну жөніндегі сұратуын алған кезде;

      2) есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгенін растайтын құжаттарды қабылдаған кезде жіберіледі.

      7. 1-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың есептік нөмірі көрсетіледі.

      8. 2-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың есептік нөмірін беру күні көрсетіледі.

      9. 3-бағанда мыналар көрсетіледі:

      "1" – талаптарында Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы тауарлардың орнын ауыстыру көзделген экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт;

      "2" – талаптарында жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету көзделген экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт;

      "3" – талаптарында Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы тауарлардың орнын ауыстыру, сол сияқты жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету көзделген экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт.

      10. 4-бағанда экспорттаушының немесе импорттаушының атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі.

      11. Егер 7-бағанда экспорттаушының немесе импорттаушының "1" – заңды тұлға (оның филиалы) белгісі көрсетілсе, 5-бағанда экспорттаушының немесе импорттаушының БСН көрсетіледі.

      12. Егер 7-бағанда экспорттаушының немесе импорттаушының "2" – дара кәсіпкер белгісі көрсетілсе, 6-бағанда экспорттаушының немесе импорттаушының ЖСН көрсетіледі.

      13. Егер экспорттаушы немесе импорттаушы заңды тұлға (оның филиалы) болып табылса, 7-бағанда "1" белгісі, егер экспорттаушы немесе импорттаушы дара кәсіпкер болып табылса, "2" белгісі қойылады.

      14. 8-бағанда ҚР МС 11-2009 "Әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышы" Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышына сәйкес экспорттаушының немесе импорттаушының заңды мекенжайы бойынша облыс кодының алғашқы екі саны көрсетіледі.

      15. 9-бағанда мынадай белгілер көрсетіледі:

      "1" – егер экспорт жөніндегі валюталық шарт;

      "2" – егер импорт жөніндегі валюталық шарт.

      16. 10-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың нөмірі (бар болса) көрсетіледі.

      17. 11-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың күні көрсетіледі.

      18. 12-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың сомасы шарт валютасының мың бірлігімен көрсетіледі.

      19. 13-бағанда ҚР ҰС 07 ISO 4217-2012 "Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар" ұлттық сыныптауышына сәйкес валюталардың әріптік белгіленуі көрсетіледі.

      20. 14-бағанда шетелдік сатып алушының немесе жеткізушінің атауы немесе тегі, аты әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі.

      21. 15-бағанда ҚР ҰС ISO 3166-1-2016 "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің бірліктерін ұсынуға арналған кодтар. 1-бөлім. Елдердің кодтары" ұлттық сыныптауышына сәйкес шетелдік сатып алушы немесе жеткізуші елінің екі әріптік коды көрсетіледі.

      22. 16-бағанда репатриациялау мерзімі көрсетіледі.

      23. 17-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты есептік тіркеуден алу күні көрсетіледі.

      24. 18-бағанда Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларының 48-тармағына сәйкес экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты есептік тіркеуден алу негізіне сәйкес келетін цифрлық код көрсетіледі.

      25. 19-бағанда іскерлік қатынастарды бұзу ниеті туралы және Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларының 32-тармағына сәйкес есептік тіркеу банкін өзгерту жөнінде хабарлама жіберу күні көрсетіледі.

      26. Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты алып тастау туралы ақпаратты жіберу кезінде 1, 2, 17 және 18-бағандар толтырылады.

      27. Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы ақпарат жіберу кезінде 1 және 2-бағандар, сондай-ақ мәліметтері нақтылануға тиіс бағандар толтырылады.

      28. Іскерлік қатынастарды бұзу ниеті туралы және есептік тіркеу банкінің өзгеруі туралы хабарлама бойынша ақпарат жолдаған кезде 1, 2, және 19-бағандар толтырылады.

      29. Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша репатриациялау талаптарының орындалуын бақылау рәсімдерін қалпына келтіру кезінде 1 және 2-бағандар толтырылады.

      30. 2, 11 және 17-бағандар сегіз цифрмен мынадай ретте: күні, айы, жылы көрсетіліп толтырылады.

      31. "Атауы", "Мекенжайы", "Телефоны", "Электрондық пошта мекенжайы", "Басшы немесе оның міндеттерін атқаратын адам" және "Орындаушы" деген жолдар Нысан қағаз тасымалдағышта ұсынылған жағдайда толтырылады.