"Нотариаттық куәліктердің, қаулылардың, нотариустар куәландырған құжаттардағы және мәмілелердегі куәландыру жазбаларының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 104 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № 611 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 19 желтоқсанда № 19746 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Нотариаттық куәліктердің, қаулылардың, нотариустар куәландырған құжаттардағы және мәмілелердегі куәландыру жазбаларының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 104 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13561 тіркелген, 2016 жылғы 8 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      1-тармақ 93) тармақшамен мынадай редакцияда толықтырылсын:

      "93) Құпия өсиетті сақтауға беру туралы куәлік жазбасы осы бұйрықтың 93-қосымшасына сәйкес нысанда.";

      93-қосымшамен осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2019 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 611 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2016 жылғы 29 ақпандағы
№ 104 бұйрығына
93-қосымша
  нысан

Құпия өсиетті сақтауға беру туралы куәлік

      (ауыл, кент, қала, аудан, облыс, республика) _________________________

      күні, айы, жылы жазумен _________________________________________

      Мен, __________________________________________________________

                        (тегі, аты және әкесінің аты (бар болса))

      нотариус

      _______________________________________________________________

                  (жекеше нотариусқа мемлекеттік лицензия берген орган және нөмірі,

                  берілген күні, мемлекеттік нотариаттық

      _______________________________________________________________

                  кеңсенің немесе жекеше нотариустың нотариаттық округының атауы)

      _______________________________________________________________

                  (құпия өсиетті қабылдау күні, айы, жылы)

      __________________________________________________ тұратын

                  (мекенжайы)

      _______________________________________________ азамат(ша)-қа (ға)

                  (өсиет қалдырушының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса),

                  туған жері, жеке сәйкестендіру нөмірі)

      өзім куәландырған құпия өсиетті

      _______________________________________________________________

                  (өсиет қалдырушының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса),

                  туған жері, жеке сәйкестендіру нөмірі, мекенжайы)

      жазып және азамат(ша) __________________________________________

                  (өсиет қалдырушының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса),

                  туған жері, жеке сәйкестендіру нөмірі, мекенжайы)

      ___________________________________ өз қолымен қол қойып сақтауға

      бергенімді куәландырамын, № тізілімде тіркелді.

      Құпия өсиеті бар жабық конвертті куәлардың қатысуымен басқа конвертке мөрледім:

      _______________________________________________________________

                  (бірінші куәнің тегі, аты және әкесінің аты (бар болса),

                  туған күні және жері, жеке сәйкестендіру нөмірі)

      _______________________________________________________________

                  (бірінші куәнің тегі, аты және әкесінің аты (бар болса),

                  туған күні және жері, жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Тізілімде № _____________________________________________ тіркелді

      Өндірілді:______________________________________________________

      Мөр Нотариус __________________________________________________

                                    (қолы)