"Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы 12 қарашадағы № 11-1-4/595 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 13 қарашада № 19586 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № 11-1-4/179 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Сыртқы істер министрінің 01.06.2020 № 11-1-4/179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына және 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 478 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11216 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 маусымда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитеті:

      1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Құқық департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр М. Тілеуберді

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
2019 жылғы 12 қарашадағы
№ 11-1-4/595 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2015 жылғы 21 сәуірдегі
№ 478 бұйрығымен
бекітілген

"Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Инвестициялар комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады;

      2) "электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал).

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      1) Мемлекеттік корпорацияға:

      құжаттар топтамасы берілген сәттен бастап, инвестициялық субсидия беруді қоспағанда – 35 (отыз бес) жұмыс күні;

      инвестициялық субсидия "Инвестициялық субсидия беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1120 қаулысымен белгіленген тәртіпте және мерзімде беріледі;

      құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

      Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

      2) порталда:

      құжаттар топтамасы берілген сәттен бастап - 27 (жиырма жеті) жұмыс күні;

      инвестициялық субсидия Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1120 қаулысымен бекітілген мерзімде ұсынылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген жағдайда, Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі басып шығарылады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды немесе қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференцияларды беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға келісімшарт жасасу немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағымен қарастырылған жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы жазбаша нысанда уәжді түрдегі жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электронды немесе қағаз түрінде.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) Мемлекеттік корпорация - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғандағы аралықта, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

      Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша "электронды кезек" тәртібінде жүзеге асырылады, "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы электрондық кезекті брондауға болады;

      2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);

      9. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      Мемлекеттік корпорацияға:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде инвестициялық преференциялар беруге өтінім;

      2) көрсетілетін қызметті алушы немесе көрсетілетін қызметті алушы өкілінің жеке басын куәландыратын құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      3) заңды тұлға басшысының қолымен расталған көрсетілетін қызметті алушы жарғысының көшірмесі;

      4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша талаптарға сәйкес жасалған инвестициялық жобаның бизнес-жоспары;

      5) инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім мемлекеттік заттай грантты беруді көздеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы сұратқан мемлекеттік заттай гранттың мөлшерін (құнын) растайтын құжаттар (заттай грантты бағалау);

      6) инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім мемлекеттік заттай грантты беруді көздеген жағдайда, салыстырып тексеру үшін құжаттың түпнұсқасын ұсына отырып, мемлекеттік заттай грантты жергілікті атқарушы органмен алдын ала келісу;

      7) инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім салықтар бойынша преференциялар және (немесе) инвестициялық субсидиялар беруді көздеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 64-1-бабында белгіленген тәртіппен заңды тұлға басшысының қолымен расталған жобалау алдындағы және (немесе) жобалау құжаттамасына мемлекеттік сараптаманың қорытындысы.

      Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттардың көшірмесін түпнұсқасымен салыстырады, одан кейін құжаттардың түпнұсқасын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғаулатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушыдан жазбаша түрде келісімін алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық талап етілетін құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға берген кезде тиісті құжаттардың қабылданғандығы туралы қолхат береді.

      Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру өкілі жеке басын оның өкілеттіктерін куәландыратын құжаттарды ұсынған кезде тиісті құжаттардың қабылданғандығы туралы қолхаттың негізінде жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайларда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;

      порталға:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған инвестициялық преференциялар беруге өтінімнің электронды көшірмесі;

      2) заңды тұлға басшысының ЭЦҚ куәландырылған қызметті алушының жарғысының электронды көшірмесі;

      3) қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша талаптарға сәйкес жасалған инвестициялық жобаның бизнес-жоспарының электронды көшірмесі;

      4) инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім мемлекеттік заттай грантты беруді көздеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы сұратқан мемлекеттік заттай гранттың мөлшерін (құнын) растайтын құжаттардың (заттай грантты бағалау) электронды көшірмелері;

      5) инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім мемлекеттік заттай грантты беруді көздеген жағдайда, мемлекеттік заттай грантты жергілікті атқарушы органмен алдын ала келісудің электронды көшірмесі;

      6) көрсетілетін қызметті алушы "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 64-1-бабында белгіленген тәртіппен заңды тұлға басшысының ЭЦҚ куәландырылған жобалау алдындағы және (немесе) жобалау құжаттамасына мемлекеттік сараптаманың қорытындысы (егер инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім салықтар бойынша преференциялар және (немесе) инвестициялық субсидиялар беруді көздеген жағдайда).

      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды:

      1) Мемлекеттік корпорацияда дайын нәтижелерді беру өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттарды және оның өкілеттіктерін көрсеткен кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады;

      2) портал арқылы-көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оны одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

      10. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады:

      1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 292-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органдардың теріс жауабы.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің, Мемлекеттік корпорациялардың және (немесе) оның лауазымды адамдардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің немесе оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның немесе оның қызметкерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойнша көрсетілетін қызмет беруші басшысының атына, Министрлік басшысының атына не Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі.

      Шағымдар жазбаша нысанда пошта бойынша не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорациясының кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымның қабылданғандығын растау көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын көрсете отырып (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) оны тіркеу болып табылады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14 және 16 тармақтарында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттік корпорация басшысына жіберіледі.

      Мемлекеттік корпорацияға қолма-қолда, поштамен де келіп түскен шағымның қабылданғандығын растау оның тіркелуі болып табылады (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады).

      Шағымды портал арқылы "жеке кабинеттен" жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол мемлекеттік органда өңдеу барысында жаңартылып отырады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгі, қарау нәтижелері бойынша жауап немесе қараудан бас тарту).

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжді түрдегі жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не кеңсе арқылы қолма-қол беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электронды түрде және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

      13. Тұрмыс – тіршілігін шектейтін организм функцияларының тұрақты бұзылуынан денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушылар үшін қажет болған жағдайда, 1414, 8 800 080 7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.

      14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Министрліктің www.mіd.gov.kzwww.mіd.gоv.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" деген бөлімінде;

      2) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz. интернет-ресурстарында орналастырылған.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша бірыңғайбайланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777.

  "Инвестицияларды жүзеге
асыруды және инвестициялық
преференцияларды беруді
көздейтін инвестициялық
жобаны іске асыруға
инвестициялық келісімшарт
жасасу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
  нысан

Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім

1. Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы туралы мәліметтер

1.

Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының атауы


2.

Тұрған жері: заңды мекенжайы және нақты тұрған жері


3.

Бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН)


4.

Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының басшысы

______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
_____________________________________
(телефон, факс, электрондық поштасы)

5.

Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының бас бухгалтері

______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
_____________________________________
(телефон, факс, электрондық поштасы)

6.

Инвестициялық жобаның менеджері

______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
______________________________________
(телефон, факс, электрондық поштасы)

2. Инвестициялық жоба туралы мәліметтер

7.

Инвестициялық жобаның атауы

_______________________________________

8

Инвестициялық жобаны іске асыру орны (облыс, аудан, қала)


9.

Инвестициялау үшін таңдалған қызметтің басым түрі(лері) (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуші сыныптарының деңгейінде)

_______________________________________

10.

Қосылған құн салығын есепке алмай заңды тұлғаның тіркелген активтерге инвестициялардың көлемі (тіркелген актив шығындары пайдалануға берілгенге дейін инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді берген күнге дейін 24 айдан соң ескеріледі)

_______________________________________
(теңге)

11.

Жобаны қаржыландыру көздері, мыналардың:
1) меншік қаражатың
2) қарыз қаражатың
3) бюджет қаражатының болуы

1)_____________________________________
(меншік қаражатының болуын растайтын құжаттың атауы, №, күні)
2) ____________________________________
(жобаны қаржыландыру көздерін белгілейтін құжаттың атауы, №, күні, кредитор)
3) ____________________________________ (бюджет қаражаттарын қаржыландыруды растайтын құжаттың атауы, №, күні)

3. Жобаны іске асыру үшін талап етілетін инвестициялық преференциялар*

12.

Мыналарды:
1) технологиялық жабдықтың, оның жинақтауыштарының;
2) технологиялық жабдыққа қосалқы бөлшектердің, шикізат пен материалдардың импорты кезінде кеден баждарын салудан босату

1) _______________________________
(жеңілдетілген сома)
2) _____________________________
(жеңілдетілген сома)

12-1

Шикізаттардың және (немесе) материалдардың импорты кезінде қосылған құн салығын төлеуден босату

____________________________________
(жеңілдетілген сома)

13.

Кедендік тазартуды жүргізу орны


14.

Мемлекеттік заттай грант

_______________________________________
(нарық құны)
__________________________________
(алдын ала келісуді растайтын құжаттар)

15.

Жер салығы бойынша жеңілдіктер**

________________________________
(шарттық сомасы)

16.

Мүлік салығы бойынша жеңілдіктер**

________________________________
(шарттық сомасы)

17.

Корпоративтік табыс салығы бойынша жеңілдіктер***

________________________________
(шарттық сомасы)

18.

Инвестициялық субсидия**

____________________________
(мың. теңге)
қосылған құн салығын және акциздерді есепке алмай, құрылыс-монтаждау жұмыстарына және жабдықты сатып алуға шығындыру сомасы көрсетіледі

19.

Шетелдік жұмыс күшінің саны***, оның ішінде (инвестициялық преференцияларды ұсынуға арналған өтінімге қосымшаға сәйкес):
1) басшылар,
2) жоғары білімі бар мамандар,
3) білікті жұмысшылар

1) _____________________________
(адам саны)
2) _____________________________
(адам саны)
3) ____________________________
(адам саны)

      Ескертпе:

      * қажеттілігіне карай толтырылады;

      ** жаңа өндірісті құру бойынша инвестициялық басым жобаны іске асыратын заңды тұлға үшін арналған;

      *** жаңа өндірісті құру, сондай-ақ қолданыстағы өндірісті кеңейту және (немесе) жаңарту (реконструкциялау, жаңғырту) бойынша инвестициялық басым жобаны іске асыратын заңды тұлғаға арналған

      4. Инвестициялық жоба бойынша жұмыс бағдарламасы

      ______________________________________________________________

                        (атауы)

      Инвестордың атауы: ___________________________

1-бөлім: тіркелген активтерге инвестициялар, мың теңге

Шығын баптары

Тіркелген активтерді пайдалануға енгізу күні

Күнтізбелік жыл

Барлығы

1-жартыжылдық

2-жартыжылдық

жыл бойынша жиынында







1-бөлім бойынша жиынында:












2-бөлім: технологиялық жабдыққа қосалқы бөлшектер, шикізат және материалдар импорты, саны

Шығын баптары

Өлшем бірлігі

Игеру кезеңі

Барлығы

1-жартыжылдық

2-жартыжылдық

жыл бойынша жиынында


1. Қосалқы бөлшектер, оның ішінде:












2. Шикізат, материалдар, оның ішінде:












2-бөлім бойынша жиыны:






3-бөлім. Өндірістік көрсеткіштер, заттай көріністегі саны

№ р/н

Тауарлардың жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің атауы

Күнтізбелік жыл

Барлығы

1-жартыжылдық

2-жартыжылдық

Жыл бойынша жиынында








3-бөлім бойынша жиыны





      5. Кеден одағының заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден баждарын салудан босатылатын, импортталатын технологиялық жабдық пен оның жиынтықтауыштарының, қосалқы бөлшектердің, шикізат пен материалдардың тізімі және көлемі*.

Атауы

Еуразиялық экономикалық одағының сыртқы экономикалық комиссиясының тауарлық номенклатурасы- ЕАЭО СЭҚ ТН

Өлшем бірлігі

Саны

Тауарларды бірдей жіктеуге мүмкіндік беретін құжаттар*

1.






Жиыны






      Ескертпе:

      * қажеттілігіне қарай болған жағдайда толтырылады;

      ** тауарларды жіктеу іштері бойынша ақпарат тауарлардың толық коммерциялық атауын, фирмалық атауын, негізгі техникалық, коммерциялық сипаттамаларын және бұйымдардың фотосуреттерін, суреттерін, сызбаларын, паспорттарын, және өтінім берген заңды тұлға басшысының қолымен расталған құжаттарды қамтуы тиіс.

      6. Инвестициялық басым жоба үшін инвестициялық преференциялар Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінінің 286-бабының 5-тармағының талаптарын қамтылған сақтаған кезде беріледі.

_______________________________________________________
(Қазақстан Республикасының заңды тұлға басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

___________________________________
(қолы, және күні)

  Инвестициялық
преференцияларды беруге
арналған өтінімге
қосымша
  нысан

Тартылатын шетелдік жұмыс күші туралы мәліметтер

Тегі, аты, әкесінің аты, (оның ішінде латын әріптерімен)

Туылған күні

Азаматтығы/ тұрғылықты елі

Паспортының нөмірі, берілген күні мен берген орган (жеке басын куәландыратын құжат)

Тарту кезеңі (ай, жыл)







___________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасының заңды тұлға басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

________________________
(қолы және күні)

  "Инвестицияларды жүзеге
асыруды және инвестициялық
преференцияларды беруді
көздейтін инвестициялық
жобаны іске асыруға
инвестициялық келісімшарт
жасасу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша

Инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша талаптар

      1. Бизнес-жоспар мынадай бөлімдерден тұрады:

      1) жобаның түйіндемесі;

      2) технологиялық бөлім;

      3) коммерциялық бөлім;

      4) әлеуметтік-экономиялық және экологиялық ықпалы*;

      5) қаржылық бөлім*.

      2. Жобаның түйіндемесі өзіне мыналарды қамтиды:

      1) заңды тұлға туралы ақпарат:

      елді көрсете отырып, шетелдік қатысу үлесі;

      квазимемлекеттік сектордың қатысу үлесі;

      2) жоба бойынша ақпарат:

      жобаның атауы;

      жобаның мақсаты;

      болжанатын инвестициялық жобаның сипаты (жаңа өндірістерді құру, жұмыс істеп тұрғандарды кеңейту және жаңарту);

      құрылатын жаңа жұмыс орындарының (уақытша және тұрақты) саны;

      экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім жіктеуішісіне сәйкес шығарылатын өнімнің номенклатурасы (ҚР ЭҚТӨЖ);

      3. Технологиялық бөлім өзіне мыналарды қамтиды;

      1) технологиялық процесте сатып алынатын және қолданатын тіркелген активтерді, сондай-ақ импортталатын шикізат пен материалдарды көрсете отырып, инвестициялық жоба технологиясының сипаттамасы;

      2) инвестициялық жобадағы қазіргі заманғы технологиялардың қолданылуы;

      3) бизнес-жоспарды жасау бойынша талаптарға 1-қосымшаға сәйкес техникалық және құндық сипаттамалары бойынша импортталатын шикізат пен материалдардың салыстырмалы талдауы;

      4. Коммерциялық бөлім өзіне мыналарды қамтиды:

      1) шикізатты, материалдар мен жабдықтарды жеткізу:

      пайдаланатын шикізат пен материалдар түрлерінің тізбесі;

      пайдаланылатын шикізат пен материалдардың атауы мен көлемін көрсете отырып, инвестициялық жоба шеңберінде жабдықта шығарылатын дайын өнім бірлігінің өндірісіне импортталатын шикізат пен материалдар шығыстарының орташа нормасы (технологиялық жабдыққа қосалқы бөлшектердің, шикізат пен материалдардың импорты кезінде кеден баждарын төлеуден босату, сонымен қатар шикізат пен (немесе) материалдардың импорты кезінде қосылған құн салығын төлеуден босату кезінде толтырылады);

      қажетті технологиялық жабдықтардың тізбесі;

      технологиялық жабдықтың жаңалығы (жабдықтың шығарылған күні мен моделі);

      инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді ұсынған заңды тұлғамен шарттық қатынастың бар болуын көрсете отырып, технологиялық жабдық пен шикізатты берушілер;

      2) маркетинг:

      өнімді өткізу - қандай өңірлерге, қандай тұтынушыларға, шетелдегі қай елдерге беру болжанатынын, нарықта ұқсас, өзара алмастырушы немесе өзара толықтырушы тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің бар екенін көрсету;

      5. Әлеуметтік-экономиялық ықпалету өзіне мыналарды қамтиды:

      1) инвестициялық жобаның тікелей қатысушылары:

      жобаны құрушы, бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында (іздену және жобалау қызметін, инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда) көрсетілетін қызметтерді орындаушы, жабдықты беруші, шикізат пен материалдарды беруші, делдалдар;

      2) бизнес-жоспарды жасау бойынша талаптарға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның еңбек ресурстарына мұқтаждығы (саны);

      3) тартылатын шетелдік жұмыс күшінің функционалды міндеттемелерін бөлу (инвестициялық басым жобаларды іске асырған кезде толтырылады) *;

      4) бизнес-жоспарды жасау бойынша талаптарға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірісті пайдалануға енгізгеннен кейін жұмысшыларға мұқтаждығы*;

      5) инвестициялық жобаны іске асыру кезінде күтілетін әлеуметтік әсер.

      6. Қаржы бөлімі өзіне мыналарды қамтиды:

      1) инвестициялық жобаны іске асыру құны, қаржыландыру көздері:

      меншік қаражаты;

      қарыз қаражаты (кредиттер немесе тартылған шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаражаты) және/немесе грант;

      бюджеттік қаражат;

      2) қаржылық талдау:

      инвестициялық преференцияларды есепке алмай және тиісті инвестициялық преференцияларды есепке ала отырып, модельдерді есептеуді қамтитын жобаның қаржылық моделі;

      жобаның өмірлік циклі ішінде таза дисконттық кіріс (NPV);

      жобаның өмірлік циклі ішінде түсімдердің ішкі нормасы;

      жобаның өзін-өзі ақтау мерзімі (қарапайым және дисконттық);

      табыстың қарапайым нормасы (рентабельділігі);

      бизнес-жоспарды жасау бойынша талаптарға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша республикалық және жергілікті бюджеттер үшін шартты шығындар мен кірістердің есебі.

      7. Бизнес-жоспарды тігу және нөмірлеу, заңды тұлғаның бірінші басшысының қолымен расталуы қажет.

      Ескертпе:

      *инвестициялық жобаны іске асыратын заңды тұлғалар толтырмайды.

  Инвестициялық жобаның
бизнес-жоспарын жасау
бойынша талаптарға
1-қосымша
  нысан

Техникалық және құндық сипаттамалары бойынша импортталатын шикізат пен материалдарды салыстырмалы талдау

Тауардың атауы

Техникалық сипаты

Құндық сипаты

Қазақстан Республика сында

Еуразиялық экономикалық одағының елдерінде

Басқа елдерде

Қазақстан Республикасында

Еуразиялық экономикалық одағының елдерінде

Басқа елдерде








  Инвестициялық жобаның
бизнес-жоспарын жасау
бойынша талаптарға
2-қосымша
  нысан

Жобаның еңбек ресурстарына мұқтаждығы (саны)

Құрылыс кезеңінде

Пайдалануға енгізгеннен кейін (1 жыл)

Қазақстан Республикасының азаматтары

Шетелдік жұмыс күші

Қазақстан Республикасының азаматтары

Шетелдік жұмыс күші





  Инвестициялық жобаның
бизнес-жоспарын жасау
бойынша талаптарға
3-қосымша
  нысан

Өндірісті пайдалануға енгізгеннен кейін жұмысшыларға мұқтаждығы

Р/с №

Кәсіптің атауы

Біліктілік деңгейі (тарифтік разряды, санаты)

Саны





  Инвестициялық жобаның
бизнес-жоспарын жасау
бойынша талаптарға
4-қосымша
  нысан

Республикалық және жергілікті бюджет үшін шартты шығындар мен кірістердің есебі

Бюджетке міндетті төлемдер дің түрлері

Күнтізбелік жыл

Жиыны

преференцияларды есепке алмай бюджетке түсетін түсім

преференцияларды есепке алғанда бюджетке түсетін түсім

преференцияларды есепке алмай бюджетке түсетін түсім

преференциялар ды есепке алғанда бюджетке түсетін түсім

Корпоративтік табыс салығы





Мүлік салығы





Жер салығы





Кедендік баж салығы





Әлеуметтік салық





Зейнетақы төлемдері





  "Инвестицияларды жүзеге
асыруды және инвестициялық
преференцияларды беруді
көздейтін инвестициялық
жобаны іске асыруға
инвестициялық келісімшарт
жасасу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
3-Қосымша
  нысан
  (Көрсетілетін қызметті
алушының тегі,
аты, әкесінің аты
(бар болған кезде)
немесе ұйымының атауы)
____________________________
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Қызметті алушыдан жазбаша түрде келісімі

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін (келісемін)

  _______________ "__" ____ жыл
  (қолы)
  "Инвестицияларды жүзеге
асыруды және инвестициялық
преференцияларды беруді
көздейтін инвестициялық
жобаны іске асыруға
инвестициялық келісімшарт
жасасу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
4-Қосымша
  нысан
  (Көрсетілетін қызметті
алушының тегі, аты,
әкесінің аты
(бар болған кезде)
(бұдан әрі- ТАӘ) немесе
ұйымының атауы)
__________________________
__________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № ____ бөлімі (мекенжайы: ___________________________________) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға, атап айтқанда ___________________________________________ мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1) __________________________________________________________;

      2) __________________________________________________________;

      3) …

      Осы қолхат тараптардың әрқайсысына бір данадан берілетін 2 данада жасалды.

      __________________________________________                  ________________

      Т.А.Ә. (Мемлекеттік корпорациясы қызметкерінің)                  (қолы)

      Орындаушы. Т.А.Ә._____________

      Телефоны__________

      Алдым: ______________________                   ________________________________

                        Т.А.Ә.                   көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20 ___ жылғы "___" ________________