БҰЙЫРАМЫН:
1. "Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қызметтің басым түрлерін енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 142 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16588 болып тіркелген, 2018 жылғы 18 сәуірде Қазақстан Республикасы эталондық бақылау банкінде жарияланды) бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне:
1-тармақ мазмұны келесі 21)-32) тармақшалармен толықтыру:
21) киімнен басқа, дайын тоқыма бұйымдарын өндіру;
22) басқа санаттарға кірмеген өзге де тоқыма бұйымдарын өндіру
23) былғарыдан киім өндіру;
24) арнайы киім өндірісі;
25) өзге де сыртқы киім өндірісі;
26) іш киім өндіру;
27) киімнің өзге де түрлері мен аксессуарлар өндіру;
28) өзге де тоқылған және трикотаж бұйымдарын өндіру;
29) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес зергерлік фабрика объектісін салу және пайдалануға беру;
30) бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды өндіру жөніндегі зергерлік қызмет;
31) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес "Нұр-сұлтан қаласындағы Бас мешіт" объектісін салу және пайдалануға беру;
32) құлыптар, ілмектер және ілгіштер өндіру.";
4-тармақ мазмұны келесі 12)-13) тармақшалармен толықтыру:
"12) біріккен университет ауруханасын салу және пайдалану (клиника);
13) университеттік аурухана (клиника) шеңберінде көрсетілетін медициналық, ғылыми-зерттеу және білім беру қызметі.";
9-тармақ мазмұны келесі 6)-7) тармақшалармен толықтыру:
"6) қант зауытын салу және қант, оның ішінде шикі қант немесе тазартылған құрақ немесе қызылша қанты; сірне (меласса); қызылша жомы, багасса (қант қамысы), өзге де қант өндірісінің қалдықтары; қант өндіру саласындағы қызметтер;
7) картопты қайта өңдеу және фри картоп өндіру зауытын салу (қайта өңдеу және консервілеу).";
11-тармақ мазмұны келесі 8) тармақшалармен толықтыру:
"8) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес Түркістан қаласының халықаралық әуежайды, "Шығыс базары" көпсалалы кешенді салу және пайдалануға беру.";
мазмұны келесі 12-тармақпен толықтыру:
"12. "Qyzyljar" арнайы экономикалық аймағы:
1) тамақ өнімдерін өндіру және қайта өңдеу;
2) құрылыс материалдары мен жиһаз өндіру;
3) электроника өнімдерін және электр жабдықтарын өндіру;
4) машина жасау өнімдерін өндіру;
5) көпбейінді аурухана салу;
6) кең бейінді ауруханалар мен мамандандырылған ауруханалардың қызметі.".
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды, жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
министр | Б. Атамкулов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі