"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналардың:
1) "Техникалық құралдардың өлшем құралдарына тиістілігін белгілеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы № 312 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5963 болып тіркелген, 2010 жылғы 19 наурыздағы № 12 (482) "Официальная газета" газетінде және Қазақстан Республикасының орталық атқарушы бұйрығының;
2) "Техникалық құралдардың өлшем құралдарына тиістілігін белгілеу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы № 312 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 28 қаңтардағы № 17 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8341 болып тіркелген, 2013 жылғы 17 қазандағы № 222 (28172) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі |
Б. Сұлтанов |