Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 860 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 21 қарашада № 19625 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 15 қазандағы № 531 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 15.10.2020 № 531 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің нормативтік құқықтық бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Б. Атамкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрілігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің
2019 жылғы 19 қарашадағы
№ 860 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір нормативтік құқықтық бұйрықтардың тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізілсін:

      1) "Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралдарымен тасымалдауға жол берілетін қауіпті жүктердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 460 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11779 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 тамызда "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қауiптi жүктердi тасымалдау кезiнде "Қауіпті жүктер. Сыныптау" 19433.1-2010 – МемСТ, "Қауіпті жүктер. Сынау әдістері" 19433.2-2010 – МемСТ және "Қауіпті жүктер. Таңбалау" 19433.3-2010 – МемСТ, және Қауіпті жүктерді халықаралық жолдарда тасымалдау туралы Еуропалық келісімнің (ҚЖХЖТ) қолданыстағы стандарттарына, сондай-ақ автомобиль көлігі саласындағы құзыретті орган бекіткен Қазақстан Республикасы аумағында автокөлік құралдарымен тасымалдауға жол берілген қауіпті жүктердің тізбесіне сәйкес қауiптi жүктердiң сыныптамасы қолданылады."

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Автокөлік құралымен 1, 6 және 7-сыныпты қауіпті жүкті тасымалдауды жүзеге асыруға арналған арнайы рұқсатты (бұдан әрі – арнайы рұқсат) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) береді.";

      18-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тасымалдаушы немесе оның өкілі арнайы рұқсатты алу үшін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация), "Электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы және аумақтық бөлімшеге өтініш береді.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Қажетті құжаттар тізбесі:

      1) қауіпті жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралын тіркеу туралы куәліктің, сондай-ақ егер ол тасымалдаушының меншігі болып табылмаса, осындай көлік құралын иелену құқығын заңды негіздерде растайтын құжаттың көшірмесі;

      2) қауіпті жүктерді тасымалдайтын көлік құралы жүргізушісінің дайындығы туралы куәліктің (қауіпті жүктерді автокөлік құралдарымен тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлік) көшірмесі.";

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес тасымалдаушы немесе оның өкілі рұқсат беру туралы куәлікті алу үшін электрондық құжат нысанындағы өтінішпен бірге портал арқылы аумақтық бөлімшеге өтініш жасайды.";

      42-тармақ алып тасталсын;

      көрсетілген Қағидаларға 7-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2. "Автомобиль көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 557 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11476 болып тіркелген, 2015 жылы 30 маусымда "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде жарияланған):

      "1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат беру" көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілеттігін растайтын құжат бойынша өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге (жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну кезінде):

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      қауіпті жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралын тіркеу туралы куәлік;

      Жеке басты куәландыратын құжаттар, жеке кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, қауіпті жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралын тіркеу куәлігі туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тартылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарымен өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушыдан жазбаша түрде келісім алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық тиісті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;

      2) Мемлекеттік корпорацияға (жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну кезінде):

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      қауіпті жүктерді тасымалдайтын көлік құралы жүргізушісінің дайындығы туралы куәлік (қауіпті жүктерді автокөлік құралдарымен тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлік);

      Жеке басты куәландыратын құжаттар, жеке кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, қауіпті жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралын тіркеу куәлігі туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тартылады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаған кезінде құжаттардың түпнұсқасынан электрондық көшірмесін жасайды, одан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарымен өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушыдан жазбаша түрде келісім алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық тиісті құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға тапсырған кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;

      3) порталға:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;

      қауіпті жүктерді тасымалдайтын көлік құралы жүргізушісінің дайындығы туралы электрондық куәлік (қауіпті жүктерді автокөлік құралдарымен тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлік);

      Жеке басты куәландыратын құжаттар, жеке кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, қауіпті жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралын тіркеу куәлігі туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тартылады.

      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушы келісімін береді.

      Барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      1) көрсетілетін қызметті беруші мен мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке куәлікті және өкілеттігін растайтын құжатты ұсынған кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады;

      2) портал арқылы – пайдаланушының кабинетіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен мекенжайы көрсетіле отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.

      Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.";

      көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. "Көлік құралына халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 наурыздағы № 161 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15395 болып тіркелген, 2017 жылғы 28 тамызда "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде жарияланған):

      "Көлік құралына халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлік беру" көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      2, 3, 4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлiгi (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. "Мемлекеттік қызметті Министрліктің Көлік комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өтініш беруші жүгінген сәттен бастап – 1 (бір) жұмыс күні.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық түрде.

      6. Мемлекет қызметті көрсету нәтижесі - көлік құралына халықаралық

      қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлік, немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті берушінің "жеке кабинетіне" жолданады және сақталады.";

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жұмыс кестесі:

      1) порталда – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушының жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс күндері және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады);

      2) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс (сенбі мен жексенбі) және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.;

      9. Көрсетілетін қызметті алушы порталға өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш ұсынылады.

      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі;";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.miid.gov.kz интернет-ресурсында, Көлік комитеті бөлімінің "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет" кіші бөлімінде орналастырылған.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.";

      мынадай мазмұндағы 17-тармақпен толықтырылсын:

      "17. Министрліктің мекенжайы: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық пошта мекенжайы: miid@miid.gov.kz, (8-7172) 98-33-11 телефоны немесе Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің блогына (www.miid.gov.kz мекенжайы бойынша Министрліктің интернет-ресурсының "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің блогы" парағы).";

      көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 1-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрлігінің өзгерістер
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
  Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді
тасымалдау қағидаларына
7-қосымша
  нысан

      ______________________________________________________________________

      (аумақтық бөлімшенің атауы)

Өтініш

      ______________________________________________________________________________
      (тасымалдаушының атауы, халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды
      жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігінің нөмірі)
      ______________________________________________________________________________
      (тасымалдаушы тасымалдауды жүзеге асыратын қауіпті жүктің сыныбы,
      Біріккен Ұлттар Ұйымының нөмірі, атауы және сипаттамасын көрсету)
      көлік құралына кейбір қауіпті жүктерді тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлікті ресімдеуді сұрайды.

      Тасымалдау _______________________________________________________________

      ______________________________________ көлік құралымен жүзеге асырылады.
      (көлік құралының түрін, маркасын, автомобильдің, тіркеменің және жартылай тіркеменің
      мемлекеттік тіркеу нөмірлері, міндетті техникалық қарап тексеруден өту күні, автокөлік
      құралына рұқсат беру карточкасының нөмірі)
      Қосымша хабарлаймын: ___________________________________________________________
      (қауіпті жүкті жөнелтушінің және жүк алушының атауы, нақты пошталық мекенжайы, телефон нөмірі, факс немесе электрондық поштасының мекенжайы)

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      20 ___ ж. "_____" ___________

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрлігінің өзгерістер
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
  "1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті
жүкті тасымалдауға арнайы
рұқсат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
қосымша
  нысан

      Тіркеу нөмірі және күні ___________________________________________________________
      (Аумақтық орган ресімдейді)
      ________________________________________________________________________________
      (аумақтық көліктік бақылау органының атауы)

Өтініш

      ________________________________________________________________________________
      (заңды тұлғаның атауы немесе дара кәсіпкердің және жеке тұлғаның Т.А.Ә., паспорт деректері) қауіпті жүкті тасымалдауға арналған арнайы рұқсат ресімдеуді (қайта ресімдеуді) сұрайды.
      ________________________________________________________________________________ (тасымалдаушы тасымалдауды жүзеге асыратын қауіпті жүктің сыныбы, БҰҰ нөмірі, атауы және сипаттамасын көрсету)

      Тасымалдау _______________________________________ көлік құралымен

      (көлік құралының түрін, маркасын, автомобильдің, тіркеменің және жартылай

      тіркеменің мемлекеттік тіркеу нөмірлерін, куәліктің сериясы мен тіркеу нөмірін көрсету)

      ___________________________________________________________ жүзеге асырылады.

      (тасымалдау бағытын, қауіпті жүкті тасымалдау күнін және мерзімін, тиеу және түсіру орнын көрсету)
      Қосымша мынаны хабарлаймын: ___________________________________________________
      (қауіпті жүкті жөнелтушінің және жүк алушының атауы, нақты почталық мекенжайы,
                  телефон нөмірі, факс немесе электрондық почта мекенжайы)
      Қажетті құжаттар өтінішке коса беріледі. Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалылығын және дәйектілігін растаймын.
      Арнайы рұқсаттың қолдану мерзімін ___________ бастап ________ дейін сапарға белгілеуді сұраймын.

      Лауазымы                                           Қолы

      Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

      20 ___ ж. "_____" ___________

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрлігінің өзгерістер
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
3-қосымша
  "Көлік құралына халықаралық
қатынаста қауіпті жүктерді
тасымалдауға рұқсат беру
туралы куәлік беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
қосымша
  нысан

      ________________________________________________________________________________
      (аумақтық бөлімшенің атауы)

Өтініш

      ________________________________________________________________________________

      (тасымалдаушының атауы, халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға

      рұқсат беру куәлігінің нөмірі)

      ________________________________________________________________________________

      (тасымалдаушы тасымалдауды жүзеге асыратын қауіпті жүктің сыныбы, Біріккен Ұлттар

      Ұйымының нөмірі, атауы және сипаттамасын көрсету) көлік құралына кейбір қауіпті жүктерді

      тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлікті ресімдеуді сұрайды.

      Тасымалдау _______________________________________________________________

      _______________________________________ көлік құралымен жүзеге асырылады.

      (көлік құралының түрін, маркасын, автомобильдің, тіркеменің және жартылай

      тіркеменің мемлекеттік тіркеу нөмірлері, міндетті техникалық қарап тексеруден өту

      күні, автокөлік құралына рұқсат беру карточкасының нөмірі)

      Қосымша хабарлаймын:_____________________________________________________

      (қауіпті жүкті жөнелтушінің және жүк алушының атауы, нақты пошталық мекенжайы,

      телефон нөмірі, факс немесе электрондық поштасының мекенжайы)

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе мемлекеттік

      қызметтер көрсету кезінде, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын

      құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      20___ж. "_____" ___________