"Асыл тұқымдық өнім (материал) мәртебесін беру (тоқтата тұру, күшін жою) қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 3-3/1084 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № 441 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 26 желтоқсанда № 19771 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Асыл тұқымдық өнім (материал) мәртебесін беру (тоқтата тұру, күшін жою) қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 3-3/1084 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12897 болып тіркелген, 2016 жылғы 1 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Асыл тұқымдық өнім (материал) мәртебесін беру (тоқтата тұру, күшін жою) қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Асыл тұқымдық өнім (материал) мәртебесін беру тәртібі";

      10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Бірінші санаттағы асыл тұқымды ірі қара мал мәртебесі ол мынадай өлшемшарттарға сәйкес болған кезде беріледі:

      1) өнімділіктің етті бағыттағы тұқымдары үшін:

      жануар тегінің әкесі және енесі жағынан кемінде үш қатары бойынша тұқым-тегі туралы дұрыс мәліметтердің болуы;

      әкесі жағынан дұрыстығын айқындайтын генетикалық сараптаманың болуы (Қазақстан Республикасы аумағында туылған жануарлар үшін);

      асыл тұқымдық құндылығының индекстік бағалауы, оның ішінде төлдеу жеңілдігі, туған кездегі салмағы, енесінен айырған кездегі салмағы және тиісті жасқа жеткен кезде бір жастағы салмағы бойынша индекстік бағалауы болуы;

      таза тұқымдылық;

      қолдан ұрықтандыру немесе эмбрионды транспланттау немесе Best Linear Unbiased Prediction (BLUP) әдістемесіне сәйкес индекстік жүйе бойынша бағасы бар бірінші санаттағы асыл тұқымды бұқамен (қазақтың ақбас және әулиекөл тұқымдары үшін) шағылыстыру нәтижесінде алынуы;

      тұқым стандартына сәйкестігі (Палата өзінің интернет-ресурсында жануарлардың тиісті тұқым стандартының көрсеткіштерінен төмен емес фенотиптік көрсеткіштерін орналастырады);

      2) өнімділіктің сүтті-етті және сүтті бағыттағы тұқымдары үшін:

      жануар тегінің кемінде үш қатары бойынша тұқым-тегі туралы дұрыс мәліметтердің болуы;

      қолдан ұрықтандыру немесе эмбрионды транспланттау нәтижесінде алынуы;

      әкесі жағынан генетикалық сараптаманың болуы;

      асыл тұқымдық құндылығының индекстік бағалауы, оның ішінде өнімділігі, сыртқы бейнесі және соматикалық клеткалардың саны бойынша индекстік бағалауы болуы;

      таза тұқымдылық;

      тұқым стандартына сәйкестігі (Палата өзінің интернет-ресурсында жануарлардың тиісті тұқым стандартының көрсеткіштерінен төмен емес фенотиптік көрсеткіштерін орналастырады).

      11. Жануарға екінші санаттағы асыл тұқымды ірі қара мал мәртебесі ол мынадай өлшемшарттарға сәйкес болған кезде беріледі:

      1) өнімділіктің етті бағыттағы тұқымдары үшін:

      жануар тегінің кемінде үш қатарын көрсете отырып, әкесі жағынан тұқым-тегі туралы дұрыс мәліметтердің болуы (барлық бірінші санаттағы әлеуетті әкелер көрсетіледі);

      экспорттаушы елдердің қағидаларына сәйкес импорттық жануарлар үшін тұқым-тегі туралы дұрыс мәліметттердің болуы;

      тірі салмағы, төлдеу жеңілдігі бойынша абсолюттік көрсеткіштер деректерінің болуы (экспорттаушы елдердің қағидаларына сәйкес импорттық жануарлар үшін);

      таза тұқымдылық;

      тұқым стандартына сәйкестігі (Палата өзінің интернет-ресурсында жануарлардың тиісті тұқым стандартының көрсеткіштерінен төмен емес фенотиптік көрсеткіштерін орналастырады);

      2) өнімділіктің сүтті-етті және сүтті бағыттағы тұқымдары үшін:

      жануар тегінің кемінде үш қатары бойынша тұқым-тегі туралы дұрыс мәліметтердің болуы;

      қолдан ұрықтандыру немесе эмбрионды транспланттау нәтижесінде алынуы;

      тегінде сауу бойынша өнімділіктің абсолюттік көрсеткіштерінің болуы;

      таза тұқымдылық;

      тұқым стандартына сәйкестігі (Палата өзінің интернет-ресурсында жануарлардың тиісті тұқым стандартының көрсеткіштерінен төмен емес фенотиптік көрсеткіштерін орналастырады).";

      мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:

      "11-1. Екінші санаттағы асыл тұқымды аналық мал басын екінші санаттағы асыл тұқымды бұқалармен шағылыстыру нәтижесінде алынған төлге асыл тұқымды жануар мәртебесі берілмейді.";

      мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:

      "16-1. Асыл тұқымдық мәртебесі санатын екіншіден біріншіге ауыстыру үшін Өтініш беруші Палатаға осы Қағидаларға 15-қосымшаға нысан бойынша ірі қара малдың асыл тұқымдық мәртебесі санатын ауыстыруға арналған өтінішті ұсынады.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Асыл тұқымды жануар мәртебесін беру үшін қажетті қошқардың (қойдың) (бұдан әрі – қой ) ең төменгі жасы төрт айды, қаракөл қойлары үшін қоздаудан соң екінші-үшінші күнді құрайды.";

      31 және 32-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Құстарға асыл тұқымдық мәртебе тәуліктік жастан бастап беріледі.

      32. Асыл тұқымды құс мәртебесі ол мынадай өлшемшарттарға сәйкес болған кезде беріледі:

      құстың шығу тегі мен өнімділік көрсеткіштері және ата-енесінің өнімділік көрсеткіштері туралы (түйеқұста – жануар тегінің кемінде үш қатары бойынша тұқым-тегі (экспорттаушы елдің құзыретті органының интернет-ресурсында орналастырылған құжаттарда үшінші қатар тегі туралы мәліметтер беруге жол беріледі)) дұрыс мәліметтердің болуы;

      бағалаудан өткен болуы;

      кросқа (тұқым стандартына) сәйкестігі (Палата өзінің интернет-ресурсында жануардың тиісті крос (тұқым) стандартының көрсеткіштерінен төмен емес фенотиптік көрсеткіштерді орналастырады)";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Асыл тұқымдық өнім (материал) мәртебесін тоқтата тұру тәртібі";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Асыл тұқымдық өнім (материал) мәртебесінің күшін жою тәртібі";

      3-қосымша орыс тілінде жаңа редакцияда жазылсын, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      4-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      6, 7, 8-қосымшалар орыс тілінде жаңа редакцияда жазылсын, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      11, 12, 13-қосымшалар орыс тілінде жаңа редакцияда жазылсын, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 15-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2019 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 441 бұйрығына
1-қосымша
  Асыл тұқымдық өнім (материал)
мәртебесін беру (тоқтата тұру,
күшін жою) қағидаларына
4-қосымша
  Нысан
  Бет жағы

Жылқыға(ларға) асыл тұқымды жануар мәртебесін беруге арналған өтініш

      _____________________________________________________________________

      (Жылқы өнімділігі бағыттары жөніндегі республикалық палата)

      кімнен_______________________________________________________________

      жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса)

      және тегі немесе заңды тұлғаның толық атауы

      "__________" тұқымды ____(_____________________________) бас

      (жазбаша) жылқы(ларға) асыл тұқымды жануар мәртебесін беруді сұраймын.

      Жануарлар туралы мәліметтер (қажеттісін белгілеу):


_____(__________________________) дана мөлшерінде импорттаушы (жазбаша)

      туралы мәліметтер көрсетілген асыл тұқымдық куәліктің не оған балама құжаттың

      түпнұсқасы және көшірмесі бар;


жануарлар/ұрық эмбрион импортталды және менің иелігімде;

жануарлар туралы деректер асыл тұқымдық куәліктерде не оған балама

      құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкес/асыл тұқымды өнімнің (материалдың)

      барлық түрлеріне арналған асыл тұқымды куәліктер нысандарына сәйкес селекциялық

      және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат базасында толтырылды;


жануарларды қолдан ұрықтандыру/шағылыстыру туралы деректер берілді

      (буаз жануарлардың импорты жағдайында);


тіркелетін жануар енесінің Жылқы өнімділігі бағыттары жөніндегі

      республикалық палатада асыл тұқымды жануар мәртебесі бар

      (Қазақстан Республикасында туылған жануарлар үшін);


әкелері/әлеуетті әкелері болып табылатын асыл тұқымды айғырлар

тіркелетін төл иесінің меншігі болып табылмайды; жануарлардың бірдейлендіру

      нөмірлері мен ені бар.

Сырт жағы Асыл тұқымды жануар мәртебесін беруге өтініш берілген жануарлардың тізімдемесі

Жануар (жануарлар) туралы ақпарат

Ата-енесі туралы ақпарат

Жеке нөмірі

Лақап аты

Жынысы

Туған күні

Туған жері

Әкесінің Палатадағы тіркеу нөмірі

Әкесінің шетелдік тіркеу нөмірі

Енесінің Палатадағы тіркеу нөмірі

Енесінің шетелдік тіркеу нөмірі

1










2










      Мен, ______________________________, жануар туралы жоғарыда аталған мәліметтер

      одан әрі асыл тұқымды жануар мәртебесін алу үшін дұрыс болып табылатындығын

      растаймын.

      Күні _________________

      Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі____________________________ _________________

                                          (қолы)

      Мөр (бар болса) орны

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2019 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 441 бұйрығына
2-қосымша
  Асыл тұқымдық өнім
(материал) мәртебесін беру
(тоқтата тұру, күшін
жою) қағидаларына
15-қосымша
  Нысан
  Бет жағы

Ірі қара малдың асыл тұқымдық мәртебесі санатын ауыстыруға арналған өтініш

      ( ____________________________________________ жөніндегі республикалық палата)

      кімнен_______________________________________________________________

      жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса) және тегі немесе заңды тұлғаның толық

      атауы

      ___________________________облысы_________________________________ауданы

      "________" тұқымды ____(______________) бас асыл тұқымды ірі қара мал мәртебесін

                              (жазбаша)

      2-санаттан 1-санатқа ауыстыруды сұраймын.

      Малдардың мынадай өлшемшарттарға сәйкестігін растаймын:

      мал тегінің кемінде әкесі және енесі жағынан үш қатары бойынша тұқым-тегі туралы дұрыс мәліметтердің болуы;

      әкесі жағынан дұрыстығын айқындайтын генетикалық сараптаманың болуы (Қазақстан Республикасы аумағында туылған жануарлар үшін);

      асыл тұқымдық құндылығының индекстік бағалауы, оның ішінде төлдеу жеңілдігі, туған кездегі салмағы, енесінен айырған кездегі салмағы және тиісті жасқа жеткен кезде бір жастағы салмағы бойынша индекстік бағалауы болуы;

      таза тұқымдылық;

      қолдан ұрықтандыру немесе эмбрионды транспланттау немесе Best Linear Unbiased Prediction (BLUP) әдістемесіне сәйкес индекстік жүйе бойынша бағасы бар бірінші санаттағы асыл тұқымды бұқамен (қазақтың ақбас және әулиекөл тұқымдары үшін) шағылыстыру нәтижесінде алынуы;

      тұқым стандартына сәйкестігі (Палата өзінің интернет-ресурсында жануарлардың тиісті тұқым стандартының көрсеткіштерінен төмен емес фенотиптік көрсеткіштерін орналастырады);

Санатын ауыстыруға өтініш берілген асыл тұқымды жануарлар тізімдемесі

Шетелдік немесе қазақстандық бірдейлендіру нөмірі

Татуировка немесе таңба нөмірі

Лақап аты

Жынысы

Туған күні

Туған жері

Палатадағы тіркеу нөмірі

1








2








      Мен, __________________________, жануар туралы жоғарыда аталған мәліметтер одан

      (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса) және тегі)

      әрі асыл тұқымды жануар мәртебесін ауыстыру үшін дұрыс болып табылатындығын

      растаймын.

      Күні:_________________________________________________ Мөр (бар болса) орны

                                    (қолы)