"Тауардың шығу тегі жөнінде сертификаттар бланкілерінің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 9 қаңтардағы № 6 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2019 жылғы 26 қарашадағы № 114 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 3 желтоқсанда № 19678 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 шілдедегі № 454-НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Сауда және интеграция министрінің 13.07.2021 № 454-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тауардың шығу тегі жөнінде сертификаттар бланкілерінің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 9 қаңтардағы № 6 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10235 болып тіркелген, 2016 жылғы 31 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысандарын бекіту туралы";

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы үшінші бөлімінің 3-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрыққа 5-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрінің
2019 жылғы 26 қарашадағы
№ 114 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушысының
2015 жылғы 9 қаңтардағы
№ 6 бұйрығына
5-қосымша
  Нысан

1. Тауарды өндіруші
(атауы және пошталық мекен-жайы)

4. № ____________________________
ТАУАРДЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ ТУРАЛЫ СЕРТИФИКАТ
CT-KZ НЫСАНЫ

2. Тауарды алушы
(атауы және пошталық мекен-жайы)

_________________________________ берілді
(елдің атауы)

3. Тауардың шығу тегі туралы сертификатты алу мақсаты

5. Қызметтік ескертулер үшін

6. №

7. Орындар саны және қаптама түрі

8. Тауардың сипаттамасы

9. Шығу тегінің өлшемдері

10. Брутто/нетто салмағы (килограмм)

11. Куәлік. Осы арқылы өтініш берушінің декларациясы шындыққа сәйкес келетіні куәландырылады
______________________________
Атауы/ Мекен-жайы/
______________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/ Электрондық цифрлық қолтаңба ______________________________
Күні

12. Өтініш берушінің декларациясы:
Төменде қол қоюшы жоғарыда көрсетілген мәліметтер шындыққа сәйкес келетінін, барлық тауарлар толығымен Қазақстан Республикасында өндірілгенін және жеткілікті өңдеуден/қайта өңдеуден өткенін және олардың барлығы да осындай тауарларға қатысты белгіленген шығу тегінің талаптарына сәйкес екендігін мәлімдейді.
____________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/Электрондық цифрлық қолтаңба
____________________________________
Күні

      "CT-KZ" НЫСАНДАҒЫ ТАУАРДЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ ТУРАЛЫ № ___________

      СЕРТИФИКАТҚА ҚОСЫМША ПАРАҚ

6. №

7. Орындар саны және қаптама түрі

8. Тауардың сипаттамасы

9. Шығу тегінің өлшемдері

10. Брутто/нетто салмағы (килограмм)

11. Куәлік. Осы арқылы өтініш берушінің декларациясы шындыққа сәйкес келетіні куәландырылады
_________________________________
Атауы/Мекен-жайы _________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/ Электрондық цифрлық қолтаңба _________________________________
Күні

12. Өтініш берушінің декларациясы:
Төменде қол қоюшы жоғарыда көрсетілген мәліметтер шындыққа сәйкес келетінін, барлық тауарлар толығымен Қазақстан Республикасында өндірілгенін және жеткілікті өңдеуден/қайта өңдеуден өткенін және олардың барлығы да осындай тауарларға қатысты белгіленген шығу тегінің талаптарына сәйкес екендігін мәлімдейді.
________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/ Электрондық цифрлық қолтаңба________________________________
Күні